Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 18:25, курсовая работа
Көбінесе электр энергиясы ағындарымен басқаруға, жұмыс жасау режимдерін өзгерту үшін, көрсеткіштерді реттеу электротехникалық жүйелер мен олардың құрамды бөліктерін бақылауға және қорғауға арналған электрлік аппараттар ең көп таралды. Мұндай электрлік аппараттардың қызметтері қатысты түрде сиректерден басталып, жоғары жиіліктік периодтықтарға дейінгі, жиіліктері түрлі электрлік тізбектерді коммутациялау арқылы жүзеге асырылады.
Кіріспе..........................................................................................................................5
Негізгі бөлім
1.Электржабдықтау жобасын есептеу кернеуі 1000В дейінгі күштік бөлімнің электрқондырғыларын таңдау...................................................................................7
2.Электржабдықтау жобасын есептеу кернеуі 1000В қосалқы станцияның электрқондырғыларын таңдау.................................................................................18
3.Жоғары вольттік майлы ажыратқыштар (В1 – В6) мен жетек түрін таңдап алу...............................................................................................................................35
4.Арнаулы тақырып
4.1.Айырғыштар........................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................45
Рудный индустриялық институты
Факультет_____________________
Курстық жобаның (жұмыс)
тапсырмасы
______________________________
1 Пән ______________________________
2 Жобаның (жұмыс) тақырыбы ______________________________
3 Жобаның бастапқы мәліметтері (жұмыс)
______________________________
4 Тапсырма (жұмысқа қатысты негізгі
сұрақтардың тізімі)___________
5 Графикалық материалдың тізмі (Міндеттелген сызбаның нақты нұсқасымен)
______________________________
6 Ұсынылатын әдебиет ______________________________
Тапсырманы беру күні ____________________
Курстық жобаның (жұмыс) қорғауға берілген мерзім_______________________
Жобаның жетекшісі ______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты,қолы)
Тапсырманы орындауға алдым ______________________________
(студенттің аты жөні,қолы
Рудный индустриялық институты
Факультет_____________________
Мамандық______________________
Пән___________________________
№ п/п |
Курстық жобаның (жұмыс) тарауларының атаулары |
Жобаның (жұмыс) тарауларының орындалу мерзімі |
Ескерту |
(жеке қолы)
Жобаның жетекшісі ______________
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім
1.Электржабдықтау жобасын
2.Электржабдықтау жобасын
3.Жоғары вольттік майлы ажыратқыштар
(В1 – В6) мен жетек түрін таңдап алу...........................
4.Арнаулы тақырып
4.1.Айырғыштар................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Орталық электрлік станцияларда өндірілетін электрлік энергия үлкен арақашықтықтарда көптеген қабылдағыштармен беріледі. Қабылдағыштар арасындағы энергияның таралуы және қорек көздерінің жұмысын басқару электрлік аппараттардың көмегімен жүзеге асырылады, оларды екі топқа бөлуге болады:
Көбінесе электр энергиясы ағындарымен басқаруға, жұмыс жасау режимдерін өзгерту үшін, көрсеткіштерді реттеу электротехникалық жүйелер мен олардың құрамды бөліктерін бақылауға және қорғауға арналған электрлік аппараттар ең көп таралды. Мұндай электрлік аппараттардың қызметтері қатысты түрде сиректерден басталып, жоғары жиіліктік периодтықтарға дейінгі, жиіліктері түрлі электрлік тізбектерді коммутациялау арқылы жүзеге асырылады.
1000 В дейінгі төменгі кернеу аппараттары мен 1000 В жоғары кернеу аппараттарын ажыратады.
Төменгі кернеу аппараттарын кей кезде коммутациялайтын тоқтың шамасы бойынша топтастырады: аз тоқтық – 10 А дейін және тоқтары біршама – 10 А жоғары. Қазіргі электрлік аппараттармен сенімді коммутацияланатын төменгі шектері 10-9 А жетеді, ал кернеулер – 10-5В.
Жоғары кернеу аппараттары айнымалы тоқтың 1150кВ кернеуіне дейін, тұрақты тоқтың 750 кВ кернеуіне дейін жұмыс жасайды, өздерінің функциялары бойынша ажыратылады.
Жұмыс жасау принциптері бойынша электрлік аппараттар түйіспелі және түйіспессіз болып бөлінеді. Біріншілерінің қозғалатын түйіспелі бөліктері болады, басқарылатын тізбекке түйіспелерді тұйықтау және ажырату арқылы жүзеге асырылады. Түйіспессіз аппараттардың коммутацияланатын түйіспелері болмады. Бұл аппараттар өздерінің электрлік көрсеткіштерін өзгерту арқылы жүзеге асырылады (индуктивтілік, сыйымдылық, кедергі және т.б.).
Түйіспелі аппараттар автоматтық және автоматтық емес болуы мүмкін. Автоматтық – тізбектің немесе машинаның берілген режимінен іске қосылатын аппараттар. Автоматтық емес – сұлбалардың ісі оператордың іс-әрекеттеріне ғана тәуелді болады. Дистанциондық немесе тура басқарылады.
