Атеросклероз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 17:34, доклад

Краткое описание

Атеросклероз (грекше — аthere — ботқа және sklerosis —. тығыздалу)— бұл ірі артериялардың ішкі қабатында май және белок алмасуының бұзылуы нәтижесінде пайда болатын арнайы морфологиялық өзгерістермен сипатталатын созылмалы ауру. Осы күрделі өзгерістер атересклероздың макро-және микроскопиялық негізін құрайды. Бұл процесс қолқада, жүрек, ми, мықын, ішек және бүйрек артерияларында айқын көрінеді. Атеросклероз деген атауды Америка галымы Маршан 1904 жылы ұсынған болатын. Орыс ғалымдары Н. Н. Аничков және С. С. Халатовтың (1914) жүргізген эксперименттері атеросклероздың жеке дара сырқат екендігін, оны артериосклероз деген бір топ аурулар ішінен бөліп қарауға керектігін дәлелдеді.

Вложенные файлы: 1 файл

атеросклероз.docx

— 32.99 Кб (Скачать файл)

Орташа артерияларда екі түрлі өзгерістер көрінеді. Бірінші — осы артериялардың ішкі және ортаңғы қабаттарының қалыңдауы, екінші — осы жердегі созылмалы мембраналардың катпарланып көбеюі (гиперэластоз). Осы өзгерістер нәтижесінде артерия біраз қалыңдап, олардың саңлауы тарылады, кейде бұл процесс (созылмалы мембрананың жаңадан түзілуі күшейгенде) мускул типті артерияның созылмалы типті артерияға айналуына әкеледі. Дегенмен, уақыт өткен сайын, осы жерде дәнекер ткань мөлшері көбейіп, тамырда склероз процесі бой алады (артериосклероз). Гипертония ауруына байланысты ірі қан тамырларында атеросклероз процесі ерте басталып, тез дамып, оның асқынған түрлеріне айналады.

 Гипертония  ауруында қан қысымы үнемі жоғары болғандықтан негізгі күш жүрекке түсіп, қан қысымы асқан сайын жүрек қызметіне де талап күшейіп, оның массасы 2-3 есе ұлғаяды. Әсіресе қанды артерия жүйесіне "айдайтын" сол қарынша қалыптан тыс ұлғаяды. Жалпы жүрек салмағы 1 кг дейін еседі (орташа 450-500 грамм). Ұлғаюдың алғашқы дәуірінде сол қарыншаның қабырғасы қалыңдап, ішкі қуысы тарылса, кейінірек оның қуыстары созылып кеңи бастайды, осыған сәйкес қабырғасы жұқарады. Гипертонияның жүрек әлсіздігі кезеңіңде оң қарынша да кеңейіп, жүрек пішіні домалақтанып жүрегіне ұқсап қалады. Жүрек еттерінің арасында, дәнекер ткань өсіп кетеді диффузиялы майда ошақты кардиосклероз).

 Гипертония  ауруының 1) жүректі; 2) миды; 3) бүйректі көбірек зақымдайтын түрлерін ажыратады.

 Гипертония  ауруында жүректе болатын негізгі өзгерістерді жоғарыда айттық. Гипертонияның ми формасы қазіргі кезеңде ми, қан тамырлары ауруы тобына жатқызылады. Ол гипертониялық криз (ауыр хал) түрінде немесе әртүрлі ауырлықтағы қан құйылу түрінде көрінеді. Гипертониялық криз кезінде артериолаларда плазма сіңуі, фибринге ұқсас ісіну, некроз сияқты өзгерістер дамып, майда тамырлар айналасына қан құйылады, ми тканінде су мөлшері көбейіп ісінеді. Егер осы ауыр хал ұзаққа созылса майда қан құйылу ошақтары қосылып көзге көрінетін қызыл түстегі ошақтар (қызыл инфаркт) пайда болады. Олардың көлденеңі бірнеше сантиметрге жетіп, айналасындағы ми тканін зақымдайды, кейде қан ми қарыншаларын бұзып жұлын сұйықтығына өтеді. Кейде қан тек ми қабықтарына ғана құйылады. Мида ақ инфаркттың дамуы қан тамырларының атеросклерозға байланысты тығындалып қалуымен немесе спазмамен түсіндіріледі.

 Гипертония  ауруының бүйрек формасында бүйректің кішірейіп, беті бұжырланып бүрісіп қалғаны көрінеді, кейде олардың салмағы небәрі 40-50 г. болады. Микроскоппен қарағанда бүйрек шумақтарының склерозданып, гиалинозданып қалғаны көрінеді . Гипертония ауруында бүйректегі және басқа ағзалардағы өзгерістер де жоғарыда  айтылған қан тамырларында болатын морфологиялық процестермен байланысты.

 Тек эндокрин бездеріндегі өзгерістердің негізінде басқа механизмдер жатады, себебі гипертония ауруында бүйрекусті бездері өздерінен көптеп гормондар шығарады, осы процестердің айғағы ретінде бүйрекүсті бездерінің гиперплазиясын және аденомасын көреміз. Гипофизде АКТГ гормонын шығаратын базофилді клеткалар гиперплазиясы көрінеді.

 Өлім себептері. Гипертония ауруында адамдар миға қан құйылудан, жүрек немесе бүйрек қызметінің нашарлауынан (анурия) өлед

 


Информация о работе Атеросклероз