Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 18:29, курсовая работа
Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығы, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ тілі мұғалімінің алдында көптеген міндеттер тұратыны белгілі. Қазақ тіліндегі әр тақырыптарға белгілі сағат беріліп тереңдетіліп оқытылады. Оларды оқытуда көзделетін мақсат берілген тақырыпты дұрыс меңгеретін оқушылардың білімін, ой - өрісін дамыту. Солардың ішіндегі тұрлаулы мүшелерді оқытуға тоқталып өтсек. Мектептерімізде оқытылатын қазақ тілі синтаксисының оқушыларға білім – тәрбие берудегі маңызы ерекше.
І. Кіріспе 3 – бет.
Тұрлаулы мүшелерді оқытудың міндеті мен мақсаты.
ІІ. Негізгі бөлім 4 – 21 беттер.
Тұрлаулы мүшелерді оқытудың жолдары
және оны оқытуда кездесетін қиындықтар.
Тұрлаулы мүшелерді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану.
ІІІ. Қорытынды 26 - бет.
Тұрлалы мүшелерді оқытудың маңызы.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер. 27 – бет.
Тұралулы мүшелерді оқыту
І. Кіріспе
Тұрлаулы мүшелерді оқытудың міндеті мен мақсаты.
ІІ. Негізгі бөлім 4 – 21 беттер.
және оны оқытуда кездесетін қиындықтар.
ІІІ. Қорытынды
Тұрлалы мүшелерді оқытудың маңызы.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазақ тілі
пәні оқушыларды жазбаша
Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығы, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ тілі мұғалімінің алдында көптеген міндеттер тұратыны белгілі. Қазақ тіліндегі әр тақырыптарға белгілі сағат беріліп тереңдетіліп оқытылады. Оларды оқытуда көзделетін мақсат берілген тақырыпты дұрыс меңгеретін оқушылардың білімін, ой - өрісін дамыту. Солардың ішіндегі тұрлаулы мүшелерді оқытуға тоқталып өтсек. Мектептерімізде оқытылатын қазақ тілі синтаксисының оқушыларға білім – тәрбие берудегі маңызы ерекше. Тұрлаулы мүшелерді оқыта отырып оқушыларды сөйлем құрауға үйретіп, ойын толық жеткізуге машықтандырады. Бастауыш сыныптан тұрлаулы мүшелер туралы түсінік беріледі. Қазақ тілі пәні нақтылықты қажет ететін пән. Сондықтан тұрлаулы мүшелерді толық терең оқыту керек. Сонымен қатар ережені жатқа айтқызу керек емес, оқушы өзі сабақты түсініп айтса, болашақта білімі терең болады.
Мектептерде
оқу жылы соңында міндетті дикт
Тұрлаулы мүшелер
бастауыштан бастап оқытылады.
Бастауыш сөйлем мүшесі
Мен, сен
– екеуіміз барамыз деген
Бастауыш жайында
түсінік бергенде, оның дара, күрделі,
бірыңғай түрлері бары
1. Г. Қосымова. Қазақ тілі. (әдістемелік нұсқау) Алматы, 2004.
бастауыштың жасалу жолдарын оқушыларға саналы түсіндіру үшін таблицаны тақтаға іліп, әр сөйлемдегі бастауыштың құрамын және олардың сөз таптарынан жасалғанын айтуды талап еткен жөн:
Күрделі бастауыш. |
Жасалу жолдары. |
Ертең канал қазу жұмысы басталады. |
Тәуелдік жалғаулы күрделі сөздер. |
Үй – іші ұзақ жым – жырт болды. |
Ілік жалғаулы зат есім мен көмекші есім. |
Егіннің үштен екісі жиналды. |
Сан есім. |
Дене шынықтыру денсаулық үшін өте пайдалы. |
Есім мен тұйық етістік. |
Менің айтып отырғаным – ақыл. |
Көсемше мен есімше. |
Еңбек еткен ер атанады. |
Зат есім мен есімше |
Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады. |
Сан есім мен сын есім. |
Мұндай жұмыстар
оқушылардың белсенділігін
Мұғалімнің жетекші сұрауларына сүйеніп, оқушылар - Келгендер үй ішімен баяу амандасты - сөйлеміндегі келгендер сөзі дара бастауыш, ал таблицадағы - Ертең канал қазу жұмысы басталады - сөйлемінде канал қазу жұмысы күрделі бастауыш екенін айта алады. Мұнан кейін мұғалім бір сөзден жасалған бастауыштың дара бастауыш деп, ал екі я онан көп сөзден жасалған басатуыштың күрделі бастауыш деп аталатынын ескертіп, күрделі бастауыштың жасалу жолын төмендегі жүйемен түсіндіруі керек:
Қай сөздің
қай сөзбен тіркесіп барып
күрделі бастауыш жасайтыны
Бастауыштан соң қойылатын сызықша:
Бастауыштан соң қойылатын сызықша жөніндегі мұғалімнің түсінігі төмендегідей мазмұнда болуы жеткілікті:
мысалдар |
Сызықша қойылады | ||
Бастауыш |
Баяндауыш |
Бастауыштан соң | |
Құнаштың бойындағы жақсы қасиет – адамдық. |
Зат есім |
Жіктік жалғауынсыз зат есім |
|
Жақсы – ісімен жақсы. |
Сын есім |
Сын есім |
|
Алты жерде алты – отыз алты. |
Сан есім |
Сан есім |
|
Бұл – ауылдың жиі отыратын жағы еді. |
Сілтеу есімдігі |
Анықтауыш | |
Біздің міндетіміз – Отанға адал еңбек ету. |
Зат есім |
Тұйық етістік |
|
Әрбір мерекеге тарту әзірлеу – ауыл адамдарының дәстүрі. |
Тұйық етістік |
Зат есім |
|
Көрмес – түйені де көрмес. |
Есімше |
Есімше |
|
Білген – білгенін айтады. |
Есімше |
Есімше не есім сөз. |
Таблицадағы Құнаштың бойындағы жақсы қасиет – адамдық деген сөйлемде қасиет сөзі бастауыш, ол көтеріңкі интонациямен айтылған, жазғанда, соңынан сызықша қойылған. Бұл сөйлемде интонация неге қасиет сөзіне түскен? Мұның себебі, мынада: біріншіден, автор тыңдаушының назарын қасиет сөзіне аударғысы келген, екіншіден, бұл сөйлемнің баяндауышы атау септіктегі зат есімнен жасалған. Егер осы сөйлемдегі атау тұлғадағы зат есімнің орнына етістіктен жасалған баяндауышты қойып, сөйлемді өзгертіп, Құнаштың бойында талай – талай жақсы қасиет бар деп айтсақ, сөйлемдегі ой екпіні талай – талай сөзіне түседі де, ол сөз көтеріңкі интонациямен айтылады. Мұндай жағдайда қасиет сөзін көтеріңкі интонациямен айтудың қажеті болмайды. Сондықтан да жазғанда онан соң сызықша қойылмайды.
Олай болса, Құнаштың бойындағы жақсы қасиет – адамдық деген сөйлемде қасиет сөзін интонациямен айтуға атау тұлғадағы зат есімнен жасалған баяндауыштың ықпалы тиіп тұр. Осылайша бастауыш зат есім орнына қолданылған, яғни заттанған сөз таптарынан жасалып, баяндауыш атау септіктегі зат есімнен немесе зат есім орнына жұмсалған сөз таптарынан жасалса, ол сөйлемдердегі бастауыштар көтеріңкі интонациямен айтылатынын, жазғанда, соңынан сызықша қойылатынын таблицадағы 2, 3, 5, 6, 7 – сөйлемдердегі тілдік фактілерден аңғаруға болады. Бастауышқа интонация түсірмей айтқанда қызметін ауыстыратын, яғни анықтауышқа айналып кететінін таблицадағы Бұл – ауылдың жиі отыратын жағы еді, Білген – білгенін айтады сөйлемдерін талдау арқылы байқатылады.1
Осылайша тілдік
фактілердін негізінде
1. Арғынов. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. Алматы, 1969.
сызықша қоямыз.
Осы екі ережені жақсы білген оқушылар бастауыштан кейін сызықша қойып жаза алатын болады. Ал оқулықта берілген басқа ережелерді оқып танысқаны да жеткілікті, оларды жаттауды талап етудің керегі жоқ. Жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын орындатқанда, оқушылар назарын оқулықта берілген әр ережеге байланысты сөйлемдерді дұрыс оқуға, дұрыс жазуға аударған жөн. Өйткені практикалық жұмыстарды көбірек орындау арқылы оқушылар бойында бастауыштың тыныс белгісін дұрыс жаза алатын дағдылар қалыптасады.
Оқушыларға
берік дағды беру үшін