Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 13:12, курсовая работа
Жанұя қоғамның маңызды әлеуметтену институттарының бірі болып табылады. Жанұяның қалыпты міндеттерің атқаруынан көбісінде жұбайлардың жеке бақыты, физикалық және әлеуметтік аман-саулық тәуелді болады
Ұлттық аралық жанұя жанұяның ерекше типін ұсынады, себебі ондағы жұбайлар әртүрлі этностардың өкілдері болып табылады. Әртүрлі этностардың өкілдерінің арасында некелерді қию - өткен тарихи құбылыс. Бірақ ұлттық аралық жанұялардың институты совет одағында кең таралған. СССР кезіңінде Қазақстанда интенсивті ұлттық аралық жанұялардың пайда болуы байқалады. Бұл тың жерді игеру кезінде және халықтың миграциялық процесстің өсуімен байланысты болды. Сонымен, 1979 жылда әрбір бесінші неке ұлттық аралық жанұя болды. ҚМ Агенттігінің мәліметтері бойынша 2004 жылы ұлттық аралық жанұялар 19,7%-ды құрастырды.
Кіріспе
Жанұя қоғамның маңызды әлеуметтену институттарының бірі болып табылады. Жанұяның қалыпты міндеттерің атқаруынан көбісінде жұбайлардың жеке бақыты, физикалық және әлеуметтік аман-саулық тәуелді болады
Ұлттық аралық жанұя жанұяның ерекше типін ұсынады, себебі ондағы жұбайлар әртүрлі этностардың өкілдері болып табылады. Әртүрлі этностардың өкілдерінің арасында некелерді қию - өткен тарихи құбылыс. Бірақ ұлттық аралық жанұялардың институты совет одағында кең таралған. СССР кезіңінде Қазақстанда интенсивті ұлттық аралық жанұялардың пайда болуы байқалады. Бұл тың жерді игеру кезінде және халықтың миграциялық процесстің өсуімен байланысты болды. Сонымен, 1979 жылда әрбір бесінші неке ұлттық аралық жанұя болды. ҚМ Агенттігінің мәліметтері бойынша 2004 жылы ұлттық аралық жанұялар 19,7%-ды құрастырды.
Осыған байланысты ұлттық аралық жанұяларды теоретикалық және практикалық маңызда зерттеу үлкен мәнге ие болады. Қоғамда ұлттық аралық некелердің даму ерекшелігін, динамикасын талдап және зерттей отырып, тек қана халықтардың арасында ұлттық аралық өзарақатынастарының әлеуметтік, психологиялық мәнің терең түсуну ғана емес, сонымен қатар ұлттық аралық қайшылықтар кезінде, жаңа локальды субмәдениеттерді қалыптастыру кезінде, этникалық және әлеуметтік процесстердің өзара әрекеттесуін зерттеу кезінде ғылыми білімдерді қолдануға болады.
Қазақстанның қазіргі уақытта даму жағдайларында ұлттық аралық процесстердің, сонымен қатар ұлттық аралық некелердің өзекті және әлі де терең өндірілмеген мәселелердің бірі болып табылады. Бұл ең алдымен оның геосаяси жағдайымен байланысты болады: ол Еуропа мен Азияның ортасында өзгеше көпірше болып табылады, сонымен қатар бес мемлекетпен шектес болады – Ресей, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Түркменстан. ҚР жоғары этникалық мозаикалықпен ерекшеленеді, оның жерінде бір-біріне жақын көп және әртүрлі ұлттардың саны тұрады, олар күнделікті өмір барысында өзара тығыз байланыста болады. Аралас жанұяларды зерттеу тенденция ерекше маңызды, себебі Қазақстан көп ұлттық мемлекет болып табылады, ал ұлттық аралық некелерді қию халықтардың этномәдени жақындауына, республиканың барлық этностарының консолидациясына және ұлттық аралық үйлесімнің сақталуына қолдау жасайды.
Жанұяның негізі жұбайлардың жұбы болып табылады. Жұбайлардың арасындағы өзарақатынасы жанұяның функционалдылығының табыстылығын анықтайды. Ұлттық аралық жанұяларда жұбайлардың өзарақатынастын ерекшеліктері көбісінде жұбайлардың этникалық ерекшеліктерімен анықталады.
Ұлттық аралық жанұялар тұтас және оның бір жүйесі ретінде жұбайлар жұбы біртұтас ғылымдармен зерттеленеді: этнодемографиямен, этносоциологиямен, этнологиямен, этнопсихологиямен.
Кез келген басқа да әлеуметтік құбылыстар ретінде ұлттық аралық жанұяларды екі жақтан зерттеуге болады. Оларға іштен қарауға болады: моноұлттық (гомогенды) және ұлттық аралық (гетерогенды) жанұяларда өзарақатынастарын салыстыру, оның мүшелері арасында міндеттерді бөлу, жұбайлар жататын әрбір халықтың салт-дәстүрлерін және әдет-ғырпын сақтау. Психолгтар мен этнографтар арасында осындай жағдайдайдың таралуында ұлттық аралық жанұя ең біріншіден әлеуметтік топ ретінде қарастырылады.
Бірақ, зерттеудің алғашқы кезеңдерінде «сырттай» қарау өте маңызды болып келеді, басқа сөзбен әлеуметтік процесстердің күрделі әрекеттесуінде ұлттық-аралық жанұялардың орны жағынан. Осы жағдайда ұлттық аралық жанұя әлеуметтік институт ретінде қарастырылады. Осылайша ұлттық аралық некелектің дамуының жалпы бейнесі жақсы көрінеді, берілген процесс жанұяның негізгі даму тенденциялармен өзара байланысы, ұлттың әлеуметтік құрылымының жақындауы, миграция процесстерімен және т.б.
Ұлттық – аралас некелер мен жанұялар өзінде көптеген этноәлеуметтік және этнодемографиялық процесстерді бейнелейді. Олардың зерттелуі берілген процесстерді жақсы түсунуге, олардың маңыздылығын және салдарын терең ашуға мүмкіндік береді. Сонымен, ұлттық аралық некелерді зерттеу тек қана академиялық көзқарас жағынан емес, сонымен бірге қазіргі қоғамның маңызды сараптамалық мәселелерін шешуге маңызды болады.
Қазіргі уақытта ғылыми әдебиеттерде ұлттық аралық некелер мен жанұялар бойынша кең зерттеу мәліметтер жиналған. Көбісінде ол, қазіргі қоғамда ұлттық аралық жанұялардың алатын орны туралы теоретикалық ойластыруға арналған. Берілген жанұяларда жұбайлардың өзара қатынасы әлі фундаменталды зерттеулермен, онда жұбайлардың қатынастарына жұбайлардың этникалық гетерогендіктің әсер ету ерекшеліктері туралы қамтамасыз етілмеген
Жоғары айтылғанның бәрі зерттеленіп жатқан ұлттық аралық жанұяларда жекеаралық қатынастардың мәселесі өзектілігін анықтайды.
Қазіргі уақытта ұлттық аралық жанұялардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге әрекеттер жасалады, жұбайлардың жеке аралық қатынастарына этномәдени ерекшеліктерінің тигізетін әсерін көрсету.
Зерттеу объектісі: ұлттық аралық және моноұлттық жанұялар.
Зерттеу пәні: ұлттық аралық жанұяның психологиялық ерекшеліктері.
Болжау: моноұлттық жанұяларға қарағанда ұлттық аралық жанұяларда ішкі жанұялық қатынастарда өзінің психологиялық ерекшеліктер бар деп болжау жасаймыз.
Берілген жұмыстың мақсатына және болжауына сай келесі міндеттер анықталды:
Берілген жұмыстың әдіснамалық негізі жүйелік бап, жанұя жүйелерінің теориясы, этнопсихология бойынша еңбектер болып табылады.
Теоретикалық маңыздылығы: ұлттық аралық некелердің даму ерекшелігін және динамикасын талдау мен зерттеуі халықтар арасындағы ұлттық аралық өзарақатынастарды терең түсунуге ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар ұлттық аралық қайшылықтарды шешу кезінде, жаңа локальды субмәдениетті қалыптастыру кезінде, әлеуметтік және этникалық процесстердің өзара әрекеттесуі кезінде ғылыми дәлелдерді береді.
Сараптамалық маңыздылығы: берілген жұмыстың мәліметтерімен психологтар, социологтар, әртүрлі мамандардың студенттері, басқа сөзбен берліген мәселемен қызығатын адамдардың кең шеңбері қолдана алады. Жұмыстың нәтижелерін кеңес беру тәжіребесінде қолдануға болады.
1. Ұлттық аралық жанұялардың психологиялық ерекшеліктері
Ұлттық аралық жанұяларды зерттеу – этнопсихологияның, этносоциологияның ең маңызды бағыттарының бірі, себебі осындай жанұялар қазіргі уақыттағы қоғамның этно-демографиялық құрылымның өзгеріс каналы болып табылады, сонымен қатар халықтардың этномәдени жақындауына, Республиканың барлық этностарының ұлттық аралық келісім мен консолидацияның сақталуына қолдау жасайды.
Қазіргі уақытта ұлттық арлық некелер аймағында жағдай кішкене өзгерді: екі тенденция байқалады. Бір жағынан, Қазақстанның тәуелсіздікті алғанан кейін этникалық сана сезімінің идеясы өсе бастайды, этностың және «генофондтың тазалығын» сақтау. Бұл аралас неке қию түрткілерінің азаюына әкеледі. Басқа жағынан, қазіргі уақыттағы қоғамның индустриалды және әлеуметтік мобильділік жағдайында, жас ұрпақтарының көбісі партнерды таңдау кезінде оның ұлтына ерекше назар аудармады. Бірақ ұлттық арлық жанұяларды зерттеу кезінде жастармен ұлттық аралық неке қию туралы шешімдерін қабылдау кезінде үлкен жас ерекшелік топтағы адамдардың пікірін есепке алмауға болмайды.
Некелердің қиюылына тұрғын ерлер де үлкен әсер тигізетіні туралы ұмытпау керек. Сонымен, мысалы, соңғы он жылдықта қалаға қарағанда ауыл жерлерде аралас некелерді адамдар сирек қияды, бұл ауыл адамдардың үлкен мәдение бағытымен байланысты болады. Сонымен қатар, ұлттық аралық одақтарда комплиментарлы коммуникациялық (рухтың, қызығушылықтардың, іс-әрекеттің бірлігі), білімнің денгейі мен адамның жасы зор әсер тигізеді.
Ғылыми әдебиетте ұлттық аралық жанұя деп жанұяда барлық мүшелер әр түрлі ұлттық немесе этникалық топтарға жататың отбасыны түсінеді. Бұл отбасыда ерлі-зайыпты жұбайлар мен балалары әр түрлі ұлттардың өкілдері болып табылады. Ұлттық аралық жанұяларды зерттеуге бағытталған зерттеулерде, ғалымдар әртүрлі ұлттық өкілдерімен жасалған жанұяның бірнеше анықтамасын қолданылады, осында оларды синоним ретінде қолданады. Ғылыми әдебиетте кең қолданылатын «ұлттық аралық» түсінікпен қатар оған ұқсас келетін түсініктерді де қолданады «әртүрлі ұлттық», «әртүрлі этникалық», «ұлттық-аралық», «этникалық аралық,» «кроссмәдениетті», «полиэтникалық» және басқалар. Біз өзіміздің зерттеумізде осындай жанұяның феноменологиясын зерттеу кезінде «ұлттық аралық» түсінікті қолдандық /20/.
Қоғамның ұлттық аралық некелерге және жанұяларға олардың даму кезеніне қатынасы біркелкі болған жоқ. Ұлттық аралық жанұя институты тек қана Қазан революциядан кейін қолдауды алды. Қоғамның дамуымен осындай жанұяларға қатынасы жағымды болды. Бұл жайлы этноәлеуметтік және этнопсихологиялық зерттеулер дәлел болады, осында қоғамның дамуымен отбасы ішіндегі мінез-құлықтың ұлттық ерекшеліктері бірте-бірте басыла түсті, әртүрлі этникалық қоғамдарда осының жақындауының темптері мен бағыттары әртүрлі болды. Осы барыстың нәтижесінде әртүрлі ұлттардың адамдарында өзаратүсінушілік мүмкіндігі өсе бастады, жанұя деген өмірәрекетінің өрісі сияқты мінез-құлық нормаларының үйлесімі мүмкін болды. Осының бәрі ұлттық-аралық некелерді қиюына және ұлттық аралық жанұялардың пайда болуына қолдау жасалынды.
Некенің бір түрі ретінде ұлттық аралық некелерді зерттеу СССР одағының кезенінде өте популярлы болды, себебі оның құрамына 15 республика және 100-ден астам ұлттар кірді. Ұлттық аралық некелердің өсу саны осы кезде ұлттық аралық достық қатынастардың көрсеткіші ретінде түсіндірілді, сонымен қатар этникалық бейімделудің бір түрі ретінде қабылданған болған. Ең белсенді ұлттық аралық некелер осы кезенде кенес республикаларында зерттелген (Казақстан, Туркменистан, Украина, Молдавия, Киргизия, Узбекистан және т.б.).
