Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 20:13, курсовая работа
Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару- оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекмелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол- оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Кіріспе
-Ойын туралы ұлы ойшылдардың пікірлері
II. Негізгі бөлім
2.1 Ойын – оқытудың жаңа технологиясының маңызды бөлігі
2.2.Оқу жұмысындағы ойын технологиясының қолданудың тиімділігі.
2.3. Оқу жұмысындағы ойынның атқаратын негізгі қызметтері.
2.4. Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері.
2.5 Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру.
2.6.Ойынның түрлері
А) Дидактикалық ойындар
Ә)Ұлттық ойындар
III.Қорытынды бөлім.
Оқу жұмысындағы ойын технологиясының маңызы.
Әдебиеттер тізімі.
Оқушылардың
қызығушылықтарын туғызатын
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.
Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде
алған білімді нақты істе
4. Оқушы әрекетіне
негізделген оқу көлемін
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында
шешім қабылдау оқушылардан
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын
түрлерінде қатысушылардың
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды ор Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады.
Сабақта ойын түрлерін
пайдалану сабақ түрлері мен
әдістерін жетілдіру жолындағы
ізденістердің маңызды бір
Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.
Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. «Ойыннан басталады»,- десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі — ойын.
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу – тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы қалыптасады. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез -келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны - балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Дидактикалық ойын оқу процесінде екі түрлі мақсатпен қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі ойын ойнау мақсатында. Мұғалім өзі де ойынға қатысады, балаға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді.
Мектеп оқушыларының мектепке келгенге дейінгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетіне бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.
Дидактикалық ойындарды сабақтың әралуан буындарына енгізу:
Ойынның
мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық
ойлауын дамыту
Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау,
пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын
ояту,белсенділігін арттыру.
Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас
жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыру .
Дидактикалық ойындарды
құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен
оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты
жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы
берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың
ақыл-ой белсенділігінің күшеюі
4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі
Дидактикалық ойын мектеп оқушыларының
белсенділігін арттырып, қиын оқу материалдарын
меңгеруді жеңілдетуі және көлемі бойынша
үлкен оқу материалдарды есте сақтауға
мүмкіндік беруі тиіс.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін
арттыру үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:
1. Жағдайға қарай шығармашылық белсенділікті
іске қосу;
2. Төмендегідей шығармашылық белсенділіктің
жүйелі циклдарын іске қосудың алғышарттары
ретінде шығармашылық жағдайларын жүзеге
асыру:
а) шығармашылықтың Мен–субъектісінің
рольдік образын игеру;
б) шығармашылықтың жетекші ішкі орындаушы
механизмдерін игеру;
в) шығармашылықтың әралуан түрлерін игеру;
г) ойын ұжымының шығармашылық бағытталушылығын
дамыту;
д) ойын арқылы шығармашылық нәтижені
елеулі түрде сезінетін жағдайларды қарастыру.
Белсенділікті дамыту үрдісіне ықпал
етуі тұрғысынан келесі ойын типтері мен
ойындық формаларды айқындауға болады:
а) оқушылардың шығармашылық белсенділігін
дамытатын ойын формалары (шығармашылық
белсенділікті дамытудың жалпы немесе
спецификалы емес шығармашылық ойындық
құралдары).
Дидактикалық ойындардың
сапалылығы:
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны
мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға,
оны қолданудың теориясы мен практикасын
мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік
танытуына, ойынға қажеті материалдарды
алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне
оқушыларды белсенді қатыстыруына
байланысты болады.
Дидактикалық ойын
түрлері:
1) Заттық дидактикалық ойындар
Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі
ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы
кесек т.б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша
ойналатын ойындар.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына
сәйкес мынадай түрлеріге бөлінеді:
1. Ойын-саяхаттар.
Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе
оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ
арқылы беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл
ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік
тапсырмалар құрайды.
3. Ойын-болжамдар. Бұл
ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер
едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың
алдына проблемалық міндет пен ситуацияны
қоюымен ерекшеленеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың
негізгі ерекшелігі-логикалық астарының
болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді.
Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау
арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға
тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер
етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол
мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен
және балалардың балалармен қарым-қатынасына
негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында
ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның
құндылығы балаларды эмоционалдық түрде
белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп
ойнауға мүмкіндік туғызады.Ойын баланың
сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға,
сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді
толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері
өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту
ойындары.
Сабақта ойын элементерін
пайдалану оқушылардың ой-
Бастауыш сыныптардың тіл сабактарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.
Дидактикалық ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойынойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Ойын әрекеті балалардын бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды орын алады. Ойын бастауыш сынып мұғалімдерінің бірден-бір көмекшісі болу керек.
Оқу жұмысында ұлттық ойындарды қолдану.
Халық жасаған
мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек
ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы
жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген
тамаша тәрбие құралы деп қарау керек.
Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап,
мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында
қосымша материал үшін, баланың сол пәнге
қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға
болады. Ұлттық ойындар халқымыздың
өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп,
жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес,
ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді
жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп,
меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан
келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да
өжет, шапшан ұрпақтарды тәрбиелеудің
өзіндік жүйесін өмірге әкелген.Ұлттық
ойындарды оқу мен тәрбие үрдісінде пайдаланудың
өзектілігі қоғамымыздың іргетасын нығайту
үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі
тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар
мен адамның айналадағы дүниемен тұлғалық
қатынасын(этикалық, эстетикалық, адамгершілік
тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың
мәдени рухани мұрасының, салт - дәстүрінің
озық үлгілерін оның бойына сіңіру арқылы
жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты
бағдарлама халқымызға тән әдептілікғ
қонақжайлық, мейірімділік, т. б сияқты
қасиеттер, табиғатқа деген қарым - қатынасындағы
біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас
ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл
мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы
танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы
деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың
ой - өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының
асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі
ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны
жүргізуге арналған нақты әдістемелік
құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында
орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды.
Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың
өзектілігі туындап отыр. Халық педагогикасының
адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу
туралы арман мақсаттарын, орныққан пікірлерін,
ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық
идеялар мен салт - дәстүрлері өткен мен
қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.
Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік
мәні бар ақпаратта (білім, білік) т. б.
жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең
ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің
негізі болып, оларды келешектегі қызметіне
дайындайды. Біздің халықтық педагогикада
еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады.
Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің
әдіс - тәсілдер құралы сөз жоқ, еңбек болып
табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен
тәрбиеленуінде ұрпақтан - ұрпаққа өмірлік
тәжірибе береді және халықтың даму барысында
шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде
адамның дене, ақыл - ой, эстетикалық дамуы
мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық
педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының
біріне ойын жатады.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше
зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын
іске асырып, қоршаған адамдардың іс -
әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде
өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс
пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен,
қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар»,
«Хан талапай», «Қыз қуу», «Теңге алу»,
«Аударыспақ», «Орамал тастау», «Көкпар»,
«Асық», «Сиқырлы қоржын»т. б. балалардың
еңбекке деген қарым - қатынасы мен қабілеттерін
арттырады.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері менжағдайларын ескеруге ерекше назар аударға жөн. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі - ойын.
Ойын арқылы
ұйымдастырылған сабақ
Қорытынды бөлім.
Оқу жұмысындағы ойын технологиясының маңызы.
Білім беру–аса
күрделі әлеуметтік-экономикалы