Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 15:06, лекция
Педагогикалық мамандықтың пайда болуының объективті негіздері бар. Жас ұрпақ аға ұрпақтың сан ғасырлар бойы жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін шығармашылықпен игеріп, оны пайдаланбаса, қоғам одан әрі дамамас еді.
2. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығын педагогикалық іс-әрекетке кәсіби дайындығы анықтайды. Кәсіби дайындық өз кезегінде психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, теориялық, практикалық дайындықтардан құралады. Мұғалімнің кәсіби дайындық жүйесі кең ауқымды болғандықтан мұғалімге қойылатын талаптар да өте көп.
Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп көрсетуге болады: жалпы адамзаттық талаптар, мұғалім мамандығының ерекшелігін анықтайтын талаптар, пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары. Жалпы адамзаттық талаптарға мұғалімнің адамгершілігі, қайырымдылығы, әділеттілігі, инабаттылығы, әдептілігі және т.б. жатады. Ал мұғалім мамандығының ерекшелігіне байланысты талаптарға мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің болуы, коммуникативтілігі, шыдамдылығы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі, үнемі үлгі-өнеге болуы және т.б. кіреді. Ал үшінші топ бойынша мұғалімнің терең теориялық білімінің болуы, педагогикалық-психологиялық білімдерінің болуы, әдістемелік білімдерді игеруі және т.б. өзіне меңгереді.
Педагогикалық талаптарды
анықтауда педагогикалық
Мұғалім мамандығы тек әлеуемттік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек:
- жоғары азаматтық
жауапкершілік және
- балаға деген сүйіспеншілік,
оларға өз жүрек жылуын
- шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы;
- жоғары кәсіби шеберлік,
ғылыми-педагогикалық ойлаудың
- үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен дайындығының болуы;
- психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және т.б.
Мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда мұғалімнің бағыттылығы да маңызды роль атқарады. Мұғалім тұлғасының құрылымында кәсіби-педагогикалық бағыттылық маңызды орын алады. Негізгі педагогикалық бағыттылықтардың бірі мұғалім мамандығына деген қызығушылығының және педагогикалық призваниесінің болуы. Педагогикалық призвание негізі мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі құрайды. Бұл негіз құрайтын сапа мұғалімнің өзін-өзі дамытуының және кәсіби маңызды сапаларды мақсатты түрде дамытудың алғышарты болып табылады. Мұғалімнің негізгі сапаларының қатарынан педагогикалық парыз және жауапкершілікті ерекше атап өту керек. Педагогикалық парызды басшылыққа ала отырып мұғалім үнемі балаға қамқорлық жасауға ұмтылады.
Мұғалімге оқушылар, ата-аналар
тарапынан қойылатын
- балаға деген сүйіспеншілік;
- эмпатия;
- қарым-қатынасқа жылдам түсе алу,
- ізгіліктілік;
- талап қоя алушылық;
- қайырымдылық;
- рухани байлықтың болуы;
- әділеттілік;
- өз сөзінде тұра алу және т.б.
3. Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.
Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты – қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау.
Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері:
- гуманистік сипаты;
- ұжымдық сипаты;
- адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;
- шығармашылық сипаты;
- қарым-қатынас жүйесінде болуы;
- мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.
Мұғалім мамандығы табиғаты
жағынан гуманистік (адамгершіліктік)
сипатқа ие мамандықтардың бір түрі.
Оқыту барысында мұғалім
Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.
Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы.
Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін, терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Мұғалімдер әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рольдерді меңгеруге дайындайды.
4. Педагог қызметкердің міндеттері мен құқықтары туралы 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында сипатталып өткен. Бұл заңның 50-бабында педагог қызметкердiң мәртебесi туралы былайша баяндалады: «Бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi азаматтық қызметшiлер болып табылады. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердiң ерекше мәртебесiн таниды және кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруы үшiн жағдайлар жасайды».
Ал, осы заңының 51 бабында педагог қызметкердiң төмендегідей құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi туралы баяндалған:
1. Тиiстi бейiнi бойынша
арнайы педагогтiк немесе
2. Педагог қызметкердiң құқықтары:
1) кәсiби қызметiне арналған жағдаймен қамтамасыз етiле отырып, педагогтiк қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-
3) жеке педагогтiк қызметке;
4) тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi
мемлекеттiк жалпыға мiндеттi
5) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) ұзақтығы төрт айдан
аспайтын, бес жылда кем дегенде
бiр рет бiлiктiлiгiн
7) санатын арттыру мақсатында мерзiмiнен
бұрын аттестатталуға;
8) педагогтiк қызметтегi
табыстары үшiн мемлекеттiк
9) өзiнiң кәсiптiк ар-намысы
мен қадiр-қасиетiнiң
10) әскери қызметке
шақырылу мерзiмiнiң кейiнге
11) ғылыми қызметпен айналысу үшiн педагогтiк стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) бiлiм беру ұйымы
3. Педагог қызметкердің міндеттері:
1) өзiнiң кәсiптiк құзыретi
2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi
бiлiм беру стандарттарының
3) бiлiм алушыларды жоғары
4) бiлiм алушылардың өмiрлiк
5) өзiнiң кәсiптiк шеберлiгiн,
6) бес жылда кемiнде бiр рет аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтiк әдеп нормаларын сақтауға;
8) оқушылардың,
Мiндеттерi мен педагогтiк әдеп нормаларын
бұзғаны үшiн педагог
4. Қазақстан Республикасының
5. Бiлiм беру ұйымдарында жұмыс
iстеуге педагогтiк қызметiне
Информация о работе Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы алатын орны