Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 17:09, статья

Краткое описание

Педагогикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін жоғары мектептегі оқыту процесінің дамуы мен мәнін, құрылымын, қисынын (логикасын) түсіну маңызды. Ол үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық бөліктерін бөліп алу қажет.
Окыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу.

Вложенные файлы: 1 файл

12_zhogary_mektept.docx

— 25.97 Кб (Скачать файл)

Күрделі оқу, тәрбие міндеттері 2-4 курстарда жүретін саминар сабақтарыңда, әсіресе, 4-5 курстардағы арнайы семинар сабақтарында студенттерде меңгершетін материалға деген зерттеушшік көзқарас қалыптасады.

ЖОО-да көбінесе семинардың 3 типі жүргізіледі:

  1. Белгілі бір курсты терең меңгеру мақсатына көздейтін.
  2. Әдіснамалық жағъшан маңызды белгілі бір тақырыптын немесе курстың жекеленген тақырыптарын меңгеру.
  3. Ғылымның жекеленген бөлімдерін терең зерттеу мақсатындағы. Семинар сабақтары әңгіме, баяндама, пікірталас түрлерінде өтіледі.

Арнайы семинар белгілі бір ғылым саласы бойынша жоғары курстарда өтіледі. Егер жүргізуші оқытушы тәжірибелі болса, онда ол студенттерді ұжымдық формада ойлай білу мен шығармашылықпен жұмыс жасауды, ситуацияларды құрастыру, оларды шеше білу, моделдеу, бағалау, өзара сын секілді іс-әрекеттерді қалыптастырады. 
Семинар сабактарының маман даярлауда маңызы зор, себебі әртүрлі, күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Семинар сабағында студенттер ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыс-тарды жазу, өңдеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, материалды ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру өнерін игереді.

Семинар сабағының бірден-бір мақсаты: - лекцияда алған білімді терең ұғыну, мәселелерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру, құрастыру, талдау, өз позицияларын айқыңдап, анықтау.

Семинар сабағына дайындықтың бастауы - әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Семинар сабағы озінің әдістемесімен, яғни әдістемесінің әр түрлі, көпқырлығымен ерекшеленеді.

Семинардың жоспары, қарастырылатын сұрактар алдын-ала белгілі болады, онымен студенттер алдына-ала танысады. Сол бойынша барлығы дайындалады. Келесі бір әдісі - белгілі бір тақырыптарға, белгілі бір студенттер арнайы дайындалады. Бұл жағдайда оқытушы студент баяндамасының өз бетінше шығармашылықпен, жауапкершілікпен жұмыс істеу деңгейін бағалайды. Қалған студенттер тек тыңдаушының ғана рөлін орындамау үшін, топтың белсеңділігін (сабақ үстіңдегі) арттыру үшін, оқытушы тақырыпқа байланысты, мүмкіндігінше, көптеген қосымша сұрақтар дайындауы керек.

Семинарға дайындалу үшін оқытушы негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімін береді.

Семинар сабағын өткізгенде оқытудьщ дидактикалық қағидалары орындалуы тиіс. Атап айтқанда:

  • Оқытудың тәрбиелігі, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылығын дамыту, арттыру өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу;
  • Оқытудың гылымшыгы - ғылымның соңғы жаңалықтары, жаңашыл мұғалімдер тәжірибесі оқытудың жаңа техноло-гаялары, педагогикалық инноватикалар, педагогикалық терминдер, студенттердің ғылыми көзқарасы мен педагогикалық тұрғыдан ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру;
  • Оқытудагы саналылық - қағидалар мен зандылықтарды саналы түрде ұғыну, оларды іс-жүзінде пайдалана білу;
  • Теорияның практикамен байланысы - теориялық материалдарды бекіту, байқаумен байланысы, т.б. қорытындылап, тұжырымдауды, нақты іскерліктерді қалыптастыру, т.б.

Семинар сабақтарының сапалылығын анықтайтын критерийлер:

  • мақсатқа бағыттылығы - теориялық материалды болашақ кәсіби іс-әрекетте, материалды нақты іс жүзінде қолданумен байланыстыру;
  • жоспарлау - басты мәселелерді бөліп алу;
  • ұйымдастыру - пікірталас, пікіралысуды қолдау, студенттердің жауаптарына талдау жасау;
  • семинарды жүргізу стилі - белсенді;
  • оқытушының студенттермен қарым-қатынасы, талап қоя отырып, құрметтей білу немесе бейтараптық;
  • студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы - сыйластық, өзара сын;
  • топты басқару - оқытушыньщ топта өзін-өзі еркін ұстауы, сенімділік, әділдік немесе керісінше көп ескертулер жасауы, дауысын көтеру, топта тек бірнеше студентпен ғана жұмыс істеуі, т.б.
  • Оқытушының қорытындысы - кәсіби шеберлікпен, сенімділікпен немесе керісінше;
  • Студенттердің жазба жұмыстарын үнемі, жүйелі түрде жүргізу немесе керісінше.

Кептеген жағдайларда семинар сабактарында іскерлік ойыңдар, тренингтер ұйымдастырылады (мамандьщқа байланысты). Лабораториялық жұмыстар Лабораториялық жұмыстар - оқу-зерттеу іс-әрекеттері барысында студенттерге теориялық әдіснамалық білім мен оны нақты іс жүзінде қолдануға қажетті іскерлік, дағдылар жүйесінің интеграциясын сипаттайды.

"Лаборатория" латынның - "Labor" еңбек, жұмыс, қиындық деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. 
Лабораториялық жұмыстар оқу жұмысының ерекдіелігіне байланысты, сондықган әрбір нақты жағдайда жекеленген әдістемелік нұсқаулар қажет. 
Топтың біріккен іс-әрекеті - ең тиімді формалардың бірі. Оның нәтижелілігі оқытушының ұйымдастырушылық шеберлігіне байланыс-ты, яғни студенттерді өз бетінше жұмыс жасауға, мәселені зерттеуші ретіңде шешуде оларды ойластыру, ойлай білу іс-әрекеттерін белсендіру мақсатында бағыттаумен анықталады.

Кез-келген практикалық жұмыстьщ маңызды жағы жаттығу болып табылады, яғни негізінен есептерді шешу, графикалық жұмыстар, ғылымның негізгі ұғымдарын нактылау.

 


Информация о работе Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары