Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 20:20, реферат
Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары.
I Кіріспе.
1. Түйсік туралы жалпы түсінік
2. Адам түйсіктерінің түрлері мен рөлі
3. Түйсіктердін негізгі заңдылықтары
II Негізгі бөлім
1. Түйсіктердің турлері
2. Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы
IV Қорытынды бөлім
1. Зерттеу
2. Қорытынды
3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозгалыс немесе кинестезиялық туйсіктер хабарлап отырады. Мүның рецепторы проприоцептор деп аталынады. Енді осы топ-тағы түйсіктерге жеке тоқталып өтейік.
А. Көру туйсіктері
Көру түйсіктері біздің көзімізге
электромагнит толқындарының
Түстің жарықтылығы — түстердің қара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ түс ең жарық түс, қара түс жарықтылығы ең төмен түс болып табылады.
Түстердің өңі дегеніміз бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы.Түстің қоюлығы — жарықтылығы бірдей сүр түстерден жеке түстердің айырмашылығы. Ең қою түс — қызыл түс болады.Көру мүшесі — көз. Оның негізгі бөлімі — көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен (ақ түсті,тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.
Ә. Есту түйсіктері
Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері — дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудін жиілігі, амплитудасы (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы — бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы — бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі, тембрі — тербеліс түрінің сәулеленуі. Біздің құлағымыз бір секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц (тербеліс) ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын тербелістерді кұлақ шала алмайды. Өйткені бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар. 16 герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін инфрадыбыстар деп атайды. Құлағы ең сақаң-күстар дегенде ең алдымен жарғанат айтылатыны белгілі. Оның есту қабілеті 175 мың Гц, одан соң ит — 100 мың Гц, шегіртке — 90 мың Гц, тауық — 38 мың Гц келеді. Адамның естігіштік қабілеті — сайрауық кұстармен бір деңгейде — 20 мың Гц болады екен.
В. Дәм туйсіктері
Дәмді айыратын мүше — тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялык зат-тар. Дәмді тәтті, ащы, түзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм, иіс түйсіктері бірімен-бірі араласып жататындықтан, адам көбінесе дәмді де дұрыс айыра алмайды. Мәселен, тұмауратқан адамның дәмді айыруы бәсең болатындығы — дәм, иіс түйсіктерінің араласып жататындығына жақсы мысал. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді — тілдің үшы, ащыны — тілдің түбі, қышқылды — тілдің екі жақ шеті, түзды тілдің үшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затгы тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажыра-та алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.
Г. Тері туйсіктері
Тері түйсігінің рецепторы — денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мүрынның кілегей кабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым, дуыл түйсіктері), температура (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырганды білдіретін туйсіктер. Тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің өзі ғана денемізде 900 мыңнан асып жатады. Терінің түрлі алаптарында сезгіштік бірдей емес.
Ғ. Сипай сезу туйсіктері
Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің бірі — сипай сезу (осязание) туйсігі. Мұның екі түрі бар. Біріншісі — пассив сипай сезу. Бүған тері түйсігі түгелдей кіреді. Екіншісі — актив сипай сезу. Актив сипай сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің ұштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу түйсігінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналасқан. Осы түйсік — әрекеттің нақтылы бір түрінің ықпалымен күшті дамып отырады.Сипай сезу түйсіктерінің жалпы еңбек процесінің «ұсақтүйек» ерекшеліктерін меңгеруде, мектепте оқушыларды қол еңбегінің дағдыларына үйретуде, сондай-ак, соқыр, мылқау, керең адамдардың тіршілігінде ерекше орын алатыны түсінікті.
Д. Органикалық туйсіктер
Түйсіктердің екінші тобына
— органикалық туйсіктер
Е. Кинестезиялық туйсіктер
Кинестезиялық туйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі деп те атайды. Оның рецепторлары – ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйкелерінің ұштары.
Ж. Тең басу шуйсіктері
Мұндай — туйсіктерді статикалық туйсіктер деп те атайды. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратга орналасқан. Статикалық туйсік — бастың қоз-ғалысын, дененің кеңістіктегі алып түрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді.
3. Вибрациялық туйсіктер
Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негізгі анализаторлары (түйсіну мүшелері) сау адамдар көбінесе өздерінде бүл түйсіктердің болуын байқамайды. Көзі, қүлағы, тілінен бірдей айрылған американдық Елена Келлер мен орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың өмірі мен творчестволық әрекеті анализаторлардың адам қаларлық жағдайда бір-бірімен байланысып отыратындықтарын, әсіресе, мұнда вибрациялық түйсіктердің кандай маңыз алатындығын жақсы көрсетеді.
Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның күлақ түтігі суға толы болады да ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елендемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мундайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дүрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп кеңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарык түсіріп түрған затқа бүра бастайды, қозғалмалы затгарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады.
Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жүрт бастауы түйсіктердің да- муына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін туйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да калағанымызша жетілдіруге болады. Егер адам алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсіктері ойдағыдай дами түседі. Түйсіктердің адамның іс-әрекетіые байланысты дамып отыратындығын, көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды.
Қорытынды
Психологиядағы таным ерекшеліктерге мыналар жатады:
Ойлау,зейін,ес,қабылдау, түйсік,ерік.
Ойлау дегеніміз- сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Мысалы: Жеке адам ойлауы мүлдем басқаша болады. Ойлаудың жеке ерекшеліктері адамның танып білуінің сапалық сипатттарымен ерекшеленеді.
Зейін дегеніміз- адам санасындағы қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсіенді бағытталуын айтамыз. Психологияда жеке адамның зейіні ерекше болып келеді екен. Зейіннің шоғырлануын жеке адамның белгілі бір іске- ықылас- ынтасымен берілгендігін көруге болады.
Қабылда у дегеніміз- дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижсінен де пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың т ұтас қасиеттерінің адам саласындағы бейнесі. Заттар мен нәрселерді қабылдаудағы тұрақтылық жеке адамның өмірі тәжірибесіне байланысты болып отырады.
Түйсік дегеніміз- дүниеегі затар мен құбылысталдың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекеленген қасиеттердің миында бейнеленуі. Ол қарапайым психологиялық процесс деп атағанмен ол жеке адамның шындық пен болмысты дұрыс бейнеленуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу қызмет болып табылады.
Ерік дегенімі- бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетін қиындықтар мен кедергілерді жеңуге бағытталған адамның саналы психолгиялық іс- әрекеті.Ерік қозғалыстар мен әрекеттерден адамның эмоциялық әрекеттері туа біткен іс- әрекеттерде аңғарылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ильин Е. П. Психология индивидуальных