Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 15:42, курсовая работа
Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп жазды.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Халық педагогикасы.....................................................................................5
1.1 Халық педагогикасы – тәрбие көзі……………………………………10
1.2 Халық педагогикасының негізгі қағидалары........................................11
1.3 Қазіргі отбасында халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні..............14
1.4 Бала тәрбиесіндегі халық педагогикасының тәрбиелік мәні...............15
II. Оқу тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың теориялық негіздері..................................................18
2.1 Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен
Бағыттары................................................................................................19
2.2 Тәрбие әдістерін қолдануда халықтық педагогиканың рөлі...........22
2.3 Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі..29
Қорытынды.....................................................................................................36
Қосымша………………………………………………………………………..38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................39
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
2.1 Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен
Бағыттары.....................
2.2 Тәрбие әдістерін қолдануда халықтық педагогиканың рөлі...........22
2.3 Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі..29
Қорытынды.....................
Қосымша……………………………………………………………
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп жазды. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, дамытудың, оған дүниетанудың жолдарын талдап көрсетіп берді. Бастауыш сыныптағы кез келген оқу пәнін, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық шығырмашылығының элементтерін пайдалану балалардың адамгершілігін, жақсы мінез құлығын қалыптастыру құралы болып табылатынын қазіргі мектеп мұғалімдеріне жеткізу өз қиыншылықтарын туғызуда.
Жас ұрпаққа
ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары
бойынша еліміздің Президенті Н.Назарбаев
мемлекеттік идеология
Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз.
Сондай-ақ
ұлттық салт-сананың өмірдегі
қолданылмалы көріністері:
Оқушының
ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік,
сыйласымдылық, имандылық,
Курстық жұмыстың мақсаты: осы халық педагогикасының білім беру процесіндегі орнын анықтап, маңыздылығын дәлелдеу.
Курстық жұмыстың міндеттері: алынған тақырып бойынша алға қойған мақсатыма жетуіме барынша талап қойып, орындау.
Зерттеу әдісі:
Әдебиеттермен жұмыс жасап, әдеби материал жинақтап жүйелеу
Курстық жұмысымның өзектілігі:
Қазіргі замандағы мектепке дейінгі балаларға арналған шетелдік қызықтырушы материалдармен, жаһанды жайлаған компьютерлік ойындармен халық педагогикасын қатар қою күрделі мәселе екені анық. Кез келген мектеп оқушысы қазіргі уақыттағы сынды кейіпкерлерді Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасырдан жақсы білетіні ешкімге жаңалық емес екені анық. Осы ретте қоғамды, ақпарат құралдарын жаулаған жаңалықтармен қатар заман талабына сай деңгейде талаптарға жауап беретін халық педагогикасы негізінде нағыз қазақы болмыс қалыптастыру кезегін күттірмес мәселе болып қала бермек. Сондықтан да бұл өзекті мәселе дегім келеді.
Адам
баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге,
еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi
көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi
ғылыми-теориялық заңдары бар
педагогика ғылымы өмiрге келгенше
де адамзат тәрбие iсiмен айналысып
бақты. Оның қағазға жазылып түспеген,
бiрақ халық жадында мәңгi сақталып,
ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша
нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып
тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие
беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика
деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр,
жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ
күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi,
ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт
ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден
басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа,
қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан
берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң
түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың
белгiлi нормасы болып табылады. Олай
болса, халық педагогикасы қоғам
дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан
бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми
педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ
тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық
құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн
атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни,
осыдан келiп ғылыми педагогика мен
халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi
сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi
туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға
жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан
бастау алып, оны ғылыми теориялар
мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты
зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз
қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен
келiп, халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне
негiзделген ұрпақ тәрбиелеу
Академик
Г.Н.Волковтың пiкiрiнше, халықтық педагогиканың
ерекшелiгi: оның адам баласының дүниеге
келген күнiнен бастап бiрге жасасып
келуiнде, адамдардың қоғамды құруда,
қоршаған ортаны — табиғатты өзiне
икемдеп игеруiнде, еңбек тәрбиесiнiң
алғашқы адамдар өмiрiнде
Ал бұрынғы КСРО Педагогика ғылым академиясының корреспондент-мүшесi, профессор И.Т.Огородников, Г.Н.Волковтың “Этнопедагогика” атты еңбегiне жазған кiрiспесiнде: “Егер халық педагогикасы мен этнопедагогикаға арналып екi хрестоматия жасалған болса, оның бiрiншiсiне бала тәрбиесi жөнiндегi ауыз әдебиетi үлгiлерi мен халықтың салт-дәстүрлерiне арналған этнографиялық тәлiмдiк жазбалары енгiзiлген болар едi де, ал екiншiсiне халық педагогикасы мен халықтың тәлiм-тәрбиелiк ойларын зерттеуге арналған педагог-ғалымдардың еңбектерi енген болар едi” (16, 6), - деп, халық педагогикасының таза тәжiрибеге негiзделген тәрбиенiң эмпирикалық түрi екенiн және оның этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектiсi болып саналатынын ашып көрсетедi.
Халық педагогикасында
тәрбие мәселесi бiрiншi орынға қойылып
келдi. Ол заңды да едi. Себебi, халық
педагогикасы ғылым мен мәдениеттiң
жетiлмеген кезiнде пайда болғандықтан,
тәрбиенi еңбек пен өнерге, оның iшiнде
қол өнерiне негiздей жүргiзудi уағыздады.
Бертiн келе, оқу-бiлiм дамып, ғылым
мен техника өрiстей бастаған кезiнде,
XVII ғасырдағы ұлы чех педагогы
Я.А.Коменскийдiң атымен байланысты
ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми
педагогиканың теориялық
Ол жөнiнде
XVII—XVIII ғасырларда өмiр сүрген батыстың,
орыстың педагог ғалымдары
Өткен ғасырлардағы педагогика тарихына көз жiберсек, ұжымдық педагогикалық тәрбиенiң мәнi мен маңызына, халықтық тәрбие жөнiндегi данышпандық ой тұжырымдарына әл-Фараби, Ибин-Сина, Фердауси, Омар Хаям, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдардың бiрде-бiрi көңiл бөлмей өткен емес. Олар халықтың бала тәрбиелеудегi тәжiрибесiнiң, педагогикалық ойларының прогрессивтiк жақтарына ерекше мән берiп, халықтық тәрбиенiң негiздерiне ғылыми талдаулар жасады. Алайда, Қазан төңкерiсiнен кейiнгi Кеңестiк дәуiрде халық педагогикасын зерттеу, оны тәжiрибеде қолдану iсiне керенаулық көрсету, қала бердi адамдардың санасындағы ескi қоғамдық идеялардың қалдығы деп қарау өрiс алды. Ол идея коммунизм кезiнде бiр тiл, бiрыңғай мәдениет болады деп қараушылықтан, пролетарлық жаңа мәдениет жасаймыз деген жалған ұраннан туындаған едi. Көне мәдениеттiң шедеврi шiркеулер мен храмдарды, мешiт-медреселердi қирату, халықты дiннен, ұлттық тiлден, салт-дәстүрден бездiру, тарихи ескерткiштерге мән бермеу, жер-су, ауыл-село, қала аттарын кеңестiк саясатқа негiздеп өзгерту т.б. солақай саясаттың әсерiнен туындаған терiс әрекеттер болатын.
Кеңестiк
дәуiрдiң 1970—1990 жылдарында ғана халықтық
педагогиканың прогрессивтiк
Этнопедагогикалық
зерттеулердiң Кеңестiк
Бiрiншi - XIX ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрiп, қазақтың ұлттық тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi мен салт-дәстүрлерi жайында тұңғыш зерттеу еңбектерiн жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд. т.б.) қолжазбалары десек, екiншi - XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл iстi ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, X.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни, бұл кезеңдi қазақ этнопедагогикасының ғылым ретiнде туып, қалыптасу кезеңi деп қараймыз. Үшiншi кезең - 35-40 жылдық үзiлiстен кейiн (1970-2000 ж.ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуiрi деп аламыз. Ежелден Қазақстан жерiнiң байлығына қызыға қарап, көз тiккен және мұхитқа шығар қақпа деп есептеген орыс, батыс мемлекеттерi бұдан әлденеше ғасыр бұрын саяхатшы, елшiлер жiберiп, жер-суы мен шаруашылық кәсi бiн, қазба байлығын, салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын зерттеудi көздеген.