Бала психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 21:08, реферат

Краткое описание

Бала психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш ретинтроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) — Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім


Бала психологиясы туралы жалпы ұғым
Бала психологиясын зерттеу әдістері
Бала психологиясының мәселелері, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс.
Бала психологиясын зерттеген ғалымдар
Бала психологиясы қалай қалыптасады.


Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 36.91 Кб (Скачать файл)

Бала психологиясы


 

Жоспар:

      1. Кіріспе

 

      1. Негізгі бөлім

 

 

      • Бала психологиясы туралы жалпы ұғым
      • Бала психологиясын зерттеу әдістері
      • Бала психологиясының мәселелері, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс.
      • Бала психологиясын зерттеген ғалымдар
      • Бала психологиясы қалай қалыптасады.

            

 

      1. Қорытынды

                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты –онтогенездің әртүрлі сатыларындағы психикалық даму мәселелері бойынша негізгі теориялар мен тұжырымдамалар туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыру.

Міндеттері -  1) Жас ұғымының психологиялық ерекшеліктерін, жас даму заңдылықтары мен механизмдерін зерттеу.

Бала психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш ретинтроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) — Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді: 
1) биогенетикалық; 
2) социогенетикалық. 
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы “балалық шақ” ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым — педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймағанпсихология концепцияларды өмірге әкелді. Бала психологиясының мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері осы педалогия саласында қызмет етті (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Б.М. Бехтерев, А.П. Негаев, Г.И. Россолимо, т.б.). 20 ғасырдың 30-жылдарында педалогияның “жалған ғылым” ретінде қудалануы Бала психологиясының дамуына үлкен зиянын тигізді. Бала психологиясы саласында дүние жүзіне әйгілі Дж. Уотсон, В. Штерн, К. Бюлер, Ст. Холл, К. Левин, А. Валлон, З. Фрейд, Ж. Пиаже, Э. Эриксон, Д.М. Узнадзе, А.Р. Лурия, А.Н. Леонтьев, т.б. психологтар еңбек еткен. Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С. Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б.

Бала психологиясының мәселелері, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс. Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе күзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған. Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүрш кететін сәбиді мұқият зертгеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Сәбидың бойындары мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.

Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны  кейбір деректерден мәлім. Сәбидің  үш айға дейін тілі шықпайды, бұл  сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.

Дағдарыс жасында  сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер  жасауына дұрыс тәрбие бермейтін  семьяларда пайда болып, олар шиеленісе  түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені  бермей қойса немесе оның тілегін  түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда  бас тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп  қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы  мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.

Міне, сәбилік  кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай  қылықтарынан айқын байқалады.

Енді біз сәбидің  тілінің шығуына байланысты дағдарыс түрін қарастырып көрейік. Менің  тілдің шығу сәтіне орай бидің дағдарыска ұшырау себебін таңдап алуым –  бұл мәселе ең, алдымен баланың  ұғым-түсінігіне және оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына байланысты болуы. Сәбидің тілінің шығуы  жайында біріне-бір қарама-қарсы  және бірін-бірі жоққа шығаратын  екі түрлі көзқарас және үш түрлі  теория бар. Оның біріншісі – құрамдык (ассоциация) негізге тіректелген  тілдің бірте-бірте шыруы. Кейбір жағдайда бұл теорияны семіп қатып қалған деуге болады. Өйткені онымен күресу – аруақпен күресумен бірдей. Бұл  теорияның тарихи мәні ғана бар. Өйткені  ескіні білмей жаңаны жасай алмайсың. Осы теорияға сүйенген зөрттеушілердің бірсыпырасы осы күнге дейін бала тілінің дамуы туралы ілімді тежеп отыр, ал ондай қателіктерді жоймай бұл мэселені дұрыс шешу мүмкін емес.

Құрамдық теорияның  түсінігі бойынша сөз бен оның мағынасы арасындағы байланыс – екі  мүше арасындағы байланыс. Сәби бір  затты, мәселен, сағатты көреді. «С-а-ғ-а-т» деген дыбыс жиынтығын естиді, осы екеуінің арасында балада лгілі  байланыс пайда болады, бүл байланыс баланың «сағат» ген сөзді  естіген соң, онда дыбыс пен зат  арасындағы байланыс пайда болады. Г.Эббингауздың бір шәкірті сөздің мәнін адам пальтоны көргенде оның иесін еске түсіргені сияқты, байланыстың  пайда болуы деп бейнелеп түсіндіреді. Біз қалпақты көргенде оның кімдікі  екенін білеміз және қалпақ иесін  еске түсінреміз.

Штерн теориясына сәйкес алғашқы сөз бала дамуындағы негізгі қадам. Ол дыбыс пен заттың арасындағы құрылымды байланыс негізгі түйін емес дейді. Өйткені мұндай құрылымды байланыс жануарларда да бар (мысалы, өзіңіз атаған затқа итке көз сальш оған қарауды үйретуге болады) дейді. Сәбидің, – дей; Штерн, – біріншіден өз өзмірінде ғаламат жаңалық ашатыны оның қандай да заттың болмасын өз атауы бар екенін, немес (осы заңның екінші ұғымы) сәбидің белгі мен маңызы арасындағы байланысты ашатыны, яғни, тілдің символдық қызметін білуі кез келген затты белгі, символ арқылы көрсетуге болады. Бұл көзқарас із жүзіндегі зерттеуде өте жемісті болып, ол кұрылымдык теория аша алмаған фактілерді ашты. Ол тілді дамытуда құрылымдык байланыс бірте-бірте қалыптасады бірақ жаңалық ашқаннан кейін бала сөздігінің секірмелі болып өсуі пайда болады дейді. Штерн атап көрсеткен екінші бір жайт сәбидің сөздік қорын қарқынды даму кезеңіне аяқ басу хайуанаттардың адам сөзін түсінуді үйреніп, онан аталмаған зат атын сұрап біліуі мүмкін емес. Ал балаға, – дейді Штерн, – қанша сөз берілсе, сонша сөзді біліп алу тән, яғни ол әрбір затты атауы болуға тиіс екендігін жақсы түсінеді. Штерн баланың ашқан жаңалығы сәбидің алғашқы жалпы түсінігі деп аталу тиіс дейді. ;

Адамзатқа тән  үшінші нышаннын мәні – сәбиде ат туралы бастапқы сұрактар пайда болады, яғни сөздік қорын өсіру үшін сәби кез  келген затты «Бұл нс?» деп сұрай  береді. Осы аталған нышандардың  үш түрі де балалық шактың ер кезеңіне тән. Сонымен ІІІтерн айтқан жаңалық  пікір мен оның теориясының мәні кандай?

Біріншіден, жоғарыда аталған үш түрлі нышанның бе де сәби тілінің даму негізін құрайды  және баланың дамуындағы сөйлеуінің шығу мәнін ашып көрсетеді. Оның алғашқы  сөйлем құрауының мәнін ашып көрсетіп, белгі мен мағына арасында-байланыстың  құрылымдық сипатын бекерлейді. Үшіншіден  тілдің дамуындағы болып отырған  өзгерістер өте шапшаң болып отыратындығын  көрсетеді. Алайда онын теориясында  аталған жайтты қате түсіндіруі оның өзіне қарсы шығады. Бұл түсінігімді  Штерннің өзіне айтқаным бар. Ол ттпті  осы теория негізденгеннен бергі  уакытта, яғни «Бала тілі» деген  кітабы жазьшғаннан бері өзінің кейбір ойларының мазалап жүргендігін  айтты және ондай келіспеушілік  жайлы өзге сыншылдар да айтқанын есхе алды. Штерн өз теориясын анықтаумен айналысуда, бірақ ол мен келіспеген бағьпта емес, басқа бағытта өзгертпекші, ол туралы кейінірек сөз етермін. Бұл тергеу ізін Штерннің соңғы жұмыстарыңан кездестіреміз.

Штерн теориясына қарсы пікір айту үшін, менің ойымша мағынасы терең фактілерді келтіре  отырып, оларды дұрыс шешудің жөн- жосығын анықтап алу керек  сияқты.

Біріншіден, 1 жастағы  немесе туғанына 1 жыл 3 ай толған сәби соншалықты ақыл-ойының дамуы және белгі мен мағына байланысы туралы осындай жаңалықты ащуы, оның кез келген заттың атауы бар деген ғаламат қорытынды жасауға қабілетті теоретик болуы жөніндегі алғашқы жалпы түсінік жасауы ақылға сыйымсыз. Штерннің дәлелі – тілдің мәні деген сөз. Ересектер үшін тілдің мағынасы кез келген заттың өз аты бар екендігінде. Бір жарым жастағы сәби тіл мағынасын ашады деу қиын. Бұл тіпті сіріңке қорабын аша алмайтьш сәбидің интеллектуалдық ақыл-ойының даму жәрежесімен қиыспайды, ол сәбидің біріктіру ойлау қабілетіне қайшы келеді. Штерн мұндай келіспеуішлік пікірлерді дұрыс мойындайды.

Екішіден, тәжірибелік  зертгеу нәтижелеріне қарағанда  бір жарым жастағы сәби тілінін  мағыналық табиғатын ашпақ түгіл, мектеп оқушысының өзі сөздің не екенін толық түсіне алмайды, зат пен  сөз арасындағы байланыс дегеннін не екені миына кіріп шықпайды, ал әсіресе мәдени даму жағынан артта  қалған көптеген ересек адамдар демі біткенше мұны түсінбей кетеді.

Ж.Пиаженің, А.Валлонның  және басқалардың зерттеулері көрсеткеңдей, балада кейде мектеп жасында да тілдің шарттылығын түсіне алмау, заттың атын оның тұрақты қасиеті (атрибугі) ретінде  түсіне аларлық бағыты болады. Мысалы, егер сіз 3 жастағы баладан сиыр неге сиыр деп аталады деп сұрасаңыз  ол сізге: *Өйткені оның мүйізі бар» немесе «Өйткені ол сүт береді» деп  жауап қайтарады, яғни бала атау себебі туралы сұрауға бұл жай ғана ат, адамдар осындай шартты белгіні  ойлап тапқан деп ешқашан айтпайды. Ол әрқашан атауды сол зат қасиетінен іздейді: қант тәтті, сондықтан қант деп аталады, немесе ол аппақ болған соң қант деп аталады; сиыр сүт  бергендіктен сиыр деп аталады, бұзау  әлі кішкентай болғандықтан және сүт бермейтіндіктен бұзау деп  аталады дейді.

Мектеп жасына дейінгі балалар арасьшда, сұрақ-жауап  жүргізіледі. Бірқатар заттар талдап алынып, бұл заттар неге бұлай аталады (дыбыс  белгісі бойынша, шартты түрде және т.б.) деп сұрақ қойылды.

Заттардың осылайша аталуын олардың қасиеттеріне сай  келеді деп санайды. Сәбилік кезеңде  бала үнемі заттардың қасиеттеріне сүйенеді. Мұның өзі Валлоннын  сәби кейін де бұл шарттылықты  түсінбейді, ал сөз жөнінде заттың ажырамас қасиетін сол заттың қасиеттерінің  бірі ретіндегі түсінігін ойында сақтап қалады деген тұңғыш рет тың  пікір айтты.

Біз бала сөзінің  мағынасын оның нақтылы жағдаймен  ұшырасқан кезінде ғана түсінеміз. Егер сәбидің «уа» дегені түймені,’мені, сүтті, судағы үйректі, бақыр тиынды білдірсе, ал енді ол бақта серуендеп жүргенде «уа» дей айқайласа, онда біз оның мені көлшікке ертіп бар дегенін түсінеміз. Егер ол бөлмеде жүргенде «уа» десе, онда оның түймемен ойнағысы келгені.

Бұл жағдайда бала нақтылы нәрсемен қарым-қатынаста болады. Ол затпен тікелей кездескенде ғана сөз қолдануы мүмкін. Егер зат оның көз алдында болса, онда оның сөзі де бізге түсінікті болады. Біз баламен түсінісіудің өте қиын екеніне көзіміз жетіп отыр. Менің ойымша аса қажетті болжамның бірі – сәбидің барлық әдеттен тыс көріністері өзара түсінісу қиындығынан келіп шығатынын дәлелдейтін болжам.

Яғни біз, баланың  дербестік тілін үшінші ерекшелігі деп таптық, онда қарым-қатынас туралы айтылады, бірақ ол басқа түрдегі, өзге сипаттағы қарым-қатынас екендігіне көзіміз жетеді. Сайып келгенде баланың  дербестігін тіліндегі ерекшеліктердің  ішінен олардың сөйлеу тлі грамматикалық  нор.мадан ауытқығандығын байқаймыз. Балалардың сөйлеу ерекшелігінде маңызды  мәселенің бірі болып саналатын  олардың сөйлем құрауы тілдің синтаксистік және этимологиялық заңдарына байланысты түрде дамып отыратындығы мәлім. Алайда сәбилік кезеңде баланың сөйлеуінде мұндай заңдылықтар жайында сөз қозғау асыра сілтеу болар еді. Сәбилердің сөйлеу ерекшеліктерінің кейбір жақтары біздерді ашу-ыза қысқанда аффектік жағдайға ұшыраған кездегі жүйесіз, үзіп-жұлқып айтқан сөздеріміз сияқты болады.

Міне, біз баланың  дербес тітін зерттегенде кездесетін түрлі ерекшеліктер осылар. Тұңғыш рет өз немересінің тілінің шығуын зерттеген, Дарвин бұл мәселені нақты  әрі дұрыс түсіне білген деп есептеймін. Бірак Дарвиннін бақылау нәтижелері дер кезінде шын мәнінде бағаланып, жете түсіндірілген жоқ. Оның бақылауынан  көптеген мысалдар келтіріп, цитаталар  алынса да, бала тілінің даму ерекшелігі туралы айтылған пікірлерін ешкім дұрыс  қорытып, түсіндіре алмады. Сондықтан  баланың дербестік тілінің дамуы  жайындағы Дарвиннін ілімі өрістемей  тұншығып қалды. Дегенмен бірқатар авторлар баланың алғашқы сөздерін жазып  алып, тексеріп көргең кезде дербестік  сипатгарьша қатысты материалдарды  көптеп жинақтады. Істің мәні бала тілінін  дамуында ерекше кезең болатынына ешкім  жете түсіне бермейді. Белгілі неміс  ғалымы К.Штумфтың байқау нәткжелері бойынша  бұл мәселенін одан әрі зерттеу  жандана түсті. Ол өзінік ерекше дамып  келе жатқан баласын бақылаған. Оның баласы алғашқы жылдары (3- 4 жасында) осы тілдің көмегімен 1 және 2 сөйлегенімен әдетгегі өзге сәбилерге ұқсамайтын еді. Бала өзінің маңындағы адамдармен тілдесті, бірақ ол өзінің дербес тілінде  жауап берді. Бұл кемелденен тіл  болғандықтан (сәби бұлай сөйлеуге бірнеше жыл бойы машықтанады) ол жекелеген-сөздердің бірлігі мен  құрылысының күрделі жағын басынан  кешірді. Өз тілін пайдаланып жүрген сәби бір күні ата-анасы кешке  үйге келгенде баланың күтушісі оның дербестік тілді тастап, кәдімгі  неміс тілінде сөйлеп кеткенін хабарлады. Бұл оқиға әдет емес, өзіндік ерекшелік  еді. Мұның өзі сәбидің дербестік  тілімен сөйлеу кезеңінің бірнеше  жыл бойы кешеуілдеп қалуы бала дамуындаға кемістік болатын. Бірнеше жыл бойы кешеулдеп қалу себебінен дербестік тілі енді бұрк етіп дамып кәдімгі қалыпты даму кезеңіне ауысты. Бала сөйлеуіндегі мұндай өзгеріс табиғи заңдылық екені бәрімізге белгілі жайт.

Информация о работе Бала психологиясы