Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 08:43, аттестационная работа
Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде жалпы білім беру мәселесін қайта қарап, түрлі әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім оқыту технологияларын терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы тиіс. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологиясын меңгермейінше сауатты , жан-жақты маман болу мүмкін емес. Оқыту технологиясын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, көмектеседі.
Міндетім:
Сабақ- мұғалім мен оқушы арасындағы жұмыстың аса маңызды түрі. Мұғалімнің ізденісі, білімі, әдістемелік теориялық біліктілігі осы сабақта көрініс табады. Сондықтан сабақ өткізу барысында оқушыларды тәрбиелеп, олардың сабаққа қызығушылығын арттыра отырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланамын.
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Ақтоған орта мектебі
Шығармашылық ізденіс
Тақырыбы:
Бастауыш мектептегі дамыта оқыту жағдайындағы жүйелі жұмыстардың
үлгісі мен әдісі
ЖОСПАР
Бүгінгі Қазақстан – жаңа принциптерге негізделген егеменді мемлекет. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетті ел болу жолындағы талабына сай азаматты оқыту ісін жаңа сапалы өзгеріске толы деңгейге көтеруді талап етуде. Мұндай үлкен жауапкершілікті іске асыратын, әрине ұстаз.
Білім бұлағының көзін ашу бастауыш сыныптан басталады. Олай болса, бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.
Озық ойлы, тапқыр да, нәзік, сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт-бағдар беру, ой-өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті.
Баланың жеке басының шығармашылығын, қабілетін, дарындылығын дамыту мәселесі ежелден ақ ұлы ойшыларымыз Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған сондықтан олар өз еңбектерінде жеке тұлға қабілетін дамытуды үнемі көздеп отырған.
Көрнекті педагогтар мен ғалымдар Т.Тәжібаев, С.Мұқанов, Ж.Әбділдин, Қ.Жарықбаев, Т.Сабыровтың еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасының алтын қоры деп білеміз.
Тұлға баланың жаратылысынан бастап, қоршаған орта, әр түрлі күрделі әлеуметтік факторға байланысты дамытатын күрделі процесс.
(В.Э.Чудновский)
Тұлға – жеке адам өзін басқадан ажырата алатын, нақты қоғам мүшесі, есі кірген ересек кісі.
(Т.Тәжібаев)
Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілетін дамыту керек.
Негізгі бөлімі
Қабілет – жеке тұлғалық айырмашылық. Туа бітетін қасиет емес, ол өмір сүру барысында дамитын іс-әрекет көрінісі.
Психологтар қабілеттің екі түрлі деңгейде дамитынын дәлелдеді.
Шығармашылық – ойлап табу, жаңалық шығару, жетістікке жету белсенділігін арттыру. Шығармашылық күрделі психологиялық процесс, іс-әрекеті түрлі болғандықтан ол тек жеке адамға ғана тән. Ал бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы – тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субъективті жаңалық. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық процесіне тән кезеңдерін топтастыру:
Шығармашылық жұмыстын түріне, мақсатына қарай, бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабаттасып жатуы тиіс.
Шығармашылық процесс баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытса, «даму» ұғымының маңызы, мәні не?
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңару процесі, ескінің жоғалуы деген сөз. Барлық табиғат құрылысы сияқты, бала психикасы да үнемі дидактикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Даму процесіне 3 түрлі фактор әсер етеді.
Бұл – ата-анадан ауысқан, туа бітті, және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің ерекшелігі, қарым-қатынас нәтижесі.
Бұл – бала өмір сүретін орта, адамдар ортасы. Баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың мінез-құлқы, ақыл-ой бейнелері, олардың пікірі, істері, талаптары мен дағдыларының әсері.
Баланың дамуы, жеке бас ретінде қалыптасуы, оның белсенділігі арқылы жүзеге асады.
Психолог Выготский бала дамуының екі аймағы болады деген теория ұсынады:
Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға қалыптан тыс шешімдер қабылдап, ой жүгірте шешуге машықтандыру.
І. 1. Бастауыш
сыныптардағы сауат ашу, тіл дамыту
грамматика (қазақ тілі) тұрғысынан
оқушының шығармашылығын
а) Сөздің әр дыбысынан сөз тудыру:
Ә – әдемі, әдепті, әділетті
с – сұлу, сүйкімді, сезімтал
е – епті, еңбеккер, елгезек
м – мейірімді, мәдениетті, момын, т.б.
б) Мәтін құрастыру.
Әсем әдемі, әдепті қыз. Оның сүйкімді қылығы көп. Ол үлкенге де, кішіге де мейірімді.
2.Салыстыру.
Сүті балдай тәтті,
Көзі көмірдей қап-қара,
Ол не?
3.Сөзден сөз тудыру.
Дәптер, әдеп, пәтер, ер, ерте, тер.
Сауатты жазу мен байқампаздық артады.
4.Сөздің соңғы дыбысынан
Деңгейлеп оқыту әдісін қолданамын.
Кісі аттары: Талғат, Темір, Рақым, Марат.
Қыз есімі: Жанар, Рахима, т.б.
Жер-су аттары: Шымкент, Темір, Рига, Ақсу, Орал.
Жемістер: өрік, қызылша, алмұрт.
ІІ. Шығарма жазуға баулу, тапқырлықпен қиялдап тандай білу, сынай білу, ой тудыра білу.
Нәтижесінде бала өзі еркін ойланып, өздігінен пікір тудыра алады, ұтымды жауап береді.
ІІІ. Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлауды дамыту – педагогикалық технология.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теориялары басшылыққа алынады. Сын тұрғысынан ойлау ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қажетті екенін зерттеу, оларды жеңіл ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау керек.
Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттіні алуды үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы:
Осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне тоқталайын.
Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер етеді. «Тоқтау, түртіп алу, ойлау, жұптау, талқылау, болжау, әлемді шарлау» әдістерін сабақта дер кезінде пайдаланамын.
Оқушы қолына қалам алып, кездескен жаңа сөздерді:
- таңқалдырады
бір әңгіменің соңына дейін оқып, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Мұндай талдау оқушы өзін зейін қоя тындауға, тапсырманы орындау жауапкершілігі артады.
Сын көзбен ойлауды дамыту – оқушы оқыған, білгендерін саралап, жаңа өзгеріс енгізуге талпынып, үлкен әлемге еніп, ойын тұжырымдайды. Осылай іздену, толғану арқылы өзінің өзгергенін сезеді, өзгені сезініп, даналыққа бастау алады.
Ой-толғанысты ояту үшін 2-4 жол өлеңді, Венн диаграммасы арқылы еркін тақырыпта жазу. Венн диаграммасы арқылы еркін жазу тақырыптағы жаңа ақпараттан алған әсерін, нені үйренгенін, нені әлі білуге тиіс, т.б. жайлы өз пікірін дәптеріне жазады. Соңында сынып ұжымына оқып береді.
Венн диаграммасы бойынша салыстыру берілген объекті жазылып, ортасына екеуіне ортақ ұғым жазылады. Мысалы: А.Байтұрсыновтың «Ағаш» атты мысалын өткенде былай қолдандым.
«Ой жұмбақ» ойыны.
Ауызша сипаттау арқылы заттың атын табу.
Ең бастысы дұрыс сипаттау білу.
Үнемділікке тәрбиелеу.
«Ой толғау» ойыны.
Сынақ хатты аяқтау, қатемен жұмыс жүргізген тест арқылы бала білімін тексеремін.
Мақал-мәтелмен жұмыс.
Сиыр сүті тілінде.
Туған жердей жер болмас. (Дәлелдеу)
Алматыдай әсем қала жоқ.
Отан оттан да ыстық. (Дәлелдеу)
Еңбек, білім туралы сайыс.
Бұл баланың сөз саралауын, шешендігін дамытады.
Жоғары қиындықта оқыту принципі негізінде бала көзі жетеді.
Мал – баққанға бітеді.
Кісі малға жақсы күтім жасаса, сол үйдің малы көп болады.
Өлең жазуға баулу.
У-у-у ы-ы-ы а-а-а
Білім тоқу сабақ оқу жақсы бала
Таза жүру кілем тоқу ініңе қара
Сабақ оқу түгел білу
Буын арқылы өлен ұйқастыру
Ыр-ыр-ыр ыр-ыр-ыр
1.Мынау ала сиыр
Сабақта тыныш отыр.
2.Сүт береді сиыр.
Апам келе жатыр.
3. Бір мүйізді сиыр.