Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 19:54, диссертация
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер жағдайында дамып келеді. Бұл өзгерістердің нәтижесі білімдік реформалардың табысты дамуына байланысты. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, төл тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлғалардың еңбектерін зерделеп, зерттеу маңызды мәселелердің бірі болуда. Қазақстан жағдайында ұлттық тәлім-тәрбие саласында әртүрлі проблемалары әсіресе, халықтың педагогикалық тағылымдарын жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану негізгі проблема болып отырғаны Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Г.Шәймерденова, К.Қожахметова, Г.Хамитова, С.Ұзақбаева, С.Ғаббасов, Қ.Бөлеев, Г.Әлсатов, Ж.Асанов, Ә.Табылдиев т.б. ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты қарастырылды.
Кіріспе........................................................................................................
С.Қалиевтың педагог-ғалым ретінде қалыптасуына тарихи-педагогикалық сипаттама
Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері..................................................................................................
С.Қалиевтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары және оның ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындаудағы үлесі...........................
С. Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында пайдалану
С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы идеяларын педагогика курсын оқытуда пайдалану...................................................
Ғалым-педагогтің ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін сабақтан тыс жұмыстарда қолдану жолдары.........................................
Қорытынды .............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................
Бала тәрбиесінде сезім мен еріктің ролін Қ.Жарықбаев адам сезімдері қашанда тарихи-әлеуметтік сипатта болады, оның мазмұнын қоғамдық болмыс бейнелейді. Сезімдерден адамның дүниетанымы, өмір поэзиясы жақсы аңғарылатынын көрсетеді. Алға қойған мақсат жолында, өмір үшін күресте күшті. Жігерлі сезімдерсіз табысқа жету қиын. Тыныс-тіршілігі солғын, селқос адамдардың көздеген мақсаттарына жетуі қиын болады. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, ұнамсыз қылықтарды барынша жек көріп отыруы қажет. Қазақ ұғымына адамгершілік ұғымымен астарлас келетін қасиет – ол кісілік. Қазіргі этнопедагогикалық әдебиеттерде «кісілік» қасиеттерді қалыптастыру мәселесі көбінесе арнайы айтыла бермейтінін байқадық. Осы орайда Қ.Жарықбаев, Ә.Табылдиев& «Кісілік - өмір барысында біртіндеп қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әрекеті мен мінез-құлқының азаматтық ар-ожданы. Халқымыз: «Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» - деп тәрбиелі адамның үлгі-өнегесін жоғары бағалап, жастарға «Жақсы болсаң да, арлы бол» деп талап қояды. Әдетте бойы мен ойы толыса бастаған, кәмелетке келген адамды кісі деп айтуға болады. Бірақ, кісінің де кісісі бар дегендей, оның ұнамды, ұнамсыз, жағымды, жағымсыз түрлері де аз емес» [11. 123].
Отансүйгіштік ең жоғары кісілік қасиет, оның кісілігін танытатын ерекше асқан сезім екені белгілі. Отан, отаншылдық қасиет туралы тәрбиелегенде қаз дауысты Қазыбек бидің: «Алтын ұяң – Отан қымбат, туып-өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат» деп келетін аталы сөздерін еске аламыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан – біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны» - деген [12].
С.Қалиевтың «Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы» (Қ.Жарықбаевпен авторлық бірлестікте) атты жинағында курстың мақсаты – VI ғасырдағы Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, орта ғасыр ғұламаларымен Алтын Орда дәуірі оқымыстыларының, XIV-XIX ғасырлардағы өмір сүрген ақын-жырулардың, қазақтың демократ-ағартушыларының және ХХ ғасырда өмір сүрген педагог-ғалымдардың халықтық педагогика туралы ой-пікірлерінен мағлұмат беру арқылы тәрбие тарихымен таныстыру, сол тағылымның әсерлі үлгілерінен өнеге алған бүгінгі жастардың елін, жерін, Отанын, ұлттық мәдениетін сүйетін арлы, намысқор, саналы, өнегелі, парасатты азамат болып шығуын көздейді. Еңбектің «Орхон-Енисей ескерткіштері және оның тәлімдік мәні» атты бөлімінде сол көне түркі жазба ескерткішінің табылуы, оның зерттелуі мен құрылымы және сол дәуірдегі түркі тектес халықтардың салт-дәстүрлері, тарихы мен әдеби мұрасындағы тәлім-тәрбиелік идеяларын қазіргі ұрпаққа үлгі етіп ұсынады.
Ғалымның «Халық педагогикасы және оның ауыз әдебиетіндегі көрінісі» атты еңбегінде халық педагогикасы ұғымына мынадай анықтама берген: «Халық педагогикасы дегеніміз – халықтардың ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім, тәжірибелер жиынтығы». Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі мен халық педагогикасындағы тәрбие түрлері: тән және тазалық тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, имандылық пен адамгершілік тәрбиесі. Ауыз әдебиеті жанрларынан нақты мысалдар келтіре отырып, олардың мазмұнын жасады [13.196].
Жоғарыда келтірілген жинақтағы С.Қалиевтің «XV-XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясындағы тәлімгерлік ой-пікірлер» атты мақаласында осы кезеңдегі қазақ жеріндегі тарихи жазбаларға тоқтала келе, ақын-жыраулар Асан қайғы, Бұқар, Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді, Шалкиіз, Махамбеттің жырларынан нақтылы үзінділер келтіріп, олардың тәлім-тәрбиелік мәніне тоқталады.
Ғалым Қазақстанда ұлттық тәлім-тәрбиенің туып, қалыптасу кезеңдерін көрсетіп, онда қазақ ағартушы-демократтарының, ғалымдарының педагогикалық көзқарастарына талдау жасаған. Олардың қатарында Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев, Ш.Әлжанов, Т.Тәжібаев, С.Қожахметов, М.Мұқанов, С.Сембаев, Қ.Бержанов, Х.Досмұхамедовтер бар.
Бұл еңбек екі ғалымның (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев) көп жылғы этнопедагогикалық, этнопсихологиялық және де басқа теориялық біріккен ізденістерінің нәтижесі. Еңбек ұлттық педагогикаға қосылған үлкен үлес болды десек артық айтқандық болмас. Осы еңбек туралы белгілі ғалым-педагог Қ.Бөлеев былай дейді: «Әр кезеңдердегі педагогикалық ой-пікірлерге, шетел зиялыларының қазақтар туралы мерзімді басылымдардағы мағлұматтарға талдау жасалынған. Олардың тәлімдік ой-пікірлері айтылған шығармаларының мазмұндарының студенттерге тигізер әсері ерекше» [14. 152]. Бұл оймен келіспеуге болмайды.
С.Қалиевтың (Р.Ізғұттынова және Г.Жекімбаевамен авторлық бірлестікте) құрастырылған «Тәлім-тәрбие хрестоматиясы» жарық көрді. Онда қазақ халық педагогикасының асыл-арналары, бұлақтарымен көздерінен жастардың тәлім-тәрбиесіне байланысты халық шығармаларынан нақтылы мысалдар келтірілген.
Профессор С.Қалиевтің басшылығымен қорғалған кандидаттық диссертациялар авторларының тізімі:
Педагог-ғалым Серғазы туралы үзеңгілес әріптестері, шәкірттері жүрек жарды сөздерімен былай деп толғанады: «Серғазы Қалиұлы – қанатын мәуелі бәйтеректей жайған, қазақ жастарының табиғат берген дарынының көзін ашып, ізгілік нұрын құйған, олардың ғылымда өз орнын табуына бағыт-бағдар беріп отырған ұлы жүректі батырлардың бірі деп айтсам артық айтқандық болмас, 2 ғылым докторын даярлап шығарды. Соның бірі менмін. Қазіргі таңда алыс және жақын шетелдерде ғалымның баптап ұшырған түлектері ұстазынан алған білімдерімен болашақ Қазақстан азаматтарын білім мен ғылым нәрімен сусындатуда» [15. 46] - Иманбаева С.Т., п.ғ.докторы.
Белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Таңбайқызы былай деген: «Қазақстанда этнопедагогиканың әдіснамасын жасаған ғалым, профессор Серғазы Қалиұлы».
«Көрнекті педагог-ғалым Серғазы Қалиев соңғы 35 жыл ішінде қазақ этнопедагогикасының теориясымен де тарихымен де тікелей айналысып, 48 кітап, 400-ге тарта мақала жазған, сөйтіп қазақ этнопедагогика ғылымына сүбелі үлес қосып, оның теориялық негізін салып келе жатқан майталман білгір ғалым» [16. 30] (Ұзақбаева С.А., Абылайхан атындағы әлем тілдері академиясының профессоры , п.ғ.докторы).
Қазақстанның көрнекті ғалым-педагогі, психологы, педагогика, психология ғылымдарының докторы, профессор Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев өзінің ұлт тәрбиесінің төңірегінде авторлық бірлестікте еңбек еткен әріптесі Серғазы Қалиұлы туралы былай деген: «Жасы егде тартқанынша оның творчествосы қазір де бұрынғыша тасқындай түсуде. Соның айғағы - «Қазақтың 10 томдық тәлім-тәрбиелік антологиясын» жоспарлап, осы циклдің 6 томын баспадан шығарды деуге болады».
Н.Н. Нұрахметов химия ғылымдарының докторы, профессор: «Серғазы Қалиұлы өз өмірін ұлттың педагогика тарихына, теориясы мен практикасына арнауын ерекше құптауға тұрарлық. Әрі бұл салада шоқтығы биік заңғар тау сияқты, шәкірттерімен бірге тынымсыз еңбек етіп, көптеген істерді тындырып жүргенін ерекше ілтипатпен айтқан жан болар».
Біздің ойымызша, ұстаздың бағасын әділ беруші оның шәкірттері мен әріптестері.
Қазақ елі егемендігі мен тәуелсіздігін жариялағаннан кейін этнос, халық,
ұлт педагогикасы мен психологиясын сан-салалы
мәселелері жайлы зерттеулер пайда бола
бастады. Тек соңғы кездері ғана өз алдына
дербес отау тіккен ТМД елдерінде этнопедагогика,
этнопсихология ғылымдары кеңінен өріс
алып келе жатқаны белгілі. Ұлттық мәселелердің
қырлары мен сырларын зерттеу кезінде
әміршіл тотаритарлық жүйе қарсы болды.
Өйткені жалған интернационализмнің жалауын
көтеріп, комунизмді орнатуды мақсат еткен
қоғамға ғылымның осы саласы қатесіз еді.
Сондықтан этнопсихология, этнопедагогикалық
мәселелер тек оқтын-оқтын Лениндік ұлт
саясаты жайлы желең сөз болғанда ғана
жекелеген ғалымдардың жол-жөнекей ат
үсті жазған еңбектерінде сөз болып келген.
Ғалым бұл кезде әлі этнопедагогика мен
этнопсихологияны да, зерттеу обьектісін
де, ұғымдарын да бірізге түскен жоқ деп
тұжырымдайды. Сондықтан ғалымның пайымдауынша,
еліміздегі тыныс-тіршіліктің кез-келген
саласында ұлттық ерекшеліктерді ескермей,
бұларды ғылыми тұрғыдан сараптамай тиянақты
жұмыс жүргізу қиын деп есептеді. Әсіресе,
Қазақстан секілді көптеген ұлт өкілдері
мекендеген елдің этнопсихологиясымен,
этнопедагогикасымен үнемі санасып отыруы
аса маңызды деп санаймыз. Мәселен,
әртүрлі этностар мен халықтардың ұлттық
мүдделерін, халықтарын қорғау, олардың
әрқайсысының дәстүр-салты мен әдет-ғұрпын
ұқыптылықпен қарау, көптеген ұлт өкілдері
мекендеген елде этнос психологиясы
мен санасып отыру аса маңызды. Ғалым С.Қалиев
Ұлттық ерекшеліктеріміздің психологиялық, педагогикалық астарларын зерттеуде
ғалымдар ештеңе бітірген жоқ деген ойдан
аулақпыз. 1970-1990 жылдары М.Мұқановтың
«Ақыл-ой өрісі», «Қазақ мектебіндегі
оқу-тәрбие процесінің аспектілері,
Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиевтың «Қазақ тәлім-тәрбиесі»
(1995), этнопедагогика мен этнопсихология
ғылыми жинақтары басылып шықты. Ұлттық
ерекшеліктердің ұлттық сезімдер,
қасиеттер арқылы көрініс беретінін,
оның ұлт тілдері мен ұлт мәдениетінен
айшықты орын алатынын айта келіп, Елбасы
Н.Ә.Назарбаев оның өмірден орын алатын
тұрақты құбылыс екенін, оны жою мүмкін
еместігін, әрбір ұлттың, мәдениеттің
беріктігі, ұлттық қағидалардың қоғамда
қозғаушы күш екеніне және оның тәлімгерлік
роліне назар аударады. Соңғы жылдар төңірегінде
этнопедагогика мәселелерін зерттеуде,
мектептерге арналған методикалық құралдар,
оқулықтар, бағдарламалар жасалғанын
айтуымыз керек: «Әдеп әліппесі» (Ә.Табылдиев),
«Әдептану негіздері» (Қ.Жарықбаев), «Қазақ
этнопедагогикасы» дәрісінің бағдарламасы
(С.Қалиев), орта мектептердің Х сыныбына
арналған «Әдеп сабағының бағдарламасы»
(С.Қалиев, С.Иманбекова), «Ұлттық экологиялық
тәрбие бағдарламасы» (С.Қалиев, Р.Мұратханова),
«Ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық
ой-пікірлер» (С.Қалиев), «Халық педагогикасының
ауыз әдебиетіндегі көрінісі» (С.Қалиев),
«Мектепте Ғ.Мүсіреповтың шығармаларын
оқыту жолдары» (С.Қалиев) т.б. Жоғарыда
көрсетілген еңбектер жастарды ұлттық
рухта тәрбиелеуде игі әсерін тигізуі
хақ. Белгілі философ, ҚР Ұлттық ғылым
академиясының корреспондент мүшесі
Ғ.Есімов өзінің «Сана болмысы» еңбегінде
ұлттық менталитет (діл), ана тілі, ұлттың
мәдениет, қоғамның бүгінімен болашағы
- жастар тәрбиесі туралы өзекті мәселелер,
«Тұлға» деген кімдер?, ұлттық менталитет
деген не? - деген сұрақтарға жан-жақты
түсінік берген. Ғалымның қазақ ұлтының
менталитет, ұлттық тіл мен мәдениетін
өркендету жөніндегі ой-пікірлері
құптарлық нәрсе. Әрі қарай ғалым былай
дейді: «Бүгінде қалаларда ұлттық жаңа
менталитет қалыптасып келе жатыр. Әрбір
тарихи құбылыстың өзінің дәуірі, дәурен
сүретін кезеңі бар. Ғылым, адам, қоғам,
таным, дәстүр, салт, ғұрып енді қалада
дамуы тиіс. Дәл қазіргі мәселе - ұлттық
менталитетімізді қаладан іздеуіміз керек.
Оған өтпелі кезең деп қарау қателіктерге
соқтырады. Ұлттық мәдениетті жылына
бір рет Наурыз мейрамы кезінде марапаттаумен
ғана шектелу тиісті нәтиже бермейді»
[17. 123]. Бұл оймен келісе отырып, егемендік
алғанымызға 20 жыл толды. Еліміз үлкен
қарқынмен дамып, өркениетті елдермен
терезесі тең болуға жарап қалды деген
артық айтқандық болмас. Дегенменде, жастардың
тәлім-тәрбиесі туралы ойлардың негізін
ежелгі ғасырлар қойнауынан, бабалардың
асыл қасиеттерінен, тәжірибесінен,
халқымыздың салт-дәстүрінен іздеп,
зерттеу керектігін айтудан жалықпау
керек деп ойлаймыз. Еліміз егемендік
алуымен қоғамның мектепке қатынасы өзгеріп,
қазақтың ұлттық мектебін жасау туралы
педагогикалық ақпарат беттерінде өте
бағалы әртүрлі ой-пікірлер айтыла бастады.
Мысалы, ғалым-педагогтар Қ.Б.Жарықбаев
[18], К.Шаймерденова [19], С.Ұзақбаева [20],
Ә.Табылдиев [21], Қ.Бөлеев [22], К.Қожахметова
[23], Ж.Асанов [24], І.Р.Халитова [25] т.б.
Қазақтың ұлттық мектебін жасау, онда
ұлттық тәрбие беру проблемаларын жан-жақты
зерттеп, қомақты-қомақты еңбектерін,
оқулықтарын, оқу және әдістемелік құралдарын
жарыққа шығарды. Ұлттық мектеп жасауға,
онда ұлттық тәрбие беруге мемлекет тарапынан
бірнеше тұжырымдамалар мен құжаттар
шығарылды. Олар: «Қазақстан Республикасында
жалпы орта білім беретін мектептердің
тұжырымдамасы» [26. 23], «Қазақстан Республикасында
гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы»
[27. 40], «Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени
білім тұжырымдамасы» [28. 56]. Мектеп оқушыларына
ұлттық тәрбие беруді іске асыру үшін
авторлық бағдарламалармен қазақ мектептері
жұмыс істеуде М.Құрсабаевтың «Атамекен»
[29. 32], З.А.Ахметованың «Кәусар бұлақ»,
Ә.Сәдуақасовтың «Дәстүр», Республиканың
педагогикалық жоғары оқу орындарында
болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбие беруге
дайындау жұмыстары да біршама жүргізілуде.
Олар: «Қазақ этнопедагогикасы» (Қ.Б.Жарықбаев,
С.Қалиев З.Әбілова), «Қазақ халқының
этнопедагогикасы (Қ.Бөлеев) бағдарламасы.
Бұл еңбектер бойынша болашақ мұғалімдерді
оқушыларға ұлттық тәрбиеге дайындауда
нақты іс-тәжірибелер мен ғылыми ізденістер
өз нәтижесін беріп келеді. Қ.Жарықбаевтің,
С.Қалиевтың, З.Әбілованың және Қ.Бөлеевтің
бағдарламалары болашақ мұғалімдерді
оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың
мазмұнын жасауға арналған. Ол бағдарламаларда
қазақ этнопедагогикасының теориялық,
практикалық және тарихи мәселелері жан-жақты
қарастырылады. Солардың мазмұндары арқылы
болашақ мұғалімдер оқушыларға ұлттық
тәрбие берудің әдістемесімен танысады.
Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты
халқымыздың ежелгі тарихы мен бай мәдени
қазынасының білімдік, танымдық, тәлімдік
мүмкіншіліктерін зерттеудің қажеттілігі
артып отырғаны белгілі. Халыққа білім
беру мен руханият салаларын дамытудың
стратегиялы бағытына айналып отыр. Осы
мақсатты іске асыру жолында Ы.Алтынсарин
атындағы қазақ білім академиясы президентінің
2003 жылғы бұйрығымен Қазақстандағы педагогикалық
ойлардың 30 ғасырлық даму тарихын зерттеумен
айналысатын педагогикалық-зерттеу орталығы
ашылды. Бұл орталық туралы профессор
С.Қалиев «Педагогикалық ғылыми-зерттеу
орталығы немен айналысады?» [30. 18] деген
мақаласында былай деп жазды: «Ежелгі
дәуірден ХХ ғасырдың соңына дейінгі
Қазақстандағы тәлімдік ойлардың даму
тарихы» атты тақырыпта ғылыми жұмыспен
айналысады... Осыған орай жүргізіліп отырған
ғылыми-зерттеу жұмысы қазақстандағы
тәлімдік ойлармен оқу-ағарту істер
тарихын кезең-кезеңге бөліп, бүгінгі
күн тұрғысынан қайта қарастыру мақсатын
көздеп отыр. Себебі, кешегі кеңестік дәуірде
ұлт мәдениетіне біржақты баға беріліп
келгенін жасыруға болмайды. Бұл ғылыми-зерттеу
жұмысының бұрынғы зерттеулерден тағы
бір айырмашылығы ұлт мәдениетінің негізіне
VI ғасырдан Орхон-Енисей жазба ескерткіштері
алынып қана келсе, енді көне түркі мәдениет
тарихын әріректен «Авеста» кітабы мен
діни қолжазба, оқулықтармен дастандардан
бастауды қажет деп отырмыз. Ол ежелгі
Қазақстан халықтарының көне мәдениетінің
көкжиегін кеңейте түсуді көздеуден туған
ой.
Қазіргі кезде профессор С.Қалиев қазақтың тәлімдік антологиясының 30 ғасырлық тарихын қамтитын он томдықты басып шығару жолында үлкен еңбек ету үстінде. Қазірде еңбектің 6 томы жарық көрді. Қазақстанның көрнекті ғалымы, профессор Н.Н.Нұрахметов бұл еңбектің маңызы туралы былай дейді: «Мұндай атан түйе көтеретін жүк, Серғазы Қалиұлының даңғайыр ғалым, іскер ұйымдастырушы, өзі әдебиетші, өзі тарихшы, әрі этнографтың ғана қолынан келеріне шек келтіруге болмас». Бұдан артық ғалымға баға болмас деп есептейміз.
1990 жылы К.Б.Жарықбаев бен С.Қалие
Профессор Қ.Бөлеевтің 2004 жылғы «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау» атты монографиясы баспадан шықты. Еңбекте автор болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы, қазақ ұлттық мектебін құру, ұлттық тәрбие берудің мазмұны, формалары, әдіс-тәсілдері жасалынған.
Информация о работе С.Қалиевтың еңбектеріндегі оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері