Абай шығармашылығын оқытуда жаңа технологиялар арқылы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 16:39, реферат

Краткое описание

Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың енбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз- тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген.Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.

Вложенные файлы: 1 файл

Семей қаласындағы.docx

— 37.52 Кб (Скачать файл)

« Еңбек етсең,ерінбей 

Тояды қарның тіленбей ».

«Бір тойған -шала байлық».

Абай қазақтың әдеби тілін  осындай көркем, бейнелі сөздермен  мейлінше байытты, сондықтан ақын шығармашылығын оқи отырып,сөйлеу мәдениетін, сөз  мәдениетін меңгеру мүмкін. Нақтылай келе, тіл мәдениетін көтеру – тіл  байлығын меңгеру, оларды ұтымды,дұрыс  пайдалану.

 

Сабақтың тақырыбы: Қансонарда бүркітші шығады аңға

 

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларды бұрынғы  қазақ аулындағы аңшылық өнерімен таныстыру.

ә) дамытушылық: оқушылардың  еске сақтау қабілетін дамыту, оларды ізденімпаздыққа, байқампаздыққа үйретіп, ой-өрісін кеңейту.

б) тәрбиелік: оқушыларға аңшылықтың кәсіптік маңызынан басқа адамның  көңіл күйне әсер ететін саяттық  өнер, оның құс салып, ит жүгірту  сияқты түріне ақынның көңіл күйін  оқушы жүрегіне жеткізу, аңшылық  жайында олардың эстетикалық  сезімін ояту, адамгершілікке, еңбекқорлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалары, сабақтың тақырыбы жазылған плакат, жоспары жазылған плакат, «құстың алғанынан салғаны  қызық» сөздері жазылған қағаз, күйтаспа, бүркіт пен түлкі суреті.

Сабақты жүргізу тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, салыстыру, ойландыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1. М. Өтемісұлының өмірі. 

2. «Тарланым» өлеңі кімге  арналған?

3. Өлең қандай лирикаға  жатады?

4. Өлеңді жатқа айт. 

5. Өлеңдегі метафора, эпитет, теңеу сөздерді ата. 

III. Жаңа сабақ.

1. Абай кім? 

2. Абайдың өмірбаянын білеміз  бе?

3. Ақынның қай өлеңін  жатқа білеміз? 

1845 жылы тамыз айында  қазіргі Шығыс Қазақстан облысына  қарасты Шыңғыс тауының бөктерінде  дүниеге келген. Ақынның әкесі  Құнанбай ірі бай, әйгілі ру  басы болған. Құнанбай бастапқыда, ауыл молдаларынан ескіше хат  тани бастаған Абайды он жасында  Семейге алып келіп, медреседегі  діни оқу орнына береді. Медреседегі  діни сабақтары араб, парсы, татар  тілдерінде жүретін. Мұның өзі  жастайынан өлең-жырға әуес жас  Абайға шығыс халықтарының атақты  ақындары Фердауси, Саади, Низами, Навоидың шығармаларын оқуға  мүмкіндік береді. Медреседе оқып  жүргенде Абай осы ақындарға  еліктеп, бірен-саран өлеңдер  жазады.

Семейде болған кезінде Абай өз талабымен бастауыш орыс мектебіне (приходская школаға) түседі. Сөйтіп, ол орысша хат танып, орыс тілінде жазылған кітаптарды өздігінен оқи алатын дәрежеге көтеріледі. Орыстың ғылымы мен мәдениетіне бет бұрған Абайдың  бұл игі қадамы ұзаққа созылмайды. Ол үш айдай ғана оқиды. Абай он үшке келісімен әкесі оны оқудан шығарып, жастайынан билікке баулу, өзінің қөмекшісі, ізбасары етіп әзірлеу мақсатымен Шыңғысқа алып кетеді.

Абай қаршадайынан ел ісіне  араласа жүріп, әкесі сияқты азулы  би-болыстардың билікке таласқанын да, қалың көпшілікке жасаған озбырлық сұқия әрекеттерін де, ел арасының ескіден қалған ру тартысы, барымта  таласы тәрізді дауы мол, шым-шытырық, талас-жанжалдарды да, қазақ кедейлерінің қараңғы қапастағы ауыр азапты тұрмысын да көзімен көреді. Осының бәрі Абайдың  әділетсіздіктен жиренуіне, өзі  шыққан ортадан түңілуіне себепші  болады.

Абай – ақын, әнші, сазгер, аудармашы.

Абайдың «Көзімнің қарасы»  өлеңін домбырамен қосылып, оқушылар орындайды.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің мақсаты айтылады. Өлеңді тұтас, толық түрінде оқу, суреттеу, сипаттау элементтері.

Ескі қазақ аулында  аңшылықпен кәсіп еткен. Аңшылық  кәсіп еңбектің бір түрі. Жүгірген аңды (түлкі, қасқыр, қоян) қазақ бүркіт немесе тазымен аулаған. Ұшқан құсқа  лашын, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш  құстарды баулып салған. Бұл өлеңде бүркітпен түлкі аулау суреті берілген. Қырда жер ашық болады да, жаңа жауған қардан кейін түлкінің ізі сайрап жатады, ол-олжа беретін  қанды із. Сонар – жаңа жауған қардағы із. Бүркітші сонарға шыққанда, ауыл адамдары аңшыға ере шығатын болған. Олжаның алдын құс иесі солардың біреуінің қанжығасына байлайды. Ол байлаған түлкіні ырым етіп, «үйірімен үш тоғыз болсын» деп алатын болған.

Әңгімені жоспар бойынша  әңгімелеу.

1. Қансонарда аңға шыққан  бүркітші.

2. Бүркіт пен түлкінің  бір-бірін көруі. 

3. Көк тағысы мен жер  тағысының адам үшін қанға  батысуы. 

4. Түлкі алған бүркіттің  қар үстіндегі суреті.

5. Құстың иесіне қораздануы.

6. Ақынның аңшылық жайындағы  ойлары.

Қыс кезі, түлкінің ізін жаңа жауған қардан кейін аңшылар оңай табады. Аңшының астында жараулы  аты, қасында жолдастары болады. Өздері ықшам киінген. Бүлар тау сағасында  із кесіп жүріп, сылаң етіп, қайтқан  түлкінің ізін көріп қалады. Қағушы ойда жүріп, тонын сабап, тастан түлкі  шыға ма деп жүрген еді. Түлкі ізінің бағытын көрісімен қырда тұрған аңшы бүркітшінің томағасын алды. Түлкіні көзі шалған қыран төмен  ұшсам, түлкі өрлеп құтылады деп, қайқаң етіп аспанға көтеріледі. Түлкі  де бүркітті көре салып, қашып құтыла алмайтынын білді де, аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап тұра қалды.

***Аңшылар жығыламын-ау  дегенді ұмытып, қуанып шауып  келеді. Қырық пышақтай тісімен  қыржыңдап тұрған түлкі осал  жау емес. Бірақ өзінің сегіз  найзасына, күшіне сенген паң,  батыр қыран түлкінің айбатын  елең де қылар емес, қанат-құйрығы  суылдап, шыдамы кетіп, көктен  сорғалап келіп, түлкімен жарық-жүрық  етіп айқаса түседі. Көк тағысы  мен жер тағысының айқасы қан  майданға шыққан екі батырдың  жекпе-жегіне ұқсайды. Екеуі адам  үшін қанға батуда.

Осы жерде ақын өзгеше бір  көркем образ жасайды. Қарды шомылған қаса сұлудың денесіне, қара бүркітті оның шашына, қызыл түлкіні оның көзіне ұқсатады. Ал қыранның екі қанатын  сұлудың бүлк-бүлк еткен екі шынтағына  мегзейді. Қара шаш бүркіт бірде  оның қызыл жүзін жасырып, көрсетпейді. Енді бірде ақын осы көріністі  сағынысып көріскен ер жігіт пен  қалыңдыққа ұқсатады.

Алпыс екі айлалы түлкіні  алған қыран иесіне қоразданып қояды. Аңшы «алғашқы олжа деп, мұны жолдасына  тартқанда, ол жымыңдап, үйірімен үш тоғыз» деп қанжығасына байлайды. Аңшылар  көңілі жайланып, тымағын бір сілкіп киеді.

Бұдан ақын өзінің аңшылықты  сүйетінін, құс салудың өзі бір  құмарлық екенін айтады. Құс салушылардың әңгімесі аңшылық болады. Олар бір-бірімен  дос, ақ пейіл.

Құс салу – қызық іс, өлеңнің  мәніне құс салған аңшы ғана түсінеді.

Бір мезгілде, бір орында табиғаттың белгілі бір шеңберінде берілген бір құбылыстың жаңды көрінісін  суреттеу дейміз.

IV. Қорытындылау.

Балалар, аң аулаудың қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?

V. Үйге тапсырма.

Өлеңді оқып, мазмұндап  келу, эпитет, метафораны табу.

VI. Бағалау.


Информация о работе Абай шығармашылығын оқытуда жаңа технологиялар арқылы оқыту