Бала психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 21:08, реферат

Краткое описание

Бала психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш ретинтроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) — Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім


Бала психологиясы туралы жалпы ұғым
Бала психологиясын зерттеу әдістері
Бала психологиясының мәселелері, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс.
Бала психологиясын зерттеген ғалымдар
Бала психологиясы қалай қалыптасады.


Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 36.91 Кб (Скачать файл)

Баланың дербестік  тілі оның өз тілі, өзіңдік сөйлеу ерекшелігі. Бала әрбір сөзді атау үшін оның буынын, не өзініі дыбыстап атауы арқылы өзгелерге ойын білдіріп отырады.

Жалпылық қатынас  дегенмізі не? Біз мебель мен орындық деген сөздердің мағыналық қатынасын жалпылап қатынас деп атаймыз. Оның біреуі жалпы ұғым, екіншісі – жалқы ұғым. Үстел мен орындық арасындағы қатынас бір-біріне бағынышты емес, бұл қатьшас біртекті қатар ұғымдар, баланың дербестік тілінде жалпылық және даралық қатынас болмайды. Сәбидің сөздігінен мынаны көреміз: Оның тілінде біріне-бірі қатысты не жалпы сөздерден емес, өзара катар жатқан тек сөздерден құралады. -

Сіз дербестік  тілдің кез келген сөздігінен алып көріңіз де мебель мен үстел, орындық; гүл мен райхан сияқты қатынаста біріне-бірі бағыныңқы немесе даралық пен жалпылық қатынаста тұратын сөздерді таба алмайсыз. Өйткені сәбилердін сөйлеу ерекшелігі мен сөэдерді қолдануы дербестік сипатта болуымен қатар, әрбір зат пен басқа нәрселерді нақты атаумен шектеліп, ойлауындағы пайымдау (абстракциялау) әрекеттері жетіспей жатады. Бұл сәби тілінің дамуындағы психологиялық және табиғи заңдылық. Баланың дербестік тіліндегі сөз мағынасы тұрақсыз. Ол жағдайдын өзгеруіне сәйкес құбылмалы болып отырады.

Ерекше даму кезінен  бір мысал келтірейік. Клиникада  бір сәби зерттелді. Ол сәби жасыл  дегенді ашық түс ретінде, ал көк дегенді күңгірт түс ретінде қолданады. Егер сіз сәбиге екі парақты: ашық сары және күңгірт сары түсті парақты берсеніз, олардың алғашқысы жасыл деп , ал екіншісі көк деп аталады. Ал егер сіз сәбиге сол күңгірт сары парақты қойсаңыз, онда енді сары түс жасыл деген атқа, коңыр түс – көк деген атқа ие болады. Бір түстің өзі оның жаныңда жатқан түске байланысты түрліше аталады. Сәби ашык пен күнгіртті ажыратады, ал нақты түстің қасиетін ол біле бермейді. Салыстырмалы түрдегі неғұрлым ашық, неғұрлым күңгірт деген түстер бар. Сөздің мағынасының заттық тұрақтылығы жоқ.

Кейбір балада насеком, құс сияқты осындай жалпы ұғымды білдіретін сөздер кездеседі. Оның «әти» әтеш деген сөэі, біздің құс деген сөзімізді білдіреді. Мұңдай неғұрлым тұрақты мағынасы бар дербес тілдің белгісінен кәдімгі қалыпты сөйлеуге көшуіне мүмкіндік тудырады.

Әр түрлі даму сатысында сәбилер өзінің мәнін, баланың ойлау ерекшеліктеріндегі тілі қалайша дамитынын айта кеткен жөн. Бала тілінің табиғатын анықтап алғаннан кейін оны оңай пайымдауға мүмкіндік беретін сияқты.

Егер біз баланың  дербестік тілінің мазмұнын және оран сәйкес келетін ойлау сатысын  талдасақ, онда бала тіліндегі сезімдік күйінің мазмұнын байқаймыз. Ол түйсік пен қабылданған әсер сияқты. Бала ойының мұңдай сипаты ақыл-ойдан әлі де қашық, тек еліктеу мен таңдану сипатында болатындығын көрсетеді. Алайда бала ойлауының бұл кезеңін анып білгенін пайымдап, онан ой қорытындысын шығара алады деуге болмайды.

Баланың дербестік  сөйлеуі оның дамуындары ерекше кезең  болып саналатын өмір жолы екенін білдіреді. Соган орай бұл кезеңде баланын сөйлеуі мен ойлау деңгейі де оның даму ерекшелігіне сәйкес болып отыратындығын көрсетеді.

Алғашқы жылғы  өмірінде дені сау сәби дербес тілінде сөйлейді. Оның басталуы мен аяқталуы алғашқы жылғы дағдарыс кезеңіне тұспа-түс келеді. Бұған қарап баланың дербес ілін дағдарысқа ұшырау негізі деп санауға бола ма? Менің ойымша, болады. Алайда бұл мәселе әлі де жеткілікті зерттелмеген. Сондықтан баланың дағдарысқа ұшырауына сәйкес оның бойында жаңа құрылым пайда болып, елеулі өзгерістер болады деп ой қорытуға сын көзбен қарауды талап етеді. баланың дербестік тілі оның дамуындағы бір кезеңнен жоғарырақ кезенге ауысуындағы елеулі өзгеріс екендігі сөзсіз.

Біз бала дамуының кезеңдеріндегі ең өзекті деп саналатын жаңа құрылымдардың сырын ашьш көрсетуді мақсат етіп қоямыз.

Бала бойындағы қызғаншақтық психология түрліше дәрежеде болады. Бүгінгі  таңда көптеген балалар «ерке», «тәкаппар» мінездерді жұқтырып алған. Олар басқалардың  өзінен жақсы болуын, өзінен асып кетуін қаламайды, тіпті үнемі басқаларды жазғырып жүретін болады. Қызғаншақтың төмен дәрежелі сезім. Бұл баланың  өсу барысына өте зиянды болып  келеді. Отағасы болу тұрғысынан баланың  осындай жан күйін байқаған сәтте  дереу түзетуге кірісу керек дейді  мамандар. Қытайлың маман Жан Хуа  өспірімдердегі күшті қызғаншақтық психологиясы кезінде ана-ана оған көбірек көңіл бөлуі, оның бойындағы артықшылықты дер кезінде байқап, мадақтау айтыпшабыттандыруы керек деген пікірде. ата-ананың баланы мадақтауы орынды болуы, асыра сілтемеуі, мадақты нақты дүниеге қарата айтуы бек ләзім. Осы сәтте жөнін тауып бала кемшіліктерін өзіне түсіндіріп беру де өте маңызды. Екіншіден, осындай күйі қалыптасып үлгерген балалар үшін ата-аналар өзі сияқты балалардың табысқа қалай жеткенін, қалай құлшыныс жасайтынын айтып беруі керек. Осы арқылы балалардың мадақ, сыйлық сахнасына көтерілген сәтін ғана көріп, олардың осы жолдағы еңбегіне селқос қарауының алдын алу керек. Бала алдында үнемі басқа отбасының балаларын мадақтай беру де жөн болмайды. Баладағы ыңғайсыз күйді болдырмау үшін оның назарын тез басқа жаққа бұрып әкету керек. Баланың өзін қор санау, айналасына салғырт қарау, басқаларға соқтыға беруі сынды нашар әдеттеріне қатаң сын айтып, қателіктерін өзіне айтып тұру керек. Ең бастысы баланың өсіп-жетілу барысында ондағы өзгерістерге жай қарамаған жөн. Себебі, бұл өзгерістер оның болашақта толық адам болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді. 

 

БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСАДЫ?


 

Әдетте өмірде «бұл бала ғой, не түсінеді дейсің?» деп кейбір дүниелерді жылы жауып  қоя саламыз. Бірақ қарап отыр саңыз, ең сезімтал жан өсіп келе жатқ ан бүлдір шін екені анық. Кіршіксіз көңі лімен кез келген нәрсені қалай көрсе, солай қабылдайды. Нені болса да, қағып алатыны да сондықтан. Ересектер басына түскен қиыншылықты да, қуанышты да өз жақындарымен бөліседі. Өмірлік тәжірибиесінің арқасында кездескен тосқауылға төтеп береді. Ал бұл фәнидің есігін кеше ғана ашқан жас сәбидің эмоциясы, өзіндік түсінігі жоқ деп кім айтты сізге? Көпшіліктің әлем туралы көз қарасы осындай кезінде қалыптасады.

Біз өмір туралы естеліктерімізді кешегі мен бүгінгі күннен емес, сонау балалық шағымыздан бастаймыз. Мінезіміз, жүріс-тұрысымыз, адамдарды қабылдауымыз, яғни психологиялық даму сатымыздың алғашқы бастамасы осылай өрбиді. Тұп-тұнық таза тіршілік иесінің есте сақтау қабі леті де тасқа қашалған жазумен тең. Мысалы, сіз өз балаңызға далаға көп ойнауға болмайтынын айтып түсіндіре алмаған жағдайда сыртта қор қынышты адамдар бар деп қорқытсаңыз (біздің тілмен айтқанда «бүжәй»), ертең ол есейген сәтте де өзін еркін сезіне алмайды. Ылғи да қорқыныш жетегінде жүріп, көшеде  де алды-артын да өтіп бара жатқан адамдарға күдікпен қарайтын болады. Сонымен қатар әркез уақыт бөліп, көп назар аударатын болсаңыз, көпшіл болып өседі. Ал өзімен-өзі өскен балалар көбіне адамды қажет ете қоймайды. Бұл жақсылықтың нышаны емес. Сонау балғын балалық шақтан басталған жалғызды ққа еті үйреніп, іштей тынумен болады . Сыртқа шықпаған жан жарасы жинала   беріп, өмірден түңілуіне әкеп соғады. Суицидтің басы, міне, осы. Көп балалы отбасында тәрбиелен гендер көбіне бұл қадамға бара бермейді. Мұның бәрі – ойдан шығарылған мысалда р немесе болжам  емес, нақты ғылым зерттеуле рінің жемісі.

Адам өмірінің тұтас бір кезеңі болып табылатын бала психологиясы ғылымы XIX ғасырда пайда болған. Мінез ерекшеліктерінің темпераменті адам табиғатына тікелей тәуелді және қоршаған ортаның да өз әсері зор. Сангвиник, холе рик, флегматик, меланхолик мінез-құлықтар топтамасындағы әрекеттерге ата-анасының ықпалы орасан. Қазіргі өміріміздің авторы тікелей өзіміз болсақ, балалық психологиямыздың негізгі авторы – ата-ана. Олар қойған талаптар, шектеулер осы күнге дейін есімізде сақталады. Балалардың адамгершілік қасиетін қалыптастыратын бірден-бір орта - отбасы. Жанұяда сыйластыққа куә болып өскен бала азамат ретінде  қалыптасқанда да біреуге балағат сөз айтуға  тартыншақтанып тұрады. Ұрыс-керіс, жанжалдың арасында тәрбиеленген бүлдіршін ешкімнің көңіліне қарамайтын дөрекілеу болып өседі. Балалар тез еліктегіш әрі жылдам жалыққыш келетіні мәлім. Әркез бір жақсы тұл ғаны айтып, «сен сондай боласың» десең, дәл сондай болуға тырысады. Барлық сәтте бетінен қағып, шектей берсе, бала есейгенде де «маған қандай кінә артар  екен?» деп күтіп тұрады. Балан ы неғұрлым өз бетінше тәрбиелесе, батыл болып өседі. Бүгінгі таңда не ойлап, қай нәрсені дұрыс не бұрыс деп танумыз – бала кезіміздегі мінезіміздің жалғасы.  Махаббат пен сүйіспеншілікке бөленген бала ешкімді жамандыққа қия қоймайды.

Бала психологиясының  дамуына тек мінез-құлық әсер етпейді, тәрбие мен оқыту процестерінің де септігі тиеді. Көпшілік жағдайда бала ата-анасына ұқсайтын болғандықтан, оқу үлгерімі де ата-анасына тартады. Өмірде біразының ата-анасының тағдырын қайталайтыны да сондықтан. Бірақ кейде психологиялық заңдылықтарға сәйкес келмейтін балалар да бар. «Бесік баласы бес түлейді» деген осыдан қалса керек.


 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Қазақ энциклопедиясы, 2 том;
    2. Валлон А. Психологическое развитие ребенка. М., 1967.
    3. Алдамүратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
    4. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1970. 
    5. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру. Алматы, 2003.
    6. Қостанова.М «Отбасындағы тәрбиеге психологтың көмегі \\ Мектептегі психология »
    7. Возрастная психология // Под. ред. Л.Ф. Обуховой. М., 1996
    8. Детская психология // Под. ред. Л.Л. Коломинского, Е.Н. Панько, Минск, 1988
    9. Смирнова Е.О. Психология ребенка. М., 1997
    10. Грейс Крайч. Психология развития. Спб. 2000.
    11. Мухина В.С. Возрастная психология. М. 1998.

 


Информация о работе Бала психологиясы