Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 20:34, реферат
Тұлға және топқа психологиялық сипаттамасы. Адам индивид болып туылады, тұлға болып қалыптасады. Егер адам өзіндік санаға ие болып өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адамды «тұлға» дейміз. Тұлғаның психологиялық құрылымына оның мінезі, қабілеттілігі, темпераменті жатады. Тұлғаның тұлға болып қалыптасуына педагогикалық қарым-қатынастың ықпалы өте үлкен және маңызды.
І.Кіріспе.
Тұлға және топқа психологиялық сипаттама.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Топтағы тұлғааралық қатынастың мәні.
2.2. Кикілжің және одан шығу жолдары.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
● Бірлескен іс-әрекеттерге
Қарым-қатынас сипатына, әрекетіне, мазмұнына, субъектілер мен құралдарға, т.б байланысты бірнеше түрге бөлінеді. А.А. Леонтьев оны сипатына байланысты төртке бөледі:
● Әлеуметтік- тұлғалық бағыт;
● Қарым-қатынастың психикалық динамикасы ( ақпараттандыру, сендіру, иландыру);
● Қарым-қатынастың семиотикалық ерекшелңктері ( қолданылатын құралдарға байланысты: материалдық, белгілік, сөздік);
● Орталықтандыру деңгейі бойынша («әлеуметтік дистанция»).
Әрекетке байланысты вербалды және вербалды емес деп бөлінеді. Вербалды қарым-қатынаста сөз қолданылса, вербалды емес қарым-қатынасты толықтырып, тұлғааралық қарым-қатынасты реттеп, эмоциялық көңіл-күйді бейнелейді. Субъектілер мен құралдарға байланысты: тұлғааралық, топаралық, әлеумет аралық, топ және тұлғааралық, сонымен қатар достық, жолдастық, жұбайлық, т.б. деп жіктеледі. Қарым-қатынастың қандай түрі болмасын белгілі бір құралдар арқылы жүзеге асырылады.Оған тіл, іс-қимыл, ым-ишара, бұқаралық коммуникация құралдары жатады. Мысалы, интеллектуалдық қарым-қатынаста сөз басымдық танытса, эмоционалдықта сезім, эмоция, бағыттылық қарым-қатынаста қабылау, сезіну бсым болып келеді.
Г.М. Андреева қарым-қатынасты: интерактивті, коммуникативті, перцептивті деп үшке бөліп қарастырады.
1.Перцептивті қарым-қатынас—
бұл адамдардың бір-бірін
2.Коммуникативті қарым-
3.Интерактивті қарым-қатынас—
бұл индивид әрекетінің
Сонымен, тұлғааралық қарым-қатынас, бұл- бір адамның екінші адаммен қарым-қатынас жасауы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасуды да жатқызамыз, оны қарым-қатынастың коммуникативтік сипатты ретінде түсінуге болады. Қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі- тек сөйлесу процесі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да жүзеге асырылады ол- тұлғааралық қарым-қатынастың екінші бір жағы. Қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы қарым-қатынастың үшінші жағы болып табылады. Жалпы оқыту процессіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз- білім берушінің ықпалымен білім алушылардың топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, вербалды емес қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі мен оқыту процесіндегі шиеленістерді шешудегі, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудағы құрал және болашақ маман тұлғасын қалыптастыру факторының бірі.
2.2. Кикілжіңдер – қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі. Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы өзімен күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да жұмсақ түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты. Әрбір адамның, әрбір ұжымның немесе ұйымның, әрбір елдің бүкіл ғұмыры қарама-қайшылықтардан құралған. Мұндай қарама-қарсылықтардың табиғатын әртүрлі адамдардың әрқилы позицияларды ұстануына, әртүрлі қызығушылығы бойынша жетекші болуына, әртүрлі мақсатта талпынуына байланысты өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мақсаттарын жүзеге асыруда бір-бірімен екі немесе одан да көп индивидтердің қарама-қарсы қақтығысқа жиі түсуімен түсіндіруге болады. Кейде бір-бірінің арасында туындаған қақтығыс тек бір ғана адамға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік топқа, кейде мемлекетке де қарсы күреске түсуі мүмкін. Олар өзінің қарсыласының мақсатына жетуіне кедергі жасау мүмкіндігін белсенді іздейді, қызығушылықтарын қанағаттандырмауын тілейді немесе оның көзқарастарын, өмірдегі бағалаушылығын, алатын орнын өзгертуге тырысады. Дау, қорқыту және қауіп төндіру арқылы, физикалық күш пен қару қолдану арқылы жүретін қарама-қайшылықтық қақтығысты кикілжің деп атайды.
Бірақ жоғарыда айтылғандардың
барлығында қызығушылықтар мен мақсаттардың
қарама-қайшылығы өзара
Бұл әлеуметтік құбылыстардың немесе процестердің негізін түсіну үшін сөздің этимологиялық мағынасын анықтаған жөн. Латын тілінде қолданатын «conflictus» сөзін құраған лингвистикалық элементтерінің мағынасын анықтасақ, бұл сөздің мәні айқын болады. Бұл сөздің түбір алдына жалғанған «con» буынынан тұрады, ол біреумен бірге, біреуге қарсы, бір уақытта, бірге деген мағынаны білдіреді және «flictus» («fligo») етістігінен құралған. Бұл етістік ұру, итеру, құлату деген мағынаны білдіреді.
Сонымен берілген сөздің элементтері оны қақтығыс, дау, күрес, қарсы тұрушылық деп аударуға мүмкіндік береді.
Берілген сөзге мұндай
мағына беру бөлек индивидтердің
арасындағы, олардың топтарының, мемлекеттердің,
тағы басқалардың арасындағы қарама-қайшылық
болатындығы туралы шешімге алып
келді. Қарама-қайшылықтардың екі негізгі
түрін бөліп көрсетуге болады.
Біріншісі, әртүрлі әлеуметтік қоғамның
позициялары, қызығушылықтары құрайды
(оларға отбасы, ұйым, территориялық
құрылым, қоғамдық қозғалыс, т.б.). Ал екіншісі,
үкімет құрылымының іс-әрекетінің әртүрлі
формасынан немесе экономикалық, үкіметтік,
саясаттық қарама-қайшылықтар
Қоғамдық өмірдің барлық
сфералары – экономикалық, саясаттық,
әлеуметтік рухани жағы – барлығы
өзара көптеген дифференциацияларға,
қарама-қайшылықтарға, әртүрлі мақсаттар
мен қызығулықтарының қақтығыстарына
толы. Сондықтан да қоғамда әртүрлі
кикілжіңдерге орын бар. Кикілжіңге
индивидтер және олардың топтары
немесе әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер,
кейде мемлекеттердің коалициялары
да түсуі мүмкін. Әртүрлі кикілжің
түрлерін тудырушы объектілер және оны
шешу тәсілдері бар, сонымен қатар
кикілжіңді әрекеттерді тудырушы субъекттердің
түрлері аз емес, олар тек бөлек
ерлер немесе әйелдер, балалар немесе
жастар, жұмысшылар немесе студенттер,
оқымыстылар немесе жазушылар типтес
ғана емес, сонымен қатар олардың
бүкіл топтары –
Кикілжіңнің объектісі болып әлеуметтік ортадағы және қоршаған ортадағы құбылыс немесе процесс, кезкелген зат болып табылады. Мысалы, жер, су ресурстары, жекеменшілік, мәдениеттік құндылықтар немесе авторитет, престиж, бедел, басқару, т.с.с. Ал кикілжіңнің субъектісі болып әрқашанда адамдар – бөлек индивидтер, сонымен қатар олардың ортақ жиылысы – жанұя, ұжым, қызығушылықтары ортақ топтар немесе ұлт және тағы басқа болып табылады.
Кикілжіңнің туындауындағы себептері өте көп, бірақ оларды үш категорияға бөліп көрсетуге болады:
Неміс ғалымы Георг Гегельдің (1770-1831ж.ж.) пікірінше, кикілжіңнің негізгі себебін, бірінші жағынан «байлықтың жинақталуының» арасындағы, екінші жағынан «еңбекке жақын класс» арасындағы әлеуметтік поляризациясында деп көрсеткен. Мемлекеттік басшылықтың жағында болған Гегель мемлекеттік бірлікті қарастырушы мемлекет ішінде тәртіпсіздікке қарсы шықты. Оның пікірінше, мемлекет бүкіл қоғамның қызығушылығын қарастырып, кикілжіңдерді реттеуге міндетті деп санады.
Кикілжіңнің диалектикалық теориясын дамытқан Ральф Дарендорф бүтіндей функционализм сияқты қоғам туралы үйлесімдік интегративтік және статистикалық көзқарас туындатады деп әрқашан дәлелдейтін. Функционализм туындатқан қоғамның утопиялық бейнесінен бас тарту үшін, Дарендорф келесідей кеңес береді:
Болашақта белгілі бір
мәселелерге ғана емес, сонымен қатар
кернеу, кикілжің және өзгерістер арқылы
түсіндіруге болатын
Дарендорфтың
Конфликт кезінде өзін-өзі
( К.У. Томас пен Р.Х. Киллмен
бойынша):
-басқаны тұқыртып,өз көзқарсын қанағаттандыру.
-екі жақты да қанағттандыратын шешімді табу.
- Өзгенің көзқарасы үшін өз көзқарасын құрбан ету.
Біздің заманымызда кикілжіңге
деген көзқарас аз өзгерген. Бізжің
елімізде Алматы қаласында «Конфликтология»
орталығы жұмысын атқарады. Олар кикілжіңге
түрлі ғылыми түрлі ғылыми проекттер,
конференциялар, оқыту семинарларын
халықаралық деңгейде өткізіп тұрады.
Кикілжің деген бұл мәселе қазір
дербес бір ғылым ретінде (шиеленістану
(конфликтология)) бөлінсе де, қоғам
туралы ғылым әлеуметтануда
Қорытынды.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері: саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы- оның қасиеттері мен іс- әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс- әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады.
Кез келген әрекет қарым- қатынас арқылы жүзеге асады. Қарым- қатынас бұл тек рухани қатынас емес, ол іс-әрекет, тәжірибе, іскерлік, қабілеттілік алмасатын материалдық, әлеуметтік процесс, сонымен қоса іс- әрекет нәтижелері материалдық және рухани мәдениетте көрініс табады. Қарым- қатынасқа түсушілер өзара бір- бірінің жан дүниесін дәл түсініп қабылдағанда ғана қарым- қатынас деңгейі соғұрлым жоғары болмақ.
Қарым- қатынаста, оның
барлық тұлғалық ерекшелігінде
сырт келбеті, киімі,
Мәдениет адам дамуының өлшеуіші, әрі ол өзінің барлық тарихи кезеңінде адам өмірінің құндылықтарының меңгерілу ауқымын суреттеп қана қоймай, адамның осы құндылықтарға ену тәсілдерін де айқындайды. Сол себептен де мәдениет адамзат іс-әрекетінің кез келген түрін, қоғамдық өмірдің барлық жағын қамтитындықтан адамның ойлау стилі мен мінез- құлқын да құрамына қосады. Ол тек адамның білімділік деңгейін, оның кеңдігі мен тереңдігін ғана емес, сондай- ақ тәрбиелілігін, интелектуалдығын, яғни өз ойын анық жеткізе алу, зейін қойып тыңдай алу, қарсы әрекеттерді дұрыс жасай алу, жағдайға байланысты өзін дұрыс ұстай алу іскерліктерін де сипаттайды.
Қарым- қатынас тек бірлескен ұжымдық іс- әрекетке себеп болып қана қоймай, сондай- ақ адам тұлғасының қалыптасуының маңызды құралы болып табылады. Себебі адамды тәрбиелеу дегеніміз- ол тек оның көзқарастары мен түсініктеріне ықпал ету ғана емес, ол басқа адамдармен қатынасын , мінез- құлқын тәжірибелік тұрғыда реттеп отыруды білдіреді. Қарым- қатынас адамдардың дүниетанымын кеңейтуге, интеллектесінің дамуына, ұжымдық сапаларды меңгеруге, білімдердің, іскерліктердің дамуына ықпал етеді. Ол мақсаттылық сезімдері мен еріктерін, бағалау, бағдарлаудың, яғни қоғамның белсенді мүшесі ретіндегі тұрақты қажеттіліктерін сипаттайды. Сол себептен жалпы адам мәдениеттілігінің көрсеткіштерінің жүйесіндегі қарым- қатынастың маңыздылығын ұмытпаған жөн, ең бастысы халықтық білім беруді қалыптастыруға деген ел алдындағы міндеттерді кәсіби тұрғыда орындауға жауапты адамдар үшін қарым- қатынастың маңызы зор.