Аурухана ішілік инфекция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 14:22, лекция

Краткое описание

Ауа тамшы жолымен жуққан вирус бірінші мурын кенірдек шырышты қабаттарын закымдайды (жоғарғы тыныс жолдарын) бул кезде мурынның бітелуі, түшкірү, тамақытың ауыруы, жыбырлауы , қурғақ жөтел сияқты клиникалық симптомдар білінеді . Дене қызыуы қалыпты жағыдайда болуда мүмкін. Кейде көздің шырыштықабатының зақымдалуына байланысты көзден жас ағады. Сонсын вирус қанға тусіу нәтижесінде қызба жане жалпы улану симптом белгілері байқалады ( дене температурасның жоғарлауы, буын-булшық еттернің ауыруы, бастың ауыруы, әлсіздік). Организмде иммундық процесс белсенделігі артылып жанағы қандағы вируска қарсы антитела түзіледі де қан тазара түсіп жалпы улану белгілері азаяды. Яғни осы ауруға қарсы адам ағзасында иммунитет пайда болды деген сөз.

Вложенные файлы: 1 файл

ауа тамшы эпидемиял.docx

— 26.79 Кб (Скачать файл)

 

Адамдар үшін тұмау аурушаңдығы  көптеген асқынуларымен қауіпті. Ауыр және асқынған түрлері барлық адамдарға  тән, бірақта көбінесе балалар, егде адамдар, өкпе және жүрек-қан тамыры жүесінің созылмалы түрімен ауыратын адамдарда жиі тіркеледі.

 

Тұмау және жіті респираторлық  вирустық жұқпалы аурушаңдықтан  сақтану үшін алдағы індеттік кезеңге  дер кезінде әзір болған жөн.

Жалпы тұмау мен жіті респираторлық  вирустық жұқпалы аурушаңдықтың  алдын алу бойынша негізгі 2 әдісі  белгілі, олар спецификалық және спецификалық емес.

Спецификалық әдіске екпе егу жатады, ол тұмаудың алдын алу  әдісінің ең негізгісі болып есептеледі. Адамның ағзасына жұқпа агентінің  бөлігін енгізу арқылы ағзаны қорғаныс денелерін (антиденелер) бөліп шығаруға ықпал етеді, соның нәтижесінде  вирустардың көбеюі мен жасушалардың зақымдалуы төмендей түседі.

Қазақстан Республикасында  тұмауға қарсы екпелер ҚР аумағында  пайдалануға рұқсат етілген және тіркелген екпелермен жасалады.

 

Уақытында жасалаған егудің тиімділігі, спецификалық емес дәрі-дәрмектерге  қарағанда екі есе жоғары, сондай-ақ, кері әсердің жиілігінің төмендігімен ерекшеленеді.

 

Спецификалық емес әдістерге, иммундық жүйенің қызметін қалыптастыруға араналған дәрі-дәрмектер мен  емшаралар жатады.

Тұмау мен жіті респираторлық  вирустық жұқпалы аурушаңдықтың  алдын алу үшін, сондай-ақ, аурудың  алғашқы белгілері біліне бастаған кезде, келесі қарапайым ұсыныстарды  орындау керек:

 

Аскорбин қышқылы мен  поливитаминдерді қабылдау;

Науқас адамды жеке бөлмеге  оқшаулау:

Науқас адамды күтуші және қарым-қатынаста болатын тұлғалар (тек ауруханада ғана емес, үйде де) төрт қабатты бетперде киюі керек;

Науқас адамның жеке ыдысы, күнделікті қолданылатын заттары, төсек  жабдықтары болуы қажет;

Бөлмені жиі желдетіп, күнделікті ылғалды жинау жүргізген жөн;

Тұмаудың алғашқы белгілері  біліне бастағаннан соң, төсек тәртібін сақтап, жылы дәрумендік сусындарды: итмұрынның тұнбасын, қара және қызыл қарақаттан, құлпынайдан, таңқұрайдан жасалған сусындар, лимонмен шәй ішу керек;

Тұмау індеті кезінде мәдени - бұқаралық іс-шараларға, кинотеатрларға: клубтарға, кітапханаларға, денешыңықтыру  залдарына баруды шектеу керек;

Аурушаңдықтың алдын алу  және жұқпаның таралуына жол бермеу мақсатында мектеп және мектеп алды мекемелеріне науқас баланы жібермеу үшін, ата-аналар балаларының денсаулығын күнделікті мұқият қадағалап отыруы тиіс, мектепке барар алдында дене қызуын өлшеп, ал ағзаның уыттануы немесе жоғарғы  тыныс алу жолдарының кабынуы, дене қызуының көтерілуі байқалған жағдайда, баланы үйде қалтырып, дәрігерді үйге шақыру керек;

Қолды жиі сабындап жуу  керек, өйткені вирус есіктің  тұтқасы, күнделікті қолданылатын заттар арқылы, науқас адамнан сау адамның  қолына жұғып, мұрын, ауыз қуысы, көз  арқылы ағзаға түсүі мүмкін;

Аурушаңдықтың деңгейі күрт көтерілген кезеңде, сау адамдар 0,25% оксалин майын үйден далаға шығар  алдында күніне 2-3 рет қолдану  керек;

Тұмау аурушаңдығының алдын  алу мақсатында, лекоцитарлық интерферонды 0,25 мл. немесе танаудың әр құысына шашыратқыш аркылы 5 тамшыдан тәулігіне 2 рет тамызу керек:

Қорытындылай келе айтарым, кез-келген респираторлық жұқпалы  аурушаңдық науқас адамның тек өзіне  ғана емес, оны қоршаған адамдардың да денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді, сондықтан оны емдеп, жазғаннан  көрі, оның алдын алу әлдеқайда  жеңіл және тиімді!


Информация о работе Аурухана ішілік инфекция