Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 13:53, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде одақтастар армиясы фашистік Германияны оккупациялады. Германия территориясын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО мемлекеттері оккупациялап, төрт зонаға бөлді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция оккупациялаған зона батыстық зона деп аталынды. КСРО оккупациялаған зона шығыстық зона деп аталынды. 1949 жылы батыстық зонада Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған жауап ретінде шығыстық зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Бір неміс ұлты бір-біріне қарама-қарсы қоғамдық өмір кешті. Германия Федеративтік Республикасы АҚШ бастаған капитализмнің алдыңғы қатарлы державалары Кеңес өкіметі және социалистік елдерге қарсы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «қырғи-қабақ соғыс» жүргізгенде Германия Федеративтік Республикасы осы саясатты жүргізудің негізгі объектісіне айналды. 1989-1990 жылдарда КСРО мемлекетінің өз ішінде және социалистік лагерь елдерінде басталған демократиялық реформалар Германия Республикаларының дамуына да ықпал етпей қалмады.

Содержание

КІРІСПЕ .3-5
БІРІНШІ ТАРАУ. ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ
І.І.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия 6-19
Біріккен Германия мемлекетінің құрылуы .20-22
Экономикалық өрлеу және оның себептері............................................23-25
ЕКІНШІ ТАРАУ. Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы
2.1. Қазіргі таңдағы Германия жағдайы.........................................................26-35
2.2. Германия және Қазақстан Республикаларының қарым-қатынастарының дамуы.................................................................................................................36-48
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................49-50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................51-52

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Германия-мен-Қазақстанның-қарым-қатынасының-дамуы.doc

— 375.00 Кб (Скачать файл)

Одақ 1-ші шілде де күшіне енеді. Бұл келісім  күшіне енген күні банктер, жинақ  кассалары алдында ақша айырбастауға үмтылған адамдар санында есеп болмады. Оталық неміс банкіның ақша айырбастайтын 15 мың филиалы ашылды. Берлинде ақша айырбастайтын филиал түн жарымында жүмыс істеді. Соған қарамастан оның ашылуын мыңдаған адамдар ашылғанға дейін күтті. Күткен адамдардың күңіл-күйі жоғары. Бұл естен кетпейтін оқиғаны автотранспорт жүргізушілері және көшеце болған адамдар вино және шампанский ашып тойлады [31].

27-ші  мамыр 1990 жылы ГДР сыртқы істер  министрі Маркус Мекель және қорғаныс министрі Райнер Эппельман жақын арада жалпы сайлау жүргізуге қарсы шықты. Олардың пікірінше жалпы сайлау өтетін мезгіл 1992 жылдың соңы болуға тиіс.

1990 жылы парламентке сайлау өткізілуі  тиіс. Атап айтқанда ФРГ парламентіне Герман бундестагының өкілеттілігінің мерзімі /11 легисхатура/ осы кезде бітетін. Ол парламент 1987 жылы қаңтарда сайланған болатын. Алайда тез және шебер құрылған валюталық, экономикалық және әлеуметтік одақ, ГДР территориясында қабылданған ФРГ заңдары тез арада бірігудің анықтайтын зор факторына айналды. ГДР-дің ФРГ құрамына ФРГ-нің негізгі заңының 23-ші бабы негізі бойынша кіруі 2-ші желтоқсанға алғашқы жалпыгермандық сайлауды тағайындатты. Ол бірігу процессінің жалпы қорытындысын шығарды. Сайлаудың ерекшеліктерінің бірі 5%-тік барьерді жеңе алған кез келген партия ФРГ территориясына және бүрынғы ГДР территориясына бөлек-бөлек жалпыгермандық бундестагқа кез келген жақтан өте алды. Сайлаудың нәтижесі біздің көзқарасымызша адам қызығарлық. Сайлаудың нәтижесі: Батыс сайлау бөлімі бойынша:

 

хдс/хсс

-44.3%

Жасылдар

-4.8%

СДПГ

-35.7%

пдс

-0.3%

СвДП

-10.6%

Қалғандары

-4.3%.


Сайлауға  сайлаушылардың 78,5%-і қатысты.

Шығыс сайлау бөлімі бойынша:

 

хдс

-41.8%

сдпг

-24.3%

СвДП

-12.9%

Жасылдар-90

-6.0%

пдс

-11.1%

Қалғандары

-3.9%

   
   

Сайлауға  сайлаушылардың-74.5%-ті қатысқан.

Жалпы қорытынды

ХДС/ХСС

-43.8%

СДПГ

-33.5%

СвДП

-11.0%

Жасылдар

-3.9%

 

пдс

-2.4%

Жасылдар

-1.2%

Қалғандары

-4.2%

Сайлауға  сайлаушылардың - 77.8% қатысқан./32/

Бұл екі Германия біріккеннен кейінгі алғашқы  сайлаудың қорытындысы болатын.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.ГЕРМАНИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ

Сыртқы  сауда-әртүрлі елдермен жасаланатын сауда. Ол товарларды экспорттаудан және импорттаудан, қызметтерден тұрады. Республикасының экономикасындағы жағымды өзгерістер, экспорттық түсімдердің өсуі сыртқы рынокта біздің кәсіпорындардың белсенділігінің артуына тиімді әсер етеді. Егер 1992 жылы 31 мемлекетпен байланыс жасаса, қазіргі кезде сыртқы сауда географиясы 90 нан астам мемлекеті қамтиды [33].

Біраз жылдар бойы Ұлыбритания, Нидерландия, Германия, Қазақстан, Қытай, Украина, Италия, АҚШ, Финляндия мен сауда қатынастары үнемі өсіп келеді. Аталған мемлекеттер республиканы жалпы товар айналымының 70%-ке жуығын құрайды. Оның үстіне сауданың көлемі өсе түсуде. Қазақстан Республикасын ірі сауда әріптесі болып Ұлыбритания есептелінеді. Ал екінші орында-Германия және Нидерланды. Сыртқы рынокқа товарлардың 700-ден астам тұрі экспортқа шығады. Жыл сайы і елде өңдірілген өнімнің 40%-ті республикадан тыс жерлерге шығарылады. Соның ішінде отын өнеркәсібінің өнімі 70%, қара металлургия 20-25%, химия және мұнайхимия-50%, машина жасау-20%. Республика отын-энергитикалық және мұнайхимия коплекстерінің өнімдерін экспорттаудан Ресей аймағында алғашқы ондыққа кіреді. Экспорттаудан түсетін валюталық түсімдердің тұрақты болуы республикада қажетті товарларды импорттауды қамтамасыз етеді. Башкортстанға өнім шығаратын негізгі импорт шығарушылар көп жылдар бойы Қазақстан, Германия, Украина, Италия, Франция болып табылады.

Елге  импортқа әкеленетін товарлардың ішінде басым орынды машина жасау өнімі алады. Отандық тұтынушылар шетелде ауылшаруашылық техникасын, цифрлық және автоматтық телефон станцияларын, әртұрлі өндірістік құрал-жабдықтар, компьютерлер, азық-түлік өнімдерін, қолданылатын заттарды сатып алды.

Күз мезгілінде «неміс экономикасының күндері» атты шараны өткізу өзіңдік дәстүрге айналды. Германияның Қазақстандағы елшілігінің қамқорлығымен мұндай шараларды жүргізу жылдан-жылға қуана жалғасып келеді. «Рахат-Палас» қонақ үйінің конференс холлы залына адам лық толады. 2004 жылы 23-24 қыркүйекте төртінші көрме-конференция өткізілді. Конференцияның негізгі тақырыбы «Қазақстан, Германия және Европалық одақтың экономика саласында екі жақты және көп жақты қатынастарын дамыту және Орталық Азия республикалары және Европалық одақ интеграциясы». Биылғы жылы қатысқандардың ішінде Қазақстанда жұмыс істейтін неміс компанияларының өкілдері ғина емес, студенттер, дипломаттар, Қырғызстандағы неміс дипломаты болғаны байқалды. Қырғызстандағы неміс дипломаты осындай шараларды Қырғызстанда жүргізу үшін әдейі келдім деген пікір айтты. Аған жауап ретінде «біздің» немістер «шамасы залдағы шпион жалғыз сіз емес боларсыз» деп әзіл айтты.

Бір ескеретін жай Германияда парламенттік сайлау өткізілгеннен кейін конференция бірінші күні басталды. Осы жылы парламенттік сайлау шиеленіскен жағдайда өткен болатын. Конференция қарсанында Алматыда өткен түн ыстық болды. Оған қатысқандардың көпшілігі неміс елшілігінің резиденциясында өткізді. Ол жерде сайлаутылардың екі тобының бір-біріне қарсы екендігі қатты білінді. Аға үрпақ Ш| елдер үшін жаны ауырды, жастары Штойбер партиясына жаны ашыды.

Германиядағы  елші Кертинг құттықтау сөзінде қанағаттанған сезіммен былай деп атап көрсетті «Шредер екінші мерзімге өтті, Германия үкіметінің сыртқы саясат бағыты ешқандай өзгеріссіз қалады және Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық қатынастар бүрынғысынша позитивті болып есептелінеді» [34]. Конференцияға Қазақстан жағынан Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченконың қатысуы ерекше леп берді. Сонымен қатар неміс елі жағынан «Аллианц» тобының бас экономисті-Клаус фридрих қатысып сөз сөйледі. «Аллианц» тобы Дрезднер банкының акциаларын иемдінеді. Клаус Фридрихтің халықарш ық финанс ісі саласында үлкен тәжірибесі бар. Ол үзақ жылдар бойы Халықаралық институттың Оңтүстік және Шығыс Европа бөлімін басқарды. К.Фридрих мырзаның осы конференцияға қатысуы оған ерекше мән берді. Доктор Фридрих Орталық Азияда бірінші рет болды. Алайда оған қазақ далаларымен таулары үлкен әсер қалдырды және ол Қазақстаның туристік бизнес саласында жоғары потенциалы туралы қорытынды жасады.

Германияның сыртқы сауда саясаты Шығысқа  бағытталған. Өкімет басында қандай партия тұрғанына қарамастан, экономикалық саясат ашық болып қала береді деп атап көрсетті К.Фридрих мырза. Неміс қоғамының басты проблемасы жүмыссыздық. Ең алдымен О ы проблеманы шешіп алу қажет. Осы жағдайда Германиядағы жүмыс орындарының үштен бірі сыртқы экспортқа тәуелді. Неміс баспа сөзі алпыс үш жастағы экономисті евро үшін күрескер деп айдар тақты. Көптеген ғалым-экономистер евроның үзақ өмір сүретіне сенбейді. Евро 1998 жылы өз жолын бастады. К.Фридрихтің пікірі бойынша евро тек экономикалық емес, Ол саяси инструмент болып табылады. Ол өзінің баяндамасында Европаның бірігу тарихына кең тұрде тоқталды. Рим империясы уақытынан бастап Европаны біріктіру сәтсіз үмтылыстар мен тәсілдерге толы. Наполеон және Гитлер де біріктіруге әрекет етті, бірақ жүзеге асыра алмады.

Европадағы  экономиакалық ситуатцияны өзгертетін кейбір себептерді талдай келіп доктор К.Фридрих мынандай позицияларды атап көрсетті: КСРО-ның қүлауы ФРГ-ның ГДР-мен бірігуі. Осы факторлар Германияны шығысында жаңа экономикалық жағдай туғызды. Соның бірі шығысевропалық мемлекеттердің Европалық экономикалық қауымдастыққа кіру мүмкіндігін туғызды. Американ доллары мен евро курсының айырмашылығына байланысты валюталық батыл шешімге барды.

Европалық қауымдастықтың мүддесіне қарай Германия өзінің тұрақты валютасы-маркасынан бас тартуына тура келді. Евроны енгізгені үшін дивидендтер алмады. Шығыс Европа мемлекеттерімен сауда қатынастарын дамытуға тиіс болды. Оның үстіне мынаны естен шығармау керек. Келешекте Евродақ шекарасы шығыспен жүргенде Европалық экономикалық қауымдастықтың тікелей көршісіне Ресей айналады. Осылайша, Жаңа Шығысқа қарай экономикалық қатынастардың жаңа беті ашылады. Жаңа Оңтүстік-Шығыс жаңа қатынастың аймағына айналады. Өмір сүру деңгейлері көтеріліп жатқан Орталық Азия елдері Германияның жаңа әріптестеріне айналады.

Доктор К.Фридрихтің баяндамасының біраз бөлігі жаһандану  проблемасына арналған. Ол туралы түсіндіре доктор К.Фридрих айта-айта шаршаған. Оның пікірі бойынша жаһанданудың маңызды аспекті-еңбек бөлінісі. Қүқықтық қорғаушылық және тұрақтылық-осы маңызды екі мәселені шешіп алу қажет [35].

Григорий Марченконың  баяндамасы Қазақстан Европалық экономикалық қауымдастықта интеграцияға қатыспайды дегенмен басталды. Г.Марченко мырза ескерту ретінде Қазақстанға қазақстан заңдарында жүргізілген реформадан кейін жаңа европалық компаниялардың келетіндіктері туралы берілген уәдені еске түсірді. Алайда уәде уәде күйінде қалып қойды. Европалық финанс институттары Қазақстан рыногында ықылассыз жүмыс істейді. Әсіресе олар қамсыздандыру саласына барғысы келмейді.

Григорий Марченко Қазақстандағы финанс рыногының  болашағы туралы айта келіп инфляцияның  төмен деңгейі туралы қамқорлық қажет екендігін атап көрсетіп, оның сол кезде 6% екендігін баса көрсетті. Мұнан кейінгі жылдары да инфлятция 4-6% деңгейінде болады. ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда ең прогрессивті төлем системасы бар деп көрсетті. Сонымен қатар ол екінші деңгейдегі банктердің жақсы жүмыс істеп жатқандығын атап көрсетті және ТМД-да елдерінің ішінде Қазақстанда кредиттік және дебиттік карточкалар бар екендігін айтты. Осы карточкалардың 80%-і Қазақстан үлесіне тиесілі.

Г.Марченко валюта курсын айырбастауға байланысты американ доллары мен Қазақстан теңгесінің арасындағы айырмашылықтың өте тұрақты екенін айтты.

Алматыда Неміс Үйі деген мекеме ұйымдастырған. 4 қыркүйек 2004 жылы Неміс Үйінің үйымдастырғанына 10 жыл толған юбилейі тойланды. Бұл Неміс Үйі Қазақстанның жартылай конфессиональды және жартылай этникалық жағдайына өзіндік ерекшелігі бар мәдени орталық болып табылады. Бұл үйді үйымдастырудың мақсаты бейбітіғілікті қамтамасыз етуге көмектесу, этника аралық келісім, өзінің масштабы меі аясында экономикалық гүлденуге жол ашу болып табылады. Юбилейге келген қонақтар ішінде Александр Павлов және Төлеген Шукеев сияқты белгілі саясаткерлер, сенатор Виктор Кист, жазушы Героль Бельгер, академик Эрвин Госсен, академик Эрнст Босс, Қазақстан сыртқы істер министрігінің ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Курбасов, Қазақстандағы ұлттық бірлестіктердің лидерлері және Германия ішкі істер министрігінің делегациялары болды. Делегацияны министериаль-директор Клаус Пеле, ГТЦ делегациясын доктор Байер басқарып келді. Бұл оқиғаға 120 қонақ шақырылды. Оның ішінде Қазақстандағы Неміс қоғамдық бірлестігі Ассоциациясының төрағасы Александр Дедерер болды. Ол өзінің қүттықтау сөзінде 10 жыл ішінде өткен оқи алар туралы айта келіп Александр Дедерер қорытындылады және өз өмірінен кішкентай мысал келтірді. Бұл юбилей осы адамның жігерінсіз, энергиясыз, шаршамай еңбек еткен арқылы үйымдастырылып еді. Егер бұл адам үлкен еңбек сіңірмегенде юбилей мүмкін өтпей қалған болар еді. 1993 жылдың басында Неміс Үйін құру жөнінде шешім қабылданғанда, немістердің жағдайы өте күрделі, ауыр болатын деп атап көрсетті Александр Дедерер. Германияға негізінен Қазақстаннан қоныс аударғандардың толқыны өте көп болатын. Сол уақыттағы қиындыққа байланысты Германияға келген немістер де сол қиындыққа ұшырады, төзді. Сондай қиын жағдайда Неміс Үйін құру барлық немістердің оптимизмінен туған еді. Германия үкіметі үйдің құрылуына үлкен көмек көрсетті. С,ондай-ақ Гермнаия үкіметі әртұрлі шараларды жүргізуге де көмегін аямады. ГТЦ аясында әлеуметтік көмектің әртұрлі жоб; лары жасалды. Соның ішінде ең бастысы Қазақстанның ұлттық саясатына қосылған үлес еді.

Сергей Терещенко  өзінің қүттықтау сөзінде Неміс  Үйі неміс халқының этникалық  қайта өркендеуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанның басқа халықтарының дамуына да ықпал етті.Бұл мәдени орталық соңғы жылдары конференция, семинар, дөңгелек стол өткізу орнына айналды. Қазақстан мен Германия өкіметі үшін бұл үй қарапайым адамдардың достығы, этникааралық қатынастардың тұрақтылығының сүйенішіне айналды.

Клаус Пелле 1994 жылы 25 тамызда Германияның қоныстанушылар істері бойынша өкілі мемлекеттік хатшы Присництің Неміс Үйінің символдық кілтін Александр Дедерерге тапсырған кеш еске түсірді. Сонан бері Қазақстандағы немістермен әлеуметтік жүмыс жүргізетін орынға айналды және Қазақстан мен Германия өкіметтері арасындағы байланыс көпіріне айналды. Клаус Пелле өзінің сөзінде былай деп атап көрсетеді. «президенттер Н.Назарбаев пен Шредердің кездесуі елдің демократиялана түскендігін, заңдылықтың үстем бола түскендігін көрсетеді.Менің ендігі 10 жылға тілегім: үлкен жетістіктер және осындай гүлдену, Неміс Үйінің 20-жылдық юбилейіне сәттіліктер, табыстар» [36].

ГТЦ өкілі доктор Байер «соңғы 10 жылда Германияның  федеральдық өкіметі 40 млн евро көлемінде  қолдау көрсетті. Оның жемісін Неміс Үйінің іс-әрекетінен көруге болады. Біздің міндетіміз- осы жетістіктерді одан әрі дамыту. ГТЦ қолдан келгеннің бәрін жасайды. Ол неміс кәсіпкерлерінің Одағы сияқты жобаға ғана көмек көрсетіп қана қоймай, басқа үзақмерзімдік құрылымдарға да көмек көрсетеді» [37].

Юбилейді тойлау аясында іскер келісімдер жүргізілді, Германиядан келген делегаттар Қазақстандағы  немістердің ғылыми бірлестігінің  өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар  Германия делегациясы неміс кәсіпкерлерінің  Одағы, неміс жастары, Қайта өркендеу қоғамы өкілдерімен де кездесті. Олар Шымкент, Қарағанды, Семейден келген бишілер тобының концерттік программасымен танысты. Юбилейдің пресс-конференциясында сөлеген сөзінде Клаус Пелле Германияның федеральдық үкіметінің Қазақстандағы немістерге байланысты саясатының екі аспектісінің маңыздылығын атап көрсетті. Қазақстаннан кеткісі келетін немістерге қолдау көрсету шаралары және Қазақстанда қалатын немістердің болашағын қамтамасыз етуге көңіл аударуы. Қазақстанда- тұратын немістер үшін гуманитарлық көмек үйымдастыру неміс тілін үмытпау үшін курстар үйымдастыру, әдет-ғүрыпын жадыларында сақтап қалуға арналған шаралар жүргізу т.б.с.с.

Қазіргі кезде  Қазақстанда 300 мыңға жуық немістер тұрады. Олар әртұрлі жобалар арқылы соңғы 4 жылда 50 млн евро көлемінде көмек алған. Оның ішінде жасы келген адамдарға қысқы киімдер, гуманитарлық көмек, медициналық көмек көрсетілді. Неміс тілінде 1500 курс оқытылды. Жастар үшін 23 жаз айларында лагерь үйымдастырылды. Германияның ішкі істер министрлігінің өкілі Бернд Гетц жастарды тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан жүмыстарға кеңінен тоқталды. Ондай жүмыстар денсаулық сақтауға, информациялық технологияға, ноу-хау т.б. бағытталған. Сонымен бірге бала-бақшаларына қолдау көрсету, ең бастысы я астардың тағдыры өз қолдарында, бәрі олардың инициативасына байланысты.

Информация о работе Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы