Тулга психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 23:25, реферат

Краткое описание

Тұлға деген сөздің өзі латын сөзінен шыққан. Бастапқыда бұл сөз ежелгі грек драмаларындағы театр көріністерінде әртістер киетін бет пердені аңғартты.
Тұлға сонымен бірге, даралылықтың өте айқын, әрі ашық сипаттарының үйлесімділігі ретінде қарастырылады. Соған орай, жасқаншақтық пен қайырымдылығын оның мінездік сипаты деп есептеп, адам жайлы ол «тіл табысқыш тұлға» немесе «жасқаншақ тұлға» деп атауға болады.

Содержание

КІРІСПЕ
ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ

ТҰЛҒА ТЕОРИЯЛАРЫ

КЕҢЕСТІК ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ТҰЛҒА ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

тулга психологиясы.docx

— 37.04 Кб (Скачать файл)

 

ЖОСПАР

 

                КІРІСПЕ

    1. ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ

 

    1. ТҰЛҒА ТЕОРИЯЛАРЫ

 

    1. КЕҢЕСТІК  ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ТҰЛҒА ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тұлға деген сөздің өзі латын сөзінен шыққан. Бастапқыда бұл сөз ежелгі грек драмаларындағы театр көріністерінде әртістер киетін бет пердені аңғартты.

Тұлға сонымен бірге, даралылықтың өте айқын, әрі ашық сипаттарының үйлесімділігі ретінде қарастырылады. Соған орай, жасқаншақтық пен қайырымдылығын оның мінездік сипаты деп есептеп, адам жайлы ол «тіл табысқыш тұлға» немесе «жасқаншақ тұлға» деп атауға болады.

Психологиядағы тұлға ұғымының аса көп түрлілігін түсіну үшін осы саладағы кейбір көрнекті шетел теоретиктерінің көзқарастарына жүгінуге болады. «Тұлға» термині әртүрлі мәнді береді. Оны зерттеумен түрлі,  тіпті кейде бір біріне қарсы тұратын теориялық білімдердің кең ауқымды спектрін қамтитын,академиялық психология құрылымындағы ерекше бөлім айналысады.

Карл Роджерс тұлғаны: өзінділік терминімен сипаттайды. Гордон Оллпорт тұлғаны – адамның әлеммен өзара әрекетінің сипатын үйлесімдей түсетін, ішкі индивидумның шынайы пет пердесі ретінде анықтайды. Э.Эриксонның түсінігінше, индивидум бүкіл өмір бойында психологиялық әлеуметтік дағдарыстардан өтеді және оның тұлғалығы осы дағдарыстардың нәтижесі болып табылады. Джордж Келли тұлғаны – әрбір индивидуумға тән өмірлік тәрбиені ұғынудың тәсілі деп қарастырады. Ал, Альберт Бандура болса, тұлғаны индивидуум, мінез-құлық және жағдайдың үздіксіз өзара әсерінің күрделі паттерні ретінде қарастырған.

Зерттеу обьектісі бола отырып, тұлға: эмоциялар, мотивация,ойлар, қайғырулар, қабылдау мен әрекеттер сияқты адамды сипаттайтын көптеген қырларды біріктіріп тұратын абстрактілі ұғым да болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ

Ғылыми пән ретінде, қазіргі заманғы тұлға психологиясы, адамның табиғаты жайлы ой қорытындыларын интуиция мен фольклорга немесе дұрыс ойға сеніп қана қоймайтын, тек экспериментті тұрғыда дәлелденген тұжырымдамаға айналдырады. Адамның тұлғалық мәселелерімен персонологтар айналысады, бұл терминді Генри Мюррей ұсынған.

Тұлға психологиясының мақсаты – адамдардың өз өмірлеріне деген қанағаттандыру сезімін тудыруға көмектесу. Теориялар мен экспериментті зерттеулерді дамыта отырып, көптеген персонологтар қазіргі күні өмірлік қиындықтарды жеңудің өнімді әрі тиімді стратегияларын іздестірумен айналысуда.

Теориялар негізгі екі қызметті атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және алдын ала болжайды. Мінез-құлықты белгілі түрде ұйымдасқан деп ұсынатын тұлға теориялары түсіндіргіш болып саналады. Теория осы шақ пен өткенді түсіндіріп қана қоймай, сонымен бірге, болашақты да болжай алуы керек.

Тұлға теориялары психологияда әртүрлі қызмет атқарады. Олар адам жайлы түсінік береді, олардың сипаттамалары уақыт аралығында қалай дамитынын және  адамдар өздерін белгілі бір кейіпте қалай ұстайтындығын түсінуге көмектеседі. Теорияның неден бастау алатыны персонологтардың тұлға жайлы көзқарастарына терең және мәнді түрде әсер етеді. Мысалы: Абрахам Маслоу адамдар әрекетінің көпшілігі саналы және еркін таңдаудың әсерінен деп санаған. Оның тұлға теориясы осы бастапқы жағдайға орай құрылған. Ал, З.Фрейд мінез құлық мәнді дәрежеде иррационалды, ұғыныла бермейтін факторлармен детерминделген деп бекіткен. Маслоу мен Фрейд адам мәнінің іргелі негізіне байланысты түбегейлі қарама қайшы көзқарасты ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұлға психологиясында зерттеудің үш әдісін қолданумен байланысты кемшіліктер мен жетістіктердің салыстырмалы кестесі

 

Зерттеу әдістері

Артықшылықтары

Кемшіліктері

 

Клиникалық жағдайларды зерттеу әдісі

 

1.Индивидуумның күрделілігі мен қайталанбастығын көрсетеді.

2.Жасанды және ойдан құрастырылған лабораторлы жағдайлардан еркін

 

1.Мінез-құлықтың жалпы ұстанымдарын қалыптастырудың сенімді негізін қамтамасыз етпейді;

2.Нәтижелері зерттеушінің қызығушылықтары мен жеке басына тән бейімділіктерін сипаттауы мүмкін.

3.Айнымалылардың арасындағы себеп салдарлы қатынастардың ерекшеленуін қамтамасыз етпейді.

 

Корреляциялық әдіс

1. Даралық ерекшеліктерге жататын айнымалылардың кең ауқымын зерттеуге жағдай жасайды.

2. Айнымалыларды шынайы өмірдің табиғи жағдайларында зерттеуге жағдай жасайды.

3. Бір айнымалы жайлы ақпараттың болашақта екінші айнымалының пайда болуын алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

1. Айнымалылардың себепті байланысқанын қорытындылауға мүмкіндік бермейді.

2. «Үшінші айналмалының» әрекетінен туындайтын келеңсіздіктер кездесуі мүмкін.

3. Өзін өзі бағалау шкалаларының сенімділігі мен валидтылығы күдік тудыруы мүмкін.

 

Экспериментті әдіс

1.Кейбір айналмалыларды оқшаулап, олармен өз еркінше манипуляциялауға мүмкіндік береді.

2.Себеп-салдарлы байланыстарды орнатады; себептілігін қорытындылауға мүмкіндік береді.

3.Мәліметтердің жинақталуы, олардың тіркелуі мен талдануы обьективтендірілген.

1.Лабораторияда  зерттеуге болатын феномендердің аймағы әдептілік қағидаларына орай шектелген.

2.Жасанды лабораториялық жағдайлардағы мінез құлыққа қолданудың мүмкіндіктерін шектейді.

3.Зерттелінген айнымалының өзгеруіне экспериментті артефактілер әсер етуі мүмкін.


 

 

Тұлға теориясын жүйелі түрде бағалау үшін негізгі алты критерий қолданылады.

Верификациялық. Бұл критерий тәуелсіз зерттеушілер үшін теорияның жағдайлары тексеруге қаншалықты мүмкін болса, сондай дәрежеде дұрыс болып есептеледі.

Теория құрамындағы тұжырымдамалар, ұсыныстар мен болжамдар айқын анықталынып екі мағыналы болмай, бір-бірімен байланысқан турде болуы керек. Теория осылай баяндалатын болса, оның эмпирикалық қорытындылары логикалық тұрғыда оңай негізделіп, ресми зерттеуде жеңіл тексеріледі. Жақсы теория феномендердің арасындағы өзара байланыстар жайлы тексерілетін болжамдарды қамтуы тиіс. Дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға болмайтын теория, нашар деп есептелінеді. Ол кез келген практикалық мақсат үшін пайдасыз.

Эвристикалық құндылық. Эмпирикалық бағыттағы психолог үшін теорияның ары қарай зерттеулер жүргізуге қандай дәрежеде итермелейтіні аса маңызды болып табылады.

Эрих Фроммның гуманистік теориясы және Джордж Келлидің жеке дара конструктілер теориясы сияқты даулы тұлға анықтамаларының итермелеуі мардымсыз. Жағдайдың осылай болуы, теоритиктің өз тұжырымдамалына жұмыс анықтамаларын дұрыс бере алмауының нәтижесінен туындайды.

Ішкі үйлесімдік. Бұл критерий бойынша теория ішкі қарама-қайшылықтан бос, еркін болуы керек деген шарт орындалуы тиіс. Назар аударуға лайықты теория, бір бірімен бірыңғай үйлесетін жағдайлар мен анықтамалардан құрылуы қажет. Жалпы, тұлға теориялары осы стандартқа әбден сай келеді, ал бір бірімен келіспейтін пікірлер туындағанда олардың бастауларын зерттеушінің теорияның бастапқы тұрғыларын жете түсінбеуінен іздестіру керек. Адам табиғаты жайлы болжамдардың бірнешесін иелене отырып, тұжырымдамалары мен жағдайлары өзара логикалық үйлесетін тұлға теориясын құру әбден мүмкін болады.

Үнемділік. Үнемділік принципі бойынша, қарапайым және анық түсініктемелер едәуір күрделісіне қарағанда қолайлы. Басқаша айтқанда, қайсыбір феноменді түсіндіру үшін теорияға тұжырымдамалар мен болжамдардың неғұрлым аз саны қажет болса, ол жақсы деп есептелінеді. Мәселен, көптеген бақылаулардың нәтижесінде адамдардың депрессия күйінде:

  • Әдетте өздерін жағымсыз бағалайтынын;
  • Өз болашағын енжар бағалайтынын;
  • Өз өмірлік тәжірибелерін жағымсыз деп талқылауға бейім болады.

Бұл жерде біз өзін өзі төмен бағалау депрессияның бастапқы себебі деген болжамды ұсына аламыз.

Үйлесімділік – субьективті критерий, себебі тұлғаның түрлі қырлары жайлы қазіргі таңдағы білімдердің көлемі толық емес.

Қамту шегінің кеңдігі. бұл критерий теорияның қамтыған феномендерінің кеңдігі мен алуан түрлілігіне байланысты. Теория неғұрлым жан-жақты болса да, ол со құрлым мінез-құлықтағы көріністердің көбісіне таралады. Осылайша жан-жақты теорияның тағы да бір жетістігі оның экспериментте немесе бақылауда жасалынған жаңа, әрі жекеленген деректерді біріктіру мен жинақтау үішн логикалық тірек ретінде қолданыла алуында.

Функциялы мәнділік. Жақсы теорияны анықтаудың ең соңғы критерийі оның адамдарға күнделікті өмірдегі мінез-құлықтарын түсінуге көмектесу қабілетінде. Теория да адамдардың проблемаларын шешуге көмектесуі керек.

Верицикалық, эвристикалық құндылық, ішкі келісімдік, үнемділік, қамту шегінің кеңдігі, функциялық мәндігі сияқты жоғарыда келтірілген критерийлер – тұлға теорияларының әрқайсысын бағалаудың негізін құрайды, сондай ақ неліктен бір теорияның басқасына қарағанда артық көрінетінін түсінуге мүмкіндік береді.

 

Персонологтардың тұлға теорияларын бағалауға арналған негізгі алты критерийлерге байланысты ұстанымдары.

(жоғары, орташа, төмен деңгейлер теорияның талданған  өлшемге қаншалықты сәйкес келетінін  көрсетеді)

 

 

 

Верификацияланушылық

Төмен

Орташа

Жоғары

 

Фрейд, Олпорт, Адлер, Келли, Эриксон

 

Маслоу

 

Скиннер, Бандура Роджерс

 

Эвристикалық құндылық

 

Олпорт, Келли

 

Адлер, Маслоу, Эриксон

 

Фрейд, Бандура, Скиннер,Роджере

 

Ішкі келісімділік

 

 

Фрейд, Олпорт

 

Аллер, Эриксон, Маслоу, Скиннер, Келли, Бандура

 

Үнемділік

 

 

Фрейд

 

Адлер, Келли, Эриксон, Маслоу, Скиннер, Роджерс, Оллпорт

 

Ауқымының кеңдігі

 

 

Эриксон, Олпорт, Скиннер, келли, Бандура, Маслоу

 

Фрейд, Адлер, Роджерс

 

Функционалды маңызы

 

Олпорт, Келли

Адлер, Эриксон, Бандура

Фрейд, Маслоу, Скиннер, Роджерс


 

Жоғары деңгей – теорияның осы критерийге өте жақсы жауап беретінін, орташа деңгей – теорияның критерийді белгілі бір дәрежеде қанағаттандыратынын, төмен деңгейі – теорияның критерийге сәйкес келмейтінің білдіреді.

Нақты ғылыми пән ретіде  персонология ХХ ғасырда дами бастады. ХХ ғасырда қалыптасқан Фрейдтің, Адлердің теорияларын және психодинамикалық бағыттағы бірнеше ұлы теорияларды есептемегенде, тұлғаның өмір сүруінің негізгі үлгілері сол ғасырдың орта тұсында ғана пайда болды.

 

Тұлға теориялары құрастырылған тарихи кезең

 

Тұлға теоритиктері

1980, 1930, 1940, 1950, 1960, 1970, 1990

 

Фрейд

(1890-1939)

Психодинамикалық теория

Адлер

(1907-1937)

Жеке-даралық психология теориясы

Юнг

(1913-1961)

Аналитикалық психология

Эриксон

(1950-1975)

Психологиялық-әлеуметтік теория

Фромм

(1941-1965)

Гуманистік психоаналитикалық теория

Хорни

(1937-1961)

Әлеуметтік-мәдени психоаналитикалық теория

Олпорт

(1946-1990)

Тұлғаның бітістері жайлы теория

Кеттел

(1906-1934)

Тұлға бітістерінің құрылымдық теориясы

Айзенк

(1947-1990)

Тұлға типтері жайлы теория

Скиннер

(1938-1985)

Бихевиоралды-үйрету теориясы

Бандура

(1959-1990)

Үйретудің әлеумттік теориясы

Роттер

(1947-1982)

Әлеуметтік үйрету теориясы

Келли

(1955-1965)

Танымдық теория

Маслоу

(1950-1970)

Гуманистік теория

Роджерс

(1951-1975)

Феноменологиялық теория

Информация о работе Тулга психологиясы