БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 07:20, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Біріккен Ұлттар Ұйымы - халықаралық қауіпсіздікті және тыныштықты, мемлекеттер арасындағы бірлікті сақтауға бағытталған ұйым. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды және қазіргі таңда 150-ден астам мемлекеттің үстінен қадағалайды. Бұл ұйым 1945 жылы әлемнің тыныштықты сақтауды көздейтін мемлекеттер тарапының инициативасымен құрылды.
Осы іспеттес ұйым 1815 жылы Рейн бойындағы су жолын қадағалайтын Орталықтанған комиссия ұйымдастырылды. БҰҰ-ның мақсаттарымен сәйкес мақсаттас ұйымдар Еуропада пайда бола бастаған. Кейініректе бұл ұйымдардың саны және мақсаттарына сәйкес ерекшеліктері көбейе бастады. Мәселен, Халықаралық телеграф одағы мен Әлемдік почталық одағын айтуымызға болады.

Содержание

Кіріспе
Тарау І.БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері
1.1.Халықаралық ұйымдар-әлемдік саясаттың ажырамас бөлігі, халықаралық ұйымның қалыптасу тарихы
1.2. БҰҰ-ның құрылымы
1.3. БҰҰ-функциясы мен мекемелері

Тарау ІІ. БҰҰ-ның басқа саяси ұйымдармен байланысы.
2.1. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) және НАТО байланысы
2.2. Еуропалық Одақ,Шанхай бестігі,Шанхай Ынтымақ-тастық Ұйымы және Дүниежүзілік банк тобы ұйымдары-мен байланысы.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Біріккен-Ұлттар-Ұйымының-қазіргі-таңдағы-халықаралық-қатынастардағы-ролі.doc

— 290.50 Кб (Скачать файл)

2005 жылы қыркүйекте  Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік сессиясы болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық мемлекет пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның сол кездегі Бас хатшысы Кофи Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып (АҚШ үкіметінің сыртқы саясатты өзімшілдігін), ұйымға қайта реформа жасау жөніндегі бастамасын талқылады» делінген.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы  кіріспеден, 3 тарау және тараушалардан, қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер бөлімдерінен құралған.

Диплом жұмысының  қамтылу кезеңі:ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан қазірге дейінгі аралықты қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарау І.БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері

1.1.Халықаралық  ұйымдар-әлемдік саясаттың ажырамас  бөлігі, халықаралық ұйымның қалыптасу  тарихы

Халықаралық ұйымдар  әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі. Қазіргі таңда жиырма мыңға жуық ұйым өз қызметін атқарып келеді. Халықаралық ұйымдар санының осыншама күрт өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Оған дейін елуге жуық қана тұрақты түрде қызмет атқаратын ұйымдар болған. Халықаралық ұйымдардың беделі сан жағынан күрт өсуіне мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, сауда-саттық және мәдени қатынастарының кеңеюі орасан зор әсер етті. Ең алғашқы құрылған халықаралық ұйым қатарына «Жер өлшеуші халықаралық ұйымын» (1864 ж), «Дүниежүзілік почта одағы» (1874 ж), «Әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау халықаралық одағы» (1886 ж) мен «Құлдыққа қарсы халықаралық одақты» (1890 ж) жатқызуға болады [1. 456-470].

Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері бар. Бұл белгілерді төмендегідей атап өтуге болады:

-әр халықаралық ұйым  көпжақты келісім шарт негізінде  құрылады. Бұл көпжақты келісім  шарт ұйымдарының халықаралық  құқық нормаларына сай заңды  түрде іс атқарғандығын дәлелдейді;

-халықаралық ұйымдар белгілі бір мақсатта құрылуы тиіс. Бұл мақсат саяси, экономикалық, әскери, ғылыми немесе мәдени т.б. болуы мүмкін;

-халықаралық ұйымдардың  өз құрамында тұрақты органдары  болуы қажет. Бұл органдар ұйымның  мақсатына сай құрылып, іс атқарады;

-ұйымдар халықаралық құқық нормаларына қайшы ешқандай бағыт немесе мақсат ұстанбауы тиіс. Себебі халықаралық ұйымдар, халықаралық құқық нормаларына қайшы бағыт ұстанатын жағдайда, мемлекеттер арасындағы жанжалдарға жол ашуы әбден мүмкін. Бұл жағдай дүниежүзіндегі саяси тұрақсыздыққа әкеліп соқтырады. Халықаралық деңгейде саяси ьұрақсыздыққа жол ашпау үшін, мемлекеттер өзара келіспеушілік мәселелерін дипломатиялық тәсілдер арқылы (бейбіт жолмен) шешуді жөн көреді.

Жоғарыда аталмыш белгілерді негізге ала отырып халықаралық ұйымдарға мына түсініктемені беруге болады: Халықаралық ұйым дегеніміз, халықаралық құқық субъектісі бар және тұрақты органдардан тұратын, халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін мақсаттарды орындау үшін көпжақты келісім негізінде құрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігі.

Қазіргі халықаралық  қатынастар жүйесі шеңберінде құрылған ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік  емес болып екі категорияға жіктеледі.

Үкіметаралық ұйым дегеніміз, бірнеше мемлекеттің бірараға келіп  ортақ саяси, экономикалық, әскери, мәдени, т.б. мүддені көздейтін ынтымақтастық негізінде құрылған халықаралық бірлестіктер болып табылады. Яғни үкіметаралық ұйымдардағы келісім шарттар мемлекеттік деңгейде қабылданады.

Үкіметтік емес ұйымдар  болса, мемлекеттік билікке ұмтылмай, кәсіби ерекшелікпен шектелмейтін ашық коммерциялық емес ұйым болып есептелінеді. Сондықтан үкіметтік емес ұйымдарға кәсіподақтар мен саяси партиялар жатпайды. Бұған қоса үкіметтік емес ұйымдар алдарына нақты, қоғамдық маңызы бар мақсаттар мен міндеттер қояды және өз қызметтеріне соларға сүйенеді. Қысқасы үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік деңгейде құрылмағанымен, олардың қызметтеріне мемлекет ешқандай кедергі жасайды. Мысал ретінде айта кететін болсақ, біріншісіне «Шанхай ынтымақтастық ұйымын», ал екіншісіне «ЮНИСЕФ-ті» жатқызуға болады.

Айта кететін жайт, үкіметаралық ұйымдар өздерінің  алға қойған мақсаттары мен міндеттерін  орындау бағытында ғаламдық және аймақтық болып екі категорияға  да жіктеледі.

Ғаламдық үкіметаралық ұйым дегеніміз, дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін халықаралық бірлестік болып табылады. Бұндай ұйымдар өз алдына ғаламдық мақсаттар қояды. Қазіргі таңда осындай ұйымдардың ішінде ең беделдісі-Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). БҰҰ-да қабылданған шешімдер ғаламдық деңгейде барлық мемлекеттерді қамтиды.

1.2. БҰҰ-ның құрылымы

БҰҰ-ның қызметтері мен  мазмұнына ұқсас ұйымдардың бірі Ұлттар Лигасы еді. Ол Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі, Версаль келісімі негізінде, 1919 жылы қалыптасты. Бұл  ұйымның алдына қойған мақсаты - «халықтар арасындағы одақтастықты  қауіпсіздік пен достықты сақтау» болды [2. 198-202].

 Екінші дүниежүзілік  соғыс аяқталғаннан кейін әлемдік  қауымдастықтың алдында террорға  қарсы жаңа әдістерді ойлап  табу мәселесі қойыла бастады.  Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі өмір сүрген Ұлттар Лигасы әрекетсізідігін көрсетіп, халықаралық тыныштық пен қауіпсіздікті қорғауға көмектесетін жаңа ұйымның қажеттігі мәлім болды. Осы тарихи жағдайларда Біріккен Ұлттар Ұйымы қалыптаса бастады. 

Ұлттар Ұйымы деген  сөз алғашында Біріккен Ұлттар Ұйымының Декларациясын жариялау барысында айтылды, оның авторы Д. Рузвельт еді. Бұл құжатқа 26 мемлекет біріктірілді. Кейініректе бұл атау «ұйым» атауына айналды. 

БҰҰ-ның жарлығы жарлығы  Думбартон-Окс конференциясында 1944 жылы талданды, 1945 жылы 26 маусымда Сан-Франциско конференциясында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай мемлекеттері-нің өкілдерінің қатысуымен қабылданды. Жарлық өз күшіне 1945 жылдың 24 қазанында күшіне енді. 1946 жылдан 2006 жылдар аралығында БҰҰ-на 141 мемлекет мүшелікке енді. Қазіргі таңда 192 мемлекет мүше елдер бар.

Қазіргі таңдағы саясаттанушылар  мен саяси эксперттері БҰҰ-ның  жұмысына «мардымсыз» деген баға беруде. Бұл мәселенің туындауына Югославиядағы және Ауғанстандағы  саяси жағдай себеп болды. Шынында  да, бұл соғыстарға БҰҰ ешқандай ықпал жасай алмады, соғысты тоқтатуға да шамасы келмеді. Осы саяси оқиғадан  кейін ұйымды қайта реформалау және жұмысқа қабілеттілігін қайта қалпына келтіру әрекеттері жасалынуда [3; 719-725].

Бірақ қазіргі кезде  ұйымның ғаламдану кезіндегі ғаламдық мәселелерді шешуде, ХХІ ғасырдағы соғыс пен қауіпті болдырмауда әсер ете алу немесе ала алмауы бізге беймәлім.

Соңғы жылдарда БҰҰ-ның  бірқатар мүшелерін Қауіпсіздік  Кеңесі құрайтын 25 мүшеге дейін кеңейту  арқылы ұлттар қауымдастығын реформалау туралы мәселе алаңдатуда. «Төрттік блок» - Германия, Үндістан, Бразилия мен Жапония Қауіпсіздік Кеңесіне және екі африкалық мемлекет (бірақ «Вето» құқынсыз) кіруі тиіс деп есептейді. Ал АҚШ пен бірқатар елдер Қауіпсіздік Кеңесінің қатарынан күрт ұлғаюынан қауіптеніп, БҰҰ-ның басты ұйымы пікірталас клубына айналып, қазіргіге қарағанда әсерлілігі аз болады деп ұйғарым жасайды.

2005 жылы қыркүйекте  Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік сессиясы болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық мемлекет пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның сол кездегі Бас хатшысы Кофи Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып (АҚШ үкіметінің сыртқы саясаттағы өзімшілдігін), ұйымға қайта реформа жасау жөніндегі бастамасын талқылады.

БҰҰ-да бақылаушы елдер  мен ұйымдар: Ватикан, Палестина, Африка бірлігі ұйымы, Еуропалық одақ, Ислам  конференциясы ұйымы мен Халықаралық  Қызыл Крест комитеті.

БҰҰ-ның есігі бейбіт сүйгіш барлық мемлекеттер үшін ашық. Елдерді Ұйымға мүшелікке «Қауіпсіздік кеңесінің» ұсынуы бойынша «Бас Ассамблея» қабылдайды.

БҰҰ-ның ғаламдық деңгейде ұстанған басты мақсаттары:

-дүниежүзілік тұрақтылықты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті  қамтамасыз ету;

-мемлекеттер арасындағы  жанжалдарды дипломатиялық тәсілдер арқылы шешуге жәрдемдесу;

-мемлекеттер арасында  экономикалық, сауда-саттық, мәдени  ынтымақтастықты дамыту болып  табылады.

Швейцария БҰҰ-на 10 қыркүйек 2002 жылы толыққанды мүше ретінде қабылданып, оған дейін БҰҰ-да бақылаушы мәртебесіне  ие еді. Швейцария үкіметінің барлық саяси мәселелерде «раласпау» саясатын қолданатыны баршамызға мәлім.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бюджетін қалыптастыратын  ең ірі 10 мемлекет (2005 жылғы мәлімет  бойынша)

 

Елдер

Пайыздық

мөлшері

млн.долл.

АҚШ

АҚШ

22

362.7

Жапония

19.47

279.6

Германия

8.66

124.4

Ұлыбритания

6.13

88.0

Франция

6.03

86.6

Италия

4.89

70.2

Канада

2.81

40.4

Испания

2.52

36.2

ҚХР

2.05

29.5

Мексика

1.88

27.0


Аймақтық үкіметаралық ұйым болса, белгілі бір географиялық аймақ шеңберінде орналасқан немесе белгілі бір критерийлерге сай келетін мемлекеттерді ғана біріктіретін халықаралық бірлестік. Бұл категорияға мысал ретінде «Африка бірлігі ұйымын» (АБҰ) т.б. жатқызуға болады. АБҰ-на тек қана Африка аймағында орналасқан елдер мүше бола алады. Африка құрылығынан тысқары орналасқан елдер болса бақылаушы мәртебесінде  ұйым жиындарына қатысады.

ХХІ ғасырда бұдан  да басқа талаптарды туғызатын әр елдің заңды мүддесімен есептесіп, өзара пайдалы ынтымақтастыққа  қол жеткізу ешқандай озбырлықсыз  қатынастарды қалыптастыру-адамзаттың алдындағы басты мақсат. Оны қамтамасыз етуде Біріккен Ұлттар Ұйымының алатын орны ерекше. 50 жылдан астам уақытта ол шамасы келгенше халықаралық бейбітшілікті сақтауға, езілген халықтардың бостандыққа жетуіне көмектескені белгілі. Жедел және тоқтаусыз өзгеріп отырған әлем халықтарының тілек-талабына сай БҰҰ-ның да жаңартылуы қажет. Көптеген елдер мен оның қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтуді, әсіресе тең құқылы мемлекеттер санын көбейту арқылы, оның Германия, Жапонияны, Үндістанды, Бразилияны, Нигерияны енгізу туралы ұсыныстар жасауда. Дегенімен БҰҰ-мен санаспай, түйінді мәселелерді шағын топпен қара күшке сүйене отырып шешпек болған қимылдар да орын алуда [4; 298-301].

 

 

 

 

 

 

 

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының гербі

БҰҰ –ның қызметі. Бүгінгі  таңда дүние жүзінің 190-нан астам  мемлекеттері БҰҰ-ның мүшесі болып  табылады.

Соңғы жылдарда БҰҰ-ның  бірқатар мүшелерін Қауіпсіздік  Кеңесі құратын 25 мүшеге дейін кеңейту  арқылы ұлттар қауымдастығын реформала туралы мәселе алаңдатады. «Төрттік блок»-Германия, Үндістан, Бразилия мен Жапония Қауіпсіздік Кеңесіне және екі африкалық мемлекет (бірақ «Вето» құқынсыз) кіруі тиіс деп есептейді. Ал АҚШ пен бірқатар елдер Қауіпсіздік Кеңесінің қатарынан күрт ұлғаюынан қауіптеніп, БҰҰ-ның басты ұйымы пікірталас клубына айналып, қазіргіге қарағанда әсерлілігі аз болады деп ұйғарым жасайды. 2005 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік сессиясы болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық мемлекет пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып, ұйымға қайта реформа жасау жөніндегі бастамасын талқылады.

Алайда,  1991 жылы биполярлық (екі полюсті) жүйенің күйреуінен кейін «Еуропа қаіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы» (ЕҚЫҰ) мен «Солтүстік Атлант келісім шарты ұйымы (НАТО) сияқты бірлестіктер аймақтықтан ғаламдыққа айналды. 1991 жылына дейін екі ұйым да коммунистік идеологияға (КСРО) және «Варшава пактіне» қарсы  бағытталған еді. Варшава пакті мен КСРО-ның ыдырауына байланысты ЕҚЫҰ және НАТО дүниежүзіндегі мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз ету бағытында ғаламдық үкіметаралық бірлестік ретінде қайта құрылды. Қазіргі таңда бұл ұйымдардың ғаламдық бағыт ұстануында дүниежүзіндегі мемлекеттердің бір-біріне саяси, экономикалық тәуелділігі маңызды рөл атқарғандығын ескерген жөн.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік  алғаннан кейін халықаралық қатынастар жүйесіндегі дербес әрі тәуелсіз мемлекет ретінде көптеген ғаламдық және аймақтық ұйымдарға мүше болды. Осындай ұйымдарға мүше болу арқылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қзаақстанның тәуелсіз мемлекет екендігін саяси-дипломатиялық тұрғыдан танытып, ел экономикасын әлемдік экономикамен интеграциялауды көздеді. Қазақстанның тікелей ашық теңізге шығар жолының болмауы, мұнай және басқа да қазба байлықтар мен өнеркәсіп өнімдерін шет елге тасымалдау кері әсерін тигізіп отыр. Осыған қарамастан Қазақстан ТМД елдері ішінде экономикалық дамуы тұрғысынан ең алдыңғы қатарды.

Бұл мақсат еліміздің  аймақтық және ғаламдық экономикалық жүйенің дамуын көздейтін ұйымдарға  мүше болу арқылы жүзеге асты. Қысқасы, Қазақстанның мүше болған аймақтық және ғаламдық деңгейдегі ұйымдар, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде экономикалық тұрғыдан дамуына өз үлесін қосуда.

Информация о работе БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері