Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2015 в 15:57, лекция
1 Іс-әрекет және танымдық үрдістер .
2 Танымдық іс-әрекет оқытудың инновациялық негізі ретінде.
3 Оқыту үдерісінің тиімділігі ретінде танымдық іс-әрекет нәтижесі.
5 Тақырып. Танымдық іс-әрекет психологиясы.
1 Іс-әрекет және танымдық үрдістер .
2 Танымдық іс-әрекет оқытудың инновациялық негізі ретінде.
3 Оқыту үдерісінің тиімділігі
ретінде танымдық іс-әрекет
Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.
Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.
Іс-әрекет барысында адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймайды, оны бірте-бірте өзінің материалдық және рухани мәдениетінің құрамына кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін қажетті жағдай және алғышарт болып табылады.
Іс-әрекет тұтас процесс қарым-қатынаспен тығыз байланыста және болашақ ұрпаққа бағытталған әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады. Адамдардың Іс-әрекеті әрдайым бұрын жасалған дәлелді алғышарттар мен белгілі бір қоғамдық қатынастардың негізінде жүзеге асады. Сол себепті ол нақты тарихи сипатта, нақ осы әлеуметтік шындықтың өмір сүру тәсілі болып табылады.
Іс-әрекеттің философиялық ұғымының барлық әлеуметтік ғылымдар, әсіресе, психология, социология, педагогика, т.б. үшін маңызды дүниетанымдық және методологиялық мәні бар.
Азаматтардың еркімен пайда болатын заңды фактілер, былайша айтқанда еркін қалауын білдіру. Құқыққа сәйкес келушілікке байланысты іс-әрекет (құқық бұзушылықтар ретінде) заңды және заңсыз болып бөлінеді.
Танымдық процестерге түйсік, қабылдау ойлау, сөйлеу және қатынас, қиыл, ес кіреді.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды.
Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты жұмсақтығын, кедiр-бұдырлығын т. б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Сондай-ақ түйсiк денеде болып жататын түрлi өзгерiстер жөнiнде де, яғни дененiң қозғалысы мен оның кеңiстiкке орналасуын, жеке бөлiктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниенi танып-бiлу түйсiктен басталады. Ол бiлiм атаулының алғашқы көзi. Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оньщ алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: “қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе” деп жауап бередi. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады.
Түйсiктер заттар мен нәрселердiң тек жеке қасиеттерiн ғана мида бейнелейдi. Мәселен, адам секундтың 1/10 бөлiгiнде жалт еткен жарықты көрдiм деп айта алады, бiрақ оның қалай деп аталатынын бiлмейдi.
И. П. Павловтың жүйке қызметi туралы iлiмi түйсiктердiң пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсiндiредi. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б.) үш бөлiктен құралады. Олар: бiрiншi сезiм мүшесi (рецептор). Сезiм мүшесi сырттан келген тiтiркендiргiштердi жүйкелiк қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екiншi бөлiгi — миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездiкпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлi бөлiктерiне жеткiзiп отырады. Анализатордың үшiншi компонентi (құрамы) — мидағы түрлi жүйке орталықтары. Олар тiтiркендiргiштердi айыра алуға қабiлеттi нейрондардан тұрады.
Қабылдау — ми қабығының күрделi анализдiк және синтездiк қызметiнiң нәтижесi. Қабылдаудың физиологиялық негiзiне бiрнеше тiтiркендiргiштердiң жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексi деп атаған. Мәселен, көру анализаторында оеындай қатынас рефлексiнiң жасалуы (яғни тiтiркендiргiштердiн бiр-бiрiмен байланысы) заттың түрi түсi, мөлшерiне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкiндiк бередi.
Сөйтiп, қабылдау — түйсiктегiдей бiр анализатордың ғана қызметi емес, бiрнеше анализаторлардың бiрлесiп қызмет iстеуiнiң нәтижесi. Мәселен, киноны көру екi анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс iстеуiнен болады.
Ес дегенiмiз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтiн процесс.
Ес туралы теориялар
Ес — күрделi психикалық процестердiң бiрi. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секiлдi процестерден тұрады. Естiң физиологиялық негiздерiн бiр кезде И. П. Павловтың жүйке жүйесiнiң пластикалық қасиетi туралы iлiмiмен түсiндiретiн. Жүйке жүйесiнiң пластикалылығы дегенiмiз түрлi қозулардан қалған әсерлердiң қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабiлетi. Уақытша байланыстардың тiкелей тiтiркендiргiштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан iз қалып отыратындығын көрсетедi. Бiрақ бұл жалпы долбар. Өйткенi адам есiнiң мимен қалайша байланысты екендiгi жөнiнде ғылымда әлi нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеушi ғалымдардың бiр тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса (естi зерттеудегi электро физиологиялық бағыт) ендi бiр зерттеушiлер естi мидың нейро-химиясына қарай түсiндiргiсi келедi. Соңғы багыттың өкiлдерi мидың кейбiр клеткаларын (нейрондарын) бiр сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеиндi қышқылдар комплексiнiң табылуы) естiң бүкiл ми массасынан алатын орнын әлi анықтай алмай келедi. Бiр нәрсенi еске сақтау — оны байланыстыру деген сөз. Ес процесiнiң негiзi болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды, Егер бұрын бiрнеше объектiнi бiр мезгiлде немесе бiрiнен соң бiрiн елестетсек, не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейiн объектiнiң бiреуiн ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлегiн тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принциптi алғаш рет ойлап тапқан ежелгi грек ойшылы Аристотель (б. э. д. 384—322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тiкелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттiн, қалған түрлерiн (ойлау, қиял, ерiк т. б.) түсiндiруге бұл принциптi қолданбады. Ғылымда тұңғыш рет ассоциация iлiмiн шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы нсгiзде көптеген психикалық процестердiң табиғатын түсiнуге болатындырын көрсеткен ұлы орыс ғалымы И.П. Павлов болды. И.П. Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын құбылыс ми қабығында екi қозу процесiнiң қабаттасып келуi не байланысты пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесiнде бекiп отыратын уақытша байланыстар екенiн түсiндiрдi. ұлы ғалым бұл туралы былай деп жазды “Уақытша жүйкелiк байланыс жануарлар дүниесiнде де, бiздiң өзiмiзде де байқалатын жан-жақты физиологиялық құбылыс. Сонымен қатар, ол түрлi әрекеттерден, әсерлерден құрылса да немесе әрiп, сөз, әлде ойдан құрылса да, психикалық құбылыс болып табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды. Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгiлi үш түрi бар. Олар: iргелестiк, ұқсастық және қарама-қарсылық ассоциациялар. Бұл ассоциациялар жөнiнде И. П. Павлов былай дейдi: “Шартты байланыс… бұл, сiрә, бiздiң бiр мезгiлдiк ассоциация дейтiнiмiз болса керек. Шартты байланыстардың генерализациясы ұқсастық ассоциациясы дегенге сәйкес келедi. Шартты рефлекстiң (ассоциациясылық) анализi мен синтезi, сайып келгенде, ой әрекетiнiң негiзгi процестерiмен мәнi бiрдей нәрсе”.Кезiнде Аристотель ойлап тапқан ассоциациялардың табиғатын былайша түсiнуге болады: 1) Iргелестiк ассоциациясы бойынша бiр зат жөнiндегi елес өзiмен бiрге оған қатысы бар екiншi затты қоса туғызады. Мәселен, Кремль ұғымы Қызыл алаң ұғымын, көктем туралы ұғым шөп туралы ұғымды туғызуы мүмкiн. 2) Ұқсастық ассоциациясынан нәрсенiң, көрiнiстiң бейнелерi өздерiне ұқсас образдарды еске түсiредi, яғни бiр зат жөнiндегi елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екiншi затты елестетедi. (Мәселен, толқынның шуы адамдардың самбырлаған сөзiн, жапырақтың сыбдыры адамның жайлап сөйлеуiн т. б.) 3) Қарамақарсылық ассоциациясында бiр зат туралы елес оған қарама-қарсы екiншi затты не құбылысты еске түсiредi. (Ақ пен қара, биiк пен аласа, айқай-шу мен тым-тырыс т. б.). Ес процестерiнсiз адам баласы мәдениеттiң қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетiле де алмас едi.
Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.
Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Ал, «таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі».
Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті - табиғат, қоғам және оқушының психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.
Оқу - танымдық іс - әрекет - бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып табылады.
Оқу - танымдық іс - әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Оқу - танымдық іс - әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу - танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл - ой, ерік - күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс - әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.
Танымдық іс - әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі - оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл - ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді. Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды.
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым - қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой - пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт - бағдар беру, істің дұрыс - бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт. Оқушының танымдық ынтасын құптау, оған сенімділік таныту - оның мінез - құлқында тұрақтылықты, өзін - өзі бағалауды, ерік әрекетінде батылдық пен табандылық, ұстамдылық пен сабырлылықты, өзіне - өзі талап қоя білуді, т. б. үйретеді.
Оқушының танымдық іс - әрекет құрылымын: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық іс - әрекеттен тұрады. Оқушы қоғам өмірінде маңызды іс - әрекетке дайындалып жатқандықтан, оның оқу - танымдық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан оқушының іс - әрекеті бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың іс - әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т. б.); оқушы іс - әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы - кітаптар, лабораториялық құрал - жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі модельдер, техникалық құралдар, т. б. жоғары интеллектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т. б.) жатады.
Оқушылардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу - танымдық іс - әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, оқушылардың оқу - танымдық белсенділігін қалыптастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды.
Оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл - қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, т. б.). Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Жеке оқушының белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамды білім алуға қол жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.
Оқудағы белсенділік оқып - үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой - сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т. б.) оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан ұмтылысынан, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас - ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет.
Оқушының қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу - танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Оқушының өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіруде оқу материалының маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына да фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне және оны практикада қолдануына қызмет ететін мәліметтер қамтылады.