Павлов ілімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 10:41, реферат

Краткое описание

Жоғары жүйке әрекеті туралы ілімнің негізі болып шартты және шарттсыз рефлекстер болып табылады. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз рефлекстер деп болгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады.

Вложенные файлы: 1 файл

павлов.docx

— 32.24 Кб (Скачать файл)

Жоғары жүйке әрекеті туралы ілімнің негізі болып шартты және шарттсыз рефлекстер болып табылады. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және  шартсыз рефлекстер деп болгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым  қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән оздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің томенгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері аркылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық  кезенде де, бала туганнан кейін де қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлы доғасы өзгермейді.                                                                                                                                          Жоғары жүйке әрекетінің топтары. Шартты рефлекстердің пайда болуы әр адамның жоғары жүйке әрекетінің және  жеке басының жүйке жүйелерінің қасиеттеріне байланысты. Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым  қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез-құлықтарын жоғары жүйке әрекетінің т о п т а р ы деп жинақтайды. И. П. Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа боледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі және  алмасуы.                                                      Қозу мен тежелудің к ү ш і деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады. Негізінен алғанда, ол ми қыртысындағы нерв клеткаларының қызмет қабілеті. Кейбір адамдардың миындағы нейрондарының жұмыс қабілеті жоғары болып, кейбіреулерде темен және нашар болады. Соған байланысты қозу мен тежелудің күшін И. П. Павлов к ү ш т і және    ә л с і з  деп екіге бөлген.                                                                                            Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы т е ң д і г і деп олардың бір-біріне қатынасы мен даму дәрежесін айтады. Кей адамда олар бірдей дамыған, ал енді біреулерде не қозуы, не тежелуі басымырақ болады. Сондықтан қозу мен тежелудің тендігін  т е ң  және тең емес деп екіге бөлген. Егер қозуы басым болса — қозғыш, тежелуі басымырақ болса — тежелгіш болуы мүмкін.                                                                                                                   Қозу мен тежелудің а л м а с у ы  деп олардың бір-біріне ауысу жылдамдығын, яғни қозудың тежелуге және, керісінше, тежелудің қозуға ауысу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ж ы л д а м (ш и р а қ) немесе б а я у (и н е р т т і) болуы мүмкін.      Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы осы қасиеттеріне қарай И. П. Павлов жануарларда жоғары жүйке эрекетінің 4 түрлі топтарын атаған:

1.  Күшті үстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.

2.  Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы ширақ топ.

3.  Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.

4.   Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті томен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым.

И. П. Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке  әрекетінің жануардағы топтары дөрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сүйықтардың өзара қатынасына байланысты адамның мінез темпераментін 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе — сары от), сангвиник (сангвине -қан), флегматик (флегма — кілегей шырын) және меланхолик (мелайне холе - қара өт. Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі. Әсіресе, осіп дами келе, баланың жасы үлғайған сайын ержеткенде аралас топтар кобірек орын алады.

Сигналдарды және  оларды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп, ал сол сигналдардың сөзбен белгісін «сигналдың сигналы» деп атады. Еңбектің және  өлеуметтік дамудың нөтижесінде адамда сөз  сигналдарына, сөйлеуге байланысты жай сигналдарды сөзбен белгілеу және оны қабылдау қабілеті дамыған, оны екінші сигнал жүйесі деп атайды.                                                                                                                           Бірінші және  екінші сигнал жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласында барлық түсініктер, керіністер, құбылыстар мен сезімдер сөз бен белгіленеді. Бұл 1-ші сигнал жүйесінің қозуы 2-ші сигнал жүйесіне ауысатынын білдіреді. Баланың өміріндегі оқыту мен үйретудің және оның өзінің творчествалық әрекеттері 2-ші сигнал жүйесінің дамуымен кемелденуіне байланысты. Ол өзінің ең жоғары дәрежесіне табиғат пен қоғамды тану арқылы жетеді. Бала нақтылы сезім арқылы абстрактылы жалпылама ойлау дәрежесіне өтеді.                                                                                                                      Адамдағы жоғары нерв әрекетінің арнайы топтары. 2-ші сигнал жүйесінің дамуына байланысты тек қана адамға тән, басқа ешбір организмнің түрінде болмайтын жоғары жүйке әрекетінің топтық ерекшеліктерін ескере отырып, И. П. Павлов адамның жоғары жүйке әрекетінің арнайы топтарын үсынды: ойлы (саналы), керкем суретті және  аралас (орташа) топтар.                                                                                                                          Адамның жекеленген топтар жүйесінің негізі етіп, И. П. Павлов екі сигналдық жүйенің күш қатынасын алған. Мысалы, сигналдық мәліметтер болғандығын негізге алсақ, екі сигнал жүйесі арасындағы мәліметтің берілу тәртібіне байланысты адамның топтарын  төртке болуге болады: 

