Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2014 в 15:28, реферат
Адамзат қоғамының эволюциясы. Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Адамзат қоғамының эволюциясы.
Палеонтроп.
Питекантроп.
Архантроп.
Антропогенез.
Антропогенездің қозғаушы күштері
Еңбек – адам эволюциясының маңызды факторлары.
Қоғамдасып тіршілік ету – адам эволюциясының қозғаушы
күші.
Адамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңді
ажыратады
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
күші.
ажыратады
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Адамзат қоғамының эволюциясы. Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.
Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.
Кезеңнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы палеолит-100 мың, палеолит 45-40 мың; жоғарғы палеолит – 12-10 мың, мезолит 8 мыңға дейін және неолит 5 мың жыл бұрын бітті. Қола дәуірі біздің эрамызға дейінгі 1 мыңыншы жылдың басына дейін, темір ғасыры басталғанға дейін созылды. Қола дәуірінен бастап алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан көне дәуір өркениетінің ескерткіштері негізінде уақытты календар бойынша белгілеу пайда болды .
Тарихи кезеңдер |
Археологиялық кезеңдер |
Палеоантропологиялық кезеңдер | |
Алғашқы қауым кезеңі |
Төменгі (100) және ортаңғы палеолит (45-40) |
Архонтроптар мен палеонтроптар кезеңі | |
Алғашқы қауымдық Туыстық қауым кезеңі |
Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі |
Жоғары палеолит (12-10) және мезолит (8) |
Неонтроптар кезеңі |
Кейінгі алғашқы қауым |
Неолит (5) Энеолит немесе ертедегі металдық ғасыр (4,5 –5) | ||
Таптар түзілу кезеңі |
Қола (3) Темір Атом ғасыры (ХХ ғасыры) |
Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне “алғашқы қауым” деп аталды. Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Алғашқы қауымның ерте кезеңінде тіршілік үшін қажетті негізгі өнімдер өндіретін шаруашылық болды.
Бұл типологиялық қатар – алғашқы қауым (алғашқы адам үйірй отары), ертедегі және кейінгі (ертедегі туыстық және кейінгі туыстық), қауым бұдан кейін алғашқы қауымдық көршілес (протошаруа) қауым – алғашқы қауымдық тарихтың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді.
Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, алғашқы қауым кезеңін, яғни антропосоциогенезді адамзаттың әлеуметтік және биологиялық даму барысында адамзат қоғамы қалыптасуының бастамасы болып саналатын бүкіл әлемдік тарихи процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға болады. Алғашқы қауымдық туыстық қауым кезеңінде әлеуметтік құрылымның алғашқы реттелген түрлері – туыстар мен туыстық қауымлар пайда болды. Дәл осы кезеңде алғашқы қауымдық туыстық қауымдық құрылымның негізгі белгілері - өндірістегі ұжымшылдық, жалпы меншік пен тұрмыстағы теңдей бөлу, т.б. пайда болды. Бұл белгілер әсіресе ертедегі алғашқы қауымдарда анық байқалып, кейінгі алғашқы қауымдарда да сақталып қалды. Бұл кезеңнің ең төменгі шегі – ортаңғы палеолит (палеонтроптар кезеңі) және неолит.
Алғашқы қауымдық кезең - қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым – кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі – алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-әрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен және өнім қорларының өсуімен сипатталады.
Туыстар мен қауымның ортақ меншігі жеке үй шаруашылығы меншіктері мен теңдей бөлу еңбегіне қарай бөлумен алмасып, қауымдық-туыстық байланыстар үзіліп, алғашқы қауымдық - көршілік түрлері пайда болды. Эксплуатацияның алғашқы нысандары пайда болып, олармен бірге негізгі өнім қоры - қосалқы өнімге айнала бастады, яғни жеке меншіктің, қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің бастамасы түзіле бастады. Кезеңнің төменгі шегі, кейбір қарқынды дамыған қоғамдарда неолит кезеңіне, ал нашар дамыған қоғамдарда металдық кезеңнің біршама бөлігіне сәйкес келеді. Кезеңнің жоғарғы шегі - қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің пайда болуы – 5 мыңдай жыл бұрын байқалған делінеді. Ал нашар дамыған қоғамдар бұл кезеңді әлі күнге дейін өткен жоқ.
Жалпы дәуірдік кезеңдерді археологиялық және палеоантропологиялық схемалардың аса маңызды буындарымен төмендегіше салыстыруға болады. Бұл кезеңдердің абсолютті (нақты) жасын айту қиын, себебі, біріншіден, олардың археологиялық және палеоантропологиялық кезеңдермен арақатынасы жөніндегі көзқарастар түрліше, екіншіден, ертедегі алғашқы қауымдық кезеңінен бастап, адамзат қоғамы біртекті дамыған жоқ, соның әсерінен жоғарыда айтылған әртүрлі қоғамдар қалыптасты.
Кестеде берілген шкала адамдар жасаған және қолданған құралдар негізінде жасалған. Тас дәуірі – тастан жасалған құралдарды пайдалану кезеңі болды да, ол палеолит (ертедегі тас дәуірі), төменгі палеолит (австралопитектер мен “тік жүретін адам” ), ортаңғы палеолит (неандерталдықтар), жоғары палеолит (38 мың жыл) - “саналы адамның” үңгірлерде тіршілік етуі кезеңдеріне бөлінді. Мезолитте (ортаңғы тас) қоғамдық құрылымның аң аулау, жинау түрі басым болды.
Неолитте (жаңа тас дәуірі) 9-5 мың жыл бұрын аса маңызды оқиға орын алғандығы белгілі, ол неолит революциясы деген атқа ие болды. Нақты айтқанда – жабайы жануарларды қолға үйретті, өсімдіктер өсіру, бір орында тұрақтап тіршілік ету қалыптасты. Аң аулау – жинау шаруашылығы мал, егін өсіру шаруашылықтарына айналды. й жануарлары мен мәдени өсімдіктердің жасанды сұрыптау мен гибридтеу нәтижесінде алынған тұқымдары мен сорттары, мата тоқу, металлургия т.б. пайда болды.
Мәдени дамудың
келесі кезеңдері “үштік ғасыр”
Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.
Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады.
Бас сүйек: 1. Дриопитек 2. Аустралопитек (ми көлемі: 450 - 650см3) 3. Питекантроп ( ми көлемі: 750 - 1100см3) 4. Неандерталь адамы(ми көлемі: 1400см3) 5. Кроманьон адамы (ми көлемі: 1400 - 1500 см3) 6.Саналы адам (ми көлемі: 1600см3)
Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эйсен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің "Pithekos" — маймыл және "anthropos" — адам сөзінен — алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен.
1.2 Питекантроп.
Питекантроптың ортан жілігінің құрылысы адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға, ал кей белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты оған маймыладам (питекантроп) деген ат берілді. Кейіннен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия, Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Питекантроптың қаңқа қалдықтары табылған кезде, әлі де аустралопитектердің де, епті адамдардың да қаңқа қалдықтары табылмаған еді. Сондықтан көп уакытқа дейін питекантроптар адамтектес маймылдар мен адамдар арасын байланыстыратын тіршілік. Питекантроптар иесі саналып келді. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адамдарға) немесе тік жүретін адамға ("ноmо erectus") жатқызады. Ежелгі адамдардың сыртқы дене құрылысының едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олардың бәрін бір ғана түрге жатқызады. Архантроптар жер бетінде бұдан 1 млн жыл мен 500 мың жылдар аралығындағы кезеңде тіршілік еткен. Бұларды қаңқа қалдықтарының табылған жерлеріне сәйкес питекантроп, синантроп (қытай адамы), гейдельберг адамдары деп те атайды. Ежелгі адамдардың сыртқы белгілері аустралопитектермен, епті адамдармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсас әрі миының салмағы да үлкен. 750, 900 г, кейде 1000—1100 г-дай. Архантроптардың бойының ұзындығы 165—170 см, бұл белгілердің бәрі де олардың қазіргі адамдарға едәуір ұқсас екендігін дәлелдей түседі. Дегенмен архантроптардың қас үсті доғасы айқын байқалады әрі маңдайы тайқы және жазық, иегі алға қарай шығыңқы емес. Ежелгі адамдардың жақ сүйектері ірі, бас сүйегінің бет бөлімі жақсы дамыған, ал ми сауыты әлі де кішілеу.
1.3 Архантроп.
Архантроптардың бір тобы — синантроптар (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. Синантроптардың көп белгілері питекантроптармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсайды. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғалымдар Гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды. Архантроптардың тіршілік әрекеттерінде де күрделі өзгерістер болғандығы байқалады. Олар көбіне ірі жануарларды ұжымдасып аулаған, отты пайдалана білген. Тастан құралдар жасауды жетілдірген. Тұрмыс қажетіне қарай тастардың шеттерін өткірлеп, үшкірлеп шапқыға, кескіге, қашауға ұқсас құралдар жасай білген. Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктің бірі— сөздің пайда болуы. Сөз ежелгі адамдар арасындағы басты қарым- қатынас құралы болған. Өйткені олардың миының маңдай және самай бөліктерінің жақсы дамуы, дыбыстық ақпаратты қабылдау қабілетінің жақсы жетілгендігіне дәлел болады. Архантроптардың қаңқа қалдықтары Орталық және Солтүстік Африкадан, Оңтүстік Еуропа мен Алдыңғы Азия өңірінен де көптеп табылған. Бұл аймақтардан кейіннен архантроптар бірте-бірте Еуропа мен Азияның басқа да жерлеріне таралған деген пікірлер бар. Қазақстан жерінде де ежелгі адамдардың қоныс мекендері, пайдаланған тас құралдары мен аулаған жабайы жануарларының қаңқа калдықтары көптеп табылды. Басқалардың қаңқа калдықтары табылған емес. Соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары соны дәлелдейді. Тас дәуіріне қатысты тастан жасалынған құралдар Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Алтын Қолат жайлауының маңынан табылған. Кейіннен мұндай тас құралдар Жамбыл облысы Қызылту елді мекенінен де табылды. Осындай зерттеулер нәтижесінде ғалымдар Қазақстан жерінде ежелгі адамдардың қоныс мекендері шоғырланған бірнеше аймақты анықтады. Ондай аймақтарға Маңғыстау, Үстірт, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Солтүстіктегі ұсақ таулы Көкшетау және Нарын- Бұқтырма, Ертіс маңы жатады. Архантроптар, негізінен, үңгірлерде өмір сүрген. Көптеген ғалымдар орталық немесе солтүстік Африка жеріндегі архантроптардың топтарынан казіргі адамдар пайда болған деген пікірді қолдайды. Архантроптардан бастап қазіргі адамдардың келіп шығуы 500 мың жылдай уақыт аралығын қамтыған. Архантроптардың эволюциясында ми салмағының артуы, қоғамдасып тіршілік ету, еңбек құралдарын жетілдіре түсу және отты пайдалану — эволюцияның басты бағыттары болды. Дегенмен де архантроптардың эволюциялық дамуында биологиялық факторлар, соның ішінде табиғи сұрыпталу басты рөл атқарған.
Информация о работе Адамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңді ажыратады