Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері, мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 19:06, реферат

Краткое описание

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардын сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.

Вложенные файлы: 1 файл

Тәрбие әлеуметтік қүбылыс.docx

— 50.89 Кб (Скачать файл)


 


 


 


 

 

 



 

 



 

 

 

 

 

 

 

Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі.

Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар:

1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басңа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдың өмірі осыған қызмет етуі керек.

2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу — балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыққа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру, ңамқоршылың сезімін дамыту.

3. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі.

Жадашыл ұстаз Құмаш Нұрғалиев "Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалімнің баланы сүюі" - деген болатын.

Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қою - баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның есуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім оқушы бойынан рухани қасиетті жобалап, оған сүйеніп, оқушының өз тәжірибесін дамытуына көмектесу керек.

4. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі.

Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын  талап пен педагогикалық ықпал бірлігі қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі - тәрбие мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы.

5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу. Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртңы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.

Бала - педагогикалың қамқорлықтың ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардың сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашың айта алады, үлкендердің балаға деген қүрметі олардың сенімін арттырады.

Бастауыш сынып оңушыларының өзіндік  санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады.

6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі - ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, әлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі - тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы.

Педагог - тәрбиеші қосарланған ұғымына А.С.Макаренко қарсы болып, оны ұжымның жан-жақты тәрбиелік әсерімен бекітуді ұсынған.

Бірлескен іс-әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық жұмыстарда өзара тәуелді, жауапкершілікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді.

7. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.

Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен қызмет етуін қажет етеді.

Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік қатынастарға байланысты. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарыңтық еңбек жағдайында қалыптасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен ңайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің дамытылуда.

Тұлғаның сапаларын қалыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндіктен, педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс.

Жасөспірімдердің өздеріне сын  көзбен қарамауы, жауапкершілікті сезінбеуі ата-аналары мен мұғалімдерді босқа мазасыздандырып отырған жоқ.

Мектеп пен отбасындағы балалар  тәрбиесінің ең маңызды міндеті - оларды кажетті өмір сүру процесіне  дайындау.

8. Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі дөрекіліктен, үшіншілері - тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді.

Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері.

Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу  бағдарламасын қалай жасауды  жақсы елестете алмайтындықтан, оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлқына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін- өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе пікірталастар өткізеді.

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:

Жеке міндеттеме - белгілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға үқсас өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдыльщпен ойланып істеуге жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады.

Өзіндік есеп беру - қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы.

Өз іс-қылығына талдау жасау - өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы.

Өзін-өзі бақылау - кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу.

Өзіне баға беру - мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзі тәрбиелеуі. К.Д.Ушинский жасаған өзін- өзі тәрбиелеу ережелері:

  • Өте сабырлылық, тіпті болмағанда, сыртқы сабырлықты сақтау,
  • Турашылдық.
  • Ойлы әрекет.
  • Шешімділік.
  • Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз айтпау. Санасыз бос уақыт өткізбеу.
  • Не істесең де еріктісің, бірақ, кездейсок істен сақ бол.
  • Қажетті немесе керекті іспен ғана айналыс, көрсеқызар болма.
  • Бітірген ісіңе еш уақытта мақтанба. 
  • Әркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр.
  • Бұл журналды ешкімге көрсетуші болма.

Бұл ережелерді байытуға болады. Көп ретте адам өз алдына белгілі бір биік маңсат қойып, өз бетімен ізденіп, өзін-өзі тәрбиелеп жетілдірудін жолдарын өзі қарастырады. Содан әсерленіп қанатталған ішкі сезімдері арқылы білімді қажетсініп, нәтижесінде мақсатына жету үшін табандылықпен ізденеді.

Адам баласының тарихында ондай мысалдар баршылық. Демосфен жас кезінен шешендік өнер меңгеруді армандайды. Алайда, көпшілік алдындағы алғащды сөзіңде-ақ сәтсіздікке ұшырайды. Оның дауысы тым бәсең, сөздері үйқаспай, тілі күрмеліп, шәлкем-шалыс келе береді. Соны сезген ңауым оны тыддамай, ысқьірып, тыжырынады. Оның орнындабасңабіреу болса, бұл масңарадан кейін тауы шағылып, қолын бір-ақ сермеп жайына кете барар еді. Демосфен өйтпеді. Ол елден оңшауланып, теңіз жағасынан үй салып, дауылды күндері, бұрқ- сарық болып жағаны ұрып жатқан толқынға қарап, сағаттап, суырып салма сөздерін ңарша боратып, бар дауысымен сөйлейтін. Тіліндегі кемістігін жою үшін, тілінің астына малта тастар салатын болған. Сондай жан қиярлық табандылың пен ерік-қайрат Демосфенді дегеніне жеткізді. Ол әлемнің айтулы ұлы шешеніне айналды.

Талай ұлы адамдар өз мінездерін жаман әдеттерден арылтып, жақсы қасиеттерді дарыту мақсатымен жұмыс істеген. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан ұлы Абай өзін-өзі тәрбиелеп, өзін-өзі білімдар еткен адам. С.М. Торайғыров " Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, болмасам толып туған толың айдай" немесе "Қараңғы қазақ көгіне күн болмағанда кім болам", - деген романтикаға толы батыл жолдарды өзіне және болашақ жастарға арнап айтқан.

Профессор С.Я.Долецкий айтқандай, біз өз қателігімізді ойша айтамыз да, өзімізге өзіміз кешірім жасап, кейін оны ұмытып кетеміз. Егер біз оны дауыстап айтатын болсақ, онда өзіне- өзі кешірім жасау қиынырақ болады, - дейді.

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:

Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жаңсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам ”Мен енді темекі тартпаймын" - деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы тиіс.

Өзін-өзі сынау әдісі - дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мүның мәдениетсіздік, жексүрындың екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін. әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады.

Өзін-өзі тәрбиелеуде - өзін ойша өзгенің орнына қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар.

Өзін-өзі жазалау әдісі - алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау. Мысалы, 9-сынып оңушысы қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала әзірленіп, екі алып ңала жаздағаны ойына оралып, келесі сабаққа жөнді әзірленбегені есіне түсіп кинодан бас тартады.

Өзін-өзі тәрбиелеудід құрамды бөлімдері:

    • өз кемшілігіне сын көзбен қарау, мақсат қою.
    • өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын жасау.
    • әдістерін анықтау.
    • аутотренинг - жеке тұлғаның өзіне жаттығу жүйесін әзірлеуі.
    • өзін-өзі бақылау.

Тәжірибеде оқушы тәртібінде және мінез-құлқында ауытқулар кездесіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу жұмысында қайта тәрбиелеу де үлкен орын алып, оқушы ауытқулардың алдын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу тұлға құрылымын қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау. Түзету - оқушы санасындағы және іс-әрекетіндегі жеке кемшіліктерді жеңу.

Қайта тәрбиелеу - тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын қалыптастыру.

Қайта тәрбиелеу тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық өзгеру процесі, қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру.

Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс- әрекетке көндіктіру, күрт өзгерту, еріксіз көндіру сияқты әдістер қолданылады.

Қайта ұғындыру - бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы қате көз- қарастарын өзгерту әдісі.

Қайта оқыту - бұл теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Виноградов В.В. Проблемы русской стилистики. М. 1981.
  2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.
  3. Виноградов В.В. Предисловие к книге Ефимов А.И. Стилистика русского языка. М., 1969.
  4. Степанов Ю.С. Семиотика. М., 1.971.
  5. Солнцев Ю.С. Язык как системно-структурное образование. М., 1977.
  6. Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. Л., 1974.
  7. Винокур Г.О. Избранные работы по русскому языку. М., 1959.
  8. Щерба Л.B. Избранные работы по русскому языку. М, 1957.
  9. Античные теории языка и стиля. 1936.
  10. Виноградов В.В. Итоги обсуждения вопросов стилистики. - Вопросы языкознания, 1955. №1.
  11. Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. М., 1963.
  12. Сулименко Н.Е. Стилистические ошибки и пути устранения. М.-Л., 1966.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Тәрбиенің мақсат-міндеттері.

 

  1. Тәрбие процесінің мәні.
  2. Тәрбиенің Заңдылықтары мен принциптері.
  3. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.
  4. Тәрбие әлеуметтік құбылыс.
  5. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.
  6. Қорытынды
  7. Пайдалынған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоба тақырыбы: Тәрбие берудің  мақсаттары мен мәні.

 

Жобаның мақсаты: Тәрбие берудің  мақсаттары мен мәнінің түрлерін зерттеу.

Жобаның өзектілігі Бұл жоба жұмысының өзектілігі тақырыбының қазіргі таңдағы үлкен мәселелер қатарына жатқызуында. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты дереккөздер қорын барынша пайдалана отырып, және әр түрлі көзқараста жазылған әдебиеттерді салыстыра келе жұмыстың жазылу барысында оларды мүмкіндігінше пайдалану.

Информация о работе Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері, мәні