Тәрбие жүйесі, оның мәні, құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 11:43, реферат

Краткое описание

Қазіргі жаһандық өзгерістер заманында әр түрлі өзгерістер мен жағдайларға әр уақытта дайын болу қажеттігі туындап отыр. Осыған байланысты жас ұрпақтың бойында заманға сай қасиеттері мен құндылықтары болуы қажет. Осы мәселе тәрбие процесіне түгелдей байланысты болып табылады. Себебі, жас ұрпаққа заманауи тәрбие беру тікелей тәрбие процесінің ұйымдастырылуы мен мазмұнына байланысты болады. Сондықтан болашақ ұрпақты тәрбиелеу жұмысында дұрыс мақсат – міндеттерін анықтау мен әдіс-тәсілдерін таңдаудың маңызы зор. Бұнын бәрі де барып тәрбие процесінің құрылымына өзгерістер енгізеді. Себебі тәрбие процесі толығымен құрылымына байланысты болып келеді. Сондықтан тәрбие жұмысының ең алдымен компоненттерін дұрыс бөліп, әрбіреуінде тиімді жолдарды қолдану қажеттігі бірінші кезекте тұр.

Содержание

Кіріспе.
Тәрбие түсінігінің мәні мен құрылымы.
Тәрбие түсінігінің мәні
Тәрбие процесінің құрылымы
Тәрбие процесінің негізгі көздейтін мақсаттары мен міндеттері.
Тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері
Тәрбиенің мақсатын жеке тұлғалық қасиеттерге бағыттау
Тәрбие жұмысының бағыттары.
Тәрбиенің тұлғалық және ұжымдық бағыттарынығ ерекшеліктері
Тәрбиенің рөлі мен түрлері.
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

1 РК реферат педагогика.docx

— 41.98 Кб (Скачать файл)

Ғылыми дүниетаным қалыптастырудағы басты мақсат –мына күрделі де қайшылықты өмірде адамға өз бетінше дербес іс-əрекет жасаудың бағдарын беру.

Азаматтық тəрбие мəні – кемелденудегі ұрпақты отаншылдық, құқықтық, адамгершілік сезімдеріне баулып, өз қадірін, тұлғалық еркіндігін, тəртіптілікті, басқа азаматтар мен мемлекеттік билікті сыйлауды үйрету, сонымен бірге жүктелген міндеттерді орындау, отаншылдық, ұлтжандылық жəне ұлтаралық сыйластық сезімдерін үйлесімді байланыстыра білу қабілетін дамыту.

Азаматтық тəрбие мақсаты – əр адамда қоғамның адамгершілік мұраттарын, Отанға деген сүйіспеншілік, бейбітшілікке ат салысу ықылас –ниеттерін қалыптастыру. Азаматтықтың негізгі элементтері – мемлекет жəне басқа азаматтарды құрметтеуге байланысты өз міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін адамгершілік жəне құқықтық мəдениет. Кемелденген азаматтықтың белгісі – сөз бен істің бірлігі. Адам тұлғасының дамуына бағытталған гуманистік қадамдар да – осы азаматтық сезімдердің деңгейімен бағаланады.

Азаматтық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны: əрекет- қылықтың конституциялық жəне құқықтық талаптарын зерттеу, үйрену; бейбітшілікке, зорлау күшін жұмсамауға тəрбиелеу; қоғам жəне тұлға мүддесін танытушы қоғамдық сананың бір формасы азаматтың сезімін, ұлтаралық ортақтасу жəне құқықтық қатынастар мəдениетін, еліміздің жетістіктері жөніндегі білімдер жүйесін, адамның қоғамда өз мүмкіндіктерін іске асыруға себепші азаматтық тəжірибесін қалыптастыру.

Азаматтық тəрбие тиімділігін көтерудің арқасында төмендегідей жетістіктерді қолға түсіруіміз мүмкін:

- азаматшылдық  идеяларын қабылдаудың психологиялық  кейіп жағдайлары жасалады;

- азаматтар  өз араларындағы міндеттерді  мойындайтын болады;

- бірлікті  өмір сүруге дағдыланады;

- өз  талаптарында , əрекет-қылықтарында , əдеттері мен əрекеттерінде, ниеттері мен қалауларында астамдылыққа бармауға үйренеді;

- басқалар  мүддесін де ескерудің қажеттігін  сезінетін болады;

- қоғамдағы  бейбітшілік, өзара түсіністік, ымырашылдық пен тəртіптілік сақтау үшін қажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау мен қадағалау жүргізуге бейімделеді.

Отаншылдық тəрбиесі. Бұл тəрбиенің мақсаты – оқушыда өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, оған адал қызмет жасауға, оны қорғауға баулу; туған ел тарихы жəне өз халқы мен басқа да ұлыстардың мəдени мұрасын, салттары мен дəстүрлерін қастерлеу қатынасын қалыптастыру;

Отаншылдық тəрбиесінің мазмұны:

- Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік рəміздерін (Ел таңба, Ту, Əнұран) зерттеп, тану. Сонымен бірге басқа елдердің де мемлекеттік белгілерін білу;

- отаншылдық (өз Отаныңа болған сүйіспеншілік) пен интернационализмнің (басқа  ұлт адамдарына, елдерге, мемлекеттерге  бағытталып қалыптасқан достық, қатынастар сезімі) əрқилы тұстарын түсініп, қайта қарастыруға мүмкіндік беретін білімдер шеңберін кеңейту;

- туған  өлке табиғаты мен тарихын  зерттеу;

- елімізбен  байланысқан өзге мемлекеттер  тілін, тарихын, ондағы халықтар  салты мен дəстүрлерін білу;

- халқымыздың  жауынгерлік даңқы мен қаhармандығына байланысты нақты дерек көздерін іздеу жəне зерттеу.

Құқықтық тəрбие. Құқықтық тəрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық мəдениет пен құқықтық əрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге əрі мойындауға баулу. Құқықтық тəрбие жүйесі мемлекет сипаты жəне саясатымен белгіленеді.

Құқықтық норма адамның қоғамдағы талапқа сай əрекет-қылығының мұратты (идеяльная) моделі. Құқық пен тəрбиенің өзара байланысты əрекеті негізінен жанама түрде тəрбиеге араласқан ата-аналар мен ересектер арқылы іске асып барады. Азаматтық қорғанысы əлі жетілмеген бала заң аясында қолдау табады: оның ерекше мəртебесі «Адам құқықтарының жалпы декларациясында»(1989ж) жəне «Бала туралы Конвенцияда» (1989ж) жарияланды. Отбасы жəне мектеп жағдайларында балалар орынды əрекет-қылық əдеттерін, адамгершілік жəне құқықтық нормаларын, əлеуметтік іс-əрекеттердің алғашқы дағдыларын меңгере бастайды.

Құқықтық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны- құқық бұзушылық əрекеттерге арқау болар жағдайларды (өмір мен тəрбиедегі қолайсыз жəйттерді) жою; оқушылардың өмірі мен тəрбиесіне орай жағдайлар мен оларды қоршаған ортаны зерттеу; тəрбиеленушінің жеке ұстанымдарына түзетулер енгізу; бұрын қылмыс жасаған оқушылармен жұмыс алып бару.

Адамгершілік тəрбиесі. Бұл қоғамдық талаптар жəне əрекет-қылық нормаларын ескерумен іс жасауға мүмкіндік беруші ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тəрбие процесінің мəнді бір бөлігі.

Мəдениет тарихында адамгершілік тəрбиесі мəнін түсінудің төрт негізгі дəстүрі қалыптасқан:

- патерналистік (патер-лат. «əке», үлкендерге құрмет  түріндегі адамгершілік тəрбиесі);

- діни-дəстүрлік (діни наным сенімдер мəртебесін қолдау түріндегі адамгершілік тəрбиесі);

- ағартушылық (ғылыми білімдер игерудің нəтижесі  түріндегі адамгершілік тəрбиесі);

- коммунитаторлық (коммуна-лат. «қауым», «бірлестік»; ұжымшылдық  сезімін қалыптастыру сезімі  түріндегі адамгершілік тəрбиесі).

Адамгершілік тəрбиесінің мақсаты- өз іс-əрекетіне жауапкершілікті, адал, намысты, жалғандық пен кəззаптықтан жаны аулақ адамды тəрбиелеу.

Алайда адамгершілік тек сырттай форма ретінде игерілуі мүмкін емес, ол адамның тұлғалық дербестігіне негізделіп, əр тұлғаның өзіндік заңы күйінде танылады. Адамгершілік қалаған уақытта, қалаған нақты жолмен орындалатын жəй мақсат емес. Ол адами іс-əрекеттің өз негізінде жатқан мақсаттардың мақсаты.

Адамгершілік тəрбиесі негізінде қалыптасушы сапа-қасиеттер түрі келесідей: шыдамдылық, жомарттық, əдептілік, ізгіліктілік; адамдар арасындағы өзара сыйластық, өзара жəрдем жəне жолдастық, үлкенге сый, кішіге қамқорлық, əйел жəне ер арасындағы құрметтеу қатынасы; өзіндік тəртіптілік, өзіндік қадағалау, өзіндік басқарым, өзін өзі тану, өзін өзі реттеу қабілеттері. Əр адам өзі қалаған əдет-қылықтарды ардақтау арқылы өз адамгершілігінің дамуына ықпал жасауы мүмкін.

Адамгершілік тəрбиесіне орай іс-əрекеттер мазмұны:

- ұжымдық  оқу жəне қоғамдық пайдалы  іс-əрекеттерді ұйымдастыру арқылы тəрбиеленушілерді қамқорлыққа баулу;

- қайырымдылық  пен жауыздық проблемаларын талдай  білуге үйрету;

- шынайы  жəне бейнақты гуманизмді айыра  білуге жаттықтыру;

- əлеуметтік  əділдік пен əділетсіздік мəнін түсінуге баулу;

- гуманизм  идеялары мен олардың жалпы  адамзаттық сипатын түсіне, бағалауға дағдыландыру.

Экологиялық тəрбие. Бұл тəрбиенің мақсаттары- тəрбиеленушілерде қоршаған ортаға деген жауапкершілік; табиғатты ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылық ретінде тану мен оған жауапкершілікті қатынастар жасау жөніндегі білімдер қалыптастыру; нақты тіршілік аймағы табиғатын зерттеп, мүмкін болар экологиялық жағдайлардың ауысуынан туындайтын зардаптардың алдын алуға үйрету; сонымен бірге қоршаған ортадан лəззат (халықаралық экологиялық қауымдастықтың ұраны) алу арқылы табиғат субъекттерінің баршасына қатысты қайырымдылық сезімін тəрбиелеу.

Экологиялық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны:

- тəрбиеленушілердің  қоршаған табиғатты зерттеп, тануы;

- табиғаттың  экологиялық қалпына талдау жүргізу;

- əлем, ел, оқушы жасап жатқан ортаның  экологиялық жүйесі проблемаларымен  танысу;

- адам  əрекет-қылығын зерттеп, нақты аймақ пен бүкіл əлемдік экологиялық жағдай, одан болар ықпалдарды (ұнамды не кері) зерттеп, білу.

Эстетикалық тəрбие. Бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй –сезімдік жəне тұлғалық сана мен оған сəйкес іс-əрекет қалыптастыру жəне дамыту.

Бұл тəрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы барысында іске асады əрі құндылық мəнін иелейді. Эстетикалық тəрбие өз ішіне эстетикалық көңіл шарпулары (эмоция) мен бағамдарын туындататын болмыстың əсем нысандары мен олардың қасиеттеріне бағытталған тəрбие жұмыстарының формалары жəне əдістемелік жұмыстар түрлерін қамтиды.

Эстетикалық тəрбие жəне білім алудағы мақсаттар: тұлғаның өнер мен қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру жəне бағалау дайындығын дамыту; көркем өнер, рухани жəне дене шынықтыру мəдениеті саласында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық тəрбие тұлғаның əсемдікті тануға орайласқан санасын (сезімі, бағамы, талғамдары, ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен көзқарастары), оның қасиеттерін, бағалау - эстетикалық қатынастарын жəне олардың əрекет-қылық пен мінезде, өз қалаулары мен іс-əрекеттеріндегі (қабылдауында, бағалауында, шығармашылық қызметтестік пен өзіндік жасампаздық, сезіне жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған.

Қазіргі заман жағдайларына орай аса маңыздылары ретінде эстетикалық тəрбиенің келесі бағыттары алға тартылуда: көркем өнерлік білімді үздіксіз дамыту; оқушылардың əн-күй мəдениетін қалыптастыру, театрға байланысты тəрбие мен білім беру, көркем əдебиеттік қабілеттер дарыту жəне дамыту, т.с.с.

Əсемдікке тəрбиелеудің нəтижелік көрсеткіштері: тəрбиеленушілердің эстетикалық санасының даму деңгейі; олардың эстетикалық құнды заттар, құбылыстар, көркем шығармалар əлемінен игерілген қорға шығармашылдықпен қатысы.

Эстетикалық тəрбие бойынша қызметтер мазмұны: мұражайлар мен көрмелерге саяхаттар ұйымдастыру, көркем əдебиет туындылары бойынша конференциялар өткізу; дөңгелек үстел төңірегінде кездесулер ұйымдастыру; əйгілі орындаушылар (жеке əншілер, хор, оркестрлер) күйтабақтарын жинақтау; тірі табиғат бұрышын жəне т.б. жасау.

Дене тəрбиесі – тəн - денелік бой тіктеу үшін қажетті білімдер мен əдістерді ұрпақтан ұрпаққа ауыстыра жеткізуге бағытталған педагогикалық ұйымдасқан процесс. Дене тəрбиесінің мақсаты – адам тұлғасының, оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан-жақты жетілуі, қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінің қалыптасуы, тəн саулығын көтеру.

Дене тəрбиесінің негізгі құрал-жабдықтары – дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың тума күш көздерін пайдалану (күн энергиясы, ауа мен су ортасы жəне т.б.) гигиена ережелерін ұстану (əр адамның жеке басына, еңбегіне, тұрмысына жəне т.б. байланысты). Дене шынықтыруға арналған жаттығулар тəн-дене қабілеттерінің дамуына əртараптан əсер етеді. Олардың адам ағзасына ықпал жасау заңдылықтарын тану жəне оларды орынды қолдана білуден əрбір оқушы не ересек дене шынықтыру мəдениетін, дене тəрбиесі мақсаттарын іске асыруға пайдалана алады. Бұл тəрбие түрі үш негізгі бағытта орындалып жатады: жалпы дене дайындығы, кəсіби дене дайындығы, спорттық дайындық.

Дене тəрбиесіне орай іс əрекеттер мазмұны өз ішіне таңғы гимнастиканы, таза ауада жүріп-тұруды, кешкі серуенді, салауаттық күндерін, əрқилы спорттық бөлімдерге қатысуды, туристік саяхаттарды жəне т.б. қамтиды.

Еңбек тəрбиесі. Бұл тəрбие түрінің мақсаты- тəрбиеленушіде осы заманғы техника, технология жəне өндірісті ұйымдастыру, жалпы еңбектік ептіліктер мен дағдылар, еңбекке деген жауапкерлі қатынас пен психологиялық дайындық, еңбектенуге болған ықылас-ниет, еңбеккерге сый-құрмет сезімін қалыптастыру.

Еңбек тəрбиесінің мазмұндық негізін оқу еңбегі (ақыл-ес жəне тəн-денелік), өзіндік қызмет еңбегі (мектепте жəне үйде), қоғамдық пайдалы еңбек (демалыс кезіндегі тəжірибелік еңбек, құрылыс отрядтарындағы жұмыстар, орман қорғау, тимур қозғалысы жəне т.б.) құрайды.

Экономикалық тəрбие тəрбиеленушілердің мүмкіндіктеріне орай өндіріс, заттасқан жəне рухани игіліктерді бөлісу, алмасу мен қажеттікке жарату жөніндегі біртұтас түсініктерді меңгертуге бағытталады.

Экономикалық тəрбиенің негізгі мақсаты- нарықтық заман аймағында бағыт-бағдар алып жүруге қабілетті əрі өз іс-əрекеті мен қызметін экономикалық тұрғыдан үнемді де тиімді іске асыра білетін тұлға қалыптастыру.

Бұл мақсаттың жүзеге келуі ұланғайыр міндеттер кешенін шеше білуге байланысты. Атап айтсақ, олар:

- тəрбиеленушілерде  экономикалық білімдер мен экономикалық  іс-əрекеттерге деген қажетсіну сезімін қалыптастыру;

- негізгі  экономикалық ұғымдарды, категорияларды , заңдар мен процестерді меңгеру;

- табыскерлікті , жауапкершілікті, өзіндік дербестікті дамыту;

- табыскерлік  іс-əрекетке қажет дағдыларды игеру;

- мүмкін  болар қиыншылықтарға психологиялық дайындық қалыптастыру.

Экономикалық тəрбие мазмұны тəрбиеленушілердің экономикалық білімдерді меңгеруі үшін қажет əрқилы құрал-жабдықтарды пайдалануына, экономика бастауларын оқу барысында , сондай-ақ сабақтан тыс (бизнес –клуб, менеджерлер клубы, маркетинг-клуб жəне т.б.) үйренуіне; кəсіби оқуына жол ашады. Экономикалық тəрбие формалары мен əдістері оқушылардың экономикалық білімдерді қажетсінуінен өз бетінше игеру жəне оларды қалыптан тыс жағдайларда пайдалана білу ептіліктерін орнықтыруға бағытталған.

Кəсіби бағдарлау – отбасы, оқу орны, мемлекет, қоғам жəне коммерциялық мекемелердің ел тұрғындарына кəсіп таңдау, іріктеу жəне ауыстыру жолында жəрдем беруді қамтамасыз етуші ақпараттық əрі ұйымдастыру – тəжірибелік іс-əрекеті. Бұл қызмет əр тұлғаның жеке мүддесін, сонымен бірге еңбек рыногінің қажетін ескеру негізінде жүргізілуі тиіс. Кəсіби бағдарлау ісі – əр адамның өз жеке басына сай кəсіпті өзінше айқындап, таңдауына жəрдем ретінде ұйымдастырылатын əлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық, өндіріс-техникалық шаралардың ғылыми негізделген жүйесі.

Информация о работе Тәрбие жүйесі, оның мәні, құрылысы