Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 23:25, реферат
Тұлға деген сөздің өзі латын сөзінен шыққан. Бастапқыда бұл сөз ежелгі грек драмаларындағы театр көріністерінде әртістер киетін бет пердені аңғартты.
Тұлға сонымен бірге, даралылықтың өте айқын, әрі ашық сипаттарының үйлесімділігі ретінде қарастырылады. Соған орай, жасқаншақтық пен қайырымдылығын оның мінездік сипаты деп есептеп, адам жайлы ол «тіл табысқыш тұлға» немесе «жасқаншақ тұлға» деп атауға болады.
КІРІСПЕ
ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ
ТҰЛҒА ТЕОРИЯЛАРЫ
КЕҢЕСТІК ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ТҰЛҒА ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Адамның тұлғасына қатысты жаңа зерттеулердің негізгі бес бағыт бойынша жүзеге асатынын болжауға болады.
ІІ. ТҰЛҒА ТЕОРИЯЛАРЫ
Қазіргі психологияда тұлғаны зерттеуде негізгі жеті тұрғыны атауға болады. Әр тұрғының өз теориясы, тұлғаның қасиеті мен құрылымы туралы пікірі, зерттеудегі өзіндік әдістері бар.
Тұлға теориясы – тұлғаның даму механизмі мен табиғаты туралы жорамалдарының жиынтығы. Тұлға теориясы адамның мінез-құлқын түсіндіріп қана қоймай, күні бұрында болжауға да тырысады. Тұлға теориялары – құлықтық, іс-әрекеттік, диспозициялы, психодинамикалық, аналитикалық, гуманистік, когнитивтік болып бөлінеді.
Тұлғаны психологиялық құрылым ретінде талдаудың үш деңгейі бар:
Тұлғаның осы үш деңгейінің қасиеттері мен компоненттерінің арақатынасы тұлғаның құрылымы деп аталады. Әрбір теория тұлғаның бір немесе бірнеше құрылымды үлгісін құрастыруға мүмкіндік береді. Үлгілердің көбісі ойша құрастырылған, тек кейбіреулері ғана негізінен, диспозициялы, қазіргі математикалық әдістерді пайдаланып құрастырылады.
Тұлғаның психодинамикалық теориясының немесе классикалық психоанализ деген атпен танымал теорияның негізін салушы австрия ғалымы З.Фрейд болды. З.Фрейдтің тұлға теориясы «тереңдегі» психологияның психоанализдік бағыты болып табылады. Фрейд адам белсенділігінің тереңдегі бастауларына үңіліп, оның әуестіктерін ашуға ұмтылды. Оның теориясы тұлғаның мынадай қырларын қарастырды:
құрылымын
динамикасын дамуын
типологиясын
Фрейдтің пікірі бойынша, тұлға дамуының қайнар көздері туа біткен биологиялық факторлар, яғни, жалпы биологиялық энергия – либидо болып табылады. Бұл энергия біріншіден, тегін жалғастыруға және екіншіден, жоюға бағытталған. Тұлға өмірдің алғашқы алты жылында қалыптасады.
Тұлғаның гуманистік теориясында екі бағыт бар: Біріншісі, «клиникалық» америка психологы К.Роджерстің көзқарастарында ұсынылған. Екіншісі, «мотивациялы» бағыттың негізін салушы америкалық зерттеуші А.Маслоу болып саналады. Осы екі бағыт арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, оларды көптеген ортақ ойлар біріктіреді.
К.Роджерс бойынша, өмірдің мақсаты – өзінің бүкіл өмірлік әлеуетін жүзеге асыру, толығымен іс әрекетпен айналысатын тұлға, яғни өзінің бүкіл дарыны мен қабілетін пайдаланатын адам болу, өзін толық тануға қадам басу болып табылады. Карл Роджерстің феномендік теориясы тұлға теориясы ретінде емес психотерапиялық тұжырымдама, не тұлға өзгерістерінің тұжырымдамасы ретінде қарастырылды.
Роджерс, әсіресе, психотерапи процесін дамытуға баса көңіл бөлді, ал оның тұлға теориясы өз бастауын терапия теориясынан алды деп айтуға болады.
Бұл теорияның психоанализден басты ерекшелігі, психоанализде инстинкт, саналы қабылдау, көбірек талданса, ал феноменологиялық мәселеде негізінен бейне, сезім, өзіндік таным, өзгеру процестері талданады.
Гуманистік бағыттың тағы бір өкілі А.Маслоу. Абрахам Маслоу адам тенденциялары жөніндегі қозғалыстың көрнекі өкілдері қатарынан саналады. Маслоу идеяларына қатысты басты екі ерекшелік бар: алғашқысы – ол адамға тән биологиялық қажеттіліктер болып табылатын: тамақтану, ұйқы жәнешөлдену және басқа да сүйіспеншілік сезімі, бой үйретушілік сияқты қасиеттердің аражігін айқындайтын мотивация теориясын ұсынуы.
А.Маслоу тұлға дамуы негізінде жатқан екі қажеттіліктер түрін көрсетеді: қанағаттандырылған соң тоқтайтын «дефицитарлы» және керісінше, жүзеге асқан соң да күшейе түсетін «өсетін» қажеттіліктер.
Маслоу бойынша мотивацияның бес деңгейі бар:
Сонымен қатар, тұлғаның когнитивті теориясы гуманистік теорияға жақындау, дегенмен айырмашылықтар да бар. Бұл тұрғының негізін қалаушы американ психологы Дж.Келли. Келлидің көзқарасы бойынша, әр адам болжам құрып оны тексереді, адамның спортқа жақын әлде алыс, зиялы немесе зиялы емес сияқты мәселелерін шешеді. Бұл теорияда әрбір адам заттардың табиғаты туралы жорамалдарды тексеретін және болашақтағы жағдайлар туралы болжамдар жаайтын ғалыммен теңдестіріледі. Келлидің пікірінше, тұлғаның ырық бостандығы шектеулі. Өмір жолында адамда қалыптасқан конструкті жүйеде белгілі бір шектеулер болады.
Когнитивті күрделі тұлға когнитивті қарапайым тұлғадан мынадай сипаттарымен ерекшеленеді:
Тұлғаның мінез-құлықтық теориясында екі бағыт бар: рефлекторлық және әлеуметтік. Рефлекторлық бағыт белгілі американ бихевиористері Дж.Уотсон мен Б.Скиннердің еңбектерінде ұсынылған. Ал, әлеуметтік бағыттың негізін салушылар американдық зерттеушілер А.Бандура мен Дж.Роттер болып табылады. Екі бағыт бойынша да тұлға дамуының қайнар көзі – аса кең мағынада орта болып саналады.
Бандураның пікірінше, адамның нені жасай алып, нені жасай алмайтынына байланысты сенімділігінің қалыптасуын анықтайтын төрт негізгі шарт бар:
Осыған орай, бұл тұрғы бойынша, тұлға дегеніміз – бір жағынан әлеуметтік дағдылар мен шартты рефлекстердің жүйесі, екіншіден, өзіндік тиімділік, қол жетерлік сияқты ішкі факторлардың жүйесі.
ІІІ. КЕҢЕСТІК ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ТҰЛҒА ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Тұлға психологиясы ХХ ғасырдың басында Вундтік психологияның дағдарысынан кейін дами бастады. 1931ж. Л.Выготский «психологияның түйінді және жоғарғы мәселесі – тұлға мен оның даму мәселесі осы уақытқа дейін жабулы» деген болатын. 1937 ж. Гордон Олпорт өзінің «Тұлға: психологиялық талқылау» кітабында тұлғаның 50 түрлі анықтамасын келтірді.
К.К.Платонов кеңес психологиясында 1917жыл мен 1970 жылдар аралығында үстем болған тұлғаның 4 түрлі негізгі теорияларын бөліп көрсетуге болатынын айтады:
1917-1936 жж. – тұлға психикалық бітістер профилі ретінде.
1936-1950 жж. – тұлға адам тәжірибесі ретінде.
1950-1962 жж. – тұлға темперамент және жас ерекшелігі ретінде.
1962-1970 жж. – тұлға бағыттылқта көрінетін қатынастардың жиынтығы ретінде.
60-жылдар ортасынан бастап тұлғаның жалпы құрылымын анықтау әрекеттері жасалына бастады. Ал 1969 жылы тұлға мәселелері бойынша бүкілодақтық симпозиумда тұлғаны биосоциалды тіршілік иесі және құрылымдық көзқарас тұрғысынан түсінуге тырысулар болады. Бұл көзқарас кейін сынға ұшырады.
70-жылдардың соңында құрылымдық көзқарасқа бағытталған бағдар, тұлғаның жүйені құрастырушы белгілерін бөліп алуды талап ететін жүйелік көзқарасқа ауысады.
А.Ф.Лазурскийдің тұлға тұжырымдамасы. Осы тұжырымдамада ең бірінші рет тұлғаның өзегін анықтайтын тұлғаның қатынастары қарастырылады. Лазурскийдің тұлғаның табиғаты мен құрылымы жайлы көзқарастары М.Бехтерев идеяларының тікелей әсерінде қалыптасады.
А.Ф.Лазурский тұлғаның бейімделу процесі табысты болуына байланысты үш психикалық деңгейді бөліп қарастырады. Осы деңгейлердің жоғарылатын белгілеріне тоқталсақ:
В.Н.Мясищевтің тұлға тұжырымдамасы. В.Н.Мясищев алғаш рет тұлға құрылымы жайлы мәселені ашық қойғандардың бірі. Оның ойынша тұлға құрамында тұлғаның барлық психикалық сипаттамаларын камтитын қатынас бар. Осы қатынас күйлердің интеграторлары болып табылады да тұлғаның мінезінің бүтіндігін, тұрақтылығын, тереңдігін қамтамсыз етеді.
Мясищев А.Ф.Лазурскийдің дәстүрін жалғастырады. Оның тұлға қатынастары жайлы идеяларын дамыта отырып, В.Н.Мясищев орталық элементі «қатынас» ұғымы болып табылатын тұлғаның тұжырымдамасын жасайды. Оның ойынша, қатынас – бұл қатынастардың жүйесі ретінде көрінетін тұлға жүйесін құрастырушы элементі. Тұлға қатынастарының өзі бүтіндей қоршаған әлеммен және жеке қоғаммен байланысты қоғамдық қатынастар әсерінде қалыптастырады.
Сонымен, қатынастар мен бағдарлар бір бірінен ерекше психикалық құрылымдар болып табылады.
А.Г.Ковалевтің тұлға тұжырымдамасы. Ковалев еңбектеріндегі тұлға психикалық процесстер, психикалық күйлер және психологиялық қасиеттердің интегралды құрылымы ретінде көрінеді. Психикалық қасиеттер психикалық күйлердің негізінде қызмет ететін психикалық процесстерден құрылады. Психикалық қасиеттер нақты адамға белсенділіктің орнықты, салыстырмалы түрде тұрақты деңгейін сипаттайды.
Осындай күрделі құрылымдар ретінде А.Г.Ковалев темпераментті, бағыттылықты,қабілеттерді, мінезді қарастырады.
А.Г.Ковалевтің тұлға құрылымы жайлы көзқарастары аса өзгере қоймады. 1981 ж. Жалпы психология оқулығында тұлғаға арналған тарауда, ол – тұлға құрылымындағы бірінші компонент бағыттылық, екіншісі – қабілеттер, үшіншісі – мінез, төртіншісі – «мен» ұғымымен байланысты басқару жүйесі, бесіншісі – психикалық процестер деп жазды.
В.С.Мерлиннің тұлға тұжырымдамасы. Мерлин – Перьмдік психология мектебінің негізін салушы және басшысы. Оның позициясы ленинградтық психологтардың позицияларына ұқсас. Бұл ең алдымен тұлға қасиеттерінің өзін түсінуге деген көзқарасы.
Автор, тұлға қасиеттерін сипаттайтын қатынас адамның қатынасын сипаттайтын басқа психикалық қасиеттер мен құбылыстардан ерекшеленетінің атап кетеді.
Біріншіден, тұлға қасиеттерін анықтайтын қатынастар, сананың жеке жақтарының емес, бүтіндей сана ретінде қарастырады.
Екіншіден, тұлға қасиеттерін сипаттайтын қатынастар «қандайда бір обьектіге, санадан тыс нәрсеге қатынасын – еңбекке, ұжымға, заттарға қатынасын анықтайды».
Үшіншіден, тұлға қатынастары «жоғарғы дәрежеде қоғамдық – еңбек іс әрекетінде ерекше мәнге ие, ақиқаттың нақты жағына арналған жоғары деңгейде жалпыланған қатынастарды анықтайды».
В.С.Мерлиннің ойынша, тұлға құрылымын темперамент, мінез, қабілеттер және бағыттылық сияқты психикалық қасиеттердің түрлі топтарынан құралатын жүйе ретінде сипаттауға болмайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