Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары Ойын технологияларының мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 12:34, реферат

Краткое описание

1. Ойын технологиясының даму тарихы.
2. Ойын бағдарламасыныњ негізін құрайтын тапсырмалар.

Вложенные файлы: 1 файл

Реферат Ойын технологиясы.docx

— 36.03 Кб (Скачать файл)

Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы; ойындарға қойылатын бірінші талап - оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:

а) балаларға езінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;

ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;

6} білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету:

в)  ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;

г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.

Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор.

Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, қурастырып ойнайтын ойыншықтардың ориы ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың турлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалык, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.

Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз - Егер арасында ойын араласып келіп отырса. оқушылар сабак мазмұнына аса назар  аударып, тез қабылдап, ұғып алады.

С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:

-  еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже ушін емес, баланың қанағаттануына байланысты.

-  әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы - ойынның мазмунын сипаттайтын қағидалар [3].

Жоғарыда аталған белгілерге байланысты ойынның бастауыш сынып оқушыларының білімін берік меңгеруіне тигізетін әсерін анықтау үшін біздер мына сұрақтарға жауап іздедік. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті уйымдастыруда ойынның қурылымы қандай болмақ? Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ойынды қалай пайдалану керек? Ойынды бастауыш сынып оқушыларының жас жөне психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қалай қолдану қажет? Сол сияқты тағы басқа сурақтарға жауап іздеу барысында біздер әртұрлі бастапқыларға талдау жасауды мақсат көздедік.

Ұлы Абайдың "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?" деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын керуге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткек Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев. Ш.Құдайбердіулы, С. Торайғыров т. б.

Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци [8] ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірмек Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский [9], тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий өз пікірлерін білдірген.

Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану - болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген

Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының назарын аударатын ойын түрлерінің бірі - спорттық ойындар. Бұл ойын түрі берілген тапсырманы орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып, т.б. көптеген қасиеттерін дамытады.

Оқушылардың негізгі әрекеті - оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, булардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу - білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас - бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын - пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек - қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бундай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.

Я.А.Коменский "Ұлы дидактика" деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңцерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы ретінде "ойынды" айтуға болады.

Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сұйгіш келеді. Сондықтан муғалім сабақ барысында ойын тұрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле тұседі.

Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңцап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Әйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.

Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық "деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа" деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, өр тақырыл бойына ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.

Мысалы, КВН типті сабақтар 

Кейінгі кезде КВН түріндегі сабақтарды өткізу барлығына танымал болды. Оны қолдану саласы – оған тақырып пен тарауларды қайталау тән.

Жарыс бес сайыс – этаптарынан тұрады.

І кезең– бой жазу (разминка). Тапсырма: өткен тақырып бойынша әңгіме құрастыру; бір оқушы бастайды, ал екіншісі жалғастырады т.с.с.

ІІ кезең – «Үй жұмысын тексеру» сайысы. Тақырыптағы барлық негізгісі бейнеленген бағаға ойнау керек.

ІІІ кезең – тапсырманы шешуде жауапты таңдау.

IV кезең – «Ойлан тап» сайысы (конкурс «Угадай»). Топтағы бір оқушы кластан шығады, ал ол оқушы келгенде басқалары іс-қимыл, ишарамен айту арқылы қолданбалы өнердегі қандай түсінікті жасырғандарын түсіндіру керек (мысалы: «Ою», «Жіп пен ине», «Кескіш» т.с.с.).

V кезең – «Артистер» мен «суретшілер» сайысы. «Суретшілер» тобы сыртқа шығады. Түсіндіруші экспериментті көрсетеді және оны түсіндіреді. «Суретшіні» шақырып, «артист» ол үшін пантомимикалық әрекет арқылы көрсетеді, ал «суретші» оның жауабын шешіп, оның суретін салу керек.

Соңғы кезең – қорытындыны шығару.

Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын тұрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу [14].

Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім, білік, және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіое отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау жөне тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

Қорыта келгенде, оқу урдісінде "ойын" түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту қуралы болса, екіншідең балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын кетеру болып табылады.

 

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Сарбасова Қ.А., Мүхаметжанова А.О. Инновациялык педагогикалық технологиялар арқылы бастауыш сынып мүғалімдерінің даярлығын жетілдіру // «Бастауыш сынып мүғалімдерін кәсіби даярлаудың проблемалары және келешегі»

2. Новые методы и средства обучения: Сб научных трудов. М., 1993.

 

Қосымша:

1. Дидактика средней школы/Под.ред. М.Н. Скаткина. М., 1982.

2. Кириллова Г.Д. Методы  обучения в современной школе. М., 1985.

 

 


Информация о работе Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары Ойын технологияларының мүмкіндіктері