Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың мен бақылаудың ерекшеліктері және міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 17:52, реферат

Краткое описание

Стратегиялық жоспарлау деп - басқармамен ерекше маманданған жоспарлауға негіз болатын іс-әрекеттер мен шешімдердің жиынтығын айтады. Әдетте компаниялар жылдық, ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлар құрады.
Жылдық жоспар- қысқа мерзімге өңделіп, ағымдық ситуацияны, компания мақсаттарын, алдыңғы жылға қоылған стратегия мен бюджетті, бақылау формасын анықтайды.

Содержание

1. Стратегиялық жоспарлау процесі
3
2. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың мен бақылаудың ерекшеліктері және міндеттері

4
3. Маркетинг стратегиясын жасауда қолданылатын модельдер
6
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Маркетингтегі+стратегиялық+жоспарлаудың+мен+бақылаудың+ерекшеліктері+және+міндеттері.doc

— 75.00 Кб (Скачать файл)

Тауар құндылығы негізінде баға белгілеу өзіндік құнға негізделген баға белгілеумен салыстырғанда кері процесті құрайды. Өзіндік құнға негізделген баға белгілеу. Құндылықтар негізінде баға белгілеу.

4. Бәсекелестердің тәртіптеріне  негізделген баға белгілеу. Әдетте тұтынушылардың тауарға деген құндылық жайлы көзқарастары бәсекелестердіңкімен салыстырыла отырып қалыптасады. Бәсекеге негізделген баға белгілеудің екі әдісі бар: ағымдағы баға деңгейлері негізінде және жабық сауда негізінде.

Ағымдағы баға деңгейлері негізіндегі баға белгілеу әдісінде компания өз бағасын меншікті шығындар мен сұранымға байланысты емес, бәсекелестердің баға деңгейлеріне қарай қояды. Мұнда компания бағасы бәсекелестермен салыстырғанда жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Олигополиялы салалрда әдетте баға деңгейлері бірдей болып келсе, шағын фирмалар нарық лидеріне қарай бағытталады.

Жабық сауда негізінде баға белгілеу барысында компания қандай да бір контрактіге қол жеткізу үшін баға деңгейін бәсекелестермен салыстырғанда төменірек етіп қояды.

1. Баға белгілеу стратегиясының  жіктелуі. Баға белгілеу құрылымы  тауардың өмірлік кезеңіне байланысты. Компания бағаларға сұраным мен шығындар деңгейлеріне және нарықтағы әртүрлі ситуацияларға қарай өзгерістер енгізіп отырады.

Жаңа тауарларға баға белгілеу стратегиялары. Әдетте иммитатор-тауарға, аналогы жоқ және патентпен қорғалған мүлдем жаңа тауарға баға белгілеуді бөліп қарастыруға болады.

Жаңа иммитатор-тауар шығарып отырған фирманың басты проблемасы оны бәсекелестермен салыстырғанда дұрыс позициялау. Осы мақсатта фирма келесі төрт стратегиялардың бірін қолдана алады:

    • премиялы үстеме стратегиясында компания сапасы өте жоғары тауарына сәйкесінше жоғары баға белгілейді;
    • үнемдеу стратегиясында сапасы төменірек және бағасы да арзан етіп қойылады;
    • жоғары құндылықты стратегияны қолдануда компания премиялы үстемені қолданып отырған бәсекелес компанияға шабуыл жасайды;
    • қымбат баға белгілеу стратегиясында компания тауардың сапсына қарай бағасын да жоғарырақ етіп қояды және бұл әдетте тұтынушыларды жалған сапамен ғана қызықтырады да түбінде тұтынушылар бұл тауардан алшақтай бастайды.

Нарыққа патентпен қорғалған абсолютті жаңа тауар алып шыққан фирманың алдында екі стратегия бар: қаймағын алу стратегиясы мен нарыққа мықтап ену стратегиясы. Қаймағын алу стратегиясын қолдануда нарықтың барлық сегменттерінен максималды пайдаға жету үшін бастапқы баға жоғары етіп қойылады.   Нарыққа ену стратегиясын қодануда нарыққа алғаш шығарылып отырған жаңа тауарға сатып алушылардың едәуір бөлігін қамтып, үлкен нарықтық үлеске қол жеткізу үшін арзанырақ баға белгіленеді.  Комплектілі тауарларға баға белгілеу – бірнеше тауарларды бірге жинақтап, оларға арзан баға белгілеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Эванс Дж. Р., Берман Б. Маркетинг. - М.: Экономика, 1990. - 350 с.
  2. Котлер Ф., Вероника Вонг, Джон Сондерс, Гари Армстронг Основы маркетинга, 4-е европейское издание = Principles of Marketing: European Edition 4th. — М.: «Вильямс», 2007. — С. 1200.
  3. Котлер Ф. Основы маркетинга. Краткий курс = Essentials of Marketing. — М.: «Прогресс»/«Вильямс», 1991/2007. — С. 656.
  4. Котлер Ф. Маркетинг и менеджмент. — СПб.: ПИТЕР, 1999. — С. 896.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың мен бақылаудың ерекшеліктері және міндеттері