Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 21:14, реферат
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері окушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және үлттык, сана – сезімін тәрбиелеуді көздейді.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп — қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім. Педагогтың кәсіби – құзыреттілігі — өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиеле көрсеткіші
ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
2) әлеуметтік
– психологиялық, этикалық –
педагогикалық және ұстаздың
жеке басының сапалары
3) психологиялық
және педагогикалық даярлық;
4) мамандық бойынша
даярлық;
5) пән бойынша
даярлық.
Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан туады. А.Николс ұсынған жаңалық енгізудің модел инновацияның үш турлі кезеңін даярлық, жоспарлау, жаңалықты енгізуді қамтиды. Инновацияның мазмұндық құрылымына кіретіндер — білім беру — тәрбиелеу үрдісінде, оқу — тәрбие жұмысын және оларды меңгеріп алу, зерттеу, мектептегі оқу – тәрбие үрдісіне енгізу.Болашақ ұстаздың инновациялық іс — әрекеті төрт түрлі өлшеммен сипапалады: ♦ инновациялық іс — әрекеттің қажеттілігін сезінуі; ♦ оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашалықпен қызмет етуге даярлығының болуы; ♦ енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуы; ♦ белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс - әрекетті толық өзіне қабылдап, оны енгізе білуі. Мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін ғалымдар былай сипаттайды: 1. Инновациялық іс — әрекеттің негізгі міндеттері: ♦ жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау; ♦ жаңалықтың жетімсіз жақтарын
анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу; ♦ жаңалықтарды басқа жаңалыктармен салыстырып, олардың тиімдісін тандап алу, мәні мен зерттелуін анықтау; ♦ жаңалық енгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау. Бұл міндетті шешу үшін (зерттеу проблемасы бойынша) мынадай косымша міндеттер шешілуі қажет: ♦ арнайы әдістемелік әдебиеттерді, қосымша газет-журнал материалдары-нан, жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық іс-әрекет түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолданылу мүмкіндіктерін айқындау; ♦ өз іс — әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру. 2. Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары: конструктивтік, ұйымдастырушылық, қарым – қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік. Бұл функцияларды іске асыруда мұғалім іс-әрекетінің түрлері бөлініп корсетілген: ♦ өзінің және оқушының іс — әрекеті жоспарлауда оны дамыту мен қалып-тастыру үрдісінде құрылымдық тұрғыда іске асыру іс — әрекетінің міндеттерін шешу үшін, мұғалім оқу — тәрбие жұмысының бастауыш білім берудегі білім мазмұны мен кезеңдерінің әдістемесінің бірлігін сақтау;♦ оқушы іс — әрекетінің құрылысын жоспарлау және оған педагогикалық жетекшілік жасау; ♦ негізделген инновациялық іс-әрекеттерді тандау, анықта; ♦ ұжымдағы оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма-ларды ұйымдастыруы қажет. Бұл құрылымдық тұрғыны іске асыруда мұғалім ғылымның, әдістеменің соңғы жаңалыктарын, инноваииялық іс-әрекетті пайдаланып құрылған сабақтар жүйесін жасайды. Сабақтың әр кезеңін шығармашылықпен өткізіп, оқушы іс-әрекетін ұйымдастыруда инновациялық іс — әрекетті тиімді қолдану жоспарын жасайды.
Ұйымдастырушылық
іс — әрекет міндеттерін шешу үшін: ♦
оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты
ұйымдастыру; ♦ оқушының оқудағы психологиялық
және практикалық даярлығын ұйымдастыруға
жағдай жасау; ♦ оқушыларды әртүрлі оқу
— тәрбие жұмыстарына баулу; ♦ шығармашылықтарын
дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру; ♦
сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға
оқушыларды дайындай білуі. Қарым – қатынас
тұрғысындағы әрекетті іске асыру: ♦ оқушы
мен мұғалім арасында іскер қарым-қатынас
орнықтыру; ♦ оқу үрдісіндегі ұжымдағы
оқушылар қарым-қатынасын жақсарту. Дамытушы
тұрғыдағы іске асыру қызметі: ♦ инновациялық
іс-әрекетті оқушының жас өспірім физиологиясына,
педагогикалық-психологиялық ерекшелігіне
сәйкес қолдану; ♦ оқу үрдісіне оқушының
ақыл – ой еңбегін ұйымдастыру; ♦ оқу
үрдісінде педагогикалық жағдаят тудыру
арқылы, оқушының өздігінен ойлауымен
оқылатын шындық болмыс арасындағы байланысты
білу, оқушының білімге қызығушылығын
арттыру; ♦ алдыңғы қатарлы озық тәжірибелердің
оқушы білімін дамытушы әдіс — тәсілдерін
қолдану. Акпараттық функцияны іске асыру
қызметі: ♦ оқу материалдарын еркін меңгеріп,
оны жеткізе білу әдістемесі мен тәсілдерін
қолдана білу; ♦ пән мазмұнына ғылыми –
дидактикалық талдау енгізу; ♦ оқытуда
жаңа технологиялар элементтерін қолдану.
Зерттеу функциясы қызметін іске асыруда: ♦
проблема бойынша зерттеу жұмысын жүргізу; ♦
педагогикалық қызмет түрлерін қайта
күру мен бағалау; ♦ инновациялық іс —
әрекетті тиімді пайдалану мақсатында
оқып үйрену. Мұндай жеке бас қасиеттеріне
авторлардың көбі білімді, дағды мен іскерлікті
және жеке бас сапаларды жатқызады. Жұмысымызда
жеке бас қасиеттерінің әр көрсеткіштеріне
жете тоқтап, талқылауды жөн көрдік.
Білім сферасына біз идеологиялық әдістемелік,
психология – педагогикалық және ақпараттық
мағлұматтарды жатқыздық. Идеологиялық
мағлұматтарга: қоғам дамуының тенденцияларын
айқындау, бастауыш білім беруді жетілдіру,
философиялық, педагогикалық-психологиялық көзқарастарының болуын жатқыздық.
Психология – педагогикалық көрсеткішке: педагогикалық этика, инновациялық іс — әрекетті меңгеруге мұғалімнің психологиялық даярлығын, жаңалыққа сенімінің болуы, қолданылған талпынысының болуы, педагогикадан, психологиядан, әдістемелік пәндерден білімінің болуы, инновациялық іс — әрекет өлшемдерін, алдыңгы қатарлы озық тәжірибе туралы білімінің болуын жатқыздық. Ақпараттық білімге: инновациялық іс — әрекет туралы ақпарат материалдарын жинақтауды, мұғалімнің монографиялық, периодикалық, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жүргізе білуін жатқыздық. Өз зерттеуімізде мұғалімнің жеке бас қасиетінің негізгі мамандыққа тон мынадай іскерлік түрлері қалыптасуы қажет деген ойға келіп отырмыз:
♦ бастауыш сыныптарда қолданылатын жаңашыл әдістемелерді анықтау іскерлігі; ♦ әр оқушының жеке басының қабілетін есепке алу іскерлігі; ♦ оқушылардың таным қабілетін, өздігінен білімін, іскерлігі мен дағдысын жстілдіру іскерлігі; ♦ жаңашыл одістемелердің мүмкіндігін мақсатксрлікпен пайдалана білу іскерлігі. Мұғалім қызметінде осындай білім іскерлік пен дағдыны қалыптастыру жүйесін қолдану оның кәсіби шеберлігін қамтамасыз етеді. Сонымсн инновациялық іс — әрекетті зерттеген ғалымдардың пікірлерін бір жүйегс келтіре отырып, біз мынадай қорытындыға кслдік: инновациялық іс — әрекет дегеніміз — мұғалімнің жаңашыл идеяларды, жаңашыл әдіс – тәсілдерді оқу – тәрбис үрдісінде өз кәсіби тәжірибесіне, мектеп жағдайына, балалардың білім дәрежесіне байланысты енгізуін айтамыз.
Инновациялық іс — әрекетті жүзеге асыру әрекетінің ролі — жаңа білім беру бағдарламаларынан, әдіс – тәсілдсрімен танысып, талдау; оларды оз жүмысында қолдану туралы шешім қабылдау; жаңашыл әдіс – тәсілдерді өз еңбегіндс қолдану мақсаттарын белгілеу; эксперименталды жүмыстың кезеңдерін жоспарлау; болашақ қиыншылықтарды болжау; жаңашыл әдіс – тәсілдерді, идеяларды педагогикалық үрдіске енгізу; инновациялық іс – әрекеттің нотижесін қорытындылап, бағалау, талдау. Жеке тұлғаға берілген көптеген ғалымдардың анықтамаларын сараптай келе, жеке тұлға дегеніміз — әлеуметтік қатынастар мен саналы іс — әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі — оның әлеуметтік мәнінің болуы, әлеуметтік функцияларды (қызмет-терді) атқаруы деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қоғамның басты тірегі адам — жеке түлғаны қалыптастыру мәселесі тың түрғыдан танылуда оның қалыптасуына әсер ететін факторлар да шетте қалмауы тиіс. Атап айтатын болсақ, педагогикада жеке түлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін шешуші факторлар: орта, тәрбие, тұқымқуалаушылық. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы шешуші факторлардың бірі — тәрбие. Тәрбие — есіп келе жатқан жас үрпақты өмірге даярлау-дың барлық жағын қамтитын, жекетүлғаны ғасырлар бойы жиналған адамзаттарихын-дағы тәжірибені игертіп, біліммен жарақтандыруға бағытталған қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі үдіріс. Тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің байланыстылығы, тәрбиеленушілердің іс — әрекетін қоғамға пайдалы етіп үйымдастыру. Бізге бүрыннан белгі болып келген тәрбиенің үйымдастырушылары: отбасы – ата – ана, балабақша — тәрбиеші, мектеп — мұғалім. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мәселесіне баса назар аудару керек. «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне не жатады?» деген сураққа жауап бермес бурын, кәсіби қузіреттілік терминінің мәнін ашып алайық. Ол үшін В.А.Сластенин ұсынған кәсіби құзіреттілік ұғымына сүйенеміз. Кәсіби құзыреттілік — жеке тұлғаның кәсіби іс — әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагогтың
кәсіби қузіреттілігіне муғалімнің оқу — тәрбие үдірісін ұйымдастыруда өз
мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни, оқушыларымен жүмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзіреттілік ұғымына мұғалімге тән болуы тиіс барлық қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мүғалімнің білім – білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жүмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым- қатынас стилі, әдеп т.б жатқызамыз. Педагогтың кәсіби құзыреттілігін төмендегідей: Олар: муғалімнің бойынан табылатын субъектілік, нысандық, пәндік компоненттер. Егер аталған компоненттердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталатын болсақ, онда:
— субъектілік
компонентке: муғалімнің мақсат қоя
білушілік, шығармашылық және өзін дамыту
барысында өзіндік
— кәсіптік – педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы; - инновациялық технологияларды меңгеруі; — педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлігі; — шығармашылық шеберлігі. Педагогтың кәсіби құзыреттілігін төмендегідей ашып айтуға болады: — іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейікің болуы — яғни педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, ди-дактика, бастауыш сыныпта оқытылатын барлық пәндерді жүргізу әдістемесі, сол пәндер арқылы оқушыларға берілетін білімдерді терең игеру;
- түйінделгөн іскерлікті, дағдыны, қабшетгі меңгеруі — дидактикалық, танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға деген қабілет, теория мен практиканы байланыстыра алу қабілеті, диагностикапық іс — әрекет. Ғылыми – зерттеу іс — әрекетімен айналысу; - кәсіптік – педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы — бурыннан қалыптаеқан «мұғалімнің айтқаны әрқашан дүрыс» деген қағидадан аулақ болып, мүғалім тек ақпарат таратушы ғана болмай, оқушының жеке түлға бслып қалыптасуы-ның басты көмекшісі болуы керек, оқушы-нын, даму деңгейіне қарамастан, оның тулғасын қүрметтеу, авторитарлық биліктің орнын өзара бірлескен қызмет, көмек, оқушының аз да болса да жетістігіне қуана білушілік басыы болуы керек. Оқушылардың әрқайсысын тануға тырысу, өз маман-дығын сүю; -инновацялық технологияларды меңгеруі — педагог өзінің шығармашылық іс — әрекетінің арқасында тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру үшін қазіргі кездегі бар инновациялық технологияларды меңгеруі тиіс. Жаңа инновациялық технологияларды ғылыми ізденіспен тәжірибеге енгізуде өз үлесін қосуы қажет;
- педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсігттік, шығармашылық іскерлігі педагогикалық міндеттерді шешу барысында шеберлік танытып, өзінің білім, білік дағдыларын пайдалана отырып, оқушыларға тиісті білімдер жүйесін меңгерту. Оқушылардың білімдерін тексеруде мұғалімнің жүргізетін диагностикапық іс — әрекеті; — шығармашылық шеберлігі — мүғалім оқушыларды оқытып қана қоймай, оларды тәрбиелеумен айналысатыны белгілі, мек-теп өмірінде небір қиын
жағдаяттар кездесіп жатады, сондай жағдаяттарда өзінің шығармашылықпен
ойлай білетіндігін, шеберлігін танытуы тміс. Сонымен қатар оқушылармен, сыныппен жүргізілетін түрлі мәдени шараларды ұйымдастыруда дайын жоспарларды пайдаланбай, сол сыныпқа, сынып ішінің қүрамына, сипатына тән жоспарлар жасап, оқушылар үшін, ата – аналар үшін, мүғалімнің өзінің өз ісіне қанағаттануы үшін қызықты іс – шара өткізе білуі шарт.
III. Қорытынды
В.А.Сухомлинский: «Барлығы да балалық шақтан басталады, жас өспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты» — деп есептейді. Баланың дүрыс тәрбиеленуі үшін оның тәрбиесін жүзеге асыратын мүғалім, педагогқа қойылатын талаптар кәсіби қузіреттілік шарттарына сай болуы керек. Кәсіби қүзіреттілікке қатысты анықтама және оның құрамды бөліктері жоғарыда аталып өтті, олардан аңғарғанымыздай маманның кәсіби құзыреттілігіне мүғалімнің бойында болуға тиіс барлық қасиеттер енеді. Олай болса, ол қасиеттерге ие педагог қандай жетістіктерге жететіндігін атап өтейік. Педагог маман сыныпта жүргізілетін пәндерде балаларға берілетін барлық білімді жетік білуі, материалды түсінікті жеткізуі, оқушылардың білімін дұрыс бағалай білуі, олардың бойында тәжірибелік білімдерді қалыптастыруы. Өзінің іс — әрекетін сын-тұрғыдан бағалап, кәсіби құзіреттілікті жетілдіру, оқушылармен дүрыс қарым – қатынас ор-нықтыра білу, ата – аналармен тіл табыса алу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мүғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата – аналарына сыйлы болатына даусыз. Өз білімін жетілдіре отырып, оқушыларды арнайы үғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету, оқушыларды ғылымға жақындатады, әрі олардың алған білімдері негізді болады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс -тәжірибе мен еткеннің озық тәжірибелерін шебер пайдалана білу оқытушының құзыреттілігін танытады. Мұғалімнің құзыретгілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Оқыту процесінде тәрбие жүмысын тиімді жүргізе білу, оқушыда жоғары адамгершілікті, патриотизм сезімін, еңбексүйгіштік, дербестікті қалыптастыру білігі педагогтык шеберліктің тағы бір элементін қүрайды. Осылайша, педагог қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін баскара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы түлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.
Информация о работе Жеке тұлғаның қалыптасуына тікелей ықпал етуші – мұғалім