Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2015 в 15:57, лекция
1 Іс-әрекет және танымдық үрдістер .
2 Танымдық іс-әрекет оқытудың инновациялық негізі ретінде.
3 Оқыту үдерісінің тиімділігі ретінде танымдық іс-әрекет нәтижесі.
Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор.
Жаңа технология үрдістерінің талабы - оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс - әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.
Белгілі бір дәрежеде оқу - танымдық іс - әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің (мазмұн, әдіс - тәсілдер, оқыту формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы негізінде оқу - танымдық іс - әрекет міндеттерін жүзеге асырылуын талап етіледі. Оны оқу - тәрбие үрдісінде қолдану үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
1. Оқушының өзіндік жұмыстарының
жоғары формасы болып
2. Жаңа педагогикалық
технологияны қолдану
Оқыту үрдісінде оқушының оқу - танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін барлық қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды, қажетсінуді қалыптастыратын шарттарды, өзін - өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.
Оқу - танымдық белсенділіктің деңгейлерінің даму барысы дәл анықталуы, мүмкіндігінше неғұрлым дәл бақылау өлшемдеріне ие болу үшін қажет. Бұл адамның «ішкі» мүмкіндіктерін «сыртқы» факторлар арқылы жарыққа шығару нәтижесінде жүзеге асады.
Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғалімдеріне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін - өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, өз бетінше үздіксіз білім алудың қажетті жағдайы ретінде оқу - танымдық белсенділікті қалыптастыру болып табылады. Алайда, мектептерде оқушының осы қасиеттерін дамытуға байланысты бағытталған оқушылардың өзіндік жұмысының жүйесі әзірге қалыптасқан жоқ.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Танымдық әрекет - шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл - ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.
Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл жерде Л. В. Занковтың идеясын негiзге алдық. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат - сабақтар мен эксурсиялар баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында айқын байқадық. Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л. С. Выготский «Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке көтерiледi…», - дейдi.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми - зерттеу еңбектерiн зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық. Мәселен, С. Төрениязова «Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу - тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi» атты ғылыми - зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:
- психикалық дамуға - оқушының мiнез - құлқының, ерiк - жiгерiнiң, қабiлетiнiң дамуы;
- денелiк дамуға - дене бiтiмiнiң өз жасына сай болуы;
- рухани дамуға - оқушының iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн күшпе өзара бiрлiгi;
- әлеументтiк дамуға - өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе дамуы;
- жалпы дамуға - оқушының
жан - жақты үйлесiмдi дамуы, - деп
қорытындылай келе, сыныптан тыс
уақытта бастауыш сынып
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын - балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым - қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.
Ойын - оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс - әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
Ойын - сауық•
Коммуникативтік немесе қарым - қатынастық•
Диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тану)•
Коррекциялық (өзін - өзі түзету)•
Әлеуметтендіру
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, танымдық қабілетін дамытуға үйретеді.
Оқушыларды ұлттық танымдылыққа тәрбиелеудің нақты жолдары төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім - тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал - мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.
Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың ой - өрісін қалыптастыратын, білгірлікке шындайтын бірден - бір құрал болып есептеледі. Ол балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, денсаулықтарын шындай түсуімен бірге халықтың салт - дәстүрін, тілін дамытуға көмегін тигізеді.
Ойындардың жіктемесін жасауда біз оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық мотивациялық аспектісін негізге алдық.
Енді, біз әрбір сабақта оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.
«Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Сөз қуаласпақ», «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т. б. дидактикалық ойындар қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. «Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту барысында тірек сызбалар да балаларға ерекше әсер етіп, оқуға деген құштарлықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыруға себепші болады. Ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда шығармашылық сипаттағы тапсырмалар ерекше мәнге ие болады.
Сонымен, ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін басты назарға алатын нәрсе:
- өлең шығаруға үйрету;
- ұйқасын тапқызу, сөзбен - сөзді байланыстыру;
- ой тастау.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда хрестоматиялық материалды пайдаланудың мәні өте зор. Оқушылар тақырыпқа сәйкес көркем әңгімелерді, өлеңдерді, ғылыми - көпшілік кітаптарынан алынған сипаттамаларды, қызықты деректерді ықылас қойып, зор ынтамен қабылдайды. Соның арқасында олардың пәнге деген қызығушылығы артады, ой - өрісі кеңейіп, қоршаған орта туралы білімдері жаңа деректермен молая түседі.
Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет. Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Таңертең тұрғанда күн дене жаттығуынан басталатынын сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым:
- Жылдың жетінші айын ата.
- Бағдаршамның қай түсі жанғанда тоқтау керек?
- Мұрын адамға не үшін керек?
- Есік қандай геометриялық фигура?
Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады Осындай тапсырмалардан кейін нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейірімді, өзін - өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.
Міне, осындай танымдық белсенділікке байланысты шығармашылық тапсырмаларды қолдану барысында оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, дамиды.
Зерттеліп отырған мәселе бойынша жүргізілген талдаулар мынадай олшемдерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
• ғылыми және пәндік білімдерінің болуы;
• танымдық іс - әрекет тәсілдерін игеруі;
• танымдық тапсырмаларды орындауда оны жоспарлай алуы;
• танымдық іс - әрекетті ұйымдастыр білуі;
• танымдық іс - әрекеттерді орындауда ұйымдастыру амал - тәсілдерін білу және оны жаңа жағдайда пайдалану;
• танымдық тапсырмаларды орындауда оны алдын - ала болжау, нәтижесін елестету және маңыздылығына сын баға беру;
Осының бәрін ескере отырып, оқушылардың қабілеттеріне байланысты өз бетімен іздену мен қызығушылығын арттыру мақсатында берілетін тапсырмаларды оқушының деңгейін ескере отыра дұрыс ұйымдастыру.
• жеке дара тапсырма беру барысында;
• үй тапсырмасын беру барысында
Мұндай тапсырмалар беру арқылы мұғалім қабілеті төмен оқушының танымдық іс - әрекетінің жоғарылануын байқайды. Оқыту мен тәрбиенің негізгілерінің бірі ретінде баланың идеяларын қолдау арқылы оның барлық кезде міндетті түрде өзімен өзін салыстырып отыру қажет. Мысалы: «Маратқа қара, ол қалай жақсы оқиды», деп айтпай. «Кешегіге қарағанда бүгін сен тапсырманы жақсы орындадың», «сенің қабілетін жетеді» тағы басқа осындай мақтауларды пайдалану қажет. Бұл оқушының ішкі танымдық іс - әрекеттері мен сыртқы даулы жағдайды шешуге көмектесетін оқу - тәрбие принципі. Оқыту процесінде өзіне мақсат қойып, оны орындауға тырысады.