Тарих сабақтарында өзіндік жобалау жұмысы дағдыларын қалыптастыру
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2014 в 09:54, доклад
Краткое описание
Жоғарыда аталған жағдаяттарды ескерсек, әр мұғалім өз жұмысында жобалар әдісін қолданса, қазіргі таңда тиімді жолдардың бірі деп есептеуге болады. Мақсаты: • Сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың жоба жұмыстары тәжірибесін ұйымдастыру , талдау және тиімділігін анықтау ; • Оқушыларды меңгерген білімдерін практикада қолдана білу қажеттілігіне баули отырып, зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау;
Содержание
Кіріспе_______________________________________________________ 3-4 1. Негізгі мазмұны________________________________________________5-6 І.І. Оқушының өзіндік жобалау жұмыс істеуі дегеніміз не?____________5 І.ІІ. Өзіндік жұмыс, оның түрлері және оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдас- тырудың әдістемесі______________________________________________5 І.ІІІ. Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек __________________________________________________5 І.ІV. Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары____________________ 5 І.V. Өздік жұмысқа қойылатын талаптар___________________________ 6 І.VІ. Жобалау жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары_____ 6 2. Жобалар әдісінің кезеңдері _____________________________________ 7 3. Қорытынды ___________________________________________________8 Әдебиеттер тізімі
Қорытынды ___________________________________________________8
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінгі заман талабына сай
білім берудің сапасын арттыру және жаңалау
нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында
елімізде даму бағдарламалары қайта қаралып
жасалынуда. Даму бағдарламасының басты
мақсаты - білімді, шығармашыл, құзыретті
және бәсекеге қабілетті, динамикалы даму
үстіндегі ортада өмір сүруге қабілетті
жеке тұлға қалыптастыру және дамыту.
ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
2012 жылғы Жолдаудағы тапсырмаға байланысты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012
жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен "Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл
жоспары" қабылданды.
Ұлттық жоспарда оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту процесін
ғылыми-әдіснамалық, оқу-әдістемелік,
материалдық-техникалық қамтамасыз етудің
кешенді іс-шараларын жүргізу көзделген.
Ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын
арттыруды Қазақстан Республикасында
білім сапасын жетілдірудің өзекті мәселесі
ретінде қарап, оның бірөзектілігін, толықтығын
және іс-әрекет жүйелігін қамтамасыз етуге
бағытталған.
Аталған жоспарда:
- оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытудың отандық
және халықаралық тәжірибелерін
зерделеу;
- оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту жөніндегі
жүйелік шараларды іске асыру
тетіктерін анықтау;
- білім беру мазмұнын:
стандарттарды, оқу жоспарларын
және оқу бағдарламаларын жаңартуды
қамтамасыз ету;
- оқу процесін оқу-әдістемелік
қамтамасыз ету;
- оқушылардың білім сапасын
бағалау және оған мониторинг жүргізуді
жетілдіру;
Соңғы жылдардың ішінде мектепте
жаңа технологияларды кеңінен қолдану
орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің
мақсаты оқушыны жан жақты қалыптасқан,
бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу.
Әрине сабақта әртүрлі жаңа технологиялар
және олардың бөлшектері қолданылады.
Бірақ оқушыларға білімді игеруде біраз
проблемалар туындайды.
Солардың ішінде мынадай өзекті
мәселелерді атап айтуға болады:
•Оқыту барысындағы өздігінен
жұмыс орындаулары төменгі деңгейде;
•Берілген тапсырманы дұрыс
қабылдамау және оны толық жүйелі түрде
орындамау;
•Алынған білімдерін басқа
салаларда қолдана алмауы.
Жоғарыда аталған жағдаяттарды ескерсек,
әр мұғалім өз жұмысында жобалар әдісін
қолданса, қазіргі таңда тиімді жолдардың
бірі деп есептеуге болады.
Мақсаты:
Сабақ барысында және сабақтан
тыс уақыттағы оқушылардың жоба жұмыстары
тәжірибесін ұйымдастыру , талдау және
тиімділігін анықтау ;
Оқушыларды меңгерген білімдерін
практикада қолдана білу қажеттілігіне
баули отырып, зерттеу мен жоба жасауға
мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау;
Өзектілігі:
«Естігенімді – ұмытамын , көргенімді
- есте сақтаймын , өз істегенімді- меңгеремін»,-
деп Конфуций айтқандай, жобалау технологиясы
– оқушылардың жоспарлау және күрделене
беретін тапсырмаларды орындау арқылы
меңгеретін білімі. Балаларды өз жұмысының
жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен
өмірге дайындау бүгінгі тақырыптың өзектілігі.
І. Негізгі мазмұны
І.І. Оқушының өзіндік
жобалау жұмыс істеуі дегеніміз не?
Оқушы өз бетімен берілген тапсырмалармен
танысады.
Тапсырмаларға байланысты жаттығуларды
орындайды;
Жаттығуларды орындау барысында
өздігінен жоспар құрады;
Жоспар құру барысында: алдымен
тиімді жолдарын қарастырады және жобалайды.
Кейін кіріседі. Аяғында бір тұжырымға
келеді.
Қорытындылайды.
Жалпы, өзіндік жұмыс істеу-
тәрбиелеу мен оқыту үрдісінің негізгі
құрамдас бөлігі болып табылады. Өздік
жұмыс оқушылардың белсенділігін арттыруға,
жетілдіруге көмектеседі. Сонымен қатар,
білім сапасын көтеру, оқу әдісін жандандыру
мақсаты болып табылады. Оған қоса оқушылардың
ой-өрісін, қиялын дамытады. Эмоция туғызуға,
бұрын алған білімдерін еске түсіруге
мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өздік жұмыс
оқушының өзінше ізденіп оқуға және іздену
арқылы танымын кеңейтуге мүмкіндік берді.
І.ІІ. Өзіндік жұмыс, оның түрлері және
оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың
әдістемесі ..............................................................................
Өзіндік
жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің
бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы
бір формасы болып табылады. ..............................................
Өзіндік
жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен
«өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп
тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады:
біріншіден, өз бетінше балалардың
түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің
көмегінсіз орындаулары,
екіншіден, мұндай жұмыстар
балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке,
жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді............................................
І.ІІІ. Өзіндік жұмыс
түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды
орындау керек:
Өздігінен орындайтын жұмыстың
мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы
керек;
Өзіндік жұмыс оқушылардың
ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны
әр-түрлі болуы керек;
Әрбір орындалған өзіндік жұмыс
тексеріліп, бағалануы керек.
І.ІV. Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары:
мұғалімнің нақты тапсырмалар
(нұсқаулар) беруі;
жұмысты орындаудың және аяқтаудың
уақытын белгілеуі;
мұғалімнің басқаруымен оқушылардың
дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты
өз еркімен және қалауымен істеуі;
оған әсер ететін мотивтер.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды
топтастыру - күрделі мәселе.
Оның
жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына
қарай қолданылатын жұмыс түрлері:
а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты
талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының
жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге
үйрену).
ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар,
түрлі жазбаша, графикалық, практикалық
т.б. жұмыстар)......................................................................
І.V. Өздік жұмысқа қойылатын талаптар:..........................
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне
байланысты таңдалуы керек.
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті
уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).
3) Міндетті түрде тексерілуі керек..................................................................................
4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты
(жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды
бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға)
таңдалады.
5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі
оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне
байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын
ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша
материалдар дайындап әкелу керек...................................................................................................................
7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар,
перфокарталар дайындау қажет.
І.VІ. Өзіндік жобалау
жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары. (1- қосымша №1-кесте)
1. Сабақ барысында игерілген материалдарды
өңдеу.
2. Түрлі формада өтетін сабақтарға дайындық.
3. Қосымша әдеби құралдармен жұмыс жасау.
Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады.
Тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады.
ІІ. Жоспарлау
кезеңі
Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның
тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттерді
шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің
жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс-әрекет
келісіледі.
ІІІ. Ақпаратты
жинау кезеңі
Оқушылар хабар жинайды, әдебиетпен және
басқа ақпарат құралдармен жұмыс жүргізеді;
Алыңған нәтижені мұғалімнің
көмегімен сараптайды, ал мұғалім бақылайды,
көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы
болады.
ІV. Рефлексивтік
бағалау кезеңі
Оқушылар жобаларын ұсынады (презентация),
атқарылған жұмыс бойынша есеп береді,
ұжымдық пікірталасқа қатысады, өзіне
өзі баға береді, мұғалім бағалайды.
V. Қорытынды
кезеңі.
Осымен оқушылардың өздігінен жұмыс жасау
қабілеті жоғарылайды, олардың танымдық
белсенділігі арттылады, ұжымдық қарым
қатынастар арқасында қоғам дағдылары
жетілдіріледі. Шығармашылық қабілеттері
арттырылады.
Қорытынды
Жобалар әдісі
педагогикада жаңалық емес. Бұл
әдіс 1920 жылдары АҚШ-та пайда болған.
Бұл әдіс жеке бағдар беру
технологиясының бірі. Бұнда оқушылардың
танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін
өздігінен қолдану біліктігін қалыптастыру,
ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сын
тұрғысынан ойлауларын дамыту жатады. .....................................................................................
Жобалар әдісі соңғы жылдары оқыту үрдісінде
кеңінен орын ала бастады. Бұл әдіске қызығушылықтың
себебі оқыту процесі мен оның нәтижесіне
жаңашыл көзқараспен қарау. Жобалар әдісі
қазіргі білім берудегі талаптарға сай
әдіс. Бұны қолданғанда балалар тек қана
өздерінің іс әрекеттерін жоспарлауды
ғана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру
үшін жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табады,
бірнеше саладан алған білімдерін бір
міндетті шешуге қолданады, табылған нәтижелерді
талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың
нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке
тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды.
Аталған әдіс бала жаратылысына тән: білуге
құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше
эксперимент жүргізу сияқты бала әрекетіндегі
жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды.