Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 19:54, диссертация
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер жағдайында дамып келеді. Бұл өзгерістердің нәтижесі білімдік реформалардың табысты дамуына байланысты. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, төл тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлғалардың еңбектерін зерделеп, зерттеу маңызды мәселелердің бірі болуда. Қазақстан жағдайында ұлттық тәлім-тәрбие саласында әртүрлі проблемалары әсіресе, халықтың педагогикалық тағылымдарын жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану негізгі проблема болып отырғаны Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Г.Шәймерденова, К.Қожахметова, Г.Хамитова, С.Ұзақбаева, С.Ғаббасов, Қ.Бөлеев, Г.Әлсатов, Ж.Асанов, Ә.Табылдиев т.б. ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты қарастырылды.
Кіріспе........................................................................................................
С.Қалиевтың педагог-ғалым ретінде қалыптасуына тарихи-педагогикалық сипаттама
Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері..................................................................................................
С.Қалиевтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары және оның ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындаудағы үлесі...........................
С. Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында пайдалану
С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы идеяларын педагогика курсын оқытуда пайдалану...................................................
Ғалым-педагогтің ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін сабақтан тыс жұмыстарда қолдану жолдары.........................................
Қорытынды .............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................
Біз жүргізген әдістемелік жұмыстар негізінде өткізілген сауалнамада болашақ педагог-психологтардың профессор С.Қалиевтың этнопедагогика мәселелеріне арналған еңбектеріне деген үлкен ықыластарын байқадық. Әсіресе, білімгерлер бойында ұлттық сана, ұлттық намыстың терең ұялағаны сезілді. Бұл өте қуанарлық жағдай болды.
Бұл сауалнама арқылы білімгерлердің ұлттық тәрбие жөнінде ғалым С.Қалиевтың еңбектерін пайдалану қажеттілігі қандай дәрежеде екенін және оның еңбектеріндегі ар-ұжданды қастерлеу, тәрбиені халық өмірінен бөліп алуға болмайтындығы, этностық және өркениетті әлемдік мәдениетті кіріктіре пайдалану арқылы ұлттық ментолитетті қалыптастыру қажет деген негізгі тұжырымдарын тәрбиеде пайдалану мүмкіндіктерін анықтадық.
Ұлттық тәрбие жөнінде ғалым С.Қалиевтың еңбектерін пайдалану қажеттілігі жөнінде берілген сұрақтар бойынша педагогикалық пәндерден сабақ беретін оқытушылар арасында сұхбат жүргізілді. Бірінші орында ғалым-педагогтың қазақ ұлтының менталитеті, ұлттық тіл мен мәдениетті орындату жөніндегі пікірлері болды (сұхбаттасқан 20 оқытушының 88%). Ғалымның «Қазақ этнопедагогикасының тарихы», «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы», «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» еңбектерін жиі пайдаланатындарын көрсетті (90%). Ал, С.Қалиевтың «Тәлім-тәрбие хрестоматиясы», «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі», «Қазақ этнопедагогикасының туу және даму тарихы» атты еңбектерін сирек пайдаланатыны белгілі болды ( 9%).
Жүргізілген сұхбатқа берілген жауаптар ғалым педагогтің теориялық, оқу-әдістемелік еңбектерінің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға деген қажеттіліктің жоғары екені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Қорытынды
Профессор Серғазы Қалиев өзінің ұлан-ғасыр педагогикалық және қоғамдық қызметімен Қазақстанның этнопедагогика ғылымына үлкен үлесін қосты. Ұлағатты ғалым-ұстаздың көлемді де, ауқымды монографиялық, оқулықтары, оқу құралдары маман даярлауда үлкен рөл атқарды. Бұл еңбектерінде ғалымның педагогика, этнопедагогика, мораль, этика мәселелері әр қырынан сөз болады. Әсіресе, кең байтақ қазақ жеріндегі оқу-ағарту істерінің түрлі сипаттағы бағыттары, ұлттық тұрғыдан білім беру мен оқыту ісінің түйінді мәселелерін ғылыми зерттеу тұрғысынан көрсете білді.
Ғалымның қаламынан жоғары оқу орындарына арналған бірнеше монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, төрт жүзден астам ғылыми мақалалар жарық көрді. Ондағы ой-пікірлер жастарға рухани азық десе артық айтқандық болмас.
Ғалым С.Қалиев өзінің еңбектерінде жеріміздің ұлан-ғайыр кеңдігімен табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархандылық, адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, асқан қонақжайлылық, жойқын соғыс пен қырғынға ұшыраудың салдарынан мысқалдап жинаған рухани мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан малжандылық (мәселен, аман-саулық сұрағанда алдымен малдың жөні сөз болатындығы), өзінің жұрттарға деген бауырмалдық, еш уақытта біреудің жеріне деген көз алартпаған бейбітшілік қасиеті, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қаусатқан батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі шыдамдылық біздің ұлттық мінезіміздің ерекшеліктерін егжей-тегжей зерттеген.
Ғалым кейбір қазақ жастарының ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді біле бермейтініне, халқымыздың баға жетпес өнерлерін бағалай бермейтініне өкініш білдірді.
Қазақтардың санасына жалпы адамзаттық мінез-құлық ережелерімен қатар ұлттық моральдық асылы мен халықтың этнопедагогикалық, этнопсихологиялық ерекшеліктері еленбеді, жеке тұлғаның белгілі бір этносқа тән қатынасы ескерілмеді. Бұл сөз ащы болса да шындық еді.
С.Қалиев халқымыздың, ұлтымыздың жоғын жоқтап, жас ұрпақ санасына ұлттық тәрбиенің дәнін сеуіп, ұлтқа қызмет етудің не екенін айтып, жеткізуден шаршамаған патриот-ғалым. Ұрпағына ұланғайыр жер қалдырған бұрынғы билер мен батырларды айтпағанда, тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары қаншама азаматтарымыз ел аузына ілікті. Мәселен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевты алайық, қаншама орыс пен өзге ұлттардың ортасында жүріп-ақ, ана тілін ұмытпауы нені аңғартады? Қалаберді ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, бәрі-бәрінен хабардар. Бұл отбасында тамаша тәрбие алғанын, қан тазалығының, жан сұлулығының, ұлтқа қызмет етудің не екендігін білетіндігі деуге әбден болады. Сондықтан ғалым жастарды қазақша сөйлеп, ұдайы кітап оқып, терең ойлауға шақырады.
Сонымен қорыта келгенде, Қазақстанда кеңес дәуірінде қазақтың ұлттық мектебі болған жоқ, мектептер қазақ мектебі деп аталғанымен, олар орыс мектебінің қолайсыз көшірмесі болды, оларда ұлттық тәрбие жүргізілмеді. Міне, сондықтан ғалым-педагог Серғазы Қалиев басқа да қазақтың ғалымдары сияқты ұлттық мектептің қажеттігін ерекше мәселе етіп қойған этнопедагогтар Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева. М.Балтабаев, А.Көбесов, Ж.Наурызбай, Ә.Табылдиев, Т.Әлсатова, Қ.Қожахметова, Қ.Бөлеев, І.Хамитова, Ж.Асанов ерекше мәселе етіп қойып, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру проблемаларын жан-жақты зерттеген ғалымдардың көш басында болды, болып та келе жатқанын айтуымыз керек.
Ғалым педагог С.Қаливтың этнопедагогикалық көзқарастары бұрын соңды арнаулы зерттелмегендігін анықтады.
С.Қалиев қазақ жастарына ұлттық тәрбие берудегі үлесі қомақты. Ол халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдамаларымен қиюласа, астарласып жатқанын өз еңбектерінде көрсете білді. Себебі, осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі дейміз.
Серғазы Қалиевтың тарихи өмір жолдарын талдау арқылы біз оның этнопедагогикалық идеялары қазақ қоғамының тарихымен тығыз байланыста болғанын білдік. Ол ауыл баласынан мұғалім, қоғам қайраткері, белгілі ғалым дәрежесіне жетті. Ғалымның шеберлігі оның шығармаларында қоғамдағы барлық өзгерістер орын алып, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің небір қыр-сырларын ашуында.
Сөз соңында белгілі ғалым-педагог Серғазы Қалиевтың этнопедагогикалық идеялары жас ұрпақтың ұлттық тәрбие алып, дені сау, білімді, ақылды, адамгершілікті, иман жүзді, сұлу да сымбатты, халқын, елін, туған жерін, оның табиғатын сүйетін ұлтжанды, ата-бабамыз армандаған «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат болып өсуіне жақсы ықпалын тигізетіні хақ.
Зерттелген тақырып өте күрделі болғандықтан оның барлық қыр-сырын қамтудың мүмкіндігі болмады. Келешекте бұл мәселе өзінің жалғасын теориялық және тәжірибелік ізденістерде С.Қалиевтың ұлттық тәрбие туралы идеяларын мектеп және отбасы тәрбиесінде, арнаулы орта, жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде, педагогика және психология, филиология мамандарын даярлауда жүзеге асырудың жолдарын анықтауға арналған зерттеулер болуы мүмкін.
Серғазы Қалиев шығармашылығында қазақ отбасындағы қарым-қатынас, туған жерге деген сүйіспеншілік (патриотизм), қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәні туралы мәселелер арнайы зерттелсе деген ұсыныс білдіреміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе С.Қалиевтың еңбектеріндегі оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері