Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 18:54, дипломная работа

Краткое описание

Шығармашылықтағы тартыс пен мінез мәселесі қазіргі таңда прозалық және драмалық шығармаларда тереңінен талданғанмен лирикалық туындыларда жүйелі түрде қарастырылмай келеді. Қазіргі қазақ лирикасының даму сипатында мінез (характер) және тартыс(конфликт) мәселесінің әдебиет теориясының негізгі нысанасына ілінуі кезек күттірмейтін мәселе. Лирикалық кейіпкердің жан әлемін ашуға қызмет ететін, шығармашылыққа соны серпін беретін мінез бен тартысты нысанаға алу лирикалық туындыларға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Майгул.doc

— 382.00 Кб (Скачать файл)

Ол адамды, оның қилы қилы тағдырын, жастықты, Отанын талмай жырлады. Тұманбай жырларының адам сүйгіш рухы оның Анасы туралы өлеңдерінде айрықша көрінеді. Олардан біз жардан айырылып, жалғыз ұлын арқалап өсірген, соғыс кезінде ауылда жоқшылық, ауыр еңбек бейнетін қабат көтерген, жүрегі мейірімге толы ер, алып ананың бейнесін танимыз.

Тұманайдың ақындық рухы оның туған өлкесінің табиғатымен туысады. Ақын жырлайтын сұлулық, өмірдің әсемдігін түсіну де табиғат суретттерімен байланысты. Оның бойын билеген сағыныштың көріністері айқын танылады.

Тұманбай табиғат жырларында көктемге арналған өлеңдер көп. Өзінің  туған мезгілі болғандықтан ба, жылдығң сол бір тұсын ақын айрықша сүйіп, жастыққа  балай суреттейді. Әдемі көз тұндырар көктемгі дала суреті,гүлдеген ағаш, қайтқан құс, көктемгі дауыстар құс үні, бұлақ сылдыры  бәрі оның ойына ұялаған, жыр болып төгілген.

Тырна даусын жатырқамай, жатсынбай,

Тыңдайды йып, биік құздар, ақ шыңдар

Көктем келді,көкірегімнің құстары

Қиқуламай неге ұйықтап жатсыңдар !

деп жар салады. Ал «оралмайтын көктемді қанатына ілестіріп» қаздардың қайтуында «жаз өмірін қысқартып» жатқан өмір философиясы бейнелі суретке айналады.

Тұманбай творчествосының сабақтастығы тек оның бұрыңы соңғысы жазғандарының өзара іштей байланысынан ғана емес, ұрпақтар жалғастығын бейнелеуінен де анық көрінеді. Ол  өзін екі ұрпақтың жалғастырушысы сезінеді.

Тұманбай өмірі, тіршілігі түгелдей өлеңмен, жырмен байланысты. Ақын жаны алып ұшпа. Ол бір күйде тұра алмайды.

Сонымен қатар ақын өлеңдерінде фольклорлық таным элементтері, фольклорлық мифологиялық әуендер де айқын айқын көрініс тауып отырады.

Оған Т.Молдағалиевтің шығармаларындағы ұлттық нақыштар қазақ халқының тарихындағы оқиғаларды және ұлттық мінез-қылықтарды жырлайтын ауыз әдебиеті үлгілерінің пайдаланылуы дәлел бола алады.

Сондай-ақ, ақын көненің көзінен бастау алған жырларында өткеннің өнегелі сабақтарын бүгінге жеткізуді басты мақсат тұтады.

Ақынның жан сарайы, болмыс-бітімі, философиялық, эстетикалық көзқарасы, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктері поэзия тіліне айнымай көшеді. Оның өлеңдеріне үңілсек, ақын жасаған образдар мен тіл кестесінде сөз еткен өмірлік мәселелерде қаламгердің танымы мен білім дәрежесі, сусындаған поэзия мектептері аңғарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Әдебиеттану ғылымы алған объектісіне уақыт тұрғысынан қарай алатын ғылымдардың ішіндегі ең күрделісі де, даулысы. Өйткені уақыт ең алдымен көркемөнердің алдына, одан кейін оны зерттейтін ғылымның алдына да үлкен міндеттер қояды. Әдебиеттануда теориялық мәселерге бару асқан бір сырбаздық пен байқампаздықты қажет ететін ғылым. Лирикалық туындылардың өзегінде жатқан мінез бен тартысты шығарманың тереңінен суырып алу сараптаудың терең үлгісін қажет етеді. Себебі, лирикадағы ақын мен лирикалық кейіпкердің аражігінің өзі ашылмастан қосақабат жүре береді. Лирикалық кейіпкер кейде ақынға айналса ақын мені лирикалық кейіпкердің  аясына кіреді.

Лириканың басты шарты сезім болғандықтан да ол зерттеуші үшін қиынға соғады. Мінез шығармашылықта ақынның ұстанған бағытына да байланысты болатынын ұмытпаған жөн.  Себебі, романтикалық туындылардағы сезім шарпылысының аса қуаттылығы мен сезім тасқынының асқан жылдамдығы оның мінездік сипатында анықтайды. Сезімдер жүйесінің өзара шарпысуы арқылы ақынның өлеңіндегі тартыстың эмоциялардың шайқалуын көреміз. Мысалға, жыраулар әдебиетіндегі романтикалық қаһарманның мінезін айқын танып басуға болады. Себебі, оның экспрессивті-эмоциялық бояуы анық та айқын. Сол арқылы сезім тасқыны, селдің қозғалысындай әлеуетті. Сол арқылы  көз алдымызға атой салып атқа қонғалы тұрған, романтикалық қаһарманның этно-архаикалық тұлғасын анық көреміз, темпераментін танимыз.  Толғаулардағы характерді танытатын тартыстың да анықтығы көзге ұрады. Оларда тартыс романтикалық сезім ағыны мен жақсы мен жаманның салыстырылуы, асыл мен жасықтың текетіресі арқылы өрбиді. Ал реалистік шығармалардан ондай нақтылы көріністерді табу қиынырақ түседі. Алайда лириканың сезімге, яғни субъектінің объектіні өзі арқылы өткізуімен анықталатынын білеміз де олардың өзегінен де өзіндік мінез бен тартысты табамыз. Лирикада ақынның призмасы арқылы объектіге қараймыз. Содан барып, жаңағы объектінің әрбір ақын жырлаған бір-біріне ұқсамайтын қырларын көреміз. 

Лирикадағы мінез бен тартыстың  басқа текті туындылардан айырмашылығы да, күрделілігі де оны «қолмен ұстай алмайтынымызда». Жалпы лирикалық шығармалардағы барлық категориялардың барлығы (лирикалық кейіпкер, ақындық мен, сюжет, композиция)  сөз өнерінің басқа тектеріндегі категориялардан осынысымен де ерекшеленеді. Жоғарыда біз айтып өткен ақындардың әрқайсысының өзінің шығармашылық лабораториясы бар. Олардың өздеріндегі стильдік айырмашылықтың өзі біздің зерттеу объектіміздегі теориялық ұғымдарға сан қырынан қарауға итермелейді. Ал бүгінгі өнер туралы сөз сабақтау қашанда қиынның қиыны. Сондықтан оларды қалыптасқан үлгімен, белгілі әдіспен зерттеу мүмкін болмай қалады. Неге десеңіз қазіргі кезде өнердегі психологиялық, философиялық, эстетикалық категориялардың динамикасын бағып, көркемдік құралының органикалық бітімін тану, бүгіндік тұлғасын ажырату оңай емес.

Сондықтан да лирикадағы мінез бен тартыс категорияларын қарағанда психология, эстетика, әдебиеттану ілімдерінің барлық функционалды мүмкіндіктері мен міндеттерін пайдаланған дұрыс.

Қорыта айтқанда, Тұманбай   Молдағалиев - XX ғасырдың елуінші жылдарының орта тұсынан басталып, алпысыншы жылдарда-ақ кең өрісті жолға шыққан қазақтың жаңа поэзиясының көш басында тұрған  үлкен ақынның   бірі.

Тұманбай Молдағалиев алғашқы қадамынан-ақ қазақ поэзиясына өзгеше ұн, ырғақ, сыр ала келді. Оның ақындық сыры шынайы адамдық қылықтарға, жас адамға лайық сезім шыншылдығына, ойға құрылған. Ақын сол бір шынайы ой мен сезімді суреткерлікпен таныта білу, бейнелеу қабілетін байқатты.

Тұманбай ақын үшін Отан абстракты ұғым емес, ол - оның елі, адамдары, табиғаты. Осылар арқылы ақын Отанымен туысады. Оның  жырларында отаншылдық ссзімінің биіктігі, елдің ерлік рухы айқын танылып отырады. Сол арқылы ол өмірге, еліне аяғын нық тіреп, еркін өмір сүреді.

Ақынның өлеңдері көбінесе қазақтың рухани намысын көтеретін ұлттық рухты бейнелейтін поэзия. Оның туған ауылы, өскен ортасы, көрген өмірі, Отан, ел, адам сүю сезімдерінің қалыптасуы жайлы мәліметтерді ақын шығармалары бізге толығырақ береді. Оның лирикалық қаһарманы балалығын соғыстың ауыр кезінде өткізген, содан жанына ұмытылмас жара түскен  жас адамның көңіл күйін бейнелейді.

Ол елімен ғана емес, жерімең туған даланың табиғатымен туысып кеткен. Кейде қайың бой түзеп жел болып еркін өседі. Отаншылдық деген де осы. Туған елі мен Отанының патриоты болу сезімі оған ана сүтімен, даласымен дарыған.   Келген   көктем   де   көркімен   оны   туған   өлкесімен жақындатып кетеді. Сондықтан да ақын рухы табиғаттай биік. Оның Алатауды, Көкшені, Абай елі мен жерін сүюінде де ақындық рухтың асқақтығы көрінеді. Қорыта келгенде, махаббат әлемінде өзіндік орны бар ақын. Т.Молдағалиев лирикалық қаһарман мен лирикалық бейне арасындағы сезім қылын шертуде жоғарыда келтірілген мысалдар әрі көркемдігімен, әрі бір-бірімен жымдаса келіп, махаббат тақырыбына назар аударуға, оны қорғау идеясын ашуға қызмет еткен.

Бұл – қазақ поэзиясында ақынның өзіндік шоқтығы бар тұлға екендігінің дәлелі. Ойды жай жеткізудің арасындағы ара салмақты өлшеп жатудың өзі артық. Бейнелі сөз жағымды, әсерлі естілумен қатар, сөйлеушінің көңіл-күйін, көзқарасын, талғамын, бағасын байқататындығы анық. Белгілі ғалым

Т.Қоңыров өте орынды аңғартады: «Ол– әдебиет өсіп-өнетін топырақ, ол – әдебиет тыныстайтын ауа» . ендеше, махаббат лирикасы тақырыбын қарастырғанда да тіл бейнелілігі мәселесіне көңіл бөлген жөн.

Ақын шығармашылығына тән ерекшеліктің бірі де осы - оның туындыларында адамның ішкі жан дүниесі, тебіренісінің айқын көрініс табуы дер едік.

Поэзия - өнердің ең белсенді әлемі. Оның үн қосуы, күреске түсуі қашанда тез, тұтқиыл болатын. Сондықтан поэзия дәйім тыңдарды ашып отырады. Өнердің өзге саласына игілікті әсер-ықпалын тигізіп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Ысмайылов Е. Әдебиет  жайлы ойлар / Е.Ысмайылов.- Алматы: Жазушы. 1968 - 320 б.

2.Әдебиеттану терминдерінің  сөздігі /- Алматы: Ана тілі. 1996 – 384 б.

3.Аль-Фараби Сборник  3-х  т. 2 том / Аль-Фараби.- Л. Наука. 1982 – 495 б.

4   Әлімбай М. Жанымның жапырағын жамыратып/М.Әлімбай // Жас Алаш, 2004.- №53

5.Молдағалиев Т. Мен өлеңмен өмір сүрдім. – Ана тілі. – 2005. – 22 қыркүйек. – Б. 8

6. Жүсіпов Қ. Өлең – сөздің патшасы. А,1991ж.].

7. Қабдолов З. Сөз өнері/З.Қабдолов.- Алматы:Қазақ Университеті,1992.-528 б.

8. Қазақ поэзиясының антологиясы // Егемен Қазақстан, 2004.- 28 қаңтар

9.Психология личности - М. Вопросы психологии. 1999 – 192 б.

10. Белинский В. Статьи о Пушкине / В. Белинский.- М. Художественная литература. 1974 – 191 б.

11.Ахметов З. Әдебиеттану  терминдер сөздігі/З.Ахметов.-Алматы:Ана  тілі,1998

12. Абай 2-том /А.Құнанбаев.-Алматы:Жазушы, 1995.-384 б.

13.Мырзалиев Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. 3-т. Алматы: Жазушы, 1990.-432 6.

14. Нәжімеденов Ж.Шығармалар жинағы 3 т / Ж.Нәжімеденов.- Алматы: Жазушы. 1996.- 256 бет

15..Молдағалиев Т. Үш томдық шығармалар жинағы. 1-т., Алматы, 1990

16.Мақатаев Мұқағали. Шығармаларының  толық жинағы:IV томдық. І том:Өлеңдер  мен поэмалары/Құраст. Оразақын Асқар, 2001.- 448 б

17.Айбергенов Т. Бір тойым  бар / Т.Айбергенов.- Алматы: Жазушы. 1984 – 148 бет.

18.Төрт ана.- Алматы:Білім, 2002.-160 б

19. Медетбек Т.  Баба  дәстүрдің мұрагері кім?/Т.Медетбек.- Алматы:  Өлке, 2001.-248 б.

20.Асқарова С. Тұманбай  өлеңдеріндегі сөйлем түрлерінің қолданысы. – Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2006. - №5. – Б.48-54

21. Аяпбергенов Р. Тұманбай  поэзиясы – толысқан дәуірінде. – Ұлағат. – 2005. - №3. – Б. 99-124

22. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. / Сыршыл жүрек. Алматы, 1997. – Б. 145-157.

23.Айтұлы Н. Өлең етіп өмірін. – Қазақ әдебиеті. – 1993. – 28 мамыр. – Б. 10-11

24. Асанов С. Өлең боп туған адам. – Қазақстан әйелдері. – 1995. - №4. – Б. 25. 25.Кажиакбарова Р. Т.Молдағалиев  - эпик ақын. - Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2003. - №1. – Б. 68-71

26. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9-том. Алматы: ҚАЗ ақпарат., 2005. – Б 686-710

27. Қайырбеков Ғ. Алыс та жақын жағалау. (Екінші кітап) – Алматы: Білім, 2006. – Б. 115-129

28. Молдағалиев Т. Үш томдық шығармалар жинағы. 1-т., Алматы, 1990

29.Садықов К. Тұма жырдың Тұманбайы. – Қазақ әдебиеті. – 2005. - №11. – Б. 4

30.Сәрсенбай О. Менің мекенім. – Алматы: Қайнар, 2002. – 544 б.

31.Тоғымбайұлы Б. Сұлулықтан жыр тартқан. – Қазақ әдебиеті. – 2004. - №40. – Б. 6

32..Егеубаев А. Сыр мен сымбат / А.Егеубаев. - Алматы:Жазушы, 1981. - 224 б.

34.Ахметов З. Әдебиеттану терминдер сөздігі/З.Ахметов.-Алматы:Ана тілі,1998.-246б. 
35 .Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық/З.Ахметов.-Астана:Фолиант,2002.-408б

36. Бердалы Н. Жаңбырлы түн /Н.Бердалы.-Алматы:Жазушы, 2001.-48 б.

37..Қирабаев С. Шығармалар 2-том/С.Қирабаев.-Алматы:Жазушы,1992.-544 б. 
38. Құрманғали Қ. Қоңыр күз күмбірі/Қ.Құрманғали.-Алматы:Санат,2002.-472 б 
39..Зақанқызы Р. Ұлттық мінездің көркем көрінісі /Р.Зақанқызы // Ақиқат, 2001.- №3,Б.32. 
40.. Төрт ана.- Алматы:Білім, 2002.-160 б.

41.Әбдікәкімов Т. Ақшам хаттары/Т.Әбдікәкімов.-Алматы:Жалын, 1993.- 128 б 
42.Мұқашева Р. Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық характерді бейнелеу жүйесі. Автореферат /Р.Мұқашева.- Алматы, 2000.Б.16

43. Райымбекұлы М. Ай/М. Райымбекұлы.-Алматы: Жазушы, 2001-168 б.

44. Салықбай Г. Аспандағы аңсарым/Г.Салықбай.-Алматы, 2001.-144 б.

45.. Боқаев Қ. Ұлттық салт-дәстүр! Махаббат! Қайсысын насихаттаймыз? /Қ.Боқаев // Қазақ әдебиеті, 2004.- №11.Б.12.

46..Исәділ А. Жолдар, жолдар /А.Исәділ.-Алматы:Жазушы, 2001.-40 б.

47.. Шегебай Ә. Алакеуім /Ә.Шегебай.-Алматы:Жазушы, 2001.-48 б.

48..Алаштуған Е. Тақсыр күн /Е.Алаштуған.-Алматы:Жазушы, 2001.-48 б.

49. Байбатыров Ғ. Шабыт керген көкірегінің шанағын /Ғ.Байбатыров // Дидар, 2002. Б. 2

50. Қаңтарбаев Ә. «Ұясы тұғыр болмас тас түлекке»/Ә. Қаңтарбаев // Дидар,

2004. Б.42

51 .Қуантайұлы Н. Кестелі жырдың кемелі /Н.Қуантайұлы // Ана тілі, 2002.- №48 
52. Медетбек Т. Баба дәстүрдің мұрагері кім?/Т.Медетбек.-Алматы: Өлке, 2001.-248 б.

53..Есдәулетов Ұ. Алтайдың алтын тамыры /Ұ.Есдәулетов.-Алматы: Жазушы, 1979.-160 б. 
54. Уақыт және қаламгер.-Алматы:Жазушы, 1986.-316 б

55.Дулатов М. Оян, қазақ! /М.Дулатов – Алматы:Атамұра,2003.-192 б.

56..Жұмабаев М. Сүй, жан сәулем/М.Жұмабаев.-Алматы:Атамұра, 2002.-256 б

57.Ақсұңқарұлы С. «Түсіме енеді жылқының кісінегені»/С.Ақсұңқарұлы // Жұлдыз, 2002.- №8, Б.12.

58. Кемелбаева А. Өлеңдерім – жанымның жылнамасы/А.Кемелбаева // Жас Алаш, 2004.- №34-35,Б.24

59.Сәрсенбай О. Менің мекенім/О.Сәрсенбай.-Алматы: Қайнар, 2002.-340 б.

60.Амантай Д. «Мойыныңдағы қамыт қажап» /Д.Амантай // Ана тілі, 2004.-29 сәуір

61.Тұрғынбекұлы С. Сөзге ғашық жүрек/С.Тұрғынбекұл.ы // Егемен Қазақстан, 2002.- №263-264 
62.Елубай О. Алтайым, алтын тамырым/О.Елубай.-Алматы: Әл-Фараби, 2000.-210 б

63.Баешов А. Экология және таза су проблемалары/А.Баешов.-Алматы: Дәнекер, 2003.-280 б.

64.Раев Қ. Ұлағат/Қ.Раев.-Алматы:Жазушы, 2001.-246 б. 
65.Толғауы тоқсан қызыл тіл.-Алматы:Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы, 1993.-20 б. 
66.Қосбармақов Т. Мемлекеттік тілді қайтсек көркейеді?/Т.Қосбармақов //Заң және заман, 2004.- №1-2

Информация о работе Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)