1979 жылы Госкомстаттың мәліметтері бойынша Союз Одағы жер көлемінде әрбір жетінші неке ұлттық аралық болған. Осындау жағдай үш онжылдық бойы сақталған болған. Союз кезінде Қазақстан Латвиядан кейін «ранг кестесінде» екінші орынға ие болды - әрбір бесінші неке өзінде әртүрлі ұлттардың өкілдерің қосқан. Араласқан некелер қазіргі Қазақстанда да сирек кездесетің жағдай емес.[47]
Егер совет үкіметінде халықтың миграциялық қозғалысы байқалса және ұлттық аралық әрбір бесінші неке болса, онда қазіргі уақытта жағдай кішкене өзгерді: екі тенденция анықталады.
Қазақстанның тәуелділікті алғаннан кейін «генофонтың тазалығын» сақтау идеясы пайда болды. Бұл құрастырылған аралас некелердің санына әсер етті. Басқа жақтан, қазіргі қоғамының мобильділігі мен динамикалық жағдайында жас адамдар партнерларды таңдаған кезде ұлттық ерекшеліктеріне үлкен мән бермейді. Бірақ ұлттық аралық некеге түскен кезде үлкен адамдардың пікірлеріне құлақ салуға мәжбүр болады. Социологтардың мәліметтері бойынша Қазақстандылықтың жастары отбасы өмірінде бірінші орынға махаббат, қызығушылықтардың жалпылығы дегенді қояды, «ұлттық» қасиеті соңғы болып толтырылады.
Қырық-елу жастағы адамдарды сұрау кезінде олар жанұяны құрастыру кезінде ұлтты бірінші орынға қойды. Қазақстанда аралас некелерді зерттеп отырып, оларды бірнеше үлкен топтарға бөлуге болады: орыс – украиндік – белорусстік және казақ - татарлар. Соңғы жылдары орыс, украин, неміс халықтарының саны азайды. Біріншілер жас жігіттер кете бастайды: оларға өздерінің тарихи жерінде бейімделуге жеңіл болады, олар онда мекендейді, әйел алып жанұяны құрастырады. Қазақстанда алынбаған қалындықтар қалады. Ал ер адамдардың саны статистика бойынша аз болғандықтан, онда оларға күрес жолында оның ұлтына назар аз аударады. Жиі европалық-азиат жұбайлары кездеседі. Азиат әйелдерге қарағанда европа әйелдері басқа ұлттын өкілімен неке қиюға қарапайым қарайды. Азиат әйелдердің неке қиюында көптеген жағдайларда отбасының пікірі және дәстүрлер үлкен роль тигізеді. Соңғы жылдары қазақ әйелдері мен шетел азаматтарымен неке қию үлкендеді: афгандармен, африкандармен, үнділермен.
Қазақстанда 1999 жылы 85872 неке қиылды, олардың ішінде 18402 – ұлттық аралық, жалпы саннан 21%. 2000 жылы 90873 ішінен 18477-сі ұлттық аралық болды (20%). Қазақтар 1999 жылы 47556 неке қиылды, олардың ішінде ұлттық аралық - 3741 (7,9%) болды. 2000 жылы 52636 жанұя құрастырылды, олардың ішінде ұлттық аралық - 3927 (7,5проц.) болды [115].
Орыс ұлттың өкілдері 1999 жылы 30857 рет Менденсоль маршын тыңдады, сонын ішінде 13388 некелер басқа халықтардың өкілдерімен қиылды (43,4 проц.). 2000 жылы – 30434 неке тойы болды, олардың ішінен 13203 – ұлттық аралық некелер құрылды (43,4 проц.). Украинлер – ең күшті интернационалистер. 1999 жылы осы ұлттың өкілдері 5817 неке құрды, олардың ішінде 5258 жағдайда жастар өздерінің өмірін басқа ұлт өкілдерімен байланыстырды (90,4 проц.). 2000 жылы 5587 неке қиылды, олардың ішінде 5054 – аралас болды (90,5 проц.).
Ұлттық аралық некеге түсетін этнос санының үлкеюіне қарамастан, негізінде осындай некелерді орыс, қазақ, украин, немістер құрайды. Қазақстан халқының жалпы санын 89,1%-ң олар құрастырады. Оларға, 1960-1989 жылдары Батыс Қазақстанның барлық ұлттық аралық некелердің 72,4-тен 84,9%-ға дейін келеді, Солтүстік Қазақстанда – 89,3-тен 95,6 %-ға дейін келеді, Жетісуда – 80-нен 87,8 %-ға дейін келеді.
Информация о работе Ұлттық аралық жанұялардың психологиялық ерекшеліктері