Халықаралық қатынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 22:12, курсовая работа

Краткое описание

Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері. «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратурада білім алуға қажетті емтихан тапсырушының аналитикалық қабілеттілігін анықтау, ой-өрісінің мүмкіндігін саралау, білім, дағды және біліктілік дәрежелерін бағалау болып табылады, таңдап алынған ғылым бағыты мен педагогикалық қызмет бағдарына сай магистрлер даярлаудың жеке тәжірибелік және теориялық білімдерін тереңдету.

Вложенные файлы: 1 файл

Международные отношения каз.doc

— 164.00 Кб (Скачать файл)

 

5. 2000 ж. басындағы халықаралық қатынастар және АҚШ жаңа ролі. Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуы кезеңіндегі АҚШ – ның сыртқы саясаты. Балама концепциялар. Жаңа ғаламдық стратегияның негізгі айшықтары. Гегемония компонентері. Империялық идеология. АҚШ – ғы  унилатерализм. АҚШ экономикалық, әскери – саяси және мәдени қуаты.Гегемонизм идеологиясы. АҚШ және ЕО. АҚШ және Шығыс. АҚШ және ҚХР. АҚШ – ның ланкестікке ұарсы соғысы

Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесіне байланысты АҚШ сыртқы саясатының өзгеруі мен бейімделуі. «Бір полярлық» жүйе концепциясы. АҚШ жаңа жүйедегі шешуші ролі туралы американдық идея. АҚШ бейбітшілік пен демократияның және ғаламдық экономикалық дамудың кепілі. АҚШ – ның одақтастары, достары және әріптестері. Pax Americana идеясы. АҚШ мен ЕО трансатлантикалық әріптестігі.  Континенталдық одақ концепциясы. НАФТА шеңберіндегі АҚШ сыртқы  экономикалық сауда байланыстары. АҚШ сыртқы саяси старатегиясындағы Орталық және Шығыс Европа мемлекеттерінің орны мен ролі. Амрика Құрама Штаттарының сыртқы саясатындағы азиялық бағыт.  АҚШ – ның Таяу Шығыс пен араб әлеміне байланысты сыртқы саяси ұстанымдары. АҚШ Израйлге экономиккалық және әскери көмегі. АҚШ сыртқы саясатындағы исламдық фактор. АҚШ – ҚХР қатынастары. АҚШ – ның посткеңестік кеңестігіндегі саясаты. АҰШ – Ресей қатынастары. АҚШ  -ның сыртқы саясатындағы Украина. Орталық Азия мен Кавказдағы АҚШ саясаты. АҚШ және халықаралық ұйымдар. Халыұаралық ланкестік пен қылмысқа байланысты АҚШ саясаты. АҚШ есірткімен және ЖҚЖ қаруына байланысты күресі. АҚШ жахандық субъект ретінде.

 

6. Аймақтардағы халықаралық қатынастардың дамуы (Орталық Азия). Орталық Азия – жаңа геосаси аймақтың қалыптасуы. Аймақтағы саяси үрдістердің даму динамикасына сараптама. Аймақтық қауіпсіздік мәселелері.

ОА мемлекеттілігінің қалыптасуы. Аймақтағы саяси үрдістердің сипаты. Жаңа мемлекеттердің қалыптасуына жахандану үрдісінің ықпалы. Аймақтағы саяси және ұлттық қатынастарға әлемдік алпауыттар мен аймақтық мемлекеттердің ықпалы. Әлемдік экономикалық тораптардағы ОА мемлекеттерінің ролі мен орны. ОА экономикалық интеграция мәселелері. ОА және Батыс: стратегия, мақсат пен қорытындылары. ОА және посткеңестік кеңестігі. ОА және Азия. ОА жеке геосаяси аймақ болып қалыптасуының ерекшелңктері. ОА және Каспий аймағы. Жаңа қауіптер мен қатерлер.

 

 «Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері» пәні

 

1. Әлемдік саясаттың әлемдік орталықтары мен жетекші елдері. Халықаралық қатынастар дамуының жаңа әлеуметтік, саяси модельдері. Нағыз полицентризм негізінде жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуы. “Мондиализм”, “европоцентризм”, “евразияшылдық”, “исламдық фундаментализм” доктриналарының идеологиялық қарама-қарсы күресі.

Халықаралық стратификация. Әлемдік саясаттағы алып державалардың ролі. Халықаралық ұйымдармен әлемдік саясаттағы мемлекеттердің сыртқы саяси қызметі.

АҚШ – экономикалық, саяси және әскери салаларда әлемдік көшбасшы. Біріккен Германия – Еуропадағы экономикалық және саяси көшбасшы. Халықаралық қатынастардағы Францияның, Ұлыбританияның, Италияның ролі. Трансатлантикалық қатынастардың трансформациясы.

Интеграцияның жаңа сатысындағы  Еропалық қауымдастық. Институционалдық және құрылымдық қайтақұрулармен реформалар. Ұлыбританиямен Данияның ЕО ерекше саясаты. ЕО бейтарап мемлекеттердің ұстанымы. Саяси одақ құрудың федеративті жолы. Жалпы сыртқы саясат пен ЕО қауіпсіздік саясатының эволюциясы.

Орталық Оңтүстік Шығыс  Еуропа елдері. Орталық Оңтүстік Шығыс  Еуропа елдері үшін болашақ стратегиясы. 1999 жылғы тұрақтылық Пакті және оны  қамтамасыз ету.

Бұрынғы Югославиядағы  демократиялық және саяси қайта құрулар. Косоволағы соғыс аяқталғаннан кейінгі бейбіт қатынастар жүйесі. Балкан үшін интеграциялық стратегия.

НАФТА және Солтүстік америкалық интеграция. Қазіргі экономикалық қарым қатынас жүйесіндегі НАФТА ролі. Аймақтың геосаясаты және аймақтық интеграция мәселелері.

21 ғасырдағы Латын Америкасы. Латын Америка елдерінің спецификалық қызығушылықтары. Батыс жартышарындағы біртұтас сауда экономикалық және инвестициялық кеңістіктің құрылуы.

Әлемдік саясаттағы Ресей. Ресейдің геосаяси жағдайы. Ресей және Батыс – «Дәстүрлі емес қауіптерге» әртүрлі ұстанымдар. Шешен мәселесі. Ланкестік шаралар. Еуропа Кеңесіндегі Ресей. ТМД елдерімен Ресей экономикалық қатынастарының моделі.

Еуразиялық интеграция және ТМД. Еуразиялық геосаяси және жкономикалық кеңістік. Еуразиялық кеңістіктің дезинтеграциясы мен реинтеграциясы. Еуроатлантикалық және Еуразиялық аймақтардағы қауіпсіздікт пен қарым қатынасты нығайтуға бағытталған шаралар. ЕАС және ТМД дағы интеграциялық үрдістер..

Еуразиялық мәдениеттің  ядросы ретіндегі Қазақстан, геосаяси біркелкілік, геоэкономикалық ұқсастық, тепе теңдік пен қауіпсіздіктің гаранты.

 

2.  21 ғасырдағы Азия күшінің күшеюі. 21 ғасыр – “Азияның көтерілу ғасыры”. XX ғасырдың екінші жартысы 90 жылдарындағы Азиялық тоқырау, оны жеңу, кризистік менеджмент. АТА стратегиялық қауіпсіздік. Корей жартыаралындағы жағдай. Ядролық қарудың тарау қаупі.

Жапония – аймақтық және әлемдік держава. Қытай – жаңадан шығып келе жатқа аймақтық держава. Оның субаймақтық және әлемдік саясаттағы ролі. Қытайдың ДСҰ-ға кіруі. Біртұтас Қытай принципі және қытай американдық екіжақты қатынастардағы Тайвань мәселесі.

Индонезияның трансформация  үрдісі және Шығыс Тимордағы қақтығыс. Адам құқықтарының бұзылуы. Үнді-пәкістан конфронтациясы (Кашмир мәселесі).Оңтүстік және Орталық Азиядағы талаптар: бейбітшілік қаупі. 

Қауіпсіздік мәселелері бойынша  аймақтық форум ретінде АСЕАНның шектеулігі. АФТА–еркін сауда аймағын  құру жобасы. Индонезия мен Малайзия арасындағы территориялық қақтығыс.

ЕО бірде бір мүшесі ретіндегі Түркия. Күрттер және адам құқықтары мәселелері.

Мұсылман әлемі. Ислам, демократия және нарықтық экономика. Сауд Арабиясының болашағы. Түркия және Ислам. Иранға қатысты Батыс саясаты. Ресей саясатындағы Ислам факторы. Ауғанстандағы Ислам және мемлекеттіліктің құрылуы. Халықаралық қатынастардағы Мысыр, Ливия, Сирия.

 

3. Саяси көшбасшылар және олардың әлемдік саясаттағы ролі. Жеке тұлға және халықаралық қатынастардың актерлары ретіндегі саяси көшбасшылар. Саяси көшбасшылардың имиджі. Қазіргі кездегі саяси көшбасшылардың әлеуметтенуі. Көшбасшылар әрекеті және қоғамдық пікірдің шешім қабылдаға әсері.

Элита түрлері және саяси, өндіруші, әдеби, ғылыми элита топтарына қатысттығы. Мемлекеттің сыртқы саясатына әсер етуі.

Әлемнің жетекші мемлекеттердің лмдерлері: Дж.Буш, В.Путин, Г.Коль и Г.Шрёдер, Фр.Миттеран и Ж.Ширак, В.Гавел, Ұлыбританияның ханшайымы Елизавета П және олардың әлемдік саясаттағы ролі.

 

4. Үкіметтік емес ұйымдар мен қозғалыстардың ролі. Мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдардың, тарнсұлттық корпорациялардың қоғамдық қозғалыстардың, әлемдік аренадағы саны мен ықпалының өсуі. Халықаралық қатынастардың дәстүрлі емес акторы ретіндегі трансұлттық әлеуметтік қозғалыстардың ерекшелігі мен ролі.

Экологиялық қозғалыстармен ұйымдар. Саяси экология және саяси апртиялар ФРГ, Италия, Англия, Бельгия, Австрия, Швеция және т.б. елдердегі “Жасылдар”. Экологиялық трансұлтшылдық пен 90-жылдардағы гуманитарлық қозғалыс.

Римдік клуб, ғаламдық мәселелер, “Гринпис” (“Жасыл әлем”) және экологиялық мәселелер.

Әлемдік діндер және шіркеу. Еуропалық  шіркеулер конференциясы.  Бүкіләлемдік ислам конгрессі және барлық елдер  мұсылмандарының бірігуінің күшеюі. Постсоветтік мемлекеттердегі исламның қайта жандануы мен таралуы.

Транұлттық діни топтармен қозғалыстар. Ислам фундаментализмі мен оынң әлемдегі ролі. Католиктік және православтік шіркеулермен әртүрлі секталардың күшею себептері.

Этникалық топтар мен олардың ұйымдары. Мемлекет, азаматтық қоғам мен этнос арасындаға қатынастар. Ирредентизм.

Әйелдер қозғалысы мен ұйымдары. Жаңа феминистік қозғалыс, оның радикалды-революциялық тобы. Билік институттарындағы әйелдердің санының көбеюі.

 

5. Ядролық қаруды таратпау мәселесі. Қазіргі цивилизацияның ядролық мәселесі. Ядролық қауіпсіздік. “Ядролық клуб” мүшелері. Үшінші елдердің ядролық қаруға ие болу мәселесі. Үндістан мен Пәкістандағы ядролық тәжірибелер – халықаралық қауіпсіздіктің тепе теңдігін бұзатын фактор. Ғаламдық ядролық қарусыздану мәселесі бойынша ядролық емес мемлекеттердің ұсынысы.

Қаруды таратпау режимі. Иран, Ирак, Солтүстік Корея, Ливия елдерінің ядролық амбициялары.

Атомдық энергеия мен таратпау саласындағы хадықаралық ұйымдар. Халықаралық ядролық таратпау режиміне дәстүрлі емес қауіптер: Ядролық материалдардың заңсыз айналымы, ядролық терроризм. Ядролық қалдықтар мәселесі. XX ғасыр аяғындағы ядролық  қиыншылықтар.

 

6. Әлемдегі миграциялық  үрдістер.  Қоғамдық өмірдің феномені ретіндегі жаппай халықаралық көшіп қону. Коммуникациялық және транспорттық байланыстар. Жұмысшы ресурстарының көшіп қонуы. Этноәлеуметтік адаптация саясаты. Дамушы елдердегі еңбек ресурстарының шоғырланунының өсуі. Әртүрлі елдердегі миграциялық саясат.

Миграция мәселелері “Саяси қашқындар”, мәжбүрлі қашқындар. Заңсыз миграция және қауіпсіздік мәселелері.

 

«Көпжақты дипломатия» пәні

 

1.Көпжақты  дипломатия -  әлемдік саясаттың  құрамдас бөлігі ретінде.  Халықаралық қатынастар, Сыртқы саясат, Әлемдік саясат, Ұлттық мүдде ұғымдарын саралау. Өзара тәуелділік пен қазіргі кезде жаһанданудың кең етек алуы. Қазіргі жаһандану үрдістері және халықаралық қатынастар жүйесіндегі мәселелер. Жаһандану кезеңінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі.

Әлемдік, аймақтық халықаралық  ұйымдардың рөлі мен мәні. Бейүкіметтік халықаралық ұйымдардың халықаралық  үрдістерге  ықпалы мен беделінің  нығаюы. Қазіргі кездегі ғаламдық мәселелер және оны шешудегі  көпжақты дипломатияның рөлі.

Халықаралық конгрестер мен  конференциялардың құжаттары мен  материалдары көпжақты дипломатияның  деректері ретінде. Кәсіби дипломаттардың естеліктері дерек ретінде. Халықаралық конгрестер, конференциялар -  көпжақты  дипломатияның тәжірибесі.

Дүниежүзілік баспасөз беттерінде халықаралық  конференциялардың  дайындық жұмыстарының, ұйымдастырылуы және барысының баяндалуы.

Көпжақты дипломатияның дүниежүзілік тәжірибесі. Көпжақты дипломатия және қазіргі жаңа коммуникациялар мен техникалық мүмкіндіктер.

 

2. XYIII-XIX ғғ. көпжақты дипломатияның алғашқы тәжірибелері. 1648 ж. Вестфаль бейбіт шарты және Еуропадағы Отызжылдық соғыстың нәтижелері. Жаңа халықаралық қатынастардың бекітілуі. Еуропалық өркендеу тарихының басталуы. “Мемлекеттік мүдде”, “табиғи шекара”, және “саяси тепе-теңдік” қағидалары халықаралық қатынастардың  ортақ еуропалық  қағидалары ретінде. Негізгі құжат ретінде Весфаль трактатының  Еуропа мемлекеттері үшін  және Еуропалық көпжақты дипломатияның алғашқы тәжірибесі үшін маңызы.

Утрехт конгресі және ХҮІІІ  ғ. Еуропа тарихындағы оның маңызы. Наполеон соғыстары барысындағы  антифранцуз коалициялары – көпжақты дипломатияның тәжірибесі ретінде. Шоман трактаты. 1815 ж. Вена конгресі және оның міндеттері. Франция, Англия, Ресей, Пруссия, Австрияның ұстанымдары. Вена конгресінің шешіміндегі Польшаның тағдыры. Саксон мәселесі. Кіші мемлекеттер жөніндегі мәселе. Герман одағының ұйымы. Италия мәселесі және оны шешу жолдары. Вена конгресінің  нәтижесі.  Қорытынды акт. Еуропалық картаның аумақтық бөлісі. “Қасиетті Одақтың” құрылуы – еуропалық халықаралық ұйымның алғашқы үлгісі. Қарусыздандыру және  дүниежүзілік соғысты болдырмау мәселелеріне  арналған ХІХ ғ. соңындағы халықаралық конгрестер.

 

3. Халықаралық келіссөздерді  жүргізу әдісі және көпжақты  келісімдерді ресімдеу үрдісі. Бүгінгі күні халықаралық мәселелерді шешудің құралы ретінде халықаралық келіссөздердің рөлінің өсуі. “Келіссөз” ұғымының ежелгі кезеңде тікелей сауда-саттық мәселесімен байланысты болуы. Халықаралық құқық туралы сөздіктегі «келіссөз» ұғымының анықтамасы. Келіссөздер – адамдар арасындағы көптеген өзара әрекет түрлерінің бірі ретінде. Келіссөздерге ғана тән негізгі сипаттамалар. Келіссөздердің ерекшеліктері. Келіссөздер топтамасы. Келіссөздердің басты қызметі. Келіссөздерді алдын-ала жобалау және келіссөздердің дайындық кезеңдері. Келіссөздерді ұйымдастыру тәсілдері. Келіссөздерде қатысушыларды отырғызу мәселесін талқылаудың маңыздылығы. Халықаралық келіссөздерді жүргізу тілін айқындау мәселесі. Келіссөздер барысындағы сауал қоя білудің мәні мен қызметі.  Әріптестерден ақпарат алудың маңыздылығы. Халықаралық келіссөздерді жүргізу тәртібінің негізгі ережелері. Қазіргі кезеңдегі халықаралық келіссөздер тәжірибесінде көпжақты келіссөздерде шешім қабылдаудың екі тәсілін сараптау. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс берудің арнайы тәртібі. Халықаралық келіссөздердің қорытынды құжаттарының түрлері. Халықаралық шарттар құқы жөніндегі Вена конвенциясы. Халықаралық тәжірибеде кездесетін халықаралық шарттардың  атаулары. Қатысушы тараптардың шеңберіне байланысты халықаралық шарттардың жіктелуі. Халықаралық шарттардың нышаны мен құрылымына байланысты бөлінуі. 2005 ж. 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы заңы». Халықаралық келісімдердің құрылымы. Халықаралық шарттарды ресімдеу сатылары.

Информация о работе Халықаралық қатынас