Абай Кунанбаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 18:00, реферат

Краткое описание

Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.

Вложенные файлы: 1 файл

Абай Құнанбаев.docx

— 181.44 Кб (Скачать файл)

Абай қазақтарды мал өсірумен қоса сауда жасауды, белгілі бір  кәсіп түрімен шұғылдануды үйрену қажеттігіне баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының кәсіп түрлеріне  үлкен ілтипатпен қызыға қарады. Ол былай деп жазды: «Енді қарап  тұрсам, сарттың екпеген егіні  жоқ, саудагердің жүрмеген жері жоқ, қылмаган шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі  әуре болып, біріменен бірі ешбір  шаһари (яғни қала адамдары болып. —  авт.) жауласпайды. Орысқа қарамай тұрганда қазақтың өлісінің ахыреттігін (кебінін. авт.), тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды».

Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрді, байлардың қарапайым  халыққа менсінбей қарауы оның ашу-ызасын келтірді. Қоғамды прогресшіл түрде  дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Абай ел басқаруға халық үшін қызмет ететін, адал адамдар сайлануы тиіс деп есептеді. Ол өз төңірегіндегі  адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің  бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін  қолдап отырды.

Абай және халық  ағарту ісі

  Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Балаларды ата-аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептерді көбейту қажет, оларда тіпті қыздар да оқитын болсын».

Абай Құнанбайұлы

Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп  отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.

Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден, баланың  шыққан тегі жаксы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, ушіншіден, балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет. Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды, надан молдаларды әшкерелеп отырды. Халықтың игілігіне  жету жолындағы Бұл қырсықты ғылым  мен білім аркылы ғана жоюға болады деп есептеді. Ол жастарға үздіксіз еңбек етіп, білім алуды міндет етіп қойды. Білім алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемісті және ізгілікті болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елді өркениетке жеткізер жалғыз жол — оқу-білім  екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді.

Аудармашылық  қызметі

Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны  М. Лермонтовтың біркатар өлеңін қазақ  тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Абай М.Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз  жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлендерін аударды. Абай А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық  етіп еркін аударды. Абайдың Татьяна  хатының сөзіне шығарған «Татьянаның  қырдағы әні» қалың елдің сүйікті  әніне айналды.

Абай И.А. Крыловтың мысалдарын казақ тіліне аударумен де айналысты. Қазақтар ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті жетекшісі Ә. Бөкейханов өзінің қырғыз даласындағы әр түрлі уездерде болған кезінде ондағы ақындардың Пушкин мен Лермонтовтың Абай аударған өлеңдерін жақсы білетініне, оларды домбырада әнге қосып айтатынына көз жеткізіп қайтқанын жазады.Орыс тілінен Абай аударған шығармалар қазақ әдебиетін байыта түсті. Абай орыстың ұлы акындарының 50-ден астам өлеңін қазақ тіліне аударды.

Абайдың Қазақстан  тарихында алатын орны

Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ  қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған  дала тұрғындары ағылып келіп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі  белгілі шежіресі, әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келіп тұрды. Абаймен Семейге саяси жер аударылып келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. Ақынның үстінен өсек айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің әкімшілігі Абайдың соңына шам алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903 жылы Семей полицмейстері ақынның және оның балаларының үйіне тінту жүргізді.

Жақын туыстары мен балаларының  бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның үстіне ізіне түсіп қудалауға  душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай 1891 жылы өзінің ең жақсы  көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бір ұлы Мағауия дүниеден өтті. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса  ауыр тиді. Мағауияның өлімінен кейін 40 күн өткенде Абайдың өзі де қайтыс болды.

Ақын өзінің талантты шәкірттерін  тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар  шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды.

Абай көзі тірісінде өзінің өлеңдерін жинаған емес. Олардың  әрқайсысын бір жапырақ қағазға  жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерін жаттап алып отырған. Сөйтіп Абай өлеңдері қазақ  даласында ауыздан ауызға таралып  кете барды. Оның өлеңдері қолдан қолға  көшіріп алынды. Ондай қолжазба көшірмеге  ие болу әрбір сауатты қазақ үшін зор ғанибет болатын. Кейінірек  Абайдың туындыларын оның ұлы  Тұрағүл жинастыра бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкітайдын арқасында Қазан  қаласында басылып шықты. Абай Құнанбаевтың өлең- дерін жинауға және бастырып шығаруға көп күш-жігер жұмсап, игі  ыкпал еткен адал ақын Көкбай Жанатайұлы (1864—1927) болды. Ол өлеңдер белгілі  қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың редакциясымен басылып шықты.

Абай отандық тарихымыз  бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба  әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүние жүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гетелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.[12]

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Абай Кунанбаев