Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 12:15, лекция
Соңғы онжылдықта білім саласы мемлекеттің экономикадағы бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз етудің маңызды факторы болып келеді және төмендегілерді дамытуға бағытталған:
Мектепке дейінгі біліммен қамту;
Инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы білім беру қызметін көрсетудің қажетті сапасын және 12-жылдық мектепке көшуді қамтамасыз ету;
Педагогикалық ғылым елдің білім алуы үшін ең жақсы және тиімді тәсілді біледі. Ол педагогикалық мониторинг. «Мониторинг» ұғымы сол немесе басқа нысандар мен құрылымдардың жағдайы туралы объективті және субъективті деректерді қажет еткен ақпараттық қоғамның құрылуы мен дамуына байланысты пайда болды. ХХ ғасыр адамның қоршаған ортаға жасаған алапаттық өзгерістерінің, өнеркәсіптің өсуімен сипатталды. Сондықтан да деректерді инструменталды зерттеу, өңдеу және жүйелеу басты іс-әрекеттер болған.
Сонымен мониторинг деп заманауи білім технологиялары мен ақпараттық көрсеткіштерді пайдалану мен білім процесі барысын кезеңдік педагогикалық тексеру жүйесін айтады.
Педагогикалық мониторинг төмендегілермен байланысты:
Бұл теория білім саясатының ғылыми сапасы мен бағыттылығы болып табылады.
Мониторинг мақсаты – оқу үрдісінің барысы туралы ақпарат алу, кезең кезеңмен алып жатқан ақпарат негізінде осы процестің сапасы мен тиімділігін арттыру. Мониторингтің басты артықшылығы – бұл ҰБТ және БЖСБ сияқты оқу пәндерін оқытудың зерттеуден бір ғана нәтиже алу емес, сонымен қатар оқушылармен оқу процесі барысында алынған оқу пәндері бойынша ішкі және сыртқы бірнеше баға алу. Ғылыми тілде бұл кездейсоқ қателіктерден болған, тұрақсыз, жеке дұрыс емес бағадан сенімді және векторлы валидті бағалауға өту дегенді білдіреді. Бұлардың бәрі әрбір оқу пәні бойынша болады. Бұл жағдайда сыналып отырғандар нәтижесінің сенімділігінің тұрақтылық, орнықтылық идеясын тудырады, ал валидтілік қоғаммен мақұлданған білім мақсаттары үшін осы нәтижелердің жарамдылығын анықтайды.
Мониторингтің жетекші міндеттері арасынан сапалы педагогикалық диагностика процесін ұйымдастыруды ажыратып алу керек, елде жоқ сапалы білім статистикасы сияқты оны орындау қиынға әкеліп соғады. Сонымен қатар студенттердің оқу нәтижелерін автоматты түрде есепке алуды ұйымдастыру міндеті, сапалы мониторингтің шешуші шарттары болып оның нәтижелерінің ашықтығы, бағалау кезеңділігі, әрбір оқушының оқу әрекетін уақытында түзеу, әрбір азаматтың өзінің әлеуметтік және кәсіптік дамуы үшін қажетті дайындықты алу бойынша жеке адамды дамыту бойынша педагогтар мен студенттердің біріккен және мақсатты бағытталған оқу процесін ұйымдастыру қажеттілігі туады.
Алайда мониторинг оқу орнының негізгі параметрлеріне бағытталғанын және материалды эмперикалық жинау емес зерттеу статусы бар екенін айта кеткен жөн. Онда кешенді, жүйелік сипат бар және жылдық, перспективалық, стратегиялық жоспарлау үшін жағдайлар жасайды. Мониторинг әдістер кешені арқылы және нақты әзірленген процедуралар арқылы жүзеге асырылады. Әр жылы жаңа нысанға бағытталған бақылаумен салыстырғанда, мониторинг сол бір нысанға бағытталады және кезең кезеңмен қайталанып тұрады.
Келтірілген ережелер мониторингті кәсіптік даярлық сапасын бағалау және зерттеу мақсатында ақпаратты жинау мен сараптау бойынша іс шаралар жүйесі ретінде анықтауға және анықталған ерекшеліктер мен тенденцияларды сараптау негізінде оқу тәрбие үрдісін дамыту туралы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Мониторинг мыналармен байланысты:
Мониторинг стандартпен, нормамен, эталондармен тығыз байланыста. Мониторингтің тиімділігінің маңызды шарты төмендегілер ерекшеленетін бағалау мәдениеті талаптарына оның процедураларының сәйкестігі болып табылады:
Қазіргі уақытта білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру стратегиялық менеджментпен байланысты болып келеді. Стратегиялық менеджмент ерекшеліктерін есепке алу басқарушылық қызметтік заманауи жүйедегі мониторингтің орнын, мақсаттарын, бағыттылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Мониторингтің қарастырылған ерекшеліктері, оның басқарушылық қызметтегі орны оның негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
Ұлтаралық және интеграция негізінде ұлттық білім беру жүйесі кең ауқымды жаңғартудың саясаты құрастырылған талдау және озық дүниежүзілік тәжірибені қолдануды талап етеду.
Негізінен бұл ТМД елдері үшін ерекше мән, себебі олар әлем кеңестігіндегі білім жүйесіне жақындау жолына белсенді күш салады.
Осыған байланысты әлеуметтік үрдістер мен әр түрлі мемлекеттердің білім жүйелеріне, білім саласындағы жеткен жетістіктеріне салыстырмалы сараптама жасады.
ТМД елдері ішінде Қазақстанмен көршілес және білім құрылымдары біршама ұқсас мемлекеттердің бірі Ресей Федерациясы.
Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тәжрибесін Ресей Федерация тәжрибесімен салыстыра отырып бағалау үрдістерінің қорытындысы бойынша білім сапасы жағдайының жетістікті констатациясының орнына білім сапасын өзгертуде тенденцияларды сараптау мен ұзақ уақытта болжалдаудың инновациялық әдістер келеді деп айтуға болады.
Осыған байланысты білім сапасы көрсеткіштерінің жиынтығы бойынша өзгерулерді бағалау, осы бағаларды мониторинг жүйесіне толтыру, білім нәтижесіне көптеген сыртқы және ішкі факторлардың әсер етуін есепке ала отырып мониторинг деректерін статистикалық сараптау әдістері пайда болды. Бағалау үрдісінің нәтижелері кеңінен интерпритацияланады, ол оқу орындарына, оқу орындарының әкімшілігіне, басқарушыларына және оқытушыларына білім сапасын арттыру үшін оқыту үрдісін түзетудің жетістікті бағыттарын таңдап алуға мүмкіндік береді.
Білім сапасына қойылатын талаптарды нормылауда басты мәселелердің бірі болып заманауи қоғамның нақты тапсырыстарына білім сапасын басқару үрдісін бағыттауға мүмкіндік беретін, білім нәтижелерінің сапасын бағалауға кәсіптік қоғам өкілдерін тарту және оқу орны түлектерінің кәсіптік қызмет міндеттеріне құзыреттіліктерді нақты бағыттауға мүмкіндік беретін құзыреттілік жол табылады.
Білім сапасын басқару үрдісі жоспарланған оқу нәтижесіне қол жеткізу үшін барлық білім беру жүйесінің субъектілері, оның барлық құрамдас бөліктері қызметтерін координациялау мен мақсаттарын жүзеге асыру бойынша мақсатты бағытталған қызмет. Басқару үрдісін ақпараттық қамтамасыз етуге педагогикалық өлшемдер теориясы аппаратына сүйенетін және білім сапасы туралы нақты, валидті және салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ететін заманауи бақылау бағалау жүйелерін дамыту негізінде қол жеткізуге болады. Өлшеу нәтижесі білім сапасын басқару жүйесін тану, сараптау, функцияналдау, дамыту, болжау мен жетілдіру үшін ғылыми негіз болып табылады.
Білім сапасын тиімді басқару үшін эволюция саласындағы әзірлеулерге сүйенетін жүйелік жолды қалыптастыру керек. Шұғыл және стратегиялық сипаттағы эволюция нәтижелері әрбір жекелеген оқу орнында немесе әрбір оқу тобында макродеңгей міндеттерден сапаны басқаруға дейінгіден бастап әртүрлі деңгейлер үшін бағытталатын және білімдегі инновациялар бойынша әртүрлі жобаларға сүйенетін білімдегі жүйелік өзгертулерге негізделген нұсқаулықтар алуға мүмкіндік береді. Білім сапасын басқаруда эволюция нәтижелерін пайдаланудың кешенді жолдарын жүзеге асыруға өзгертулер деректерінің динамикалық, салыстырмалық, дифференциалдық және болжалдық сараптау кіреді және өлшем деректерін жинау, өңдеу, сараптау және интерпритациялау процедураларына, біріктірілген факторларды есепке алу, ақпараттық база сипаттамаларына ғылыми талаптармен реттеледі.
Бұл талаптарға сапаны басқарудың базистік методология өлшемдері нәтижелерін түсіндіруде қолдануды, өлшем нәтижелерінің жоғары сенімділігін және валидтілігін, білім сапасын бағалауда динамикалық жолды кеңінен пайдалануды, оқыту нәтижелерінің сапасына ықпал ететін барлық факторларды есепке алуды және білім сапасын бағалаудың салыстырмалығын қамтамасыз етуді жатқызуға болады.
Қажетті ақпараттың жоқтығынан қоғамда білім деңгейлері жөнінде шындықтан анағұрлым ерекшеленетін көлеңкелі ұғым пайда болады. Білім сапасын бағалау бойынша мониторингтік зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін түсіну білім сапасын бағалау жүйесімен құрылған ақпараттық кеңістікке үлес қосуға көмектеседі.
Білім сапасын бағалаудағы мониторингтік зерттеулердің бірінші мақсаты- белгілі бір критерийлерге сәйкес, параметрлері бойынша білім жүйесін бейнелеу. Бұдан кейін жүйедегі басқа да түрлі объектілердің өзара байланысын анықтайтын мақсаттар қойылады, объектілердің (көрсеткіштердің) өзара әрекеттерін зерттеу моделдері мен білім беру жүйелерін белгілі бір уақыт ағымында түрлі деңгейлерде салыстыру қажет.