Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 08:43, аттестационная работа
Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде жалпы білім беру мәселесін қайта қарап, түрлі әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім оқыту технологияларын терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы тиіс. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологиясын меңгермейінше сауатты , жан-жақты маман болу мүмкін емес. Оқыту технологиясын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, көмектеседі.
Жаттап алды жыр.
3.Сөздер арқылы өлең тудыру.
Бір – ерте тұр, үйге кір.
Екі – жаттығу жасап, бекі.
Үш – жақсы түс.
Төрт – шықпасын өрт.
Бес – тәртіп жаман емес.
Сегіз – оқу, білім егіз.
Тоғыз – ұшып кетті қоңыз.
Осындай өлеңдер арқылы баланың өлең шығару, ойлау қабілеті артады.
Жаңбыр жауады.
1-оқушы – ақылды бала.
Күн күркіреді.
2-оқушы – үлкенді сыйла
3-оқушы – Отанды қорға
4-оқушы – кітапқа қара.
Мен ақылды баламын,
Айтқан тілді аламын.
Сабағымды көп оқып,
Болашақ ғалым боламын.
1) Санамақ, қайсысы дұрыс?
Бие құлындайды,
Түйе боталайды.
Қой қоздайды,
Сиыр бұзаулайды.
Биеде бар
Сиырда жоқ /жая/
Текеде бар
Қошқарда жоқ (сақал)
Оңыннан оқысан да,
Халықтың аты.
Соңынан оқысан да,
Халықтың аты. (қазақ)
Жұмбақ
Ағашында он екі,
Бір атаның әулеті.
Сегіз егіз.
Тегіс семіз.
Істі үш үзді,
Үш үзіп, үш бұзды.
Белгі беріп үш қасқыр,
Үш ысқырып, үш түшкір.
Мәтінмен жұмыс
а) Оқу түрлерінің сақталуы.
б) Мәтін бойынша түсінік айту.
в) Мәтінді бөлімге бөлу, ат қою.
г) Сұрақтар мен тапсырма бойынша жұмыс.
Шығармашылықты дамыту
а) Мәтін бойынша пікірталас тудыру.
ә) Кейіпкерді сипаттау.
б) Мәтіндегі ойды жалғастыру.
в) Мақал-мәтел, өлең ұйқастыру, жұмбақтар ойлап табу.
г) Кітапханамен жұмыс.
д) Сыныптан тыс жұмыстар.
ж) Салыстыру. Венн диаграммасы.
3. Пәнаралық байланыс.
а) Тақырыпқа сай сурет салу.
ә) Мәтін бойынша қиялдау, әңгіме құру.
б) Мәтін бойынша сахналау.
в) Мәтін бойынша сөйлем түрлерін анықтау.
Соңғы нәтиже деп бөлім сапасының гистограммасын көрсету.
Сөзімді дәлелдеу үшін Ана тілінен өтілген «Айтшы, әжетай» мәтінінен үзінді келтіремін.
Дамыта оқытуда жаңа материалды талдау – бұл бірлескен ізденіс. Мұғалім әр баланың интеллект деңгейін анықтай алады. Талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік сияқты қасиеттер бала бойында қалыптасады.
Салыстыру – заттар мен құбылыстарды салыстыру.
Салыстыру – ойлау мен қабылдаудың негізі, яғни заттың негізгі айырмашылық белгісін ажырату
Бастауыш сыныптарды оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары
Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен сусындаған оқушы жастар. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестеру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мысалы, қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.
Республикада оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа технологиялар бар. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бір технологияның өз атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Белгілі психолог Выгодский: «Дұрыс ұйымдастырылған оқу процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады», - дейді. Ұстаздық шығармашылығымды жетілдірген бағдарламамен жұмыс істеуді бастадым.
Қойған мақсатым: талабына сай баланың психологиялық ерекшеліктері мен табиғи қабілеттерін ескере отырып, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, балалардың сабаққа ынта- ықыласын арттыру, ой-өрісін, логикалық ойлау дәрежесін кеңейту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру, экономикалық, экологиялық, эстетикалық халықтық педагогикалық тәрбие беру.
Осы жұмыстарды ұйымдастыру барысында мұғалім үшін ең бастысы сабаққа лайықты әдіс –тәсілдерді дұрыс таңдау.
Қазіргі технологияны
қолдану дегеніміз-келешек
Педогогикалық технологиялардың негізіне мыналар жатады:
-әрбір оқушының жеке
және дара ерекшіліктерін
-оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу ,іздену дағдыларын
қалыптастыру.
Жаңа педогогикалық технологияларға ынтымақтастық педогогикасы,білім берудің ізгілендіру технологиясы,түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы,деңгейлік саралап оқыту технологиясы,міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясыжәне жобалап оқыту технологиясы кіреді.
Ынтымақтастық педогогикасының ерекшеліктері мынадай:
-мұғалім-оқушы,оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы,оқушы да-субьект.
Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.Амонашвили. Бұл технологияның мақсаты - оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Жаңа педагогикалық технологиялардың оқу-тәрбие үрдісінде алатын орны ерекше. Қазіргі кезде педагогикалық ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға еніп келеді. Дегенмен, оның мән мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте «Технология бұл қандайда істегі ,шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісінде белгілі бір мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын айтады.
М.Кларин: «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», - деп жазды.
Біздің пікірімізше, педагогикалық үрдіс технологиясы – мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының, психологиялық-педагогикалық нұсқаларының жиынтығы. Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Былайша айтқанда педагогикалық технология- оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылық терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі және оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жақсы құрамдас бөлігі.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,адамгершілік,рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Мәселелік оқыту-технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемдіктерін дамыту. Мәселелік оқыту технологиясының ерекшеліктері мынандай:
- оқушының белсенділігін арттыру
-оқу материалына баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу,
Тірек белгілері (сызбасы,сигналы) арқылы технологияның негізін қалаған В.Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей:
Ерекшеліктері:
Жаңашыл ресейлік мұғалім С.Лысенкова оза оқыту технологиясының авторы болып саналады. Оның негізгі мақсаты барлық баланы табысты оқыту.
Ерекшеліктері төмендегідей:
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясының төмендегідей ерекшеліктері бар:
Жоғарыдағы айтылған пікірге сүйенсек, бастауыш сыныптың жаңа жүйеге көшіру әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуді, батыл шығармашылықты талап етеді.