Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 19:54, диссертация
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер жағдайында дамып келеді. Бұл өзгерістердің нәтижесі білімдік реформалардың табысты дамуына байланысты. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, төл тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлғалардың еңбектерін зерделеп, зерттеу маңызды мәселелердің бірі болуда. Қазақстан жағдайында ұлттық тәлім-тәрбие саласында әртүрлі проблемалары әсіресе, халықтың педагогикалық тағылымдарын жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану негізгі проблема болып отырғаны Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Г.Шәймерденова, К.Қожахметова, Г.Хамитова, С.Ұзақбаева, С.Ғаббасов, Қ.Бөлеев, Г.Әлсатов, Ж.Асанов, Ә.Табылдиев т.б. ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты қарастырылды.
Кіріспе........................................................................................................
С.Қалиевтың педагог-ғалым ретінде қалыптасуына тарихи-педагогикалық сипаттама
Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері..................................................................................................
С.Қалиевтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары және оның ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындаудағы үлесі...........................
С. Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында пайдалану
С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы идеяларын педагогика курсын оқытуда пайдалану...................................................
Ғалым-педагогтің ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін сабақтан тыс жұмыстарда қолдану жолдары.........................................
Қорытынды .............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................
С.Қалиұлының ұлттық тәлім-тәрбиеге байланысты қызығушылық танытпаған саласы кемде-кем екенін айту керек. Ол 400-ден аса педагогикалық, этнопедагогикалық зерттеулер, көптеген ғылыми-публистикалық мақалалар, монографиялар мен кітаптар құрастырушы. Оның жалпы көлемі 1200 баспа табақ екен.
1987 жылы профессор С.Қалиұлы
Қ.Б.Жарықбаевпен авторлық
Зерттеудің екінші тарауы «Халық педагогикасындағы отбасылық тәрбие және оның ауыз әдебиетінен алатын орны» деп аталып, онда қазақ халқының балажандылық қасиеті, тәрбиедегі ананың ролі, бала тәрбиесіне ананың, атаның, әженің, ағайындар мен туыстық қарым-қатынастардың мәні қарастырылған.
Еліміз егемендігін алғаннан кейін профессор С.Қалиев ұлттық тәрбиемен кең көлемде айналыса бастады, 30 ғасырлық қазақтың тәлімінің 10 томдығын шығаруда қажымай-талмай еңбек етті. Бұл еңбектерде араб, парсы, қытай, монғол, орыс тілдеріндегі басылымдардан қазақ тіліне аударылған құнды шығарма болды. Осы мәселе жөнінде белгілі ғалым-педагог М.Құдайқұлов былай дейді: «Бұдан әлденеше жылдар бұрын баспа бетін көрген, оның үстіне бүгінде оқырман қауымның қолына түсе бермейтін ескі әдебиеттердің таптырмайтын көне дүниелер екенін ескерсек, құрастырушылардың жүздеген еңбектерден теріп, сүзіп алған тәлімдік ойлар тұжырымдамаларын дайын дерек көздеріне айналдыруы – аса қуанарлық іс» [7. 54].
Қазақтың тәлімдік ойларының 2 томдық антологиясы алғаш рет 1990 жылдары профессор Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтың құрастыруымен шығып, ел игілігіне айналғаны бәрімізге белгілі. Бұл еңбек педагог-ғалымдар мен ұстаздар үшін аса құнды дерек көз деуге болады. Себебі, еңбектен халқымыздың, ұлттық тәлім тарихымыздың кез-келген дәуіріне қатысты деректерді табуға болады. Ғалымдар қауымдастығы бұл еңбекті өте жоғары бағалаған: «Қазақ мәдениетіне ежелден бері көптеген шетелдіктер көңіл аударып, пікір білдіріп отырған. Антология өз тәлім тарихымызға солардың көзімен зер салуға мүмкіндік берді. Қазақ жері түрлі тарихи жағдайларға байланысты көптеген халыққа пана болып, олармен күнделікті қарым-қатынаста болып келе жатыр. Ал, бұл өз кезегінде ұлттық тәлім үрдісіне әсер еткендігі белгілі».
С.Қалиевты қазақ халқының өзіндік мәдени, рухани, әдеби, ұлттық дәстүрлерінің тәрбиелік мәні толғандырды. Қазақ ұлтының дамуы билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар болғанын ескеріп, ғалым олардың шығармаларының тәлім-тәрбиелік мәнін ашып зерттеді. Олар: Жәнібек, Керей, Асан қайғы, Мұхаммед Хайдар, Дулати, Қыдырғали Жалайыр, Қасым, Есім, Тәуке, Қазтуған, Ақтамберді, Шал, Әнет, Төле, Қазбек, Әйтеке, Әбілқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбей, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б көптеген адамдар болды. Аузы дуалы, ақылгөй жыраулар мен шешен, билер жалпы жұртқа өнегелі сөздерімен, өлең-жыр, толғауларымен зор ықпал етіп, халықты ел болуға, берекелі бірлікке шақырып, қоғамдық өмір сахнасына шыға бастады. Осы жөнінде С.Қалиев былай деп жазды: «Қазақ жырауларының толғау-тебіреністері, қанатты сөздері өзінің тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани эстетикалық, отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлік заманда хандар мен бектердің, қолбасшы батырлардың ақылгөй-кеңесшісі болып, жорыққа бірге аттанды, ру-тайпаларына басшылық етіп, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті» [8. 320].
С.Қалиев «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» атты еңбегінде XV-XIV ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан халықтың салт-дәстүрін, ой-арманы мен тілек мақсатын айқындап берген. Себебі, жыраулар толғауларынан халқымыздың небір тағылымдарға толы ойлары, мұң-мұқтажын, ой-толғаныстары, қуаныш-сүйініші, болашақ ұрпаққа айтар өнегелі өсиеті берілген. Ғалымның ойынша, олар халықтың тәлім-тәрбие мектебінің, ұлағатты ұстаздарының ролін атқарады. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» - бүгінгі Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың негізгі іргетасы болып саналады. Сондай-ақ сол кезеңдерде дүниеге келген Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди», «Жаханнама», Қадырғали Жалайырдың «Жамиғат тауарих», халық тағылымы: «Қазақтар шежіресі» ұрпақ үшін зор тәлім-тәрбиелік мәні бар шығармалар екенін баяндаған.
Ғалымның бұл дәуірді сипаттай келе мал шаруашылығы, ою-өрнек пен зергерлік бұйымдар жасау, кілем, алаша тоқу, ер-тұрман, құмған, ыдыс-аяқ жасау, музыкалық аспаптар жасау сияқты қасиеттер жедел дамып, жастарға еңбек және эстетикалық тәлім-тәрбие берудің негізгі құралына айналғаны туралы ойын білдіреді. Жоғарыда аталған еңбекте С.Қалиев қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселелеріне кеңінен тоқталып, этнопедагогикалық ұғымдарға ғылыми анықтама берген. Қазіргі кезде этнопедагогика мен халық педагогикасы ұғымдары туралы әртүрлі анықтамалар бар екені бергілі. Сондықтан жоғарыда аталған еңбегінде бұл ұғымдарға арнайы тоқталған. Енді ғалымдардың анықтамаларына тоқталайық.
Халық педагогикасының теориялық жақтарын зерттеуші, Ресей ғалымы Е.Л.Христова халық педагогикасы – ол халықтың таптық педагогикалық санасы, ал дәстүрлі педагогиканы – белгілі ұлттық педагогиканың саласы – деп есептеді.
Көрнекті ғалым Г.Н.Волков педагогика саласында тұңғыш рет «Этнопедагогика» деген ұғымды ғылыми айналымға ендірді. «Этнопедагогика» ұғымы ғалымның ойынша: «Халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді. Халық педагогикасы – халықтың ауыз әдебиетінде, салт-дәстүрлерінде, ырымдарында, балалар ойындарымен ойыншықтарында мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасы – халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы» - деген [9. 16].
Философ Г.Н.Филонов: «Халық педагогикасы – жергілікті халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс-тәсілдері. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа өмір барысында білім мен дағдылар арқылы жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық тәрбиенің, мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерінің, қоғамдық дәстүрлердің, белгілі идеологияның жалғасуын бағыттап отырады. Халық педагогикасы моральдық заңдар мен салттарда көрініс табады».
Жоғарыдағы ұғымдарға берілген анықтамаларды қорыта келе, ғалым С.Қалиев: «Салт-дәстүрлер бір жағынан халықтың тұрмыс-тіршілігімен байланысты туған этнографиялық құбылыс болып саналса, екінші жағынан ұрпақ тәрбиесінің ритуалы болып саналады. Сондықтан ұлттық салт-дәстүрлердің мән-мағынасын тәлімдік тұрғыда қарастырып, тозығынан озығын айыра қарау, бүгінгі заман талабына сай келетін прогрессивтік мәнді дәстүрлерді ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы ретінде орынды пайдалана білу қажет» - деп санады.
Қорыта келгенде, этнопедагогика – фольклорлық шығармалар мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мән-мағынасы мен оны оқу-тәрбие жүйесінде қолданудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.
Ғалым-педагог С.Қалиев жастарға ұлттық тәлім-тәрбие берудің психологиялық жақтарын да қарастырады. Ғалымның пікірінше, ұлттық психологиялық құрылым үш бөліктен тұрады: ұлттық сезім, салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлестік ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады.
Ұлттық сезім ғалымның пайымдауынша – ол адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіреді. Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы. Ұлттық сезім басқа сезімдер сияқты адамның жеке басының қанағаттануымен байланысты ой-қиял, әсер сезімінің сыртқа шыққан көрінісі. Мысалы: «Елім-ай» әнін ести отырып, халықтың басына түскен жағдайларын, шапқыншылық әрекетке езіліп мұңайғаны немесе «Саржайлау», «Сарарқа» күйлерін естігенде адамдардың туған жер табиғатына деген сүйіспеншілік, шаттық сезімінің оянуы табиғи заңды құбылыс.
С.Қалиев халқымыздың ұлттық мінез ерекшеліктерін де жан-жақты талдап, ұлттық мінез осы ұлтқа тән темпераменттік, психикалық, рухани сапасымен ерекшеленіп көзге түседі. Қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлылық, өзбектердің сыпайы мінезділігі, діншілдігі. Орыс халқына тән қарапайымдылық пен кеңпейілділік, американдықтардың құнттылығы, ағылшындардың салқын қандылығы, немістердің ұқыптылығы, француздардың жинақылығы, испандықтардың тән қызуқандылық ерекшеліктері байқалады.
Ғалым С.Қалиев қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктерін, халқымыздың ұлттық қадір-қасиеттерін баса көрсетіп, оларға сипаттама берді. Бауырмалды, ата салтын бұзбау, үлкенді, ата-ананы сыйлау, қайырымдылық сияқты қасиеттерді жас ұрпақ бойына сіңірудің жолдарын да анықтады. Сондықтан ғалым бұл қасиеттерді ұлттық ерекшеліктеріміздің көрінісі деп санады. Бұл қасиеттер жөнінде ғалым нақты мысалдар келтіру арқылы халық даналығына жүгінеді: үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкенге көмегі, баланың ата-анаға, әке-шешенің балаға мейірім-шапағаты.
Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – оқушыны жан-жақты дамытуда, білім беруді, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыспен шұғылданатын қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай, ұлттық қасиеттерді жете түсінетін ұрпақ дайындау.
Олай болса, ұрпағымызды тәртіпсіздік сияқты жаман қасиеттерден сақтандыру үшін мектеп оқушыларының бос уақытын дұрыс пайдаланы біліп, сабақтан тыс іс-шаралар арқылы ұлттық құндылық қасиеттері бойынша дамытуымыз қажет. Өйткені, оқушылар бойында зерігушілік әдепсіздікке соқтыратындығын, теріс жолға бастайтындығын мектеп өмірінен жиі байқаймыз. Ондай жолға жібермеудегі тосқауылдан туған жол – халқының әдет-ғұрпындағы, салт-дәстүріндегі әдептіліктің таным-тағылымы. Сондықтан да жастарымыздың санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Ақынжандылық, шешендік пен өнерпаздық, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ғұрыптары, рәсімдері және салт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиеттерді игіліктерімен тоғысуына мүмкіндік алады. Халқымыздың асыл қазыналарын білуге, игеруге қызықтыру, ұлттық тәрбиені меңгеру – басты міндет.
Оқушылардың ұлттық құндылықтарымен қасиеттерін арттырудың сипаттары ұлттық ерекшеліктерді көрсету барысында бүкіл адамзаттық құндылықтарын жалпы және ұлттық тұрғыдан төмендегідей жіктейді.
Ұлттық тұрғыда: Халыққа тән болмыстың сипатын ашу, ұлттық тәрбиенің басты ерекшеліктері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қызығушылығы.
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы ұлттық құндылықтарының маңызды белгісі болып табылады. Осы арқылы ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерін білеміз. Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық – ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырып, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дархандық даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы - әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттылыққа баулып, дауға-дәру, жауға - қару, араздыққа - араша, татулыққа - тамыр, тазалыққа - нәр, пәктікке - пәрмен, дәстүрге - дәрмен, өнерге - тұлпар, көкте - сұңқар етіп тәрбиелеген.
С.Қалиев өз еңбектерінде халқымыздың небір сөздерін келтіре білді. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» дегендей, халқымыздың бойына сіңірген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара аламаймыз. Ұлттық тәрбиеміздің халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланыста болып, осы уақытқа дейін дәстүрлі тәрбие құндылықтарын жоғалтпай жалғастырып келеді. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені, тәрбие әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын-туыс, көрші-қолаң бәрі аралпсып, бәрі де халықтың баласына ортақ қамқорлық жасаған. «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған. Сол себепті ұлтымыз: «Балаң өзіңе тартса – жұбан, қоғамға тартса - қуан» деп бекер айтпаған. Біздің тәрбиеміздің ерекшелігі – қыз балаға қамқорлықпен қарау. Себебі, халқымыз қыз тәрбиесіне баса назар аударған. «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дегендей, тәрбие бесіктен басталатыны бірімізге белгілі. Ал, бесік иесі – ана. Ал, қазіргі заманда қыз баланы, яғни болашақ бесік иесін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек.
Ұлттық тәрбиенің тағы бір көрінісі – ол имандылық қасиет. Ұлы Абай: «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, болмас буын керек» [10. 304]- дейді. Пайғамбар ұсынған парыздарды орындау әрбір адамдардың міндеті. Осыған байланысты ғалымдар Қ.Жарықбаев, Ә.Табылдиев былай деп жазды: «Жас адамды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап, мейірімділік, қарапайымдылық, қайырымдылық, ілтипаттық, кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты әдептік-психологиялық қасиеттерді олардың бойына сіңіру бір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің басты парызы» [11. 102].
Информация о работе С.Қалиевтың еңбектеріндегі оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері