10-сыныпта Абай шығармаларын оқыту
мәселесі.
10-сынып қазақ әдебиетінің тарихы
оқытылатын орта мектептің жоғарғы
буыны. Бұл сыныпта ақын-жазушылардың
шығармашылығы монографиялық тұрғыда
өтіледі. Абай сынды ақынның
шығармашылығын жоғарғы сыныпта оқыту,
ұлы гуманистік рухани қазынасын шәкірттеріміздің
бойына сіңіру, сөйтіп бірегей қазынамызды
меңгеру – аса жауапкершілікті қажет
ететін ұрпақ алдындағы парызымыз. Қазіргі
қолданыстағы бағдарламамыздың 10-сыныпта
Абайға 19 сағат бөлінген де, оқуға 24 өлеңі,
''Ескендір'' дастаны, 6 қара сөзі берілген.
Эксперементтік бағдарламаның ''қоғамдық
гуманитарлық бағдарлы мектептің'' 10-сыныбына
арналған қазақ әдебиеті бағдарламасында
Абай шығармаларын оқытуға 10 сағат уақыт
беріліпті.
Гуманитарлық бағдарлы мектептің бұл
сыныбына қазақ әдебиетін оқытуға небәрі
бөлінген апталық сағат саны – 2, ал
''Жаратылыстану – математикалық бағдарлы
мектептің'' 10-11 сыныптарында қазақ әдебиетін
оқытуға 1-ақ сағат бөлініпті. Бұл – білім
беруді гуманизациялауға шабылған балта.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында
адам баласы онсыз да мейірім-шапағаттан
ажырап тас жүрек болып барады. Ал біз
мектепте оқушыларды адамгершілік асыл
қасиеттерге баулитын бірден-бір пән әдебиетті
қысқартамыз. Сонда болашағымыз не болмақ?
Егер қоғам адамгершілік қасиеттерінен
айырылса, ол қоғамдағы халық апат болатыны
айқын шындық. Шындықты ащы болса да мойындап,
бұл қателікті түзетіп, 9-10-11 сыныптарды
қазақ әдебиеті пәнінің апталық сағатын
3 сағаттан кемітпей түсінген абзал.
Бағдарламада берілген Абай өлеңдерінде
хронологиялық жүйе сақталмаған,
тек өлеңдердің аттары ғана
аталған. Оларды оқытуға, талдауға
қойылатын бағдарлама талабы, нұсқау
– аннотация жалпылама жазылған.
Абай ақындығының өзіндік табиғатын
ашуға мұғалімдерге көмек боларлық
нұсқаулар жоқ. Сонда ол бағдарламаның
негізінде жазылған ''Жаңа буын оқулығы''
қалай болмақ?
Енді Абайды 10-сыныпта қалай оқытамыз,
кемел ойын келісті өлең өрнегіне
салып кестелеп, қиынннан қиыстырып
берген ''ер данасының'' ішкі қоймасына
қалай жол табамыз деген мәселеге келелік.
Абай шығармаларын мектепте оқытудың
дұрыс жолын табу үшін ең әуелі абайтанудың
академигі М.Әуезовтың Абайдың өмірі мен
шығармаларын тұтас тексерген абайтанудағы
зор еңбегі ''Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы''
атты еңбегін басшылыққа аламыз.
М.Әуезовтен кейінгі абайтанушы
ғалымдардың еңбектерін ескердік.
Әсіресе, Абайды тереңдеп тануда
ғылыми дәлелді таным негіздерін
ашқан М.Мырзахметовтың еңбектерін
басшылыққа алдық. Және де орыс
әдебиеттеріндегі Пушкин, Лермонтов
шығармаларының мектеп бағдарламасы
мен оқулығында берулі принципін қарадық.
Аталған еңбектерді сараптай
келіп, ұлы ақын шығармаларын
мектепте оқытудың дұрыс жолын
табуда біздің ең әуелі сүйенер
темірқазығымыз – Абайдың шығармалары.
Бізге Абайдан қалған ата мұраларымыз
8 мыңдай өлең жолы, яғни 175 тал өлең, 55 аударма
өлең, 45 қара сөз, 3 дастан, 27 ән, 2 күй.
Мектепте Абай шығармаларын тұтас
өтуді мақсат етпейміз. Оны сағат
саны да, оқушының қабілеті де
көтермейді. Сондықтан оқушының ұғымына
аса ауырлық туғызбайтын тәлімдік, тәрбиелік
мәні бар шығармаларын іріктеп ала білуіміз
керек.
Ұлы ақын шығармаларының эволюциялық
даму үрдісін басшылыққа алып
жасалған хронологиялық-тақырыптық
жүйеге негізделген 10-сынып бағдарламасының
құрылысы төмендегідей болмақ.
- Хаким –
Абай
- Абайдың
өмірбаяны. Заманы. Абай тұралы замандастардың
естеліктері.
- Абайтану.
Рухани нәр алған бұлақ көздері. Абай тақырыбында
жазылған көркем шығармалар.
- Ата мұра.
- Ақындыққа
барар жолда (5-9 сыныптарда оқыған шығармаларын
қайталау).
- ''Қалың
елім, қазағым, қайран жұртым''
- ''Сабырсыз,
арсыз, еріншек''
- ''Адам болам
десеңіз''
- ''Сөз түзелді
тыңдаушы, сен де түзел''
- ''Ауырмай
тәнім, ауырды жаным''
- ''Заманды
қай жан билемек? ''
- ''Жер жүзінде
өң беріп тәнім шебер''
- ''Өлең сөздің
патшасы, сөз сарасы''
- ''Әсем ән
мен тәтті күй''
- ''Бір тәуір
дос тым-ақ керек''
- ''Махаббат
дүние көркі рас''
- ''Үш-ақ
нәрсе адамның қасиеті''
- ''Кешегі
өткен ер Әбіш''
- ''Осы үш
сүю болады иманы гүл''
- ''Сен есірке,
тыным ұйықтат, бақ сөзіме''
- Қара сөздері.
Афоризмдері.
- Дастандары:
''Ескендір'', ''Масғұт''.
- Аудармалары
- Абай шығармаларының
тілі, өлең құрылысы. Абайдың ақындық мектебі.
Әр тақырыпқа бір сағат берілді.
Барлығы 25 сағат.
Абай шығармашылығын оқытуда
бөлінетін сағат санын бұдан азайтуға
болмайды. Бұл берілген бағдарлама Абай
шығармашылығына аса терең бойласақ, малтығып
шыға алмай қаламыз. Сондықтан мектептің
жоғарғы сыныбында Абайды осы деңгейде
оқытсақ та қанағат.
Біз Абай лирикасынан қара
сөздерін бөлмей оқытуды жөн
деп таптық.
Аз сөзге көп мағына сыйғызып,
қиыннан қиыстырған лирикалық
талдап түсіне қою, оны оқушыға
түсіндіру оңай емес. Осы кезде
түсінікті, оқушыға ой сала
баяндайтын қара сөзін пайдаланған
тиімді.
Абайдың қиыннан қиыстырған образды,
терең ойлы, өткір тілін және қазақ өлең
құрылысына енгізген жаңалықтарына шәкірттеріміздің
назарын аударып меңгерту үшін ''Абай шығармаларының
тілі, өлең құрылысы'' деген арнайы тақырып
беріп отырмыз.
''Абайдың ақындық мектебі'' деген
тақырыптың білімділік, тәлімділік
мәні бар. Мұнда біріншіден, Абай ұстаз
ретінде танылады да, Абайдың өз алдынан
тәлім алған ақындардың шығармаларына
Абайдың тікелей ықпалы нақты мысалдармен
беріледі, екіншіден, Абайдың алдын көрмесе
де өзін Абайдың шәкіртімін деп есептейтін.
Абай рухын қабылдаған, Абайдан
кейінгі қазақ әдебиетінің өкілдерін
де Абайдың мектебінен өтті
дейміз. Үшіншіден, бүкіл ұлттық
санамыздың серпілісіне, алдына
Абайдың ықпалы, ұлы ұстаздың
өсиет-өнегесіне еш кетпегеннің
нақты дәлелдермен айтып берсек,
ұлы ақынымыздың әдебиетімізді, мәдениетімізді
дамытуға, жалпы ұлттық санамызды оятуға
сіңірген еңбегі айқындалып, шәкіртімізге
өнеге болмақ.
Абай шығармаларын 10-сыныпта оқыту
бағдарламасы.
(бұл
кіріспе тақырыптың аты Мағжанның
Абайға арналған өлеңінен алынды).
Бұл тақырыпта Абайдың халқымыздың
тарихы мың жылда бір туар
аса күрделі рухани құбылыс
екені, ол тек біздің халқымыздың
ғана рухани қазынасы емес, бүкіл
адамзаттың игілігіне кеніңен
тоқталған дұрыс.
- Абайдың
өмірбаяны. Заманы. Абай туралы замандастар
естелігі.
Ақынның өскен ортасы, алған тәрбиесі,
оқу жайы, ел билігіне араласып,
қайта білім жолын қуып, ақындықты
мұрат етуі. Өмір сүрген заманы,
тарихи жағдайлар. Ақынның шығармашылық
жасы. Абай тұралы замандастарының
естеліктері, оның танымдылық, тәрбиелік
мәні.
- Абайтану.
Рухани нәр алған бұлақ көздері.
Классик ақын-жазушылар қақында
жазылған сүбелі, монографиялық
ғылыми еңбектердің нәтижесінде
жеке тұлғаны тану ғылыми қалыптасатыны.
Ол әдебиеттанудың бір саласы екені.
Абайдың ақындық жолға түсу
соқпағы, қалыптасу кезеңіндегі
шығармашылығы (жас шағындағы
өлеңдері), олардың өзіндік табиғаты.
Абайдың көптеген шығармаларын
мектепте оқыту көптеген оқулық
авторлардың парызы болып келеді. Осы
уақытқа дейін Абай шығармаларын мектепте
оқыту әлі толық шешілгені жоқ. Мектепте
өте көп кемшіліктер кездесіп отырады.
Осыған бірнешеуін мысал ретінде айтып
кетсек жөн болар; Абай шығармасының
әлі толық тақырыптары жоқ. Сонымен
қатар логикалық байланысы да бұзылған.
Қара сөздеріне көп көңіл бөлінген жоқ.
Және де сол сияқты кемшіліктер көп. Әрине
бұған біздің ақын-жазушыларымызды кінәлауға
болмайды. Бірақ биыл ''Жаңа буын оқулықтарын''
жазу үшін барлық пәндерден эксперементтік
бағдарламалар шықты. Мысалы: 5-9 сыныпта
әдебиетті оқытуға түрлі өзгерістер енгізілді.
Әр сыныпта Абай шығармаларын
өту үшін бірнеше сағаттар
бөліп беріп жатты. Кейбір сыныптарға
сағат көбірек болса біреулеріне
бір сағаттан көп берілген жоқ.
Әр сыныпта Абай шығармашылығын әр тақырып
бөлініп берілген. Мысалы: 6-сыныпқа келетін
болсақ ''Шоқпардай кекілі бар қамыс
құлақ'', ''Құлақтан кіріп бойды алар'', ''Әсемпаз
болма әрнеге'' деген сияқты өлеңдері берілсе,
сонымен бірге 31-қара сөздерін өтуге бағдарламада
енгізілген.
Енді тағы айтып кетер мәселе
Абай шығармаларын мектеп оқушыларына
қалай үйрету керек, деген сияқты
мәселеге тоқталсақ жөн болар.
Абайды оқушыларға, оның жай ақын
еместігін дәлелдеп айтуымыз
керек. Оның шығармалары мектеп
оқушыларына оңай нәрсе емес екені барлығына
мәлім.
Алайда жас ұрпағымыз ұлы Абайды
терең оқып білмесе де оның
шығармаларын, өлеңін жаттап жүргені
ләзім. Абай шығармасын өткенде
тақырыпқа терең тоқталып, оған
көп уақыт бөліп талдау керек.
Ал жоғары сыныпқа барғанда Абайдың
шығармасымен қоса өлеңдері тереңнен
оқуға мәжбүр болады. Ал Абайдың тағы жыл
мезгілдеріне байланысты ''Жаз'' ''Күз''
''Қыс'' сияқтылар 5-сыныпта өтілу керек
деп ойлаймыз. Тағы сол сияқты өлеңдері
''Жасымда ғылым бар деп ескермедім''
''Ғылым таппай мақтанба'' 7-сыныпта өтілу
керек. Ал ''Әсемпаз болма әрнеге'' өлеңін
8-сыныпта өтілу керек екен.
Қазіргі әдебиет бағдарламасында,
9-сыныпта әдебиет курсы басталып,
бұл сыныпта ауыз әдебиеті, жыраулар
поэзиясы және сонымен қатар XIX
ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетіміз
өтіліп келеді.
10-сыныпта – қазақ әдебиетінің
тарихы оқытылатын орта мектептің
жоғарғы буыны. Қазіргі бағдарлама
бойынша Абай шығармаларына 19
сағат бөлінген де, оқуға 24 өлеңі,
''Ескендір'' дастаны, 6 қара сөзі берілген.
Абай атамыздан қалған мұрамыз 8 мыңдай
өлең жолы, яғни 175 тал өлеңі, 55 аударма
өлеңі, 45 қара сөзі, үш дастаны, 27 ән, 2 күй.
Абай шығармаларын бағдарлама бойынша
берілгенімен сол сағатпен өту керек.
Оны мүмкіндігінше азайтуға болмайды.
Әсіресе, жоғарғы сынып оқушыларына Абайды
тереңдете өтілуі тиіс. Біз Абай лирикасынан
қара сөздерін бөлмей оқыту жөн деп отырмыз.
Пайдаланған
әдебиеттер:
- Қанипа
Бітібаева ''Әдебиетті оқыту
- Құрманбаев
''Әдебиет сабағының
- Дайрабаева
''Оқытудың принциптері''
- Ханғаш
Сүйіншалиев ''Қазақ әдебиетінің
- А.Көбесов
''Абайтану дәрістері'' А. 2000ж.
- Қоңыратбаев
''Оқыту процестері''
- Жасымда
ғылым бар деп ескермедім
- С. Қирабаев,
Қ.Мырзағалив ''Қазақ
- Шәменов
Қ. ''Қазақ әдебиетінің тарихы''
- Тілеужанов
М. Сұлтанмахмұттың Абай