Халық педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 15:42, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп жазды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Халық педагогикасы.....................................................................................5
1.1 Халық педагогикасы – тәрбие көзі……………………………………10
1.2 Халық педагогикасының негізгі қағидалары........................................11
1.3 Қазіргі отбасында халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні..............14
1.4 Бала тәрбиесіндегі халық педагогикасының тәрбиелік мәні...............15
II. Оқу тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың теориялық негіздері..................................................18
2.1 Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен
Бағыттары................................................................................................19
2.2 Тәрбие әдістерін қолдануда халықтық педагогиканың рөлі...........22
2.3 Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі..29
Қорытынды.....................................................................................................36
Қосымша………………………………………………………………………..38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................39

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой.docx

— 87.94 Кб (Скачать файл)

Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ  тәрбиесінің негізгі түйіні –  адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

Этнопедагогика  ғылымы екі саладан тұрады: халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен  құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім-тәрбиенің  жазу мәдениетіндегі көрінісі. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет – ғұрыптар салт-дәстүрлерге  айналып, халықтың өмірінде қалыптасқан  салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен  жөн жоралғылар, рәміздер, ырымдар  мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі толысып, дамып, жаңарып отырады .

Салт  – дәстүр дегеніміз – халықтардың  кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне  байланысты қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік – барлық мәдени үлгі өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі - әдеп деп аталады. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады.

Этнопедагогикадағы  салт-дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы – салт-сана деп аталынады. Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші – ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Халықтық педагогиканың құрамдас бөліктері: әдет-ғұрып, таным, наным, ұғым, салт, сана және дәстүрлер.

Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің  міндеттерін шешу үшін халықтың осы  уақытқа дейінгі тәжірибесін  меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарды  жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Халық әрдайым әсемдікті  іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан  және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.

Халықтық  эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер  ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық  тәрбие құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері, жанры  және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылды.

Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі  таңқаларлықтай (домбыра, шертер, аса  таяқ, шаңқобыз, ұран, жетіген, үскірік, қамыс сырнай, дабыл т.т.). Олар бос  уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа  эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.

Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер  бұйымдар, олардың әшекейленіп жасалуы  эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала.

Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің  маңызы өте зор болды. Оның мазмұны  халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін  қамти отырып, жас ұрпақ санасын  әсемдік сезімін, талғамын, қажеттілігін билейді. Эстетикалық тәрбиенің  күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық  білімімен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.

 Тәрбие  жүргізу ісінде үйрету, пайымдату,  сендіру, әсерлендіру тәсілдері  қолданылады. Ұлттық тәрбие үлгілерін  көрсетіп, үйрету үшін сахналық  тәсілдерді қолданудың мәні зор.  Сөзді жаттау, оны сахнада мәніне  жеткізіп, мәнерлеп айта білу, өмір  құбылыстарын әсерлендіре көрсету,  кейіпкер бейнесін айнытпай көрсету  әрбір тәрбиеленушінің санасына  сан қырымен әсер ететін құбылыс. 

Оқушы түсінігінің  эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде  болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері  оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра  отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек.

Оқушылардың эстетикалық сезімін дамыту оларға мынау жақсы, әдемі, ал мынау жаман, көріксіз деп ауызша айтуда ғана жүзеге аспайды, сонымен бірге бала күнделікті тұрмыста да, мектепте де эстетикалық  талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп отыруы керек.

Ата-бабамыз  сыртқы көрнекі сұлулық пен ішкі рухани сұлулықты мойындай отырып, олардың орнын анықтауға келгенде, ішкі рухани сұлулыққа көбірек көңіл  бөліп, мазмұн сұлулығына көбірек жан тартады.

Оқушыларға  әдепті әсемдіктен бөліп түсіндіруге  болмайды. Егер оларды бөліп айтуға болатынын мойындасақ, онда әдепсіз  сұлулықтың да болатынын мойындауға тура келер еді де, сұлудық өлшемдері  тек сыртқы белгілер, симметрия, пропорция, түр-түстер сәйкестігі, т.б. ғана болып  шығады. Орыстың атақты әдебиет сыншысы  әрі эстет В.Г. Белинский сұлулықты  барлық уақытта моральмен бірге  қабылдап келген қоғамдық тәжірибеге сүйене отырып: «Сұлулық шындықпен  моральмен бір туысқан. Егер шығарманы  көркемдік құндылыққа ие десек, онда ол сөз жоқ, әдеп-инабаттылық жағынан  да құнды болады», - дейді.

Халқымыз  дене сұлулығына, әсіресе қыз баланың  көрікті болуына ерекше көңіл  бөлген. Аналар «Аттың көркі – жал, қыздың көркі шаш» деп ұққан. Қыз  баланың шашын жақсы өсіру  үшін айранмен, ірімшіктің сары суымен немесе қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етіп өру  бойжеткен қыздардың көркі болған. Қыз бен жігіт айтысындағы: «Атымды  әкем сүйіп Несіп қойған, шашымды  бестемшелеп есіп қойған» деген  сөз тіркестері осы пікірді дәлелдейді.

Халық жанрларында  аруларды «Шашының ұзындығы ізін басты» немесе «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң  шашты» деп сипаттаған. Халық даналығы арулардың киім киісіне де ерекше мән берген. «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі жапырақ», «Қыз өссе –  елдің көркі» деп қыз баланы қынама қамзол, дүрия бешпент, кәмшат бөрік, қос етек көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сырға, білезік, шолпы, шашбау, жүзік сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзі қызылда» деген мақал  да қыз баланың әшекей заттарға үйірлігін  білдіреді. Ұзатылған қыздың ауылында айтылатын «Жар-жар», «Жұбату», «Сыңсу»  өлеңдерінде, келін түсіру тойларында орындалатын «Беташарда» қыздың, жас келіннің басты – басты  киімдері, сән-салтанаты, сұлулық бейнесі мақтала жырланған.

Оқушы түсінігінің  эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде  болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері  оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра  отырып, көрген білгендерімен сұлулықты  қабылдауға көмектесуі керек.

Балаларға музыка ерекше эстетикалық ықпал  жасайды: ол балаларды жігерлендіреді, олардың көңіл-күйін біріктіреді, қимылға эстетикалық сипат береді.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді  қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімімен  санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді.

Педагогикада  эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу  тәрбиенің басқа салаларымен  тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Мектеп  оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар  қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.

Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамда дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық  сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әртүрлі  болады. Біреулер әдемілікке үңіле  қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап жанынан  өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әр бір  адамда білім болуы керек. Білім  адамды әдеміліктің объективтілік  критерийлерімен қаруландырады. Білімді  адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүние сезімталдық, эстетикалық  қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық  баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

Сонымен халықтық педагогиканы оқу-тәрбие үрдісінде  тиімді қолдана отырып, мектеп оқушыларының эстетикалық талғамын арттыруға болады деген қорытындыға келдік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Қорытынды

 

    Егеменді пердесі ашылмай, шіркеуленіп келген ұлттық тәрбиесі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары пайда болды.

 Қазақстанның  егеменді ел болуымен байланысты  оқу-ағарту ісінде оның басшылыққа  алатын негізгі идеялық бағыты, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан  — 2030 » бағдарламасында көрсетілгендей ... « Қазақстандық патриотизм  мемлекеттің территориялық тұтастығын, салт-дәстүрдің, ұлттық мәдениеттің  сақталуын, Қазақстанда тіршілік  етуші ұлттардың бірлігін қамтамасыз  етуді, олардың саяси экономикалық  және мәдени байланысын жетіліп  көркеюіне баса назар аудару  » т.б. болмақ. Ұлттық тәрбие  беруде көзделетін мақсат келер  ұрпақтың денсаулығын сақтау  үшін қамқорлық жасау, оларға  қажетті білім беру және дүниетану  көзқарасын қалыптастыру, бүгінгі  нарықтық қатынас жағдайында  өздерінің ата-бабаларының дәстүрін  сақтай отырып еңбек етуге  әзір болуын қамтамасыз ету  болмақ. Келер ұрпақ бейбіт өмірде  шапшаң қарқынмен дамушы, гүлденген  отанының патриоты болып өсуі  тиіс. Президент өзінің Қазақстан  халқына арналған үндеуінде «Мемлекетке  қажетті барлық басты ерекшеліктердің  ішінде білімге зор мән беріледі. Себебі білім беру ұлттық қауіпсіздіктің  кепілі болып саналады » —  дейді. Ал Қазақстан үкіметі  қабылдаған « Білім туралы  » заңның « білім жүйесі » аталатын екінші бөлімінде «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан Республикасына шын, адал патриот азамат даярлау ... олар мемлекеттік белгілердің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін халықтар достығының негізінде. Тәрбиеленген халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген ... Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек » — делінген. Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеу.

Қазіргі білім парадигмасының өзгеруіне  мемлекеттің, қоғамның дамуында жаңа бағдар қалыптастыратын мәдениеттің ауысуына алып келген әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ықпал етті. Білімнің тоқырауы - барлық әлеуметтік саладағы секілді  жаңарудың тоқырауы. Білім жүйесі нарықтың қатаң заңдарына дайындау, нарықтың тұрақсыздығы жағдайындағы бәсекелестіктен  балалар мен жастарды, сондай-ақ педагогтарды қорғау қызметін атқара бастайды.

Қазақ баласынының  келбетін тәрбиелеу дегеніміз –  бұл мұғалім мен оқушылардың  оқу-тәрбие процесі үрдісінде, өзін-өзі  тәрбиелеуде, өздігінен білім алуда  іске асатын ата-ананың көмегімен, оқушылардың  жеке көзқарасы, адамгершілік нормасы, жалпы мәдени кәсіптік қабілетінің  жасалуына бағытталған мектеп ұжымының іс әрекеттері арқасында іске асады  деп білеміз.

Қорытындылай  келе халық педагогикасы – ұлттық қазына, ұлттық несібе.Оны жеткіншектің тұла бойына сіңіру  әрбір берген тәрбие, сынып сағаты,пәндік сабақтар арқылы адамгершілікті одан әрі ұлттық бағытта ұстанып, ұлттық ерекшеліктермен  қатар,ұлттық менталитеттің қыр  сырын білдіру керек. Тәрбиелеу  және тәрбиелену оңай жұмыс емес.Ол адамнан ұдайлықты  қажет  етеді.  Заман  талабына  сәйкес өмір сүру тәртібі өзін - өзі өзгертуіне, өзіндік  көзқарастардың қалыптасуына, айнала  қоршаған ортамен санасуына ықпал  етпей қоймайды. Сондықтан  оқушылардың  рухани – адамгершілік құндылықтарын  дамыта  отырып, тәрбиелеу  үрдісін  одан   әрі  жетілдіру оқу  – тәрбие үрдісінің мазмұнын жаңартуға  жасалынған  қадамдар  адамгершілік  сипаттағы  ұлттық  тәрбие  болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Қосымша

 

Қазақ этнопедагогикасының  ғылым ретінде туып, қалыптасып, даму кезеңдері

Қазақ этнопедагогикасы

ның туу кезеңi (ХIХғ. 2-жартысы), оның белсендi қайраткерлерi

Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу  кезеңi (1920-1930жж.) және ол кезеңдегi қайраткерлерi

Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңi (1970-1995) және оның қайраткерлерi

Ш.Уәлиханов

Ы.Алтынсарин

А.Құнанбаев

2.Орыс,батыс саяхатшы-ғалымдары:

П.С.Паллас

Э.С.Вульфсон

А.Вамбери

А.Левшин

А.Янушкевич

Н.Г.Потанин

Н.Л.Зеланд

В.В.Радлов т.б.

Қазақтың зиялы оқымыс

тылары:

С.Торайғыров

Ә.Диваев

А.Байтұрсынов

Ш.Құдайбердиев

М.Дулатов

М.Жұмабаев

Ж.Аймауытов

Х.Досмұхамедов

Н.Құлжанова

М.Әуезов

С.Сейфуллин

М.Ғабдуллин

Б.Момышұлы

Б.Адамбаев

Ш.Ахметов

М.Әлiмбаев

Қ.Жарықбаев

С.Қалиев

Ә.Табылдиев

С.Ұзақбаева

М.Балтабаев

И.Бөлеев

З.Ахметова

М.Құрсабаев

Информация о работе Халық педагогикасы