Тіл. Бала тілінің дамуы. Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бүлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. 2-ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды, 3-ші айға жеткенде гу-гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулеу мен былдырақтау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды.                             5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6-7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ Бұл кезде, әсіресе жарты жарқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан создің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала создің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса создің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.                                                                           1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, 2-3 сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жаста 4000, бес-алты жаста 4-5 мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі.          Баланың тілінің дамуына 3 пен 4 жастың арасының маңызы ерекше. Бұл кезде тіл байлығын көбейтуге, сөздің мағынасын дұрыс түсіндіруге көбірек көңіл бөлген жөн. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығын дамытуда түрлі ойыншықтардың, әңгімелердің, балалармен қыдырып жүрген кезде сыртқы ортамен танысуының маңызы үлкен.                                                                                                                                                         7 жасқа дейінгі балалардың белтілібір жағдайға, иақтылы әсерге байланысты сөздері жақсы сақталады. Бұл кездегі баланың санасы нақтылы тітіркендіргіштің әсерінен дамиды.

Бастауыш сынып оқушыларында жазбаша тілді дамытуда ауызша тіл маңызды орын алады. Баланы жауап беруге үйретуден бастап, оның «ішінен» сөйлеу қабілеті дамиды. Ішкі ойын дәл жеткізу қабілеті баланың жеке басының санасының, ақыл-ойының дамуына байланысты. Мұнд а баланы дұрыс сөйлетіп, ойын дәл айтуға үйретуде мүғалімнің, тәрбиешінің, орыны ерекше. Сондықтан оқушы тек кітаптағы сөздерді жаттап айтуды ғана машықтамай, оның ойлау қабілетін, дарынын дамыту керек. Жастардың ойы ішкі тіл байлығына байланысты, сондықтан мүғалім талапшыл болса, онда оқушылардың тілі дұрыс жаттығып, жақсы дамиды.                                                                                                            Баланың жасы ұлғая келе абстрактылы ойлау жақсы дами бастайды, сөйтіп баланың сана сезімінің артуы күшейген сайын екінші сигнал жүйесінің маңызы арта түседі, бірінші сигнал жүйесінен басымырақ болады.                                                                                                 Баланы оқыту барысында тіл байлығы дамып, сөйлеу қабілеті, санасы арта түседі. Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс үйымдастыру арқылы оның жоғары жүйке әрекетін жақсы дамытуға болады. Бұл кезде тәрбие жұмысын мүғалімдер мен ата-аналардың бір-бірімен келісіп, жөнге қойғаны аса маңызды болады. 

Ес. Бала есінің дамуы. Ес, есте сақтау қабілеті аз зерттелген қасиеттердің бірі. Ол физиологиялық түрғыдан қарағанда 3 бөліктен түрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғырту, яғни еске түсіру. Бұл — үшеуін еске сақтаудың 3 кезеңі. Олар бір-бірімен тығыз байланысты қызметтер. Естің физиологиялық негізіне келсек, ол өте күрделі қызметтің бірі.                                                                                  Мәліметтердің келу жолына байланысты ақпаратты қабылдау белсенді қызметтің күрделі түрі. Мәліметтерді қабылдап, талдасымен қажеттісін еске сақтау басталады. Бұл кезеңді ғалымдар консолидация (лат. консолидация — бітелу, бекіту, нығайту, нықтау) кезеңі деп атайды. Онсыз ақпарат тұрақты ес іздеріне айналмайды.                                                                Еске сақтау әдістеріне қарай, ес: механикалық және саналы,  ерікті және еріксіз деп бөлінеді.                                                                                                                                                   Мәліметтің жиналуына байланысты, ес — жеке бастың, түқым қуалаған қасиеттердің нәтижесі деп те айтуға болады.                                                                                                             Қысқа мерзімдік ес жүйке импульстерінің нейрондар тізбегі бойымен өтіп, біраз уақыттан кейін Ұзақ мерзімдік еске айналады, яғни молімет сақталып, нығаяды.                                          Ұзақ мерзімдік ес нуклеотидтерде синтезделіп, нуклеин қышқылдарында (РНК мен ДНК) программаланады.  Ал абстрактылы, түсініктеме ес тілдің дамуына негізделген.                Бастауыш сынып оқушыларында көрнекті бейнелі ес, яғни абстрактылы ойлау дамымаған, оларда сөздерді жаттап алуға байланысты ес бірінші орында болады. Баланың жасы үлғая келе, абстрактылы ес, яғни түсініктер мен үғымдардың пайда болуы орын алады.                         Қысқа мерзімдік ес балада 3-4 айдан кейін іске қосылады. Баланың жасы үлғайған сайын еске сақтау мерзімі артады: 2 жаста — бірнеше айға, 4 жаста — бір жылдан аса, 5 жаста — өмір бойына еске сақтай алады.                                                                                                                 7 жасқа дейін еріксіз еске сақтау қабілеті, одан әрі қарай ерікті еске айналады. Оның дамуында жыныстық айырмашылық байқалады: ер балалардың есі 10 жастан бастап жақсы дами бастайды, ал қыз балаларда 11-14 жастар арасында жоғары болады. 14 жастан әрі қарай еске сақтау қабілеті ер балалар мен қыз балаларда бірдей дәрежеде қалыптасады.                  Адамның есі 20-25 жасқа дейін қалыптасып, дамиды. Оның дұрыс дамуы үшін жаттықтырудың маңызы зор. Бұл осы мезгілдегі естің дамуына байланысты аса маңызды жағдай: жаттықтырған сайын ес жақсарады, қабілеті артып, одан әрі дами береді! Мидағы ес іздері немесе энгра м м а (гр. Эн — ішкі + грамма - жазба таңба, сызық) пайдаланған сайын нығайып, күшейеді. Сондықтан неғүрлым көп оқып, естіп білуге ынталанған жастардың еске сақтау қабілеті соғүрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал еріншектікке салынған жастардың ісіне лайық ақыл-ойының дамуы да нашар болады.

Эмоция, оның түрлері, физиологиялык негізі. Эмоция немесе көңіл-күй латын тілінде эмовере - қобалжу, қозу деген мағынада тараған термин. Бұл жоғары жүйкенің күрделі, қиын зерттелетін қызметінің бір түрі. Сондықтан осы күнге дейін эмоция туралы нақтылы анықтама жоқ. Дегенмен көптеген ғалымдардың қағидаларын қорыта келе, адамның ішкі сезімін білдіретін сыртқы ортадан алған сезімдерінің негізінде қалыптасқан көңіл-күйінің көріністерін эмоция деп атауға болады. Ол адамның сыртқы ортаның жағдайына деген сезімін білдіріп, белтілібір тітіркендіргіштің әсеріне көрсететін организмнің жауабы. Эмоция адамның бетінің әлпетін, денесінің қалпын, мимикасын, сөз интонациясын, дауыс ырғағын қан тамырларының жағдайын өзгертуі арқылы көрінеді. Олар адамның ішкі сезімін анық жеткізеді. Былайша айтқанда, эмоциялық реакциялар вегетативтік реакциялармен сипатталады. Неғүрлым вегетативтік өзгеріс күшті болса, соғүрлым эмоцияның дәрежесі жоғары болады.                                                                                                 Жаңа туған сәбидің эмоция жағдайы ыңғайсыз болғанда жылау, терісінің қызаруы (бала жылар алдында зорланып, беті қызарады) арқылы білінеді. Кейіннен оның эмоциясының сипаты өзгереді. Баланың әрекеттерінің бәрі оның көңіл-күйінің белтілібір қалпы арқылы көрінеді. Алғашқы жылғы өмірінен бастап оң эмоциялары қалыптасады. 2-4 жас арасында жағымсыз эмоция белгілері туады. Мысалы, заттардың белгісін, түсін айыра бастап, эмоциялық өзгерістерімен оның жағымды-жағымсызын білдіре алады. Жағымды эмоциялар 3 жасқа дейінгі балаларда өздерін шексіз сұйетін анасымен тікелей қарым-қатынастың негізінде қалыптасады. Сондықтан бұл кезде балаларда сұйіспеншілікке сұйіспеншілікпен жауап беруге байланысты жағымды эмоцияларды қалыптастыру аса маңызды. Балалардың эмоциясы түрақсыз келеді. Әсіресе, мектепке дейінгі жастағы балалар бір қалыптан екінші қалыпқа тез ауысады.                                                                             7-11 жастағы балалар психикалық эмоцияның барлық түрлерінің белгілерін көрсете бастайды. Әсіресе қуаныш, ренжу, қарсыласу іспетті эмоцияның түрлері дамиды. Бастауыш сынып оқушыларын байсалдылыққа үйрету арқылы жағымсыз эмоцияларын азайтып, жағымды эмоцияларын дамыту мүмкіндігі мол. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарында мұны ескеру қажет. Баланың еңбектегі және оқудағы жетістіктерін жөнімен пайдалана отырып, дұрыс тәрбиелеу арқылы болашақ азаматты өзін-өзі ұстай алуға үйрету, теріс эмоциясын тежеп, көңіл-күйінің жетегінде кетуден сақтауға болады.       12-16 жаста эмоцияның барлық түрлері толық қалыптасады. Бұл жастағы жеткіншектердің ми қыртысындағы қозуының басым болуына байланысты теріс эмоциясы көбірек көзге түседі және себебі түсініксіз жағдайы — теріс эмоцияға бейім келеді. Бұл саладағы зерттеулерді жалғастыру аса маңызды. Әрине, өмірдің, түрмыстың, мектептегі балалардың ықпалымен эмоцияның кейбір түрлері күшейіп, өзгеруі мүмкін.             Тәжірибелі мүғалім оқушының есте сақтау қабілетін дамыту үшін жағымды эмоцияның әсерін пайдаланды. Оқушының берген жақсы жауабын мақтап, басқаларға үлгі етіп жариялайды. Сонда ол оқушы сабақты бүрынғысынан да жақсы оқуға талаптанады. 

Информация о работе Павлов ілімі