Дәрілік өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 05:35, реферат

Краткое описание

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .

Вложенные файлы: 1 файл

Дәрілік шөп.docx

— 30.55 Кб (Скачать файл)

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың  алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің  емдік қасиеті олардың құрамында  стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен  тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам  өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді  дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде  қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден  алады. Көптеген өсімдіктердің емдік  қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық  тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі  осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз  және қайсысының емдік қасиеті бар  екенін анықтаңыз.

Кейбір  дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан  артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы  заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға  болады.

Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз  өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің  ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін  уландырып алуы да мүмкін.

Ертедегі  египеттіктер алоэ, қараған, анис, медуница, зы-ғыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, арша тәрізді өсімдіктердің шипалық  қасиетін ежелден біліп, пайдаланған.

Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның  аты шыққаны мәлім. Мұнан 4 мың  жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік  өсімдіктерді халық емінде қолданғаны жө-нінде деректер бар.

  Ал енді Қытайда дәрілік өсімдіктер  жөніндегі алғашқы кітап мұнан  5 мың жыл бұрын жазылыпты. 

Орта  ғасыр ғалымы Пара-цельстің ерте заманнан келе жатқан ілімге сүйеніп айт-қан  тұжырымдамасы: «Емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуге тиіс». Яғни, сарғайып ауырғандарды сары түсті өсім-дікпен, бүйрегі  ауыратындарды жапырағы бүйрек тәрізді  өсімдікпен емдеу қажет.

Қазақтардың қылшадан дәрі жасауын басшылыққа алып П.С. Моссагетов 1924 жылы Қазақстанда  өсетін қырықбуын қылшасының шипалық  қасиетін ашты.

Дәрілік өсімдіктер

Алтын тамыр. Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2,5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамын-дағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ыр-ғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді.

Адыраспан. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дә-рігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді.

Арша. Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.

Ащы мия. Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Бүкіл шөбі мен тұқымы дәрі. Басты ем болатын аурулары: жедел және созылмалы ди-зентерияға; асқазан ауырып, аздап запыран құсқанда; шиқан, сыздауық және басқа жарақаттың іріңдеуіне, жара-ларға; қышыма, бөріткен, ес-кілікті теміреткіге; ақ кір көп келуге. Улы дәрі. Абайлап қолдану қажет.

Ащы қарбыз. Көп жылдық өрмелегіш сабақты өсімдік, ұзындығы он сантиметрдей. Тамыр түйнегі етті, сабағы көп бұтақты, мұртша ширатылып өседі. Басты ем болатын аурулары: кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына; кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып ауырғанда; емшек безінің шұ-ғыл қабынуына; жұтқыншақ ауырып, үн қарлығуына. Ащы қарбыз тамыры қанды несеп ауруына ем болады.

Арпа. Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі бөртпелерді жазып, бүйрек-тегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуына ем.

Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.

Женьшень. Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 сантиметрдей, тамыры жуан, бұтақталған, сыртқы қабы-ғы ақ, қатты. Өте баяу өсіп, 10-11 жылдан кейін жеміс береді. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшеньнің тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада ор-ганизмнің жалпы тіршілік қа-білетін, ауруға төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және жүрек – қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады.

 Мойыл. Биіктігі 3,5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады.

Марал шөп  тамыры. Бұғылар күз, көктемде бұл өсім-діктің тамырын тұяғымен қа-зып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері – көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орна-ласқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.

Қара пышақ, күшәла. Қара пышақ – биіктігі 20-40 сантиметр болатын, көп жылдық шөп тектес, жартылай улы өсімдік, гүлінің ішкі беті қара түсті. Өзбектер оны күшәла деп атайды. Ортаңғы қабыршақ жапырақтың ішінен ұзындығы 5-8 сантиметр болатын, қарындаш тәрізді өзек-ше өсіп шығатын болғандықтан, орыстар оны карандаш дейді. Медицинада осы өсімдік тамырынан дәрі жасап, онымен өкпе туберкулезін емдеп келеді.

Тобылғы. Раушан гүлділер тұқымдас, көп жылдық, шөп тектес өсімдік – тобылғының тұнбасы, майы көп ауру-ға ем. Гүлінің, жапырағының тұнбасымен малдың бүйрек, қуық ауруларын, асқазан – ішектің түйілуін, денесіндегі түрлі ісіктерді емдейді. Тобылғы майын малдың, адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазады.

 Қарандыз. Сазды жерде өседі. Түбін дәрі ретінде пайдаланады. Жөтелгенде түбірін аршып ауызға салады.

Жербауырсақ. Жусанға, басқа шөпке жабысып өседі, бауырсаққа ұқсас. Оны қуығы тұтылған адам емге ішеді.

Шырғанақ. Бұтағы тікенді, аса жуан емес, іші сары қатты ағаш. Оны ыстық-суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады.

Шетен. Биіктігі – 3-20 метрлік, жұқа сұрғылт қабықты, көп жылдық жабайы ағаш. Оның жемісін бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады.

Итмұрын. Жемісінің құра-мында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөл-шерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.

Орман бүлдіргені. Биіктігі 5-25 сантиметр, көп жылдық шөп тектес. Жемісі шілде, тамызда піседі. Жемісі-дәрумендердің бай қоры. Асқазан – ішек жұмысын жақсартады, адамның тағам-ға деген тәбетін арттырады, ас қорыту органдарының қабынуын басады, бауыр, бүй-рек ауруларына ем.

Өгей шөп. Биіктігі 15-20 см, күрделі гүлділер тұ-қымдас, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Жапырағының астыңғы беті жұмсақ, жылы, үстіңгі беті қатты және суық болғандықтан, халық оны өгей шөп деп атаған. Ха-лық емшілері өгей шөптен жасалған тұнбаны жөтелді басатын дәрі ретінде қолданған. Өсімдіктің құрғақ жапырағын тынысы тарылып, ентігетін адамға темекі тәрізді қағазға орап тартқызып, емдеген.

Долана. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады, бұта не ағаш. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында өседі. Жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, дәруменге бай. Долананың 50 түрі қолдан өсіріледі, ол – дәрілілік құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, каротин, гиперозид, қант бар.

  Долана жүректің бұлшық еттерінің  жиырылуын күшей-теді, қажығанда  қуат береді, қан қысымын төмендетеді.

Сүйел шөп. Көкнәр тұқымдасына жатады. Халық емшілері сүйелшөп және сүт-ттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын, сары ауруды емдеген.

Шай шөп. Халық оны шөп шай, сары мысық-табан алтын түсті күн сәулелі шай шөп, құрғақ гүл деп атайды. Оны медицинада өт айдайтын дәрі ретінде қолданады, бұл өсімдіктен аренарин деп аталатын антибиотик алынады.

Аскөк. Одан жасалынған дәрі-дәрмектер медицинада қан қысымын төмендетуге, қан тамырларын кеңейтуге, несеп, өт жүргізу, қақырық түсіру үшін қолданылады.

Жалбыз. Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Жалбыздың жапырағында ментол бар. Бұл өсімдіктен жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы. Ол жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалығыш ұнтақтардың құрамына кіреді.

Жөке ағашы. Оның ашық сары түсті, хош иісті уақ гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробты құр-тады, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады, жө-ке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді.

Жиі кездесетін улы өсімдіктер Біздің жеріміздегі  өсімдік-тердің қай-қайсы да шипалық  қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәр-мек ретінде  пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тә-жірибелік қажет. Негізінен, біздің даламызда жиі кездесетін улы  өсімдіктер мыналар:

1.Итсигек. 2.Көкнәр. 3.Сүтті-ген. 4. У қорғасын. 5.Шытыр. 6.Көкек. 7.Қызғалдақ. 8.Есекмия. 9.Қара пышақ, күшәла. 10.Үшкір азинеума. 11.Шашақ жемісті гелиотроп. 12.Батпақ  қалтагүл шөбі. 13. Түйе шырмауық, түйе-табан. 14.Жатаған темір тікен. 15.Мүйізді шөңгебас. 16.Дала қылшасы. 17. Дала қырық буыны. 18.Тегеурінгүл. 19.У балдыр-ған. 20.Сасық меңдуана, т.б

эхинацея

Емдік өсімдіктер арасында эхинацеяның алатын орыны ерекше. Халықтар арасында “қан тазалағыш” деген  қосымша аты  бар. Лифатикалық жүйені,қанды, бүйрек пен бауырды өте жақсы тазалайды. Эхинацея ауруды емес сол ауруды(кеселді) туғызатын себеп-салдарды емдейді, ағзаға ешқандай кері әсері жоқ.Халық  емінде тұнбалары, қайнатпалары, сөлі көп қолданылады. Оларды жасауға  гүлдері мен сабақ жапырақтары  балғын күйінде не болмаса кептірілгені қолданылады.Эхинацеяның тұнбасы  қолданылатын кеселдер:

- цистит, нефрит, гепатит

-инфекциялық және салқын тиіудің  салдарынан болатын: грипп, бронхит,    тонзиллит, пневмония, герпес  аурулары

- еркектің жыныс мүшелері: простатит,  аденома

- асқазан жарасы(язва), гастрит, іштің  қатуын, көк тамырлардың спазмаларын

- әйелдердің кеселдері (түрлі қабынуларды)

-антибиотикті  көп қолданғанда, химиотерапиядан  кейін және радиацианың залалдарына

- лейкопенияға – қан формулаларын  қалпына келтіру үшін

- жаңа пайда бола бастаған  қатерлі түйіншектердің(ісіктер)  алдын алу. Асқынуына жол бермейді.

Эхинацеяның тұнбасын даярлау әдісі

200 грамм балғын (немесе 50 грамм кептірілген)  эхинацеяны (жапырағы,гүлдері,сабақтары)  1 литр таза араққа салынып, 14-20 күндей қараңғы жерде сақталады.  Күнделікті шайқап тұру керек.  Дяр болған соң сүзіп алынаған  тұнбаны  20-30 тамшыдан күніне 3 реттен  а 20-30 минут тамақтың алдында  10 күн ішкен дұрыс. Үш күн  үзіліс жасағаннан кейін тағы  да екі рет қайталаңыз. Емделу  мерізімі 10 күннен. Бұл бір емдік  курс болып саналады.

Эхинацея  тұнбасы вирусқа қарсы, оны тудыратын  бактерияларды жойып отырады, полиартрит, простатит және гинекологиялық кеселдерді емдеуге өте пайдалы.

Эхинацеия тұнбасы қанның құрамын жақсартады, иммунитетті күшейтеді, жарақат  пен жаралардың жазылуын тездетеді, сыныққа, буын шыққанға да жақсы. Псориаз, экзема, күйік, ойылыу,тесілу және сыздауықтарға  ылғалды тампонмен  компресс жасаған  дұрыс.Тұнба немесе тұндырма мидың  қабілетін арттырады, зердені күшейтіп қатты күйзелістен шығуға да ықпалы бар. Жұмыс істеу қабілетіңізді  арттырады.

 Эхинацеияның тұнбасының жақсы әсері:

- гинекологиялық кеселдерге

- иммунитеттің төмендеуіне, бейжайлыққа,  мидың жұмысына,  алкогольге беймділікті  әлсіретеді және темекіні тастауға  көмегі бар

Информация о работе Дәрілік өсімдіктер