Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 09:50, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі
Еңбек нарығындағы қатал бәсекелестік жағдай жастардың алдына үнемі жұмыс іздеу проблемасын қояды. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2002 жылдың 3 тоқсанында жұмыспен қамту мәселелері бойынша органдарға 63,6 мың жас адам өтінішпен барған, олардың ішінен республика бойынша 23,5 мың жас азамат жұмысқа орналастырылған. Ауылдық жерлерде жұмысқа орналастырылған жастардың саны 6,7 мың құрады. Жастарды еңбекпен қамтудың ең тиімді жолдарының бірі маусымдық және қоғамдық жұмыстарды дамыту болып табылады. Бұл бағыттағы қызметтер жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жүзеге асырылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2002 жылдың 3 тоқсанында қоғамдық жұмыстарға 112,4 мың жұмыссыз қатысқан, олардың 8,5 мыңы жастар.
Әлеуметтік қорғаудың белсенді нысаны қандай да бір мамандық алу мақсатында, жастарды кәсіптік даярлық курстарында оқыту, сондай-ақ қайта даярлау мен біліктілігін арттыру болып табылады. Осылайша, көрсетілген кезеңде 605 мың адам оқу бітірді, оның ішінде 4906 адам алғаш рет оқыса, 1160 адам қайта даярлықтан өтті, 273 адам біліктілігін арттырды. Оқып-үйрену және қайта даярлықтан өткен жас адамдардың ішінен 3017 азамат жұмысқа орналасты, олардың 138-і өз ісін ашқан, 3096 адам оқу мен қайта даярлықты жалғастыруда.
Тұтастай алғанда ресми көрсеткіштер жастар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейде екендігін аңғартады. Өндірістің қүлдырауына, кәсіпорынның экономикалық және қаржылық проблемаларына негізделген жасырын жұмыссыздық деп аталатын немесе толық емес, ішінара жұмыспен қамтылу еңбек нарығына теріс әсерін тигізеді.
Жастар жұмыс тәжірибесінің және арнайы дайындықтарының жоқтығынан, жұмыс берушілердің көңілінен шықпайды және қабылдауға ілікпейді, бұл ең алдымен 16-дан 24-ке дейінгі жастағы жастарға қатысты болады. Еңбек нарығында алғаш рет шыққан жастар арасында айтарлықтай үлесті еңбек өтілі жоқ, оқу орындарының түлектері құрайтыны маңызды проблемаға айналып отыр.
Жұмыс іздеуде өтініш білдірген жұмыссыз жастардың құрамы бойынша бұрын жұмыс істемегендердің саны 36,7 мың адамды құрайды. Бұрын жұмыс істемегендердің ішінде жоғары кәсіптік білімі барлар – 15,9 мың адамды, орта кәсіптік білімі барлар – 41,6 мың адамды, бастауыш кәсіптік білімі барлар – 27,4 мың адамды, жалпы орта білімі барлар –117,6 мың адамды құрайды.
Еңбек нарығындағы қазіргі ахуал жұмыс күшінің экономиканың нақты секторынан жасырын түріне көшуімен сипатталады. Экономиканың аталмыш саласы ерекше кәсіптік білімді қажет етпейді, ол өз кезегінде жастарға, оның болашақ дамуына, парасатты қалыптасуына, кәсіпшілігіне кері әсер етеді. Осы процесстер жас азаматтардың санасында әлеуметтік құпталатын және әлеуметтік құпталмайтын қызметтердің өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Осылайша, еңбек жолына түскен жастар халықтың аса еліктегіш санатына жатады, оны ерекше тәуекелшіл топ ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің белсенді араласуынсыз жұмыссыздық жағдайына түбегейлі өзгерістер енгізу мүмкіндігі аз болып көрінеді.
Жастардың өз әлеуметтік-экономикалық қабілетін іске асыруына ықпал етуші оларды жұмыспен қамту мәселелері, жүйелі қолдауды қалыптастыру және қазіргі нарықтық жағдайға бейімделуіне, кәсіби жоғарылауға жағдай жасау сияқты мемлекеттік қолдаудың негізгі шараларынан жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамытуды ерекше атау керек.
Жастар саясаты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде жастардың өсіп-өркендеуін, азаматтық қалыптасуын алғышарттайтын құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды құрып, нағайтуды көздейді. Бұл міндеттерді іске асыру үшін мемлекетке ең алдымен концептуалдық, құқықтық-нормативтік негіз жасау шарт. Міне, осы міндетті іске асыру бүкіл мемлекеттік жастар саясатының ойдағыдай жүруіне септігін тигізеді. Бұл міндеттердің неғұрлым ойдағыдай шешілуі, жастар саясатының тиімділігін соғұрлым арттыратыны анық.
Жалпы Қазақстан Республикасының жастар саясатындағы әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесін қарастырмас бұрын, жалпы жастар саясатының қалыптасу барысына талдау жасағанымыз жөн болады. Бұл жастар саясатының жалпы көрінісін, осы саладағы шешілмеген сұрақтар буынының сипаты мен көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің көбінесе жастармен қарым-қатынасы басқа елдердегідей, жастар мәселесінің спецификалық шешімі қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымдарымен ерекшеленетіні белгілі. Сондықтан да Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатының қалыптасу және іске асу ерекшеліктерін осы салаға ретроспективті талдау жасау арқылы көре аламыз.
1990 жылдарға дейін жастармен жұмыс істеудегі көптеген функцияларды комсомолдың атқарғаны белгілі.
Жастармен жұмыс істеу барысында комсомол саяси-әлеуметтік жүйенің барлық саласында өте жоғары тәжірибе жинақтағанын атап өтуіміз қажет. Жасөспірімдерді патриотизмге, еңбекке, әдептілікке, дене даярлығына тәрбиелейтін кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесі мүлтіксіз жұмыс істеді. Комсомолдың тарихи тәжірибесі мен нақты іс-әрекеті оның кеңестік қоғамдағы орны мен маңызын айқындап, жалпы алғанда жастардың рухани дамуын қанағаттандырды деп айтсақ қателеспейміз. Студенттік құрылыс отрядтарын, оқушылардың өндірістік бригадаларын, жоғары кластардың еңбек және демалыс лагерлерін; «Золотая шайба», «Кожанный мяч», «Белая ладья» спорттық клубтарын; «Студент және ғылыми-техникалық прогресс» конкурстарын; қоғамдық мамандықтар факультеттерін; жас жазушылардың, композиторлардың, кинематографтар мен басқалардың отырыстарын; мәдениет, ғылым, техника, өндіріс және өзге де салаларда еңбек ететін жастарға сыйақы тағайындау сияқты тиімді түрлерін комсомолдың пайдалы жұмысы деп атауға толық негіз бар.
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы бір мақсатты – жас патриоттар буынын қалыптастыру, балалар мен жастарды шығармашылық еңбекке және Отанды қорғауға, өз елінің тарихы мен мәдениетіне шынайы сезімін тәрбиелеуді көздегені рас. Мысалы, тек осы жастардың араласуымен ел ішінде жаңа қалалар, энергетикалық, әскери-өндірістік комплекстер құрылды, тың игерілді. Сондықтан бүгінгі жастардың патриоттық тәрбиесіне комсомол тәжірибесінің берері мол деп есептейміз.
Жалпы комсомолдың жастар тәрибесіндегі орны мен маңызы туралы айтқанда, оның іс-әрекетінің біржақты болмағанын атап өтуіміз керек. Ол көбінесе мынадай факторлармен, яғни комсомолдың барлық іс-әрекетінің негізінде саясаттандыру және идеологизациялау жатқандығымен, жастарды демографиялық-әлеуметтік топ ретінде қатаң бақылауда ұстауымен ерекшеленді.
Сондықтан 1980 жылдардың аяғында комсомолда келесі қарама-қайшылықтар туындады:
– орталық бас ұйым және одақішілік басқарма арасындағы кейбір мәселелер бойынша келіспеушіліктің жиілеуі;
– Одақ мүшелерінің санының артуы, ұйымды басқару механизмдеріндегі олқылықтар;
– ұйымның ішкі құрылымындағы бюрократиялық құбылыстың өршуі;
ұйым жұмысындағы өз бетінше әрекет ету механизмдерінің болмауы.
Дегенмен, комсомолдың саясатындағы жағымсыз тұстар оның жалпы оңды іс-әрекетін өзгерте алмайды. Сондықтан да осыны мойындай отырып және де қазіргі Қазақстанның даму ерекшелігін ескере отырып, комсомол мен пионер ұйымдарының көптеген тиімді бағыттарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін, жұмыс істеу механизмін қайта құру қажет.
Бүгінгі таңда Елбасының қолдауымен мемлекеттік жастар саясаты концепциясы бекітіліп, барлық облыстарда жастар саясаты бағдарламасы қабылданып, үкіметте және жергілікті басқару органдарының ішінен жастар ісі бөлімі ашылып, жұмыс істеуде. Мәселен, осындай бағытта бекітілген «Қазақстан жастары –2009» бағдарламасы жеті бағытты қамтыған:
Бұл бағдарламаның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық механизмдерін ойластыру. Осы бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен, халықаралық ұйымдардың грандтарыннан бөлінуі тиіс.
Қазіргі таңда мемлекеттік грант пен кредиттің санын екі есеге дейін өсіру мен студенттік стипендияны ең аз жалақының деңгейіне көтеру ұсынысы өте өзекті де қажетті мәселе болып отыр. Сонымен бірге жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуда кредиттік және салықтық жеңілдіктер беру күн тәртібіндегі мәселе екені рас.
Соңғы уақыттағы қабылданған «Жастар туралы» заң жастар ұйымдарының пікірінше қордаланған жастар мәселесін шешуге және олардың білім, медецина, еңбек нарығындағы қызығушылықтарын қорғауға ат салысады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша «қазіргі таңда жаңа буын өкілдері жоғары интеллектуалды, энергияға толы күші мен талпынысын көрсетуде. Жастар еліміздегі реформалардың тірегі мен қозғаушы күшіне айналуда». Әрине республикамыздағы әр үшінші адам жастар қатарында болса, олардың қоғамда ықпалды топ екендігін аңғару қиын емес.
Сол себептен Қазақстан жастарының жалпы жай-күйі билік жанынан құрылған жастар ісі бойынша арнайы органдардың бақылауында болуы орынды. Қоғамның, мемлекеттік құрылымның, өкілеттік өкімет органдарының назарын жастар проблемасына аударуының бірден бір айғағы – Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігі құрамынан арнайы Жастар саясаты департаментінің құрылуы болды.
Үкімет жанынан құрылған осы уәкілеттік органда қоғамымыздың көптеген әлеуметтік, бірінші кезекте өспірімдер мен жастардың мүддесі мен құқығын қорғауға қатысты проблемаларды шешуде балалар, жастар және басқа да үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Мұндай жұмыстың бетке ұстары ретінде „Қазақстанның болашағы үшін” республикалық жастар қозғалысының жемісті еңбегін көсетуге болады.
Жастардың патриоттық сезімін, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыруда олардың әлеуметтік проблемаларын шешудің маңызы зор. Сондықтан, билік өкілдерінің жастарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша атқаратын жұмыстары баршылық. Жастар мен билік арасындағы өзара әрекеттестіктің біріне - әлеуметтік саладағы әріптестік жатады. Қазіргі Қазақстан үшін жастар мәселесін шешуге бағытталған әлеуметтік қызметті құруда жастардың өз ынтасы мен жеке жауапкершілігінің айрықша мәнге ие екендігі айтпаса да белгілі.
Кезінде Қазақ ССР-де 1991 жылы 28 маусымда «Қазақ ССР-дегі мемлекеттік жастар саясаты туралы» №722-XII заңы жұмыс істегені белгілі.
Заңда жас жанұяларға үй алуға немесе салуға ұзақ мерзімді пайызсыз несие алу, мемлекеттік болып табылатын барлық транспорт түрлеріне жүретін 50 пайыздық жеңілдіктер беру, жылына екі рет еңбек демалысын беру, дүниеге сәби әкелген жағдайда жас жанұяларға ұзақ мерзімді пайызсыз қарыз беру, өндірістерде салық төлеу кезінде «ученическое», «студенческое», «молодежное» мәртебесімен жеңілдіктер жасау қарастырылған.
Оның үстіне, жұмыссыз жүрген жас азаматтарға: барлық мемлекеттік өндірістерге, өнеркәсіптерге, ұйымдарға жас азаматтарды жұмысқа қабылдауға квота тағайындау; мемлекеттік оқу орнын бітірушілерге, жас әскери қызметшілерге, үш жылдан астам еңбек стажы барларға жұмысқа орналасуға ұсыныс беру; жұмыс іздестіру кезінде қиыншылықтар көрген, сондай-ақ жұмыссыз ата-аналары немесе оларды ауыстыратын кісілері барлар, бас бостандығынан айырылғандар отыратын жерлерден келген азаматтар, зағип жандар, еріксіз келген мигранттарға еңбекке орналасуда әлеуметтік қорғауды талап ететін кепілдіктер берілген. Тіпті, жас азаматтарға Қазақ ССР-нің және өзге де одақтас республикалардың оқу орындарында коммерциялық негізде оқуға ақы төлеу үшін 10 жылға дейінгі мерзімде несие беру қарастырылған болатын.
Алайда, 1991 жылдан кейінгі уақытта бұл заңның көптеген баптары бүгінгі Конституция мен заңдың актілерге енбей, олардың осы бағыттағы әрекеттері тоқтатылды. Келесі кезекте тоқтатылған «Қазақ ССР-дегі мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның көптеген әлеуметтік баптарына сәйкес келетін өзгертулер мен қосымшалар болды.
Қазіргі кезеңде жастар саясатының жаңа нормативтік-құқықтық базасын құруда жоспарланған іс-шараларға сәйкес жұмыс атқарылуда. Бұл бағыттағы маңызды қадам ретінде республика азаматтарының, оның ішінде жастардың міндеттері мен құқықтарының негізі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы кепілдіктер бекітілген, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы жаңа Конституцияның қабылдануын атап өтуге болады.
1999 жылы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 73 жарлығымен, қазіргі күнде республикалық жастар саясатының негізгі құжаты болып табылатын «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының концепциясы» қабылданды. Концепция тәуелсіз мемлекеттік жастар саясатының жаңа приоритеті мен стратегиясын анықтап берді. Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаты - жас буынның өсіп-өркендеуі мен азаматтық қалыптасуы үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және бекіту болды.
Жастар саясатының басты басымдылықтарын іске асыру үшін келесі мақсаттар бөлініп көрсетілді: