Педагогикалық іс әрекет тұралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 08:31, реферат

Краткое описание

Педагогиканың ірге тасы- философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия – педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс-тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі деп атау қабылданға

Содержание

Негізгі бөлім
1. Жоғары мектеп педагогикасы және қызыметі.
2. Педагогикалық іс әрекет тұралы түсінік.
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

хамит МОӨЖ1.docx

— 25.82 Кб (Скачать файл)

        Іс-әрекет  объектісі – адамдардың қалыптасуының  объективтік негізін – қоғамның  материалдық-техникалық базасы, қоғамдық  қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи  орта және адамның туа біткен  қасиет-нышандары  сияқты адамдардың  еркі мен санасына тәуелді  емес факторлар құрайд Адам  жанасқан нәрселердің бәрі-адамдар,  заттар, табиғаттың және айнала  қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары  осының барлығы оның санасы  мен мінез-құлқына, оның рухани  әлпетіне ізін қалдырады. Адам  қоғамның белсенді мүшесі ретінде  қалыптасады. Сөйтіп, адам әрқайсысы  қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен  көзге түседі.Сондықтан адамға  педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық  негізінде ұйымдастыра білуді  қажет  етеді.Қазіргі кезде   жоғары оқу орындарында мұғалімнің  технологиялық компетенттілігін  жетілдіру  өзекті мәселеге  айналуда. Оқыту стратегиясы мен  технологиясын таңдаудағы кәсіби  міндеттердің шешімі оқушының  тұлғалық сапасының дамуынан  көрініс табады. Педагог тудыратын  сыртқы шараларды оқушы өзінің  жеке іс-әрекетімен жүзеге асырады.  Оқыту іс- әрекетін басқару - оған  белгілі дәрежеде талап қою,  педагогтың таным белсенділігін  арттырып, шығармашылығын дамытатын  және инновациялық білім беру  мен инновациялық білім беру  ортасын жасау. 

соңғы жылдары  педагогикалық  компетенттілік ұғымына  деген көз-қарастардың  ауқымы кеңейе түсті. Жоғары білікті  маманның компетенттілігі ұғымының мән-мағынасын анықтауға бағытталған  мәселелер педагогика саласындағы  зерттеулерде, ғылыми-әдістемелік басылымдарда кеңінен қарастырылуда.Жалпы компетенттілік ұғымына ғалымдар көптеген зерттеулер жүргізген.Мысалы, В. Шепель компетенттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-тәжірибелік  дайындық ретінде анықтама береді. Ал В. Ландшеер компетенттілікті тереңдетілген  білім деп түсінеді.Сонымен қатар  компетенттілік ұғымына, П. Симонов, М. Чошанов, В. Даль, В. Безруков, Н. Розов  психологтерден А. Журавлев, Н. Талызина тағы да басқа ғалымдар өз ойларын  білдіріп, талқылаған. Кейбір зерттеушілер компетенттілік ұғымын «құзыреттілік» аталымымен нақтылайды. Компетенттілік – «істі біліп» іс-әрекет атқаруға қабілеттілікті білдіретін жалпы балама термин. Әдетте, белгілі бір әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар адамдарға қатысты  қолданылады, оның орындайтын міндеттері мен шешетін күрделі проблемаларының  нақты деңгейіне сай білім  мен іскерлігінің сәйкесті мөлшерін анықтайды.Латын тілінен  аударғанда компетенттілік дегеніміз  өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Ал, түсіндірме сөздіктерде «компетенттілік» ұғымы  компетенцияны меңгеруші ретінде  қарастырылады. Компетенттілік, тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесіне сай белгілі бір міндеттерді орындауға дайындығы. Ал французша «компетентті», заңға сай, ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді. В. Даль «компетенттілік» ұғымы тек әділет саласына тән  деп санайды, оның ойынша, компетенттілік дегеніміз «заңға сәйкес», «толық құқылы» деген мағынаны білдіреді. В. Безруков компетенттілікті «кәсіби түрде сауатты талдау жасай алу, бағалай алу, белгілі бір ойын айта алу біліктігінің қалыптасуы» деп түсіндіреді. Э. Зсер мен О. Шахматова компетенттілікті кәсіби білім мен біліктің жиынтығы, сонымен қатар кәсіби іс-әрекетті орындай алу әдіс-тәсілдері деп санайды.

         Компетенттілік  теория мен практиканың бірлігі  негізінде қалыптасады. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес, тұлғаның танымға деген әрекетін, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді.Н.С. Розов компетенттіліктің  екі жағы болатынын анықтайды  да, бірінші жағына танымдық және практикалық  жаңалық енгізуді ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты-жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

        Жоғары мектеп педагогикасына қарағанда теорияның мектептегі педагогикадан айқын айырмашылығы байқалады. Онда білім берудің логикасы, құрылымы және жүйесі, негізгі категориялары бар, онда теорияның заңдылықтары мен принциптерін айқындауға болады. Аталмыш теорияға: жоғары оқу орындарындағы ғылыми қызметтің даму тарихы, әлемнің түрлі елдеріндегі жоғары мектептегі ғылымның дамуын және қазіргі заманғы жай-күйін салыстырмалы сипаттауды,  ғылыми қызметтің мақсаты мен міндеттері, мазмұны, әдістері мен принциптері, дәстүрлері мен ғылыми мектептері сияқты негізгі категорияларды, жоғары оқу орындарындағы ғылыми қызметтің жағдайы мен ғылыми-инновациялық ортаны қосуға болады.

 


Информация о работе Педагогикалық іс әрекет тұралы түсінік