Кітап

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2015 в 13:34, реферат

Краткое описание

Кітап
Мені жұрт сүйеді, құрметтейді, маған арнап шкафтар жасап. Үстемі щаң жуытпай, таза стайды. Мені ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырады. Мен адамды жақсы көремін. Қалтқысыз қызмет етемін. Адамға жаксы тұруды, бақытты өмір сүруді үйретемін. Мен адамның досымын. Менің атым – кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады, оған авторлар жазады, суретшілер сурет салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп, қала-қалаға, ауыл-ауылға таратады

Вложенные файлы: 1 файл

Кітап).docx

— 35.06 Кб (Скачать файл)
  1. Үлгі бойынша сойлемдер құрастыру. Баяндауыштары зат есімнен, етістіктен, сын есімнен, жіктік жылғаулы сөздерден жасалған екі-үш сөзді сөйлемдер: «Айдос - оқушы», «Күн ашық».
  2. Сұраққа толық жауап алу арқылы сөйлемдер құрастыру.
  • Бұл не?                                               - Қарға қайда қонады?
  • Бұл дәптер.                                        - Қарға сымға қонады.
  • Сенің атың кім?                                - Айдос не істейді?
  • Менің атым – Айдос                        - Айдос кітап оқиды

     Байланыстырып  сөйлеуге үйрету жұмыстары ауат  ашу кезінде әрбір сабақ сайын  жүзуге асырылып отырылуға тиіс.

     Байланыстырып сөйлеуге дегеніміз – оқиға мазмұнын жүйелі түрде баяндап шығу, яғни әңгімеге қатысты сөйлемдер арасындағы ой байланысын сақтап, оларды рет-ретімен айтып беру. Байланыстырып сөйлеуді дамыту оқулықтағы суреттер бойынша, сондай-ақ экскурсиядан, күнделікті өмірден көрген-білгендері бойынша және ойын т.б. туралы әңгімелер құрастыру арқылы жүзеге асырылады.

     Тіл дамытуға  байланысты логикалық жаттығулар  жүргізудің мәні зор. Логикалық  жаттығулар айналадағы заттар  мен құбылыстарды таныту арқылы  оқушылардың жалпы ой-өрісін кеңейтіп, тілін дамытады. Мұндай жатығулар  әр топтағы заттар мен жануарлардың  атын, сипаты мен қимыл-әрекетін  білдіретін сөздерді талап, жинақтап  түсіндіріп, оқушылардың сөздік  қорын байытуға мүмкіндік береді.

     Мысалы: «құстар: үйрек, қаз, қарға; аңдар: түлкі, қоян, аю» т.б. сияқты сөйлемдер құрастыру нәтижесінде заттардың тобы, тегі туралы жалпы ұғымдар қалыптастырып, алуан түрлі жеке сөздер үйретіледі. Одан әрі әр топтың өзіне тән жеке ерекшіліктеріне тоқталу керек. Мысалы: құстың екі қанаты, екі аяғы бар. Ол ұшады. Осылайша логикалық жаттығу тақырыптарын әрі қарай жалғастыра беруге болады.

     Мысалы: жиһаздары, ыдыс-аяқ, киім-кешек, һзіндер, теңіздер, газет-журналдар т.б.

     Логикалық  жаттығулардың басқа бір түрі  – хабарламақ ойдың логикалық  жүйесін сақтап, әңгімені жоспар  бойынша айтуға және жазуға  үйрету. Мысалы: «Қоңырау соғылады. Балалар сыныпқа кірді. Мұғалім келді Сабақ басталды» деген әңгімедегі сөйлемдердің орнын ауыстырып; «Сабақ басталады. Мұғалім келді. Балалар сыныпқа кірді. Қоңырау соғылды» деп құрауға болады.

     Сауат ашу  сабақтарында сөйлеу мәдениетінің  баса назар аударылады. Сабақтағы  сөйлеу мәдениетінің талаптары  мүлтіксіз орындалып отыруға  тиіс. Мұғалімнің сөзі мазмұны, дәлелді, мәнерлі, бейнелі болуы керек. Өйткені, оқушы сөйлеуді мұғалімнен үйренеді. Оқушыға сөйлеу ортасының да  әсері мол. Сондықтан қабырғаға  ілінген, тақтаға жазылған жазулар  мен көрнекті құралдар – мазмұны, сауатты әрі көркем болу керек.

      Оқушылардың тілін дамыту мақсатында өткізілген сабақтарды олардың үйренген, меңгерген сөздердін үнемі қайталап, еске түсіріп, сол сөздерді кірістіріп, ауызша да жазбаша да сөйлем құратып жаттықтыру тиімді. Сонымен бірге бұл кезеңді тіл дамыту жұмысы оқушылардың ауызекі байланыстырып сөйлеуін жаңа сапаға көтеру арқылы жалғастырылып, олардың жазба тілінің негіздерін қалау міндеті жүзеге асырыла байстайды. Сөз тіркесі және сөйлем туралы ұғымдар да осы кезеңді меңгертіледі.

     Дауыс ырғағын, сөйлеу қарқынын тәрбиелеуге  байланысты жұмыстар да ұмыт  қалмайды.

     Әліппеден  кейінгі кезеңдегі тіл дамыту  жұмыстарында оқушылардың байланыстырып  сөйлеуі қайтадан бірінші кезекке  шығарылады. Бұл кезеңдегі тіл дамыту – оқушылардың байланыстырып сөйлеуге бағыталған жұмыстар сипаты әліппеге дейінгі кезеңмен салыстырғанда мүлде өзгеше. Оқушылардың сөз тіркесі мен сөйлемді саналы түрде түсініп, ойларын жүйелі баяндап тәсілдерін меңгерту көзделеді.

     Ең бастысы  – олардың жазба тілінің негіздері  қаланып, өз ойларын баяу болса  да баяндап жазу машықтарына  жаттығады.

 

Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жүйесі:

  1. Әліппеге дейінгі кезең
  2. Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдысын байқау.
  3. Сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсініктер беру.
  4. Сөздік корларын аңықтау.
  5. Әліппе кезеңі
  6. Жаңа сөздердің мағналарын түсіндіру, сөздік қорларына енгізу.
  7. Оқушылардың жазба тілінің негізін қалыптастыру.
  8. Ауызекі байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
  9. Оқушылардың сөйлеу дағдыларындағы кемшіліктерді (сөйлеу мәнеріндегі, сөз қолданыстарындағы, т.б.) бірте-бірте жою бағытындағы жұмыстар жүргізу.
  10. Әліппеден кейінгі кезең
  11. Оқушылардың ауызекі және байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
  12. Шағын сөйлемдерден құралған мазмұндама, шығарма жаза білуге дағдыландыру.
  13. Сөздерді орынды қолдана білу дағдыларының қалыптастыру.
  14. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру.

 

Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдысын анықтап үшін берілетін тапсырма түрлері

 

  1. Ойыншықтар арқылы ауызша әңгімелесу.
  2. Сурет бойынша әңгімелесу.

     Оқушылардың сөздік қорын тексеру үшін берілетін тапсырма түрлері:

  1. Заттардың дара және жалпы белгілерін анықтау.
  2. Мағынасы қарама-қарсы (антоним) сөздерді қолдану деңгейі.
  3. Мағыналары ұқсас (синоним) сөздердің қолдану деңгейі.
  4. Дыбысталуы бірдей, беретін мағыналары әр басқа (омоним) сөздердің қолдану деңгейі.

     Әліппе кезеңі аяқталған соң жүргізілетін тәжіриебелік тексеру оқушылардың тек сөздік қорлары мен сөйлеу дағдыларының деңгейі өсіп қоймай, олардың оқу қарқының, жазу тілінің, жалпы дүние танымының бақылау сыныбындағы құрдастарымен салыстырғанда елеулі түрде ілгерілгенін байқатады.

     Оқушылардың  байланыстырып сөйлеу дағдысына  берілетін тапсырма түрлері:

  1. Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеу.
  2. Тірек суреттер арқылы әңгімені мазмұндау.
  3. Бір тақырып төңірегіндегі тірек сөздері арқылы шығарма жазу.
  4. «Ұйқасын тауып» ойнау.
  5. Сөйлемдерді мәтін шығатындай етіп, ретімен жазу
  6. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құру.

 

1-сыныптағы жазу. «Жазу дәптерін» пайдалану тәртібі

 

  1. Жазу дәптеріне қаламмен жаздырту.
  2. Дәптердің сыртын толтыру.
  3. Әр жазу жұмысының аралығына күн, ай аттарын жазбау.
  4. Әр жазу сабағында жүргізілетін жазу жұмысының көлемі не жұмыс мөлшері дәптердің жиек сызығына созылған қызыл дөңгелек /о/ белгілерінің аралығында екінін аңғарту.
  5. Әрбір жаңа әріпке байланысты берілген суреттерге әңгіме құрастырып және оның дыбыстық, буындық құрамын көрсететін сызбамен жұмыс жүргізу
  6. Әр әріптің жазба түрінің кіші және бас әріптерімен толық таныстыру барысында олардың өзара байланысына, жалғасуына назар аудару. Әріптің құрамы қанша элементтен тұратыны көрсетілген жолға жазғызбау, ашық қалдырту.
  7. Тік төртбұрыш ішінде берілген заттар үлгісінің үстінен жүргізу.
  8. Жазу жолының басында қара түспен әріптің жазу үлгісі көрсетілген, ал қызыл түспен берілген үлгілер, бастырып жазуға арналғанын ескерту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    


Информация о работе Кітап