Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 06:39, курсовая работа
Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару- оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекмелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол- оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Кіріспе бөлім
Ойын туралы ұлы ойшылдардың пікірлері
Негізгі бөлім
1.1. Дидактикалық ойындар
1.2. Дидактикалық ойындардың қолдану мақсаттары
1.3. Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
1.4. Дидактикалық ойындар математика сабағында
1.5. Дидактикалық ойындардың түрлері
1.6. Санамақ
ІІ. Практикалық жұмыс
Сабақ жоспарлары
Зерттеу жұмысы
Әдістемелік нұсқау
Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер.
Осы көрсетілген
сұраныстардың ішінде
Дамытушы ойындардың
ішінде оқушылардың өздері
Сабақтың бірыңғай
әдістермен жүргізе беру
С.А. шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
- еркін дамытушы әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты;
- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы;
- ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Ұлы Абайдың
« ойын ойнап ән салмай, өсер
бала бола ма?» деген
Педагогикалық
үрдісті жетілдіру ойынның
Сонымен бірге
бастауыш сынып оқушыларының
назарын аударатын ойын түрі
берілген тапсырманы
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті- оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу- білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас- бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын-пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын артырады деп түсіндірген.
Я.А.Коменский
«Ұлы дидактика» деген
Бастауыш сынып
оқушылары еліктеуіш, жаңаны жаны
сүйгіш болып келеді. Сондықтан
мұғалім сабақ барысында ойын
түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың
сабаққа деген ынтасы артып, алған
білімдерін өмірде қолдана
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық «деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа» деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Ойынның негізгі мақсаты- баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті- сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ойын белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалана- бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау ,бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологяилық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырып өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер етеді. Кей бала ойынды шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б.Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да ,үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.
Балалар ойындарының
тәрбиелік маңызын жоғары
Ойынның негізгі
ерекшелігі ол балалардың
Ойын
іс-әрекетінің тағы бір
Балалар ойынының
ерекшелігі оның сондай-ақ
Балалар үн- түнсіз
ойнамайды. Тіпті бала жалғыз
болғанның өзінде
Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей болуына және дамуына көмектеседі.
Бейненің, ойын
әрекеті мен сөздің өзара
Ойынның негізгі
құрылымдық элементтері
Ойынның түпкі ниеті- бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер», «қызы мен шешесі», «мектеп», және т.с.с болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның түпкі
ниетіне қарай ойындарды азды-
а) тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар ( «отбасы», «мектеп», «балабақша», және т.б. болып ойнау),
б) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (кеме салу, үйлер, сатдиондар тұрғызу және т.б.)
б) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мекемелер, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар)
ойындарды бұлай
бөлу әрине дұрыс, өйткені ойын
өмірдің алуан түрлі
Ойынның сюжеті, мазмұны-
бұл оның жанды тұлғасын
Ойынның
құрылымдық ерекшелігі мен
Ойын процесінде
балалардың өздері (ал кейбір
ойындарда- ересектер) ойнаушылардың
мінез-құлқы мен өзара қарым-
Ойынның осы
құрылымдық элементтерінің
Дидактикалық ойындарды мұғалім сабақта пайдаланып, оқыту мақсатын шешеді.
1.3.Дидактикалық ойындар математика сабағында
Оқушылардың
математикаға деген ынтасын
Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны - балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.
Дидактикалық ойын оқу процесінде ойын әдісі ретінде екі түрлі мақсатта қолданылады: ойын түрінде және дидактикалық немесе автодинамикалық ойындар.
Ойын түрінде мұғалім үйрететін тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын ситуацияларын туғыза отырып, әр түрлі заттарды көрсету арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Дидактикалық оын
жалғыз математика
Дидактикалық ойын оқыту процесінде мынадай екі түрлі мақсатта қолданылады: біріншісі- оқу (танымдық) мақсатта , екіншісі- ойын ойнау мақсатында.
Мұғалім өзі де ойынға қатысады, баланы үйретеді. Бала ойнай отырып, үйренеді.
Бастауыш сыныптардың
математика сабақтарында
Дидактикалық ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймайды, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер берері сөзсіз.
Тақырыпқа сай жүргізілген ойын түрлері, әсіресе тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушының ойлау белсенділігін арттырады. Сондықтан мұғалім әр сабақта дидактикалық ойын түрлерін орнымен қолданса, оқушының ынтасын арттыра оытырып, пәнге деген қызығушылығын, білімі мен ынтасын, сол пәнге деген сүйіспешілігін арттырады.
Мұғалім өтетін тақырыпқа сай ойын түрлерін дұрыс таңдап алуы керек. Оқушы ойынның тәртібін білуге тиіс. Бала ойынның тәртібін дұрыс меңгерген болса, олар ойынды бар ынтасымен ойнауға, орындауға тырысады. Балаларға ең алдымен өздеріне таныс халық ойындарын ойнату пайдалы. Мысалы: «Бояулар», «Біз қайда болдық?», «Біздің істегенімізді көріңіз» сияқты ойындар балаларды еңбекке дағдыландырады. «Бояулар» ойынында оқушы әр түрлі заттың түстерімен танысады, өздеріне ұнайтын жақсы көретін бояуды таңдап алады.
Дидактикалық
ойын түрлері көп. Соның бірі-
оқушының ақыл-ойын дамытатын
ойын түрлері. Мысалы, өзін қоршаған
қоғамдық орта, табиғат, Отаны туралы,
әр түрлі мамандықта жұмыс
істейтін адамдардың еңбектегі
істері- бәрі де оқушыны идеялық
бағытта тәрбиелеуге дағды
Информация о работе Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы