Қосылған құн салығы салынатын айналым
Орындаған: Псанбаева Ұ
Тексерген: Суюндикова Г.С
Мамандығы: МЭ
Тобы: 341
Жоспары:
- Кіріспе
- Салық салынатын айналымды айқындау
- Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым
- Салық салынбайтын айналым
- Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар
- Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
- Сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар
- Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар
- Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткізу орны
- Өткізу бойынша айналым жасау күні
- Қосылған құн салығы– жанама салық түрі, қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігі, бюджеттің маңызды көздерінің бірі. Кәсіпорын, бір жағынан, сатылған өнімдерден қосымша құн салығын алушы болса, екінші жағынан, жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы ретінде Қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілер салық кодексінде белгіленеді.
Салық салынатын айналымды айқындау
- 1. Мыналар:
- 1) осы Кодекстің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша;
- 2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым салық салынатын айналым болып табылады.
- 1-1. Шет мемлекет аумағында тұрақты мекеме ретінде тіркелген резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің өткізілу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайтын тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымы Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
- 2. Қосылған құн салығы осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған (оның ішінде негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша) тауарлар қалдықтары тұлғаны қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде салық салынатын айналым болып табылады.
- Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылу нәтижесінде барлық жаңадан құрылған заңды тұлғалар немесе заңды тұлғаға қосылған басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қайта құрылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын шарттарды орындаған жағдайда оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде қолданылмайды
231-бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым
1. Тауарларды өткізу бойынша айналым:
- тауарға меншік құқығын беруді,
оның ішінде:
тауарды сатуды;
кәсіпорынды тұтастай мүліктік
кешен ретінде сатуды;
тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға,
жұмыстарға, қызмет көрсетулерге айырбастауды;
тауарды өтеусіз беруді;
жұмыс берушінің тауарды қызметкерге
жалақы есебінен беруін;
кепiл берушiнiң кепiлге берiлген мүлiктi (тауарды)
борыштың төленбеуi жағдайында беруiн;
1-1) тауар экспортын;
2) тауарды бөліп-бөліп төлеу
шартымен тиеп-жөнелтуді;
5) 2009.16.11. № 200-ІV
ҚР Заңымен алып тасталды
6) бұрын экспорт кедендік рәсімінде
шығарылған тауарды кері импорт
кедендік рәсімінде қайтаруды білдіреді
4) тауарды комиссия шарты
бойынша тиеп-жөнелтуді;
3) мүлікті қаржы лизингіне беруді;
- 2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жұмыстарды кез келген оның ішінде өтеусіз орындауды немесе қызмет көрсетулерді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:
- 1) мүліктік жалдау шарттары бойынша мүлікті уақытша иелікке және пайдалануға беруді;
- 2) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар беруді;
- 3) жұмыс берушінің қызметкерге жалақы есебінен жұмыстарды орындауын, қызмет көрсетулерін;
- 4) аванстарды және айыппұл санкцияларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізуге байланысты талап ету құқықта рын беруді;
- 5) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруді;
- 6) кредит (қарыз, микрокредит) беруді білдіреді.
- 3. Мыналар:
- 1) мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру;
- 2) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүлікті қайтару;
- 1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:
- 3) егер осындай тауар бiрлiгiнiң құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, тауарды жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өтеусіз беру;
- 4) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, қайта өңдеуі, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп-жөнелтуі. Көрсетілген тауарлар Кеден одағынан тысқары жерлерде дайындалған, қайта өңделген, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде өңдеу кедендік рәсімінде жүзеге асырылса, көрсетілген тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;
- 5) қайтарылатын ыдысты тиеп-жөнелту. Құны онымен жіберілетін өнімді өткізу құнына кірмейтін және осы өнімді беру жөніндегі шартта (келісімшартта) белгіленген талаптармен және мерзімде, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімде өнім берушіге қайтаруға жататын ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгіленген мерзімде қайтарылмаса, мұндай ыдыстың құны өткізу бойынша айналымға енгізіледі;
- 6) бұрын экспорт кедендік рәсімінде шығарылған тауарды кері импорт кедендік рәсімінде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
- 7) егер мұндай әкету Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімінде ресімделсе, шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін Кеден одағынан тысқары жерлерге әкету;
- 8) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланған және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасына беруге жататын мүлікті жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының меншігіне беруі;
- 9) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
- 10) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін және өзге де мүлкін оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) беруі;
11) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концессия объектісін концессия шарты шеңберінде пайдалану үшін кейіннен концессионерге (құқықтық мирасқорына немесе тек қана концессионердің концессия шартын іске асыру үшін арнайы құрған заңды тұлғаға) беруі;
12) егер жеке тұлғаның жеке мүлкі кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, осы тұлғаның осындай мүлікті өткізу бойынша айналымы;
13) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлікті сенімгерлікпен басқарушыға беруі;
14) сенімгерлікпен басқару туындауының негізі болып табылатын құжаттың қолданылуы тоқтатылған кезде сенімгерлікпен басқарушының мүлікті қайтаруы;
15) сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысты мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысына немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушыға беруі;
16) салымшының (клиенттің) банктік шот және (немесе) банктік салым шарттары бойынша есептелген және (немесе) оған төленген сыйақы сомасын алуы өткізу бойынша айналым болып табылмайды.
232-бап. Салық салынбайтын айналым
- Мыналар:
- 1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған;
- 2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым салық салынбайтын айналым болып табылады.
- Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны осы Кодекстің 236-бабына сәйкес айқындалады.
- Кеден одағында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 276-5-бабына сәйкес айқындалады.
233-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар
1. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және оның есебінен тауарды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетулері, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алуы сенім білдірілген адамның өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері:
1) 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды
2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес - сенім білдірушіден алынған тауарды өткізуге қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды өткізуге сенім білдірілген адамның өткізуі;
3) осы Кодекстiң 271-1-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша айналымы болып табылады.
233-1-бап. Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
- 233-1-бап. Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
- 1. Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
- 2. Осы баптың 1-тармағының ережесі Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес комитенттен алған тауарларды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды өткізу комиссионердің өткізуі бойынша айналым болып табылады.
234-бап. Сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар
- Сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлікпен басқару шартына немесе сенімгерлікпен басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжатқа сәйкес жүзеге асыратын тауарды өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алуы сенімгерлікпен басқарушының өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылады.
235-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар