Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 09:34, доклад
Адамзат баласының тарихы түрлі соғыстар мен қақтығыстарға толы десек қате болмас. Көптеген мəселелер түрлі мемлекеттер арасында өзінің бейбіт шешімін таппай, арты қақтығыстарға ұласып жатады. Мəні мен ауқымына қарай олар азаматтық, мемлекет аралық немесе бір неше мемлекетті араластырған аймақтық сипатқа ие болған. Ал, соғыс түсінігі мен оның орын алу себептері əртүрлі деңгейдегі зерттеушілерді заманына қарамастан қызықтырған. Кез-келген соғыстың соңы бірнеше адам өлімі мен жайсыз жағдайларды тудыратыны хақ. Даулы себептерді сылтау еткен зардабы мол əскери қимылдардың соңы көп жағдайда бейбіт бітім шарт негізінде тоқтатылады.
I Бөлім:
Отыз жылдық соғыстың алғы шарттары.........................................................2
ІІ Бөлім:
Вестфаль шартының тарихи орны және әлемдік саясатқа ықпалы..............4
ІІІ Бөлім:
Қорытынды.........................................................................................................7
Пайдаланға әдебиеттер......................................................................................9
ЖОСПАР
I Бөлім:
Отыз жылдық соғыстың
алғы шарттары......................
ІІ Бөлім:
Вестфаль шартының тарихи орны және әлемдік саясатқа ықпалы..............4
ІІІ Бөлім:
Қорытынды.....................
Пайдаланға
әдебиеттер....................
Адамзат баласының тарихы түрлі соғыстар мен қақтығыстарға толы десек қате болмас. Көптеген мəселелер түрлі мемлекеттер арасында өзінің бейбіт шешімін таппай, арты қақтығыстарға ұласып жатады. Мəні мен ауқымына қарай олар азаматтық, мемлекет аралық немесе бір неше мемлекетті араластырған аймақтық сипатқа ие болған. Ал, соғыс түсінігі мен оның орын алу себептері əртүрлі деңгейдегі зерттеушілерді заманына қарамастан қызықтырған. Кез-келген соғыстың соңы бірнеше адам өлімі мен жайсыз жағдайларды тудыратыны хақ. Даулы себептерді сылтау еткен зардабы мол əскери қимылдардың соңы көп жағдайда бейбіт бітім шарт негізінде тоқтатылады. Себебі, соғыс барысындағы жауласшы жақтардың əлеуметтік-экономикалық жағдайларының нашарлауы мен əскери қимылдардың алаңына айналған жекелеген территорияны мекен еткен халықтардың ауыр тұрмысы соғыстың аяқталуын тездететіні белгілі. Соның нақты бір мысалы ретінде ХVІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі бүкіл Еуропаны қамтыған 30-жылдық соғыстың Вестфаль бітімі негізінде аяқталуын айтсақ болады.
Вестфаль бітім шартының жасалуы 30-жылдық соғысты қорытындылаған тарихи оқиға болып табылады. Бітім шарттың негізгі мəні – көшбасшылыққа ұмтылған Габсбург əулетіне қарсы тұрған Еуропалық мемлекеттердің жеңісі. Бірнеше уақыт бойы Еуропаның саяси-экономикалық кеңістігінде ерекше күшке ие болған Габсбург əулетінің жүргізіп отырған саясаты бірнеше мемлекеттердің мүддесіне қарсы келді. Еуропалық көшбасшылққа ұмтылған Габсбургтер əулеті ұлттық негіздегі мемлекеттілікті қаламады. Сондықтан да, ортағасырлық Қасиетті рим империясының басшысы ретінде олар өзіне бағынышты аймақтардың егемендігі мен өзіндік саясат ұстануына қарсы болды. Демек, солай мақтардағы ұлттылықты сипаттайтын кейбір фактілерді аяқ асты етті. Мысалы, өздеріне бағынған халықтардың протестант бөлігінің қызығушылығымен санаспай, олардың иелігіндегі жер телімін тартып алумен қатар, оларды күштеп католиктер қатарына қосуға талпынды. Халықтың қалауынсыз басшы тағайындап, олардың арасына бүлік салды. Əрине, мұндай əрекеттердің нəтижесі ХVІІ ғасырдың алғашқы жартысындағы Еуропа тарихындағы ірі саяси оқиға 30-жылдық соғыстың басталуына алып келді.
Габсбург əулетіне қарсы бағытталған 30-жылдық соғыс төрт кезеңнен тұрды. Алдымен,чех жерінде бастау алған қарсылық кейіннен дат жəне шведтердің бас көтеруіне ұласты. Бұл үш кезеңде де Габсбургтер əулеті қарсыластарынан басым түсті. Тек, француздар мен шведтердің біріккен күші ғана Еуропадағы 30-жылдық соғысты қорытындылап, Габсбург əулетін тізерлетті. Осы төртінші кезең немесе француз-швед біріккен əскери қимылы Вестфаль бітім шартымен аяқталған болатын. Əрине, əр тарихи кезеңнің өзіндік маңызы бар. Дегенмен, 30-жылдық соғыстың аяқталуын тездеткен француздар мен шведтер екендігі ақиқат. Көптеген ғалымдар Еуропаны екі саяси кеңістікке бөліп тастаған бұл соғыстың негізгі себебі діни алауыздық деп топшылайды. Алайда, католиктік Францияның Габсбургтерге қарсы соғыс ашуы осы пікірді жоққа шығарды. Себебі, Габсбургтер де католиктік бағытта болатын. Саяси мүддені жоғары қойған Франция 30-жылдық соғысқа тікелей араласпай, көбінесе жанама əсер етуге тырысып отырды. Ал, Еуропадағы алдыңғы қатарлы швед əскерінің жеңіліп, Габсбургтердің мерейінің үстем болуы сөз жоқ Франция үкіметіне ұнамады. Сондықтан да, үлкен саясатқа тікелей араласып, шведтермен бірікті.
Француз-шведтер біріккен əскері Габсбургтерге қарсы 30-жылдық соғыстың төртіншікезеңін бастады. 30-жылдық соғыстың француз-швед кезеңі ұзаққа созылды. Густав ІІ Адольф қайтыс болғаннан кейін швед əскері Габсбургтерге қарсы сенімді əрекет ете алмады. Бұл алдымен швед басқарушысының əскери қабілеттілігінің жоғары болғандығының бір дəлелі. Байқасақ, империя саясатына қарсыласушы протестанттар осы Густав ІІ Адольфтың басшылығымен алғаш жеңіске жеткен. Ол оқиға 1631 жылғы Брейтенфельд шайқасы еді. Алайда, Густав ІІ Адольф өлгеннен кейін ұзақ уақыт өтпей-ақ шведтер императорға қарсы ұйымастырылған соғыстан шығады. Еуропа территориясында мықты саналған швед əскерінің жеңілуі, француздар үшін қиын болды. Габсбургтердің Еуропадағы билігінің тым күшейіп кетуін қаламайтын француздар ендігі кезекте соғысқа шведтермен бірігіп, тікелей қатысуды жөн санады. Осылайша, француз-швед одағы пайда болды. Біріккен француз-швед əскерлері Германия территориясында империяның көшбасшылыққа ұмтылу саясатына барынша тосқауыл қойды. Алғашқы уақыттағыдай емес, осы кезеңде империяның басқыншылық саясаты əлсіреп, күші сарқыла бастады. Күшті саналған испан əскері де императорға көмектесуге қау-қарсыз болып шықты. Əрине, мұның барлығы да төрт кезеңге созылған соғыстың əсерінен еді. Соғыстың ұзаққа созылуы өз кезегінде адам ресурсы мен шикізаттың сарқылуына алып келетіндігі белгілі. Сондықтан соғыстың аяқталуы сол кезеңнің негізгі мəселесіне айналғандай болды. Мысалы, 1638 жылдың өзінде-ақ соғысты тоқтату туралы Рим папасы мен дат патшасы ой тастаған. Ал, 1640 жылдың күзінде бейбіт келісімге келу идеясын Регенсбургке жиналған рейхстаг қолдаған. Тек, қана 1644 жылы Вестфалияның Мюнстер қаласында бейбіт конгресс ашылып, империя мен Франция арасындағы қарым-қатынастардың бүгіні мен болашағын талқылаған. Ал, 1645 жылы Вестфальдық Оснабрюк қаласында швед-герман қатынастары айқындалды. Қарым-қатынастардың ендігі даму бағыттарын анықтауы тиіс болған тұлғалар сол заманның алдыңғы қатарлы саясаткерлері болып табылды. Бейбіт келісімдер соғыс жағдайында өтті. Сөйтіп, тарихта Вестфаль бітім шарты деген атпен қалған бұл келісім 1648 жылдың 24 қазанында Мюнстер жəне Оснабрюк қаласында бір мезетте жасалды.
Келіссөздер барысында Еуропаның алдыңғы қатарлы саясаткерлері саналған бірнеше тұлғалар қатысқан. Атап айтқанда, Қасиетті римимпериясының елшісі граф Траутсмандорф, граф Л. Нассау жəне доктор Фольмар болды. Францияның мүддесін Лонгвиль, г д'Аво жəне А. Сервьен қорғаса, Швеция тарапынан Ю. Оксеншерна мен А. Сальвиус қатынасты. Империяның өкілдері негізінен Мюнстер қаласындағы келіссөздерге жұмылдырылды. Ал, қажет жағдайда Оснабрюк қаласына барып тұрды.
Қазіргі таңда Ресей жəне өзге елдердің зерттеушілерінің пайымдауынша осы Мюнстер мен Оснабрюк қалаларында жасалған бітім шарт бірнеше мəселелерге негізделген. Осы турасындағы пікірлерді саралай келе, қос қалада жасалған бұл бітім негізгі үш мəселе төңірегінде жасалған деп айтуға болады. Атап айтар болсақ, мемлекет дербестігі мен территорияға иелік ету құқығы жəне де халықаралық қатынастардың өзіндік ерекшелігіне негізделді. Сонымен қатар, соғыс алаңына айналған Германияның саяси құрылымын өзгеріске ұшырата отырып, Еуропадағы діндер арасындағы теңдіктің сақталуын да қамтамасыз етті. 30-жылдық соғыстың пайда болуына əсер еткен дін мəселесі де құжатқа сай өз шешімін тапқандай көрінді. Кальвинистер католиктер жəне лютерандармен теңесті. Кальвинистердің соғыс барысында айрылып қалған жерлері қайтарылып, дін еркінділігі байқалды. Сонымен қатар, осы қос қалада жасалған бітімге сай кальвинисттердің сенімі империя аумағында заңды діндер қатарына жатқызылды. Алайда, бірнеше діни ұйымдардың қызметіне тыйым салынды. Вестфаль бітім шарты дін- нің саясатқы деген əсерін азайтуға тырысты.
Вестфаль бітім шарты Германия
территориясындағы саяси
XVII ғасырдың ортасындағы Германия мемлекеттік құрылымы жағынан түсініксіз көрінді. Вестфаль бітімінен кейін дербес даму жолына түскен жекелеген неміс княздері Қасиетті рим империясынан өздерін алшақ ұстады. Неміс княздерін Қасиетті рим империясына біріктірген Габсбургтер əулеті ендігі кезекте тарихи беделінен айырылды. Австрия, Бавария, Бранденбург-Пруссия, Саксония мен Вюртемберг орталықтанған билік органы бар мемлекеттілікті қалыптастыра бастады. Жеке кəсіби əскері бар олар халықаралық қатынастарда да жеке дара мемлекет ретінде таныла бастады. Тіпті, император жəне неміс княздері арасындағы келіссөздер барысы ресми түрге ауысып, шет елдік мемлекеттердің өзара қарым-қатынасына көбірек ұқсады. Ағылшын зерттеушісі Стивен Озменттің пайымдауынша осындай даму жағдайы «кіші мемлекеттілік» деп аталады. Қарап тұрсақ, жоғарыда атап өткен Вестфаль бітіміне сай княздердің дербестігі барынша байқалып, іс-жүзінде шынайы айқындалған. Құқықтанушы Самуэль Пуфендорф қалыптасқан жағдайға байланысты: «XVII ғасырдың орта шеніндегі Қасиетті рим империясының саяси құрылымы түсініксіз. Император бастаған оның бір бөлігі монархиялық түрде болса, ендігі бір бөлігі конфедеративті болып, оның сипаты княздер мен мемлекеттіліктен көрінді. Қалай болғанда да жергілікті бөліністің күшеюі 1648 жылғы Вестфаль бітімінен кейін орын алған болатын» деген. Вестфаль бітім шарты арқылы император билігін əлсіретуді көздеген еуропалық мемлекеттер дегеніне жетті. Императордың кеңесшісі неміс халқының көршілес мемлекеттер арасында ұлт ретінде беделінің төмендеуі, өзара бөлінуі жəне əлсіз еткен Вестфаль бітіміне қол қойғандары үшін қатты өкінген. Неміс княздері тек қана империя мен императорға қарсы өзара одақтар құруға тыйым салынды. 30-жылдық соғыс барысында протестанттар жағында болған Бранденбург, Мекленбург, Брауншвейг-Люнебург княздіктері де үлесті болды. 30-жылдық соғыстың француз-швед кезеңінде негізгі тірек болып, сенімге ие болған Гессен-Кассель графтық аймағы біраз территорияларға ие болды. Алайда, ең көп территориялық иеліктерге қол жеткізген княздердің қатарында Бранденбург курфюрстін атауға болады. Шығыс Помераниядағы Каммин, Магдебург жəне Минден атты иеліктерді өзіне қаратты. Осының барлығы да Германияның саяси бытыраңқылығын күшейтіп, бекіте түсті.
Габсбургтердің саясатына
Мюнстер қаласындағы келісім
30-жылдық соғыстан кейін
1648 жылдан кейін Германия
Дегенмен, 1649 жылдың жаз айларында Нюрнберг қаласында келіссөздер жүргізіліп, Швецияға берілетін бес миллион талердің мерзімі мен швед əскерінің Германия территориясын тастап кетуі мəселесі қозғалды. Нəтижесінде, сол жылдың қыркүйек айында швед əскері Праганы тастап, жыл соңында түгелдей Чехиядан шықты. Осылайша, 1618-1648 жылдар аралғын қамтыған соғыс түпкілікті тоқтатылды.
Мюнстер жəне Оснабрюк қалаларында болған Вестфаль бейбіт келісімі тəуелсіз ұлттық мемлекеттілікке негізделген Батыс Еуропа халықаралық қатынастарының жаңа жүйесін қалыптастырды. Қазіргі таңда бұл жүйеге үлкен мəн берілуі тиіс. Себебі, көптеген зерттеушілердің пікірінше дəл осы бітім нəтижесінде халықаралық құқық түсінігі пайда болып, халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесі қалыптасқан. Сонымен қатар, бірнеше зерттеушілердің пікірінше келіссөздердің нəтижесінде халықаралық қатынастардың бірнеше бағыты айқындалған.