Ойын технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 20:13, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару- оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекмелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол- оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.

Содержание

Кіріспе

-Ойын туралы ұлы ойшылдардың пікірлері

II. Негізгі бөлім
2.1 Ойын – оқытудың жаңа технологиясының маңызды бөлігі
2.2.Оқу жұмысындағы ойын технологиясының қолданудың тиімділігі.
2.3. Оқу жұмысындағы ойынның атқаратын негізгі қызметтері.
2.4. Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері.
2.5 Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру.
2.6.Ойынның түрлері
А) Дидактикалық ойындар
Ә)Ұлттық ойындар
III.Қорытынды бөлім.
Оқу жұмысындағы ойын технологиясының маңызы.
Әдебиеттер тізімі.

Вложенные файлы: 1 файл

курстык жумыс ойын технол.doc

— 164.00 Кб (Скачать файл)

5. Ойынның диагностикалық  функциясы. Диагностика - диагноз  қою үрдісі, білу қабілеті. Адамның  басқа іс-әрекетімен салыстарғанда  ойынның немен аяқталатынын болжауға болады. Тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.

6. Ойынның емдеу  функциясы. Ойын адамның тәртібіндегі  өзін қоршаған басқа адамдармен  қарым-қатынасын және оқудағы  туындаған әртүрлі қиындықтарды  жеңу үшін де пайдаланылады. Д.Б.Эльконин ойын тәсілдерінің емдік мағынасын бағалай келе, былай деді: «Ойын емінің эффектісі бала рөлдік ойын кезінде алған жаңа әлеуметтік қарым-қатынастың тәжірибесімен анықталады». Рөлдік ойындар баланы үлкендермен, құрдастарымен нағыз қарым-қатынасқа үйретеді. Әр түрлі сатыдағы қарым-қатынастың емдік эффектісі болады.

7. Ойынның түзету  функциясы. Ойынның әрбір қатысушысы  өз рөлі ғана емес басқалардың  да рөлін жақсы білсе, ойын  ережесімен жақсы таныс болса,  онда психологиялық түзету табиғи жағдайда жүреді. Түзету ойындарының тәртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор. Сонымен қатар бала өзінің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің істерінде ұтымды қолдануға машықтанады.

8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Көңіл көтеру - түрлі нәрсеге, әртүрлі әрекеттерге ұмтылу. Ойынның көңіл көтеру функциясы жеке тұлғаның тұрақтануы мен рухани қуанышын қалыптастыру, сондай-ақ жағымды атмосфера құрып, белгілі бір жағдайларда жайлы жағдай орнатумен тығыз байланысты. Ойындағы көңіл көтеру үнемі ізденіс жағдайында өтеді. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.

Ойын  технологиясының негіздері.

Ойын-бұл да әрекеттін бір түрі оны қолдану  барысында оқу міндеттері ашылады.Ептілік пен дағды, білімнің жоғары сатыға қамтамасыз ету шешімі, оқу жағдайы немесе мұғалімнің құрастырған жағдайы белгілі мәселе қою арқылы оқу тапсырмаларында түсіндіріледі.

Ойын - әрекеттің  қажетті түрі арқылы оқушының жинақталған  өмірлік тәжірибесі көрінеді, қоршаған ортаға деген көзқарастары терендейді және бекітіледі, оларға қажетті табысты еңбек әрекеттері мен дағдылану, ұйымдастырушылық қабілет тәрбиеленеді.

Ойын-мұғалім  әрекеті тарапынан , бақылау мен  бағалаудан тыс еркін тәртіп ережелерінен тұратын қызмет түрі.

Әрбір ойында жарыс  элементтері бар. Жарыста оқушының жеңіске деген құштарлығы, белсенділігі туындайды. Жарыс элементтері эмоциялық  қызығуды арттырады, оқушының өзін-өзі  бағалау әрекетін жандандырады. Оқушы  жарыста өз еңбегінің нәтижесін сыныптастарының нәтижесімен салыстырып өзінің көрсеткіштерін жақсартуға тырысады

Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:

1. Оқыту, жаттығу,  бақылау және талдап қорыту 

2 Танымдық, тәрбиелік,  дамытушылық 

3. Репродуктивті, продуктивті , шығармашылық

4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар  ету және т.б. 

Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау  және талдап қорыту деп бөлген дұрыс.

Оқыту ойыны- бұл  ойында оқушылар жаңа білім, ептілік  пен дағдыны алады (үйренеді). Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.

Бақылау ойыны- бұл ойын өтілген білімді тексеру  және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.

Сабақта ойын технологиясымен  оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:

-өздік жұмыстың  дағдысын дамыту мен бекіту 

-жағымды ойлай  білу ептілігі 

-өзара әрекет  етуді ұйымдастыру 

- шешімді қабылдау  және оның орындалуын ұйымдастыру 

Ойын технологиясының  оқытудың сатылары:

Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу .

1.2. Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері

Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды  өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекемелерінің алдында күрделі міндет тұр. Ол - оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.

Қазіргі кезеңде  математиканы оқыту әдістемесі ғылымында  ізденістер, жаңалықтар болып жатыр. Түрлі әдістемелік жүйе, әдістер  мен тәсілдер мектепте математика пәнін  оқыту үрдісіне енуде. Мысалы: Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», В.В Давыдовтың «Дамыта оқыту технологияларының элементтері» , «Блум таксономиясы» т.б

Қазіргі білім  саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтардан да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану

- бұл проблеманы  шешудің бірден-бір жолы. Сыныптардағы математика сабақтарын ойын әдісімен оқыту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден, оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл оқушылардың логикалық ойлары дамитыны сөзсіз; екіншіден оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігермен оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді, үшіншіден, оқушылардың арасында жарыс пайда болады, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, төртіншіден, оқушылар шығармашыл ойлауға дағдыланады. Ойын түрінде оқыту барысында әртүрлі түрткінің тәсілдерін қолданады.

1. Қарым-қатынас  түрткісі.

2. Моральдік  түрткілер.

3. Танымдық түрткілер.

1. Қарым-қатынас түрткісі. Оқушылар ойынға қатыса отырып, бір мақсатты шешу арқылы қарым-қатынас жасауды, жолдастарының пікірімен санасуды үйренеді. Ұжымдық тапсырмаларды шешу барысында оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктері пайдаланылады. Тәжірибелік іс-әрекет кезінде тез ойлай білетін, жылдам, әрі мұқият жұмыс істейтін байқампаз, сын тұрғысынан қарай білетін балалармен бір топта болудың тиімді екенін байқайды. Ойын кезіндегі біріккен эмоционалды қобалжулар өзара қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді.

2. Моральдік түрткілер. Ойын кезінде әр оқушы өзінің білімін, дағдысын, мінез-құлқын, ерік-жігерін, адамдарға және іс әрекетке деген қарым-қатынасын көрсетеді.

3. Танымдық түрткілер. Әрбір ойынның аяқталуы оқушылардың мақсатқа, жеңіске жету жолында басқалардан білімінің, дағдыларының, спорттық қабілетінің жоғары болуына итермелейді. Топтық ойында әрбір оқушы бас кезінде тең жағдайда болады. Бірақ ойынның қорытындысы әр оқушының дайындығына, қабілетіне, мінез-құлқына, біліміне, шыдамдылығына тәуелді. Кейбір ойындарда оқушылар әлеуметтік бет перде киіп, өздерін тарихтың белгілі бір тұлғасы ретінде сезінеді. Ойында табысқа жету танымдық қызығушылықтың дамуы үшін жағымды эмоция тудырса, ал жеңілген жағдайда танымдық іс-әрекетін жоғарылату қажеттігін тудырады. Ойын балалар үшін бәсекелестігімен тартымды. Ойыннан алынған рахаттану сезімі сабақтарда жағымды жағдай тудырып, пәнді оқуға қызығушылықтарын арттырады. Ойындағы алынбаған жауап балалардың ойлау әрекетін белсендендіріп, жауабын табуға тырыстырады. Ойын барысында ортақ мақсатқа жету үрдісіндегі ойлау іс-әрекеті белсендіріледі. Ойлау танымдық мақсаттарды шешуге бағытталады.

Баланың өзін-өзі тәрбиелеу  үрдісін белсендендіру үшін көптеген ойындар арқылы басқару қажеттілігі  туындайды.

Ойынды таңдау баланың  белгілі бір тєрбиелік мақсаттарын  жүзеге асыру қажеттілігінен туындайды. Ойын ұжымдық болған жағдайда ойнаушылар құрамын, олардың интелектуалдық дамуын, дене бітімінің дамуын, жас ерекшелігін, қызығушылықтарын, қарым-қатынас жасау деңгейін білу қажет. Ойынды таңдау оның өту кезеңіне, табиғи климаттық жағдайға, уақыт ұзақтығына, жыл мезгіліне, ойынға қажетті заттардың болуына байланысты. Ойын барысында ойын түрткісі өзгере береді. Балалар ойын кезінде рахат алу үшін әрекет жасайды. Кей жағдайда бала бір нәрсені заттай алу үшін, кейде шығармашылық жағдайда, бәсекелестік жағдайда өтеді. Бала ойын барысында өзара байланыстағы бірнеше деңгейдегі мақсатты жүзеге асырады.

Бірінші деңгейдегі мақсат – ойын үрдісінен рахаттану. Егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса, онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады.

Екінші деңгейдің мақсаты – функционалдық. Ол ойын ережесінің сақталуы, көріністер ойнау, рөлдерді орындаумен байланысты.

Үшінші деңгей ойынның шығармашылық мақсатын айқындайды. Шешу, табу, қорытындыға жете білу жолындағы іс-әрекетті көрсетеді.

Ойын - күрделі математикалық, психологиялық, педагогикалық ұғым.

Психология  тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше "ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.

К.Г.Исулов ойынды адам санасының  қоршаған ортамен араласуындағы  эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырды. Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:

Қажеттілік - мотив –мақсат- ойын іс-әрекеті - нәтиже.

Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:

а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды  қалыптастырады:

ә) Танымдық мотивтің дамуына  әкеледі;

б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;

в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.

Педагог ғылымдар ойынның  оқыту процесінде оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынандай пікір айтады.

Белгілі педагог  Ю.К.Бабанский ойынды "как мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся" - деп көрсетсе, педагогтардың арасында ойын іс-әрекетін педагогикалық құбылыстардың қай түріне жатқызу жөнінде бір пікір жоқ. А.С.Гуревич, А.В.Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, Н.Н.Скатова, Р.И.Половникова, В.К.Роман оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырады. Біз ойынды әдіс деп қарастырамыз. Себебі әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді.

Ойын элементтері  ойынның біртұтас құрылысын береді. Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады.

Ойын - өзіндік  басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған  белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің  түрі. Адам әрекетіндегі ойын құрылымының  кезеңдері:

1) мақсат қою; 

2) жоспарлау; 

3) мақсатты жүзеге  асыру; 

4) адамның өзін  субъект деп табуын қорытындылау  болып бөлінеді.

С.А.Шмаковтың  пікірінше, ойын - бұл тәртібіне өзіндік  басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған  белгілі бір жағдайдағы іс-әрекет түрі. Көптеген ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді:

1) еркін дамыйтын  әрекет;

2) шығармашылық  әрекет;

3) тікелей немесе  жанама ережелер.

Ойын  технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты  құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.

Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.

Ойын мен  адам мәдениетінің өзара байланысы  ғылыми түрде анықталды. Олардың  тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең  қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі  де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.

Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық  ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең  көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда  нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі:

Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады.

Бастауыш сынып  мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының  негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде  оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды.

Информация о работе Ойын технологиясы