Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 20:00, реферат
Осы Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жөніндегі бағдарлама әзірленетін болады.
Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды:
• ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар;
• Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері;
• білім берудің деңгейлері мен мазмұны;
• Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер;
• Тұжырымдаманы іске асырудың кезеңдері.
1. Кіріспе.
2. Білім беруді дамытуды тежейтін факторлар.
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.
4. Білім берудің деңгейлері мен мазмұны.
4.1 Деңгейлері.
4.2 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту.
4.3 Орта білім беру.
4.3.1 І саты – бастауыш білім беру.
4.3.2 II саты-негізгі білім беру.
4.3.3 IIIсаты-орта білім беру.
4.3.3.1 Бейіндік оқыту.
4.3.3.2 Техникалық және кәсіптік білім беру.
4.4. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
4.5. Жоғарғы білім беру.
4.6. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
5. Тұжырымдаманы іске асырудан күтірілген нәтижелер.
6. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері.
Техникалық және кәсіптік білім берудің
мазмұны жалпы кәсіптік және арнайы пәндердің
кәсіптік білім беру бағдарламаларын
ойдағыдай меңгеруде жетекші болып саналатын
жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық
пәндер бойынша ықпалдастырылған курстарды
зерделеуді және қалаған мамандық бойынша
жұмыстың кәсіби дағдыларын меңгеруді
көздейді.
Техникалық және кәсіптік білім берудің
құрылымы іске асырылатын кәсіптік білім
беру бағдарламаларының мазмұнына қарай
мыналардан тұрады:
1. Бірінші сатыдағы техникалық және кәсіптік
білім беру, ол күрделі емес жалпы кәсіптер
бойынша немесе тереңдетілген теориялық
және кәсіби даярлықты қажет етпейтін
кәсіптердің тобы бойынша жұмыстарды
орындаудың біліктері мен дағдыларын
меңгеруді көздейді.
Бұл сатыдағы кәсіптік білім беру бағдарламаларын
іске асыру негізгі білім беру базасында
жүзеге асырылады. Оқудың ұзақтығы – 2
жыл. Білім алушының оқу бітіргеннен кейінгі
кәсіптік біліктілігі таңдаған кәсібі
бойынша ІІІ разряд беруді қамтамасыз
етеді.
2. Екінші сатыдағы техникалық және кәсіптік
білім беру, ол неғұрлым күрделі (аралас)
мамандықтарды меңгеруді және жоғары
технологияның өндірістік жұмыстарын
орындау мен экономиканың ғылымды қажет
ететін саласындағы кәсіптік қызметті
көздейді. Білім беру бағдарламалары жалпы
гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік,
арнайы пәндерді оқуды және кәсіби дағдыларды
сіңіру мен нығайту жөніндегі практикалық
жұмыстарды орындауды көздейді. Оқудың
ұзақтығы 2+1 жылды құрайды.
Екінші сатыдағы кәсіптік білім беру бағдарламаларының
мазмұны оқу аяқталғаннан кейін техникалық
немесе кәсіптік білімнің кәсіптік біліктілігін
және таңдаған кәсібі бойынша 4 разрядтан
(санаттан, сыныптан) кем емес жұмысшы
біліктілігін беруді көздейді.
Орта білім берудің құрылымы мен мазмұнын
өзгерту педагогикалық кадрларды даярлау
мен біліктілігін арттыру жүйесін едәуір
жаңартуды қажет етеді. Пәнді оқытушы,
білім беруші педагогтың орнына жаңа педагогикалық
технологияларды,оқытудың ақпараттық
құралдарын, тәрбиенің қазіргі нысандарын
меңгерген кәсіби білікті педагог келуге
тиісті.
Орта білімнің білім беру бағдарламаларын
меңгеру оқушыларды қорытынды мемлекеттік
аттестаттаумен – Бірыңғай ұлттық тестілеумен
аяқталады.
4.4. Орта білімнен
кейінгі кәсіптік білім беру
Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім
беру (орта білімнен кейінгі жоғары емес
білім – ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес
атауы) қызмет көрсету және басқару сипатындағы
орта буынның білікті кадрларын даярлауға
арналған кәсіптік білім беру бағдарламаларын
қамтиды. Орта білім базасында оқытудың
ұзақтығы – кемінде 2 жыл, техникалық және
кәсіптік білім беру базасында – 1 жылдан
кем емес.
Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім
берудің мазмұны кәсіптік бағдарламалармен
қатар бакалавриаттың әлеуметтік-гуманитарлық,
жаратылыстану-ғылыми пәндерін қамтитын,
және қауымдастырылған дәреже беру немесе
3 курстан бастап бакалавр бағдарламалары
бойынша жоғары оқу орындарында оқуды
жалғастыру мүмкіндігін беретін қауымдастырылған
білім беру бағдарламаларын меңгеруді
көздейді.
Кәсіптік оқыту және
кадрлар даярлау курстары бір бейінді
кәсіптер бойынша күрделі емес жұмыстардың
біліктері мен дағдыларын меңгеруді және
нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша
қолда бар біліктілік деңгейін ескере
отырып жасалған, өндірістегі жаңа техника
мен ақпараттық технологияларды пайдалану
жөніндегі кәсіптік білім беру бағдарламаларын
орындауды көздейді. Оқудың ұзақтығы 1
айдан 6 айға дейін. Мұндай курстар техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
жоғары емес кәсіптік білім беретін оқу
орындарында, кәсіпорындарда және фирмаларда
немесе қайта даярлау мен біліктілікті
арттырудың салааралық оқу орталықтарында
ұйымдастырылуы мүмкін.
4.5. Жоғары білім беру
Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі
мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды
ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған
инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу
орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала
мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз
байланысы, білім беру және ақпараттық
технологияларды жетілдіру болып табылады.
Қазіргі заман жағдайында жоғары білім
беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті
жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау
болып табылатын, оны айрықша сала ретінде
түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық
мәртебе, икемділік пен бейімділік беру
қажет.
Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның,
мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы
жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру,
әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын
және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік
беру.
Міндеттері:
Көрсетілген міндеттерді
іске асыру мақсатында:
1) жоғары оқу орындарының қызметіне қоғамдық
бақылауды күшейту арқылы ашық азаматтық
қоғамның талаптарына сәйкес жоғары оқу
орындарын басқару жүйесін жетілдіру;
2) үздік жоғары оқу орындары арасында
кәсіптік кадрларды даярлауға арналған
мемлекеттік тапсырысты бөлу тетігін
енгізу;
3) оқу процесін ұйымдастырудың технологиясын
өзгерту және білім алушыларды оның мүддесіне
бағындыру, оқытушылар арасындағы бәсекелестікті
құру;
4) жоғары оқу орындарының қызметіне қоғамдық
сенімділікті күшейту үшін олардың қаржы-шаруашылық
қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін
шаралар қабылдау;
5) сапалы білім беру қызметін ұсыну үшін,
ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан,
жоғары оқу орындары басшыларының жауаптылығын
көздейтін заңнамалық нормаларды енгізу;
6) жоғары оқу орындарында білім беру қызметін
көрсетулердің сапасын басқару жүйесін
және жекелеген бағдарламаларды, кадрлар
даярлаудың бағыттарын, сондай-ақ жоғары
оқу орындарын тұтастай халықаралық аккредиттеуді
енгізуді ынталандыру.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
кәсіптік білім берудің құрылымы бір-бірімен
өзара келісілген бакалавриат, магистратура
және докторантура арқылы кадрлар даярлау
жүйесіне берілетін болады.
Бакалавриатта жоғары білімнің білім
беру бағдарламалары іскен асырылады,
онда алғашқы екі курс сәйкестендірілуі
және жалпы міндетті пәндер (әлеуметтік-гуманитарлық
және жаратылыстану-ғылыми) цикліне біріктірілуі
тиіс. Содан кейінгі екі курста бакалавриатта
дайындау базалық пәндер бойынша жүргізіледі,
ал жоғары оқу орны компоненті шеңберінде
бейіндік дайындау болуы мүмкін.
Бакалаврлық білім беру мазмұны кең көлемді
базалық кәсіптік даярлауды ұсынады және
болашақ мамандардың іргелі пәндік білім
алуларына, бұл бакалавр-бітірушіні кәсіптік
қызметтің жалпы интегралдық (пәнаралық)
әдіснамасымен қамтамасыз етеді, болашақ
мамандардың кәсіптік шығармашылығын
дамытуға, өзіне-өзі білім беру қызметіндегі
қажеттілікті қалыптастыруға бағытталуға
тиіс.
Бакалавриат оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша іске асырылатын міндетті және
жоғары оқу орнының білім беру компоненттерін
қамтиды.
Нақты мазмұн шетелдік ұқсас нұсқаларды
ескере отырып, пәндердің типтік оқу бағдарламаларында
көрініс табуы керек.
Бакалавриаттағы нормативтік оқу мерзімі
4 жылды құрайды және мемлекеттік қорытынды
аттестаттаумен, сол және өзге де саладағы
бакалаврдың тиісті академиялық дәрежесін
берумен аяқталады.
Бакалавриатты бітірушілердің одан әрі
1-2 жылдық магистратурада оқуын жалғастыруға
мүмкіндігі бар.
6.Жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру
Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім үздіксіз білім беру жүйесінің
жоғары деңгейі болып табылады және
оған магистратура мен докторантура
(РhD) кіреді.
Бұл деңгейдің мақсаты білім беру мен
ғылымды ықпалдастырудың негізінде қоғамды,
экономиканы, өндірісті, ғылымды жетілдірудің
проблемаларын шешуге, батыл технологияларды
әзірлеуге қабілетті жаңа тұрпатты ғылыми,
ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың
тиімді жүйесін жасау болып табылады.
Міндеттері:
Магистратурада даярлау үш бағыт
бойынша жүргізілуі мүмкін:
1) іскерлік әкімшілік, менеджмент және
т.б. салаларда мамандардың бейіндік,тереңдетілген
даярлығы;
2) ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет
үшін ғылыми-зерттеу даярлығы;
3) құрамдастырылған бейіндік даярлық.
Магистрлерді даярлау оқытудың ғылыми-әдіснамалық
бағыттылуын, және тиісті саладағы тереңдете
мамандандырылған даярлықты қамтитын
білім беру бағдарламаларына негізделетін
болады.
Магистратураны бітірушілерге магистрдің
академиялық дәрежесі беріледі және олардың
докторантурада оқуын жалғастыруға құқығы
бар.
Докторантура Қазақстанның
білім беру жүйесін аяқтайтын білім беру
деңгейі болып табылады.
Докторантураның мақсаты жоғары білікті
ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
болып табылады.
Докторантураға (PhD) аспирантура, резидентура,
адъюнтура, ізденімпаздық, шығармашылық
демалыстар беру, дәстүрлі докторантура
және диссертациялар дайындаудың барлық
басқа да нысандары жатқызылуға тиіс.
Докторлық бағдарламалардың негізгі ерекшеліктері:
Докторантураның бағдарламасын
меңгерген және докторлық диссертация
қорғаған адамдарға философия докторы
(PhD) академиялық дәрежесі, ал бейіндік
докторантураны меңгерген кезде – бейін жөніндегі
доктор академиялық дәрежесі беріледі.
Докторлық бағдарламалар бойынша оқу
мерзімі кемінде үш жыл құрайды.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
жүйесі нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне,
жаһандану процестеріне, жалпы танылған
халықаралық талаптарға сәйкестендірілетін
болады, жастардың академиялық дәреже
алуға қызығушылығын арттырады, ғылыми-педагогикалық
кадрлардың “қартаю” проблемасын шешеді.
5. Тұжырымдаманы іске
асырудан күтілетін нәтижелер
Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесінде
қазақстандық білім беру жүйесі:
Тұжырымдаманы іске асыру
білім беру жүйесінің тиімді жұмыс
істеуінің заңнамалық, нормативтік
және құқықтық негіздерін құруға мүмкіндік
береді.
6. Тұжырымдаманы
іске асыру кезеңдері
Концепция кезең-кезеңімен іске асырылатын
болады:
Бірінші
кезең. Білім беруді дамытудың мақсаттары
мен міндеттеріне сайма-сай жаңа заңнамалық
және нормативтік-құқықтық база құру және
ғаламдық стратегиялық мақсаттарға жетуді
қамтамасыз етуге қабілетті білім берудің
жаңа ұлттық моделін енгізу жоспарланады.
Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту жүйесінде мектепке
дейінгі білім берудің міндеттерін тек
қана балаларды мектепке даярлау емес,
сонымен бірге әйелдерге жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін және әлеуметтік жағынан
қорғалмаған әрі аз қамтамасыз етілген
отбасыларына қолдау көрсететін әлеуметтік
институт ретінде іске асыратын балабақшалардың
желісін дамыту бойынша ғылыми-әдістемелік
негіздерді әзірлеу көзделеді.
Ауылдық мектептерді ашық әлеуметтік
институт және көп функциялы білім беру
ұйымы ретінде қайта құрылымдау бойынша
оларда “мектеп – балабақша” кешендерін,
мектепке дейінгі тәрбиенің ақысыз шағын
орталықтарын құру мақсатында нормативтік-құқықтық
актілер әзірлеу көзделеді.
Орта білім беруде жалпы
білім беретін мектептерді базалық және
бейін бойынша ұстау жетілдіріледі, он
екі жылдық орта білім беруге көшуге байланысты
эксперименттік оқу жоспарлары, бағдарламалары,
оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері
әзірленетін болады. Бұл кезеңде нәтижеге
(ООР) бағдарланған орта білім беру моделін
құру және сынақтан өткізу міндеттерін
шешу тұр.
Мұндай модель жасау үшін мынадай шаралар
қолданылатын болады:
1. Үш деңгейден тұратын күтілетін нәтижелер
түрінде білім беру мақсаттарының жүйесін
әзірлеу:
а) ұлттық деңгей: қоғам оқытудың нәтижесінде
қандай адамды және азаматты алғысы келеді.
Қазақстан үшін білім берудің ұлттық мақсаттары
бірнеше кең ауқымдағы базалық біліктіліктерден
құралуы мүмкін: үш тілді білу, еуразиялық
мәдениеттілік, коммуникативтілік, технократтық
және т.с.с.
б) ұлттық мақсаттар басты біліктіліктер
ретінде нақтылануға тиісті кең ауқымды
білім беру салаларының деңгейі.
в) білім беру пәндерінің деңгейі.
2. Сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау
жүйесін құру.
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін
(БСҰЖ) құру білімнің сапасын кешенді емтихандар
арқылы бағалауға, білім алушылар мен
білім беру ұйымдарының даму динамикасын
қадағалап отыру үшін білім сапасы мониторингінің
ұлттық жүйесін әзірлеуге, оқушылардың
оқу жетістіктері басты компоненттері
болып табылатын білім сапасын тұрақты
қадағалап отырудың кешенді жүйесін құруға
мүмкіндік береді. Алда PISA, TIMSS сияқты әлем
елдерінің білім беру жүйелерінің нақты
жетістіктерінің салыстырмалы талдау
жүйесіне қосылу міндеті тұр.
3. Оқытуды ұйымдастыру принциптерін, білім
алуға, біліктер мен дағдыларды меңгеруге
енжар оқушының рөлін білім беру процесінің
субъектін белсенді танушының рөліне
өзгерту.
4. Барлық қоғамдастықты мектепте оқытудан
күтілетін нәтижелерді талқылау процесіне
тарту және мониторинг деректерінің негізінде
олардың жетістікке жету жолдарының жүйесін
құру. 2007 жылы барлық жерде он екі жылдық
оқытуға көшу басталады.
Техникалық және кәсіптік білім беруде
кәсіптік білім беру бағдарламаларының
құрылымы мен мазмұнын қайта қарау, оқушыларды
негізгі жалпы білім беру базасында орта
кәсіптік білім беру ұйымдарына (колледждерге)
қабылдауды кезең-кезеңімен қысқарту
басталады, техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарының желісін кеңейту жөнінде
нормативтік және құқықтық негіздер жасалып,
арнайы пәндер мен ықпалдастырылған курстар
бойынша жаңа оқу жоспарлары, бағдарламалары,
оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері
әзірленетін болады. Кәсіптік даярлықтың
сапасын тәуелсіз бағалау, біліктілікті
растау және беру жүйесі құрылады. Жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беруде Қазақстанның Болон процесіне
қосылуы, үш деңгейлі даярлық құрылымына
(бакалавриат – магистратура – докторантура)
толық көшу, аспирантурадан, дәстүрлі
докторантурадан біртіндеп бас тарту,
жетекші жоғары оқу орындарының базасында
тиісті халықаралық аккредиттеуден өткен
шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарымен
бірлесіп, PhD докторларын даярлау бағдарламасын
ашу жүзеге асырылады. Жоғары оқу орындары
мен білім беру бағдарламаларын халықаралық
аккредиттеуді жүзеге асыруға, студенттер
мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын
қамтамасыз етуге жағдай жасалатын болады.
Өз бойына білім беру және ғылым компоненттерін
барынша үйлестірген, магистратура мен
докторантураның (PhD) жаңартылған бағдарламалары
арқылы, білім беру мен ғылымның нақты
ықпалдасуына негізделген ғылыми және
ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың
жаңа моделі іске асырылатын болады.
Докторларды жаңа бағдарлама бойынша
даярлауды ынталандыру тетіктерін әзірлеу
мақсатымен:
Бұл кезеңде білім беру
ұйымдарының заттық құқықтар саласындағы
материалдық-техникалық, ақпараттық және
заңнамалық базасын нығайту, олардың меншігіне
жер телімдерін өтеусіз беру көзделеді.
Екінші
кезең – Тұжырымдаманы толық көлемде
іске асыру, оны жинақталған тәжірибені,
елдегі еңбек рыногының және әлеуметтік-экономикалық
жағдайлардың дамуын ескере отырып түзету.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің
әлеуеті мен ресурстарын дамыту, бұдан
былай олар балаларға ерте білім берудің
бағдарламаларын іске асыру үшін ұтымды
және барынша тиімді пайдаланылатын болады.
Он екі жылдық оқытуға көшуді аяқтау, техникалық
және кәсіптік білімнің кәсіптік білім
беру бағдарламаларының құрылымы мен
мазмұнын өзгерту, техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдарының жеткілікті желісін
жасау іске асырылады. Орта білімнен кейінгі
барлық сатыларда бакалаврлық, магистрлік,
докторлық бағдарламалар мен кредиттік
технология бойынша оқыту бойынша жоғары
білікті кадрлар даярлауға толық көшу
жүзеге асырылады. Жоғары оқу орындарының
халықаралық аккредиттеуден өтуі басталды,
Болон декларациясының негізгі принциптерін
іске асыру аяқталып келеді, кадрлар даярлаудың
сапасы халықаралық талаптарға сәйкес
қамтамасыз етілуде. Мемлекеттік жалпы
міндетті стандарттарды нәтижеге бағдарланған
ұлттық курикулумдарға трансформациялау
іске асырылады.. Тұжырымдаманы іске асырудың
нәтижесінде тиімді жұмыс істейтін білім
берудің қазақстандық моделі құрылып,
Қазақстанның бүгінгі дүниеден лайықты
орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен
кадр даярлаудың сапалы жоғары деңгейіне
қол жеткізілетін болады.
Информация о работе Жоғары кәсіптік білім берудің заңдылықтары