Электрлік аппараттарға қойылатын талаптар өте түрлі болып келеді және аппараттың міндетіне, қолданылу жағдайына және аппараттың пайдаланылуына тәуелді болады. Берілген аппаратқа жатқызылатын ерекше талаптардан басқа, барлық электрлік аппараттар кейбір келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
1.Әрбір электрлік аппарат жұмыс жасау барысында жұмыстық тоқты өткізеді, бұл кезінде тоқ жүргізуші бөліктерде жылу белгілі бір мөлшері бөлінеді және аппарат мұның әсерінен қызады. Температура берілген аппарат пен оның бөлшектері үшін орнатылған белгілі бір мәннен артпауы тиіс.
2.Әрбір электрлік тізбекте қалыпсыз (асқы жүктеме) немесе аппараттық (қысқа тұйықталу) режимі болуы мүмкін. Бұл режимдерде аппарат бойынша өтетін тоқ (50есе немес одан да көп) номиналдық немесе жұмыстық тоқтан артық болуы мүмкін. Аппарат үлкен мерзім барысында өте үлкен термиялық және электрдинамикалық тоқтың әсерлерін көтереді,бірақ, ол бұл әсерлерді оның жұмысына кедергі жасайтын әсерлерді төзуі тиіс.
3.Әрбір электрлік аппарат тізбекте асқын кернеулер болуы мүмкін белгілі бір кернеулер мәндері барысында аппараттың сенімді жұмысын қамтамассыз етуі тиіс.
4.Аппараттардың түйіспелері жұмыстың режимдердің барлық топтарын іске қосуы және сөндірілуі тиіс, ал көптеген аппараттар – басқарылатын және қорғалатын тізбектерде болатын аппатық режимдер тоқтарын іске қосу және сөндірілуі тиіс.
5.Әрбір электр аппаратқа жұмыс сенімділігі мен дәлдігі бойынша, және де тез әсер бойынша талаптар қойылады
1.Электржабдықтау жобасын
Электр энергетикада қолданылатын электр аппараттарын негізінен екі түрге бөледі (шартты түрде):
Кернеуі 1000 В-қа дейінгі қондырғыларда қолданылатын электр аппараттары. Оларға мыналар жатады:
1.Балқымалы сақтандырғыштар;
2. Түйістіргіш пен магниттік жібергіш;
3. Автоматты емес ажыратқыштар мен басқару тізбегінің кейбір элементтері;
4.Магниттік қосқыштар.
1.1 Балқымалы сақтандырғыштар. Түрлері. Құралымы.
Балқымалы сақтандырғыштар - коммутациялық аппарат. Бұл аппарат тізбекке тізбектей қосылады да электр жабдықтарын, аппараттарды және өткізгіштерді асқын тоқтан немесе қысқа тұйықталу тоғынан қорғайды, (1.1-сурет).
Балқымалы сақтандырғыштарды оның құрылымындағы доғаны сөндіретін құрылғылардың түріне қарай топқа бөледі. Айталық: доғаның әсерін бөлетін құрылғылар (фибра, винипласт, т.с 1.4-сурет); таза құммен (кварц) толтырылатын сақтандырғыштар (1.5-сурет).
Тізбекте асқын немесе қысқы тұйықталу тоғы пайда болғанда сақтандырғыштың балқымалы ендірмесінің (плавкая вставка) температурасы көбейді де, ол балқиды. Тоқтың мәні көп болған сайын балқымалы ендірменің балқу қуаты аз болады. Осындай тәуелділікті балқымалы сақтандырғыштың қорғаныстық сипаттамасы (защитная, токовременная) деп атайды (1.3-сурет). Балқымалы ендіргілер тез балқуы үшін, олардың әр түрлі формалары қолданылады. Қысқа тұйықталу кезінде балқымалы ендірме бірнеше жерде (В+,В- қимасы бойынша) балқиды. Осы мезгілде қысқа тұйықталу тоғы шектелінеді (2-5 рет). Мұндай құбылысты балқымалы сақтандырғыштардың токты шектеу эффектісі деп атайды (1.2-сурет)
1.1-сурет.
Сақтандырғышты қосу
сұлбасы
1.3-сурет. Балқымалы сақтандырғыштардың тоқты шектеу
эффектісі.
а - тұрақты ток кезінде; б — айнымалы ток кезінде.
а)
б)
1.4-сурет. ПР-2 типті сақтандырғыш:
а - 100 - 1000 А нақты тоқтарға арналған патрон; б - балқымалы құрылғының формалары. 1 - фибралық трубка; 2 - балқығыш ендірме; 3 - латунды төлке (втулка); 4 - қақпақша (колпачки); 5 - тығырық (шайба); 6 - пышақ.
1.5-сурет. ПН-2 типті сақтандырғыш.
1 - фарфорлық трубка; 2 - балқығыш ендірме; 3 - пьшақ; 4 - қақпақ; 5 - нығыздаушы төсем (прокладка); 6 — кварц құмы; 7 — балқығыш ендірменің қимасын азайтатын, арнайы тесіктер; 8 - балқу температурасын төмендететін қалайыдан жасалған шариктер.
1.2 Түйістіргіш пен магниттік жібергіш
Түйістіргіш деп - электромагниттің әрекетімен күштік тізбектерді жиі қосуға және ажыратуға арналған аппаратты айтады. Күштік тізбектерді түйістіргіштердің көмегімен сағатына бір мыңнан астам рет ажыратып және қосып отыруға болады.