Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 06:39, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару- оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекмелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол- оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.

Содержание

Кіріспе бөлім

Ойын туралы ұлы ойшылдардың пікірлері

Негізгі бөлім

1.1. Дидактикалық ойындар
1.2. Дидактикалық ойындардың қолдану мақсаттары
1.3. Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
1.4. Дидактикалық ойындар математика сабағында
1.5. Дидактикалық ойындардың түрлері
1.6. Санамақ

ІІ. Практикалық жұмыс
Сабақ жоспарлары
Зерттеу жұмысы
Әдістемелік нұсқау

Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

математика курс.docx

— 151.85 Кб (Скачать файл)

х+2=5

Ендеше,  х=5-2

Бұдан,  х=3

Тексеру:  3+2=5

5=5

Қортынды: Теңдеуді шешу үшін, оның екі бөлігінен де 2-ні азайттық.

Б) Сергіту сәті.

 

ІV.Білімдерін тексеру.

№ 3. Шешімдері бірдей теңдеулерді тап.

х+7=14 16-х=9  25-x=20 х+24=25 х+6=11 15-х=14

х=14-7  х=16-9  х=25-20 х=25-24 х=11-6  х=15-14

х=7  х=7  х=5  х=1  х=5  х=1

7+7=14 16-7=9  25-5=20 25-1=24 5+6=11 15-1=14

14=14  9=9  20=20  24=24  11=11  14=14

 

№4.


Акварель-60 теңге      Акварель-60 теңге

Бояу қарындаш-?,30 теңге арзан   ? , теңге  Бояу қарындаш-?,30 теңге арзан


Шешуі: 60+(60-30)=90 теңге    Шешуі: 60-30=30 теңге

Жауабы: Екеуі 90 теңге тұрады.    Жауабы: Бояу қарындаш 30 теңге тұрады

 

№ 6. Мәндері сәйкесінше 11-ге және 17-ге тең болатындай бір таңбалы екі санның қосындыларын жаз. Қосындының мәні мен қосылғыштың айырмасын жаз. Олардың мәндерін тап.

9+2=11  9+8=17

11-2=9   17-8=9

11-9=2   17-9=8

 

Логикалық тапсырма: Балапанға көмектес:(7-4)-2=1  (7+4)-10 = 1

 

V. Қорытынды: 1. Үйге тапсырма: 113  беттегі  № 5,7. 2. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Математика. 2- сынып

Сабақтың тақырыбы: Сыйымдылық. Литр.

Мақсаты:1.Заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі-сыйымдылық жайында түсінік беру және оның бірлігі литрмен таныстыру, бір амалмен шығарылатын есептер құрастыра алуға дағдыландыру;

2.Оқушыларға түрлі тапсырмаларды  орындату арқылы танымдық қабілеттерін  дамыту.

3.Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, төрт түлікті күте  білуге тәрбиелеу.

I. Ой қозғау

-Балалар, ыңғайланып отырып, ойша қиялдайық. Таза ауамен еркін тыныс алып, кең байтақ даламен көк шалғынды кешіп келеміз.Алдымыздан....(дауыстар естіледі)

-Үнсіз даланы түрлі  дыбыспен көңілді еткен, сайын  далаға жан бітіріп, толтыра көркем  еткен бұл не байлық? (Төрт түлік)

-Иә, балалар, бұл бір қожалықтың 

Келе- келе түйесі,

Үйір- үйір жылқысы,

Табын- табын сиыры,

Отар- отар қой,ешкісі екен.

-Шаруашылық қожасы өз  малдарына ен салыпты, ендеше  көзіміз жеткен нөмірлерін тауып  байқалық.

-Ол үшін амалдарды ауызша орындап, тек жауабын ғана ретімен тізбектей жазамыз.



 


 

 

-Әр түлікті берілген  әріптері бар қоршауға кіргізейік. Сол әріптерді қоссақ, қандай  сөз шығар екен?

-Шама деген не екенін  еске түсірейік.

-Өткен сабақта қандай  шамамен таныстық?

-Массаның қандай бірлігін  білеміз?

-Осы түліктерден шаруашылық  қожасы массамен өлшенетін қандай  заттарды алады?

(Ет, жүн, тері ...)

-Ал сүтті неге масса  бірлігімен өлшей алмаймыз? (Сұйық )

-Үстел үстінде екі  ыдыс тұр. Олар туралы не айта  аласыңдар?( 1 литрлік  банка,1 литрлік  бөтелке )

-Қалай ойлайсыңдар?

Осы ыдыстардың біріндегі сұйық, екіншісіне толық сыя ма? Оны қалай анықтауға болады?

-Сұйықты қандай бірлікпен  өлшейтінін кім біледі? Осы өлшем  бірлікті біз қайда кездестіреміз?

ІІ.Мағынаны ашу

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашқызу

Оқулықпен жұмыс

№1.

-Шырынды ұнатасыңдар  ма? Пайдасы қандай? (Дәруменге бай)

-Ал сүтті ше? Пайдасы? (Сүттің құрамында бастысы ағзаға  ең керекті кальций бар. Кальций  сүйекті нығайтады,...)

Ал, біздің қожалықта тағы қандай сүт түрлері өндіріледі?

(Емдік қасиетке ие  қымыз, шұбат және ана сүтінің  орнына жүретін -ешкі сүті)

Ыдыстардың сыйымдылықтары салыстырылады.Ыдысқа құйылған сұйықтықтың мөлшері анықталады.Оқушылар сыйымдылықтың өлшем бірлігі туралы қорытынды жасайды.Жаңа шаманы -сыйымдылықты салыстыру орындалады.

10л  * 3л                1л * 3л                   2л * 1л       және т.с.с.

№2.Есептер шығару.

  1. есептіңқысқаша шарты



                  -


                                            +                                                            -

 

2) Есептерді салыстыру.

3) Бидонға литрлеп қосып  және литрлерді шығарып алуға  бола ма? Қорытынды жаса.

Сергіту сәті. Тұлпарым

Аулым қашық,

№3. Жұппен жұмыс

Біз алыс сапарға шығамыз. Өзімізбен бірге екі ыдыс аламыз. Осындай ыдыстарда қандай сұйық болатынын және оларға қанша сыятынын әр жұп анықтап, есеп құрастырып, шығару және ортаға салып, көрсетіп беру жұмыстары тапсырылады.

Тақтамен жұмыс.№3. Есепті шығар, кері есеп құрастыр.

Өткенді қайталау және бекіту.

№5.А,Ә)Ұқсастығы мен айырмашылығы неде екенін түсіндіре отырып, жазбаша орындау.

№6.Өзіндік жұмыс.Тапсырманы орындау алдында қосу мен азайтудың компоненттерін және олардың амалдар нәтижелеріменбайланысын еске түсіру қажет.

 

Шығармашылық жұмыс.Топтық жұмыс.Шешудің барлық мүмкін нұсқалары, соның ішінде графиктік түрі де ұсынылады, топта талқылау ретінде ұйымдастырылады. Жұмысты ортаға салып, көрсетіп береді. Жұмысқа 4-5мин. бөлінеді.

Тапсырма қиын болды ма? Егер мүмкін болса, нені өзгертер едіңдер?

Сабақты қорытындылайық, өздеріңе белгілі шамалардың сұлбасын түзейік. Сұлбаны жеке парақ қағазға құру керек те, алда көрнекі құрал ретінде пайдалануға болады.

Біздің сұлбада басты тірек сөз қандай болу керек?

ШАМА

Ал, сендерге қандай шамалар белгілі? Олар қандай бірліктермен өлшенеді?

ШАМА

Ұзындық

          См,дм,м.

Масса

        Кг

     Сыйымдылық (Көлем)

л




 

 

 

 

Үй тапсырмасы. 56-бет. №4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Зерттеу жұмысы

 

Тақырыбы:Математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану.

Мақсаты:

  1. Мектептегі мұғалімдердің қаншалықты дидактикалық ойындарды қолданатынын анықтау.
  2. Дидактикалық ойындарды қолдана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту.
  3. Бір-бірін сыйлауға, тыңдауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі:   Анкета

Жүргізілген орны: № 4 Шонжы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын

                                 орталығы мемлекеттік мекемесі 

Қатысқан мұғалімдер саны:   4

 

Зерттеу барысы:

 

   Мен  № 4 «Шонжы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын

    орталығы  мемлекеттік мекемесі» мектебінің мұғалімдерімен сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдер:

  1. Абдилова Шамила
  2. Нүкенова Марфуза
  3. Маткеримова Дариға
  4. Шормақова Алмажан

 

Негізгі бөлім:  Зерттеу жұмысымды «Математика сабағындағы дидактикалық  ойындарын қолдану» тақырыбын басшылыққа ала отырып жасадым. Әр мұғалім сабақ өткізу барысында дидактикалық ойындарды қолдана ма? деген сұраққа жауа іздедім. Мұғалімдер дидактикалық ойындарды қаншалықты қолданылатынын білу үшін олармен сауалнама жүргіздім. Сауалнама сұрақтар:

  1. Сіз сабақ өткізу барысында дидактикалық ойындарды пайдалаансыз ба?
  2. Қандай дидактикалық ойындарды білесіз?
  3. Сабақта дидактикалық ойындарды қандай мақсатпен ойнатасыз?
  4. Дидактикалық ойындар сабақты қызықты өтуіне көмектеседі деген пікірге қосыласыз ба?
  5. Сабақта дидактикалық ойындармен өткізген сізге тиімді ме?
  6. Ойын ойнату арқылы оқушыларды тәрбиелеуге болады ма?
  7. Барлық сабақтарыңызды ойындар арқылы өткізесіз бе?

 

 

 Сауалнама  сұрақтар:

 

  1. Сіз сабақ өткізу барысында дидактикалық ойындарды пайдалаансыз ба?
  • Иә
  1. Қандай дидактикалық ойындарды білесіз?
  • «Балық аулау», «Құлпынай теру»
  1. Сабақта дидактикалық ойындарды қандай мақсатпен ойнатасыз?
  • Оқушыларды сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін дидактикалық  ойындарды сабақта қолданамын.
  1. Дидактикалық ойындар сабақты қызықты өтуіне көмектеседі деген пікірге қосыласыз ба?
  • Иә
  1. Сабақта дидактикалық ойындармен өткізген сізге тиімді ме?
  • Әрине, тиімді
  1. Ойын ойнату арқылы оқушыларды тәрбиелеуге болады ма?
  • Иә.
  1. Барлық сабақтарыңызды ойындар арқылы өткізесіз бе?
  • Қорыта келгенде мұғалімдер сабақта дидактикалық ойындарды көп қолданады екен. Дидактикалық ойындарды ойнату арқылы оқушының сабаққа деген ынтасы өседі, сабаққа белсене қатысады және ойын ойнатып отырып оқушыларды тәрбиелеуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Зерттеу жұмысы:

 

Тақырыбы:  Математика сабағында ойынның тиімділігін арттыру

Мақсаты:

  1. Мектептегі мұғалімдердің ойынның тиімділігін арттыру, қалай жүзеге асатынын анықтау.
  2. Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, сабаққа деген ынтасын дамыту.
  3. Оқушыларды ұжымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі:   Бақылау, әңгіме

Жүргізілген орны:    №4 Шонжы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын

                                 орталығы мемлекеттік мекемесі 

Сыныбы:   3

Қатысқан оқушылар саны:  18

 

Зерттеудің барысы:

 

Мен мемлекеттік диплом алдындағы практиканы №4 Шонжы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекеттік мекемесі 

мектебінде өткіздім. Маған 3 сынып берілді. Бұл сыныпта 18 оқушы бар. Олардың 12-і ұл, 6-ы қыз.

    Мен  зерттеуді математика сабағына  қатысу арқылы жүргіздім.

Негізгі бөлім:

  Математика  сабағы басталды. Оқушылардың барлығы  сыныпқа кіріп, математика сабағына  керекті құрал-жабдықтарын ала  бастады. Мұғалім оқушыларды түгендеп, үй тапсырмасын тексерді. Үй тапсырмасын  орындамай келген оқушыларға  ескерту айтты. Жаңа сабақты түсіндіре  бастады. Оқушылардың сабаққа деген  ынтасы болмады. Мұғалім  соны  байқағандай оқушыларға  ойын  ойнатты.

    «Балапанға  көмек» ойыны арқылы  балаларды  жалықтырмай керісінше қызықтыра  түсті. Бірінші есепті шығарып  болғаннан кейін, екінші есепте  «Алма жинау» ойынымен өткізді.

   Сабақ  басталған уақытта мүлдем сабаққа  ынтасы жоқ болып отырған оқушылар  ойын қолданған уақытта сабаққа  белсенді қатысты. Математика сабағы  аяқталғаннан кейін мен оқушылармен  сауалнама жүргіздім. Сауалнаманың  сұрағы:

  1. Сендерге сабақта ойын ойнаған ұнайды ма?

Оқушылардың барлығы « Иә» деп жауап берді.

   Қорыта  келгенде, әрбір сабақта ойын  элементтерін қолданған өте тиімді. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті. Осы ойын барысында оқушыларды ұжымшылдыққа, бірлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейміз. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттырамыз. Сабақ қызықты әрі өз мақсатына жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Әдістемелік нұсқау

 

 

  1. Математика сабағында дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану керек.

 

  1. Мұғалім сабақ тақырыбына байланысты ойындар таңдауы керек.

 

  1. Ойын ойнату барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет.

 

  1. Мұғалім оқушыларды ойын ережесімен таныстыру қажет.

 

  1. Мұғалім ойын ойнату барысында ойынның шарттары бұзылмауын қадағалау керек.

 

  1. Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы математика пәніне деген қызығушылығын арттыру қажет.

 

  1. Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу керек.

 

  1. Болашақ мұғалім дидактикалық ойындардың  түрлері бойынша қойма жинақтауы керек.

 

  1. Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру қажет.

 

  1. Дидактикалық  ойындардың мақсаты, міндеті, нәтижесі айқын болу керек.

 

 

 

 

 

 

                              Қорытынды

 

   Қорыта  келгенде мұғалім әрдайым сабақтарында  дидактикалық ойындарды пайдалану  керек. Дидактикалық ойындарында  балалар әр нәрсеге жақсы зейін  қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған  мақсатты шұғыл және оңай жүзеге  асырады. Дидактикалық  ойындар сабақтың  қызықты болып өтілуіне көмектеседі. Дидактикалық ойындарды математика  сабағында пайдалану қиын тақырыптарды  түсіндіруде ең пайдалы әдіс  деп айтуымызға болады. Ойын бағдарламада  анықталмаған математикалық білім, білік және дағдылар жайында  түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау немесе тексеру сипатында  болып келеді. Дидактикалық ойындар  дарындылықты анықтайды, дамытуға  көңіл бөледі, үздіксіз жұмыс  жүргізеді. Дидактикалық ойындар  мақсатын  нақты қояды, қажетті  материалдар, тиімді әдістерді таба  біледі.

Информация о работе Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы