- 1. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді өткізуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша сенім білдірілген адам жүзеге асыратын жағдайларда:
- 1) шот-фактура бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірінің атынан немесе беруші (сатушы) үшін бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) деректемелері көрсетіле отырып, сенім білдірілген адамның атынан жазылады;
- 2) шот-фактураларды жазып беру кезінде айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.
- 2. Шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға да, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазылады.
- 3. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы (қатысушылар) немесе сенім білдірілген адам осындай қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді сатып алған жағдайларда, берушіден (сатушыдан) алынатын шот-фактураларда мыналар:
- 1) бірлескен қызметке қатысушылардың санына қарай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) не сенім білдірілген адамның деректемелері;
- 2) сатып алу сомалары, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесілі қосылған құн салығының сомалары бөлініп көрсетілуге тиіс.
- 4. Жазылып берілетін шот-фактуралар түпнұсқаларының саны мұндай жағдайларда қызметті жүзеге асыру үшін тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер сатып алынатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиіс.
- 5. Осы баптың ережелері осы Кодекстiң 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуі (сатып алуы) кезінде қолданылмайды.
236-бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткізу орны
1. Мынадай орын:
1) егер тауарды беруші, алушы немесе үшінші тұлға тасымалдайтын (жіберетін) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны тауарды өткізу орны болып танылады.
2. Мынадай орын:
1) егер жұмыстар, қызмет көрсетулерді жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса, осы мүліктің орналасқан жері.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу орны немесе мұндай мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі міндеттеме болмаған жағдайда - нақты орналасқан жері жылжымайтын мүлік орналасқан жер болып танылады.
Осы баптың мақсатында ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық көшеттер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың не мақсатқа арналғанына шамадан тыс нұқсан келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер, сондай-ақ құбырлар, электр беру желілері, ғарыш объектілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жылжымайтын мүлік болып танылады. Бұл ретте осы баптың мақсатында осы тармақшамен жылжымайтын мүлікке жатқызылмаған мүлік жылжымалы мүлік деп танылады.
2) егер олар жылжымалы мүлікпен байланысты болса, жұмыстар, қызмет көрсетулер нақты жүзеге асырылатын орын.
Мұндай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету жатады;
- 3) егер осындай қызмет көрсетулер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене тәрбиесі немесе спорт саласындағы қызмет көрсетулерге жататын болса, нақты қызмет көрсетулер көрсетілетін орын;
- Осы тармақшаның мақсатында ойын-сауық саласындағы қызмет көрсетулерге ойын-сауық-демалу мақсатындағы қызмет көрсетулер жатады, олар ойын-сауық орындарында (ойын орын-жайлары, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, Интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг клубтары және кинотеатрлар, өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар) көрсетіледі;
- 4) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметі жүзеге асыратын орны.
- Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушы әділет органдарында мемлекеттік (есепке алыну) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.
- Егер жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушы резидент емес болып табылса, ал алушы мемлекеттік (есепке алынуы) тіркелуі Қазақстан Республикасының әділет органдарында жүргізілген оның филиалы немесе өкілдігі болып табылса, онда өткізу орны Қазақстан Республикасы деп танылады.
- Осы тармақшаның ережелері мынадай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге:
- зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға арналған құқықтарды беруге;
- консультациялық, аудиторлық, инжинирингтік, дизайнерлік, маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін таратуды, интернет-ресурста орналастырылған бұқаралық ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуды қоспағанда, ақпарат беру және (немесе) өңдеу бойынша қызмет көрсетулерге;
- персоналды беруге;
- жылжымалы мүлікті (көлік құралдарынан басқа) жалға беруге;
- агенттің тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді, сатып алу, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызмет көрсетулерді жүзеге асыру үшін шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан адамдар тарту жөніндегі қызмет көрсетулерге;
- байланыс қызметі көрсетулеріне;
- сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруге;
- радио және телевизиялық қызмет көрсетулерге;
- туризмді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулерге;
- жүк вагондары мен контейнерлерді жалға және (немесе) пайдалануға беру бойынша қызмет көрсетулерге қатысты қолданылады;
- 5) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлғаның кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын орны жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны болып танылады.
- Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлға әділет органдарында мемлекеттік (есепке алыну) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.
- 3. Егер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу басқа негізгі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізуге қатысты көмекші сипатта болса, осындай көмекші өткізу орны негізгі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны болып танылады.
- 4. Жолаушылар мен багажды, тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер кезінде, ол:
- жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінбейтін;
- жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкетілмейтін;
- жолаушылар, тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданбайтын, талаптарға бір мезгілде сәйкес келген жағдайда жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайды.
- 5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезінде бір тармақшадағыдан артық көрсетілген жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсетулер орны осы тармақшалардың ішіндегі реті бойынша біріншісі болып айқындалады.
237-бап. Өткізу бойынша айналым жасау күні
- 1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні:
- егер тауар тұрған жерінде берілуге тиіс болса, тауарды шарттың талаптарына сәйкес оның тұрған жерінде сатып алушыға немесе ол айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе ол сенім білдірген тұлғаға беру күні;
- егер сатушының тауарды сатып алушыға оның тұрған жерінде беру жөніндегі міндеті көзделмесе, тауарды шарт талаптарында айқындалған орында сатып алушыға немесе ол сенім білдірген тұлғаға беру күні болып табылады.
- Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні жұмыстар орындау, қызметтер көрсету күні болып табылады.
- Бұл ретте қол қойылған:
- орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасында қол қойылған, жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде темір жол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күн деп танылады.
- 1-1. Осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің күні бір күннен артық болған кезде оның неғұрлым ертерек күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.
- Егер осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні көрсетілмесе, онда осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ресімделген күн жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.
- 2. Егер тауарды тиеп-жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, өткізу бойынша айналым жасау күні алушыға тауар меншігінің құқығы берілген күн болып табылады.
- 3. Тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда өткізу бойынша айналым жасау күні:
- 1) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткізу пунктінде іс жүзінде Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен күн;
- 2) мына жағдайларда:
- тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда;
- тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні болып табылады.
- 3-1. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарлар кері импорттың кедендік рәсімінде әкелінген жағдайда:
- 1) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, тауарды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдаланбай, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде Кеден одағының кеден шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өткен күн;
2) тауарларды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.
4. Кепіл берушіге кепілге салынған мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл беруші үшін мына күндердің бірі:
1) кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден кепіл тұрғысынан кепілге салынған мүлікті өндіріп алу айналысы процесінде жүргізілген сауда-саттықтың жеңімпазына ауысқан күн;
2) егер сауда-саттық өтпеді деп жарияланса, кепіл тұрғысынан кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден кепіл ұстаушыға ауысқан күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде, осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көрсетілген салық салынатын айналым бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күн:
1) қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтініші немесе осы Кодекстің 37, 39, 39-1, 40 және 41-баптарында көрсетілген салықтық өтініші берілген күн;
2) салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстің 571-бабының 6-тармағында көрсетілген күн болып табылады.
6. Лизинг берушінің лизинг алушы негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті, қайтарымды лизинг шарты бойынша беруін қоспағанда, қаржы лизингіне берген кезде өткізу бойынша айналым жасалған күні:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингінің шартында белгіленген кезең-кезеңдік лизингтік төлемді лизинг берушінің алу мерзімінің басталу күні;
2) егер қаржы лизингінің шарты бойынша лизинг берушінің лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленсе, айналым жасау күні мүлікті қаржы лизингіне берген күн болып табылады;
3) қаржы лизингінің шартында көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген кезде, түпкілікті есеп айырысу <span
style=" font-family: 'Times New Roman', 'Arial'; font-size: 20pt; font-weight: normal;
font-style: normal